А.К. мАутХАНОвА, Р.А. ОРСАевА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ЭКОНОМИКАлыҚ ҚыЗМеТ САлАСыНдАҒы ҚылМыСТАР:
ТҮСіНіГі ЖӘНе АлдыН АлУ ЖОлдАРы
Экономика саласындағы қылмыстардың еліміздің экономикасына нұқсан
келтіріп, экономиканың құлдырауына алып келеді. Сондықтан экономика саласындағы
қылмыстар үшін жауапкершілік жүктейтін қылмыстық заңдылықтарды заман талабына
сай жетілдіріп отыру – бүгінгі күннің талабы. Экономика саласындағы қылмыстардың
жылдан-жылға көрсеткішін көбейтпей, азайтуы істелген шаралардың нәтижелілігін
көрсетеді. Бұл нәтижелілік болашақта одан да әрі жемісін берері анық.
түйін сөздер: экономикалық қызмет, қылмыс, қылмыс түсінігі, қылмыс түрлері,
қылмыстық құқық.
ПРеСТУПлеНИЯ В СФеРе ЭКОНОМИЧеСКОй деЯТелЬНОСТИ:
ПОНЯТИе И МеТОды ПРедОТВРАЩеНИЯ
Преступления в сфере экономики приводят к ущербам и спаду экономики страны.
Поэтому уголовное законодательство, ответственное за преступления в сфере экономи-
ки, должно совершенствоваться по требованиям сегодняшнего дня. Снижение из года
в год показателя преступлений в сфере экономики а, не повышение, показывает резуль-
таты проделанных работ. В дальнейшем эта результативность даст новые плоды своих
работ.
Ключевые слова: экономическая деятельность, преступление, понятие престу-
плений, виды преступлений, уголовный кодекс.
CRiME iN THE SPHERE OF ECONOMiC ACTiviTy:
THE CONCEPT AND METHODS OF PREvENTiON
Crime in the economic sphere leads to damage and recession the country's economy.
Therefore, criminal legislation responsibility for crimes in the economic sphere should be
improved for the requirements of today. Reduced from year to year index of crimes in the
economic sphere is the results of the works done. in the future, this the impact will give new
results of their work.
Keywords: economic activity, offence, the concept of crime, type of crime, criminal
codex.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік кызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану
ОБЩеСТВеННые И ГУМАНИТАРНые НАУКИ
379
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
құқығына кепілдік берген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы экономика саласындағы
қылмыстарға қатысты қандай да болмасын қылмыстық қолсұғушылық
орын алатын болса, оны қылмыстық нормалар арқылы қорғап, қылмыстық
жауапкершілік жүктеген.
Қазақстан Республикасы мемлекетінде экономика саласындағы қылмыстар
көбеймесе, азаймай тұр. Оның айқын дәлелі ретінде 2009-2011 жылдары 202520
рет экономикаға байланысты қылмыстық әрекеттің орын алғанын ескерсек,
сонша рет қылмыстық іс қозғалғанына куәгер боламыз.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2009-2010 жылдары жалпы экономика
саласындағы қылмыстарға қатысты 1012 қылмыстық әрекет тіркелсе, соның
жартысы сотқа жіберілген. Ал 2011 жыл экономика саласындағы қылмыстың
азайғанын көрсетті.
Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша экономика саласына қатысты
қылмыстардың басым көпшілігі салық төлеуден жалтару, кеден төлемдері
мен алымдарын төлеуден жалтару, сондай-ақ банк саласына, кәсіпкерлікке
байланысты қылмыстар болып келеді.
Экономика саласындағы қылмыстардың қайсысын алсақ та, қоғамға,
мемлекет қазынасына орасан зор зиян келтіріп, елдің әл-ауқатын арттырмай,
керісінше, төмендеуіне үлес қосатыны белгілі. Сондықтан мемлекет алдындағы
басты міндет алдын алу шараларын үнемі жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес,
кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың
тауарларға сұранымы – қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару
құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан,
оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Мемлекет кәсіпкерлік кызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен
қолдауды қамтамасыз етеді. Заңға сәйкес, әрбір азамат лицензия берілетін қыз-
мет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-
ақ, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға
құқылы.
Жалпы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі оның
заты болып табылады.
Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамының
міндетті белгісі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсіліне экономикалық контрабандыны
істеу тәсілдері; салық төлеуден жалтару; кеден төлемдері мен алымдарын
төлеуден жалтару сияқты тәсілдер жатады. Өзектілік – экономика саласындағы
А.К. МАУТХАНОВА, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 378-386
iSSN 1683-1667
380
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қылмыстардың алдын алу, мемлекеттің экономикасын әлсірететін қылмыстардың
себептерін ашып, тойтарыс беру.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың объективтік жағының
белгісі қоғамға кауіпті зардаптың – зиян келтірудің орын алуы болып табылады.
Зиян келтіру едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін. Объективтік жағынан экономикалық
қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге
асырылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен
істелген қылмыс құрамы жоқ. Бірақ та жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі
нысанымен жасалады, яғни іс-әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зар-
дапты абайсыздықпен жасалуы мүмкін.
Экономика саласындағы қылмыстар мемлекеттің экономикасына нұқсан
келтіріп, экономиканы құлдыратары белгілі. Экономиканың дамып, өркендеуі
үшін мемлекеттегі қылмыстық, азаматтық заңдардың үнемі жұмыс істеуі қажет.
Қажеттілік сұранысты тудыратыны белгілі. Сондықтан нарықтық экономиканың
басты белгілерінің бірі нарықтық заңдардың өзін-өзі, яғни сұраныстың
ұсынысты ретке келтіруі болып табылады. Осы жағдайға байланысты нарықтың
бір қалыпты қызмет етуінің және дамуының басты шарттарының бірі болып
бәсекеге негізделген зандардың жүзеге асырылуы табылады. Бірақ та нарықтың
өзін-өзі ретке келтіру процесінде санқилы бәсекені, әдейі шектейтін нысан-
дарды туындатады. Мұндай ретте мемлекет жеке кәсіпкер мен коммерциялық
ұйымның дербестігін шектеу не оның қызметіне өзге де заңсыз араласу, егер
осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол
сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп
жасалса, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабының 4-тармағы
әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалану құқығына кепілдік берген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 10-бабына сәйкес,
кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың
тауарларға, яғни жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда
немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке, яғни жеке кәсіпкерлік
не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына, яғни мемлекеттік
кәсіпкерлік негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің аты-
нан оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен
қолдауды қамтамасыз етеді. Заңға сәйкес, әрбір азамат лицензия берілетін қыз-
мет түрлерінен басқа кәсіпкерлік қызметті кімнің де болсын рұқсатын алмай-ақ,
жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асыруға құқы-
лы. Шаруа қожалығы да кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға болып табылмай-ақ,
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
381
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
шаруа қожалығын мемлекеттік тіркеуден өткізген соң жүзеге асырады. Заңды
тұлғалар заңда белгіленген тәртіпке сәйкес, Әділет министрлігі органдарында
мемлекеттік тіркеуден өтіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «лицензи-
ялау туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес кейбір кәсіпкерлік қызмет түрімен
айналысу үшін жеке немесе заңды тұлғалар арнаулы рұқсат-лицензия алулары
қажет. лицензия-жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге, қызметтің
белгілі бір түрімен айналысуға және оны жүзеге асырудың шарттарын белгілей-
тін ресми құжат болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік аза-
маттар кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін Қазақстан Республикасының 1994
жылғы 27 желтоқсандағы «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңына сәйкес
тіркеуден өтеді. Осы қылмыстың объектісі болып кәсіпкерлердің мүддесін
қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу танылады. Ондай қоғамдық
қатынастар тізбегі Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997
жылғы 6 маусымдағы арнайы Заңында көрсетілген.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың топтық объектісі эко-
номикалык қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғам-
дық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың
барлығы дерлік экономикалық қызметтің әртүрлі саласында көрініс табады.
Қылмыстың тікелей объектісі экономикалық қызмет саласын реттейтін нақты
қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың құрамы қосымша
тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.
Біршама экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың құрамының
міндетті белгісі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады.
Мысалы: экономикалық контрабандыны істеу тәсілдері; салық төлеуден жал-
тару; кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері. Көптеген
қылмыстардың объективтік жағының белгісі қоғамға қауіпті зардаптың – зиян
келтірудің орын алуы болып табылады.
Зиян келтіру – едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін. Объективтік жағынан
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінәнің қасақана-
лық түрімен жүзеге асырылады [3]. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың ішінде бірде-
бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ. Бірақ та жекелеген қылмыс
түрлері кінәның екі нысанымен жасалады, яғни іс-әрекет қасақаналықпен, ал
қоғамға қауіпті зардап абайсыздықпен жасалуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі
жалпы, сондай-ақ арнаулы субъекті болуы мүмкін.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардын арнаулы субъектілері
болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды
адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе басқа ұйымдардың басқарушылары
немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін.
А.К. МАУТХАНОВА, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 378-386
iSSN 1683-1667
382
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Экономика саласындағы қылмыстарды қылмыстық-құқықтық тұрғыда
қарасақ, қылмыстардың істелу, жүзеге асу жақтары әртүрлілігін көрсетеді [5].
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлерін
сараласақ, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі жасау; монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шек-
теу заңсыз кәсіпкерлік; монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шек-
теу; заңсыз банктік кызмет; жалған кәсіпкерлік; заңсыз жолмен алынған ақша
қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру; несиені заңсыз алу және мақсатсыз
пайдалану; несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару; көрінеу жалған жарна-
ма беру; тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану; коммерциялық немесе банктік
кұпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету; эмиссиялық бағалы
қағаздар шығару тәртібін бұзу сияқты қылмыстар жатады. Бұл қылмыстарды
жеке-жеке сараласақ, экономика саласында істелген қылмыстардың себептерін,
алғышарттарын, сондай-ақ әртүрлілігін көруге болады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлеріне жата-
тын қылмыстардың бірі – заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау.
Ұйымдық-құкыктық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай
жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымтарды тарату несиелік берешекті
өтеуден әдейі жалтару деп саналады.
Қылмыстың тікелей объектісі – несиелік шартқа қатысушының мүддесін
белгілейтін қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастар мәні немесе
мазмұнына сәйкес азаматтық құқық нормалары арқылы реттеледі.
Қылмыстың объективтік жағы әрекетсіздік арқылы ірі мөлшердегі несиелік
берешекті атаудан тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін әдейі жалтару
бойынша жүзеге асырылады. Мұндай әрекетсіздікті істеуден әдейі жалтарған деп
тануға, біріншіден, несиелік берешекті өтеуден кінәлі адам тиісті сот актісі зан-
ды күшіне енгеннен кейін, екіншіден, несиені өтеуден жалтару әдейі, үшіншіден,
ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден жалтару арқылы істелетіндігі негіз
болады [5]. Қылмыс құрамы жағынан формальдық болып табылады, қылмыс
заңда көрсетілген зардап ірі мөлшердегі несиені тиісті сот актісі заңды күшіне
енгеннен кейін өтеуден жалтарған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. ірі
мөлшердегі несиелік берешектің түсінігі осы баптың ескертуінде көрсетілген.
Субъективтік жағынан кылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі заңда тура керсетілген. Ол – несие алған ұйым
жетекшісі немесе жеке азамат.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлеріне жата-
тын қылмыстардың бірі – монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу.
Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 196-бабында көрсетілген
[2].
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
383
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 196-бабында «моно-
полиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру, сондай-ақ ры-
нокты бөліп алу, рыноққа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа
да субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру арқылы
бәсекені шектеу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі
зиян келтірсе, монополистік іс-әрекеттер және бәсекені әдейі шектеу үшін»
қылмыстық жауаптылық белгілеген.
Монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру
қылмысы объективтік жағынан қылмыс мына төмендегі бірнеше балама
әрекеттер арқылы сипатталады:
– ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай
жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүд-
делерін шектеу;
– жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу, не оның
қызметіне өзге де заңсыз араласу;
– сол сияқты заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып жасалған осы
қылмыс;
– үлкен залал келтіріле отырылып жасалған осы әрекеттер.
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке
кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін
шектеуге заңда белгіленген кәсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға кедергі
жасау; кәсіпкерлік қызметтің түрімен айналысуға субъектілердің тең құқығын
бұзу, жеке немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін ашық неме-
се көмескі түрде тіркеуден жалтару, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия
беруден негізсіз бас тарту немесе лицензия беруден ашық жалтару; жеке неме-
се коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалык, ғылыми-
техникалық немесе құқықтық жағынан негізсіз қолдамау, азаматтардың, заңды
тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауына байланысты әрекеттеріне сотқа шағымдану мүмкіндігін шек-
теу немесе одан айыру әрекеттер жатады [6].
Жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеуге не оның
қызметіне өзге де заңсыз араласуға өндірістік бағдарламаларды өз бетімен жа-
сау мүмкіндіктеріне кедергі қою; өз өнімдеріне тұтынушылар мен өткізушілерді
сұрыптап алуды, олардың бағасын дербес белгілеуді шектеу; жеке немесе заңды
тұлғалардың мүлкін, мүліктік құқығын, интеллектуалдық меншік объектілерін,
қаржысын келісімшарт негізінде пайдалануға тартуды тежеу; сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыруға негізсіз араласу әрекеттері жатады.
Заңды күшіне енген сот актісін бұза отырып заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауға жеке немесе коммерциялық ұйымдардың заңды кәсіпкерлік
А.К. МАУТХАНОВА, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 378-386
iSSN 1683-1667
384
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қызметіне кедергі жасалуына байланысты, мысалы, мемлекеттік тіркеуден
өткізбеу, заңсыз лицензия бермеу, әртүрлі кедергілер келтіру. кәсіпкерлердің
сотқа шағымдануы негізінде анықталып, сот құжатында көрсетілген, заңды
күшіне енген талаптарды бұзу әрекеттері жатады.
ірі залал келтіріле отырылып жасалған заңды кәсіпкерлік қызметке
кедергі жасауға азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада
келтірілген зиян, не ұйым мен мемлекетке қылмыс жасалған сәтке Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз
есе асатын сомада келтірілген зиян жатады. Өзінің заңдылық құрылысына қарай
талдап отырылған қылмыс құрамы формальдық-материалдық құрамға жатады.
Қылмыс 189-баптың диспозициясында көрсетілген балама әрекеттердің біреуі
жасалса аяқталған деп саналады. Монополиялық жоғары немесе төмен бағаны
белгілеу мен ұстап тұру субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық
арқылы істеледі. Кінәлі адам өзінің іс-әрекеті арқылы заңсыз кәсіпкерлік
қызметке кедергі жасағанын сезеді, біледі және соны тілейді.
Қылмыстың субъектісі – арнаулы субъект, кәсіпкерлік қызметті тіркейтін,
лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Заңсыз кәсіпкерлік 190-бапта қарастырылған. Кәсіпкерлік қызметті
тіркеуден өткізбей не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы немесе
лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым
салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе
мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшер-
де акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты
болса, іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметін тіркеудің тәртібі Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 19-бабында көрсетілген. Осыған орай
азаматтар арнайы көзделген жағдайларды коспағанда заңды тұлға құрмай-ақ,
мемлекеттік тіркеуге тұрған уақыттан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
құқылы. Сондай-ақ шаруа қожалығы; мердігерлік шарт және өзге де азаматтық-
құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратындар; көтерме және бөлшек
сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген,
сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік
тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер
арқылы сатумен айналысатын азаматтар; жұмыс істеп, қызмет көрсетуден түскен
түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар
мемлекеттік тіркеуден босатылады, бұлар заңды тұлғалар кұрмай-ақ кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырады [7].
Экономика саласындағы қылмыстардың еліміздің экономикасына нұқсан
келтіріп, экономиканың құлдырауына алып келуі әбден мүмкін. Сондықтан эко-
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
385
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
номика саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілік жүктейтін қылмыстық
заңдылықтарды заман талабына сай жетілдіріп отыру – бүгінгі күннің талабы.
елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы жолдайтын халыққа
Жолдауында жалпы Қазақстан мемлекетінің экономикасы іргелес елдердің эко-
номикасына көш ілгері болуы үшін оны үнемі дамытып отыру керектігін айтып
отыратындығы белгілі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттің экономикасының өрге да-
муы үшін мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, оның орындалуын жіті назарда
ұстап, назардан тыс қалдырмай отырады.
Жалпы экономика саласындағы қылмыстар қоғамға қауіптілігі жағынан,
келтіретін зияны жағынан ерекшеленеді, сондықтан ол болашақта қоғамға
қауіптіліктің деңгейін азайту үшін көп жұмыс істеуді қажет етеді.
Экономика саласындағы қылмыстардың алдын алу мемлекет тарапынан
жүргізіліп отырса да, кейінгі кезде орын алып жатқан бұл қылмыстар істеліп
жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсетеді. десек те, экономика саласындағы
қылмыстардың жылдан-жылға көрсеткішін көбейтпей, азайтуы істелген
шаралардың нәтижелілігін көрсетеді. Бұл нәтижелілік болашақта одан да әрі
жемісін берері анық. Ол үшін аянбай еңбектену мен тер төгудің қажеттілігі айт-
паса да түсінікті. Аянбай еңбектену мен тер төгу елбасы алдыға қойған нақты
істерді жүзеге асыру мен алдын алу шараларынан көрінісін таппақ.
ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамызда қабыл-
данған (қолданыстағы редакциясы).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шілдеде
қабылданған (қолданыстағы редакциясы).
3. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. – Алматы,
2009.
4. Гаухман л.д. Уголовно-правовая охрана финансовой сферы: новые виды пре-
ступлений и их квалификация / л.д. Гаухман, С.В. Максимов. – М., 2011.
5. елюбаев Ж. Научно-практический комментарий ст. 191 УК // Тураби. – 2008. –
№4.
6. Кравец Ю.П. Ответственность за преступления в сфере предпринимательства
по действующему законодательству // Государство и право. – 2005. – №4.
7. елюбаев Ж. О субъекте преступлений в сфере финансово-кредитных отноше-
ний и личности преступника // Фемида. – 2010. – №11.
REFERENCES
1. Qazaqstan Respublikasynyn Konstitucijasy, 1995 zhylqy 30 tamyzda qabyldanqan
(in Kaz).
2. Qazaqstan Respublikasynyn Qylmystyq kodeksі, 1997 zhylqy 16 shіldede qabyldan-
qan (in Kaz).
3. Problemy bor’by s jekonomicheskoj prestupnost’ju v Kazahstane. Almaty, 2009 (in
А.К. МАУТХАНОВА, Р.А. ОРСАеВА. 1 (65) 2015. Б. 378-386
iSSN 1683-1667
386
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Russ).
4. Gauhman L.D., Maksimov S.v., Ugolovno pravovaja ohrana finansovoj sfery novye
vidy prestuplenij i ih kvalifikacija. 2011 (in Russ).
5. Eljubaev Zh., Nauchno prakticheskij kommentarij st. 191 UK. Turabi. 2008, 4 (in
Russ).
6. Kravec Ju.P., Otvetstvennost’ za prestuplenija v sfere predprinimatel’stva po dejstvu-
jushhemu zakonodatel’stvu. Gosudarstvo i pravo. 2005, 4 (in Russ).
7. Eljubaev Zh., O sub”ekte prestuplenij v sfere finansovo kreditnyh otnoshenij i lich-
nosti prestupnika. Femida. 2010, 11 (in Russ).
ӘОЖ 94 (574.42)
Д.Б. мҰХАғАлиевА, С.Қ. иГІБАев
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ТӘУелСіЗдіК ЖылдАРыНдАҒы ӨСКеМеН ҚАлАСыНың
КӨШе АТАУлАРы
Мақалада Өскемен қаласы көшелері аттарының тарихы, олардың қазіргі уақытта-
ғы қолдану аясы, маңыздылығына тоқтала отырып, талдау көрсетіледі. Өскемен қаласы
көшелері аттарының болашағына тұжырым жасалынды. Әлі күнге дейін зерттелмеген,
патриоттық маңызы мен тәрбиелік маңызы жоғары болғандықтан, тақырып өзекті бо-
лып отыр.
Берілген мақаланың мақсаты – Өскемен қаласы көше атауларының тарихы бой-
ынша еңбектерді, мұрағат құжаттарын бір жүйеге келтіріп, сараптама жасап көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |