Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Хат және оның түрлері түрлері туралы пікірді тұжырымдаңыз



бет40/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
61. Хат және оның түрлері түрлері туралы пікірді тұжырымдаңыз.
Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу ресми мақсаттарда қолданылатын ісқағазының бір түрі. Хаттар басқа мекемелермен және кәсіпорындармен әртүрлі сұрақтар бойынша жедел байланыс орнату үшін жазылады. Қызметтік хаттар өзіне тән ресми, кеңселік стилімен ғана емес, тұрақты қолданылатын, қалыптасқан сөз тіркестерімен және өзіне тән терминдердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді. Қызметтік хаттар:
• Сенімді;
• Қысқа;
• Нақты жазылуы керек.
• Бір сөз максимум ақпарат беру керек.
Функционалды белгісіне қарай 2-ге бөлінеді:
• Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар.
• Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар.
Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар:
Өтініш хат, ұсыныс хат, үндеу хат, талап хат.
Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар:
Бұйрық хат, ескерту хат, алғыс хат, дәлел хат, шақыру хат, жарнама хат, ақпараттық хаттар т.б.
Қызметтік хаттар 3 бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлім. Дәлелдеме бөлім. Қорытынды бөлім.
• Кіріспе бөлімде хатты жазуға түрткі болған негізгі себептер жазы- лады.
• Дәлелдеме бөлімде хатты алушыға сұрақтың дұрыс қойылғандығын дәлелдейтін және оның оң жауап қайтаруына түрткі болатын сандық мәліметтер, логикалық қорытындылар және т.б. дәлелдемелер жазылады.
• Қорытынды бөлімде сұрақтың мәні, негізгі ойы айтылады: келісу немесе бас тарту, ұсыну немесе сұрау және т.б.

62. Еңбек келісімі,маман мен жұмыс берушінің міндеттері туралы мәлімет қосыңыз.
Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары тура- лы келісімді реттейтін құжат. Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары тура- лы келісімді реттейтін құжат. Еңбек келісімі екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рәсімделген келісімі жазылатын ісқағазының бір түрі. Жеке еңбек келісімі «жұмыс беруші» және «жұмысшы», ал ұжымдық еңбек келісімі «жұмыс беруші» мен «жұмысшылар тобы» арасында еңбек қатынасын реттейтін құжат. Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:
Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер. Уақытша жұмыс істейтіндер. Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер. Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейтіндер. Еңбек келісімі жазбаша түрде жасалуы тиіс. Бұл екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады. Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баянда- лады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар. Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы өтініші негіз болады. Еңбек келісімі 2 дана етіп жасалынады. Оған «жұмыс беруші» мен «жұмысшының» қолы қойылып, мөрмен куәландырылады. Оның бірі – мекемеде, екіншісі – жұмысшыда сақталады. Мекеме мөрімен куәландырылады. Жұмысшының міндеттері: Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері және оның қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсеті- леді. Мысалы: жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға. келісімнің 3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға. техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға. мемлекеттік құпияны жария етпеуге.1.Жұмыс беруші міндеттері: Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер ай- тылады. Мысалы: Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет