Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Жауап хат дегеніміз не, мысал келтіріңіз



бет39/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
59. Жауап хат дегеніміз не, мысал келтіріңіз.
ЖАУАП ХАТ

Заңның орындалуы туралы


Түркістан облысы, Кентау қаласы
Ішкі саясат департаменті директоры
Әлімжанов Талғат
Визуалды ақпарат пен жарнама құралдарында мемлекеттік жəне орыс тілін қолдануда «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Жарнама туралы» Заңының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуде, қолданыстағы кестеге сəйкес, қала (аудан) əкімдігі «Жастар » қоғамымен, «__________» ҚМК-пен бірлесіп, қаладағы (аудандағы) заңсыз жарнама қалқандары мен тақталарын жою бойынша осы жылдың бір тоқсанында 212 рейд жасады. Рейд барысында 212 нысан тексерілді, олардың ішінде 160 нұсқау берілді, 45 нысанға ескерту берілді, ____________________________________ магистральды даңғылдар мен көшелерінде …_____ дана ауыстырмалы штендорлар алып тасталынған.
Сондай-ақ əкімдіктің жауапты қызметкерлері «__________» қоғамымен, «__________» ҚМК-пен, қоғамдық қорғау полициясының арнайы көмекшілерімен бірлесіп жарнама тумбаларында, көшеге жарық беруші бағандарға, дуалдарға, ғимараттардың қабырғаларына, кіреберістердің есіктеріне қалыпқа салынбаған сипаттағы (парақшалар, ілінбе қағаздар, плакаттар) жарнамалықақпараттық өнімдерді орналастыру бойынша ұдайы əрі қатаң бақылау жүргізіп отырады.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып отырады жəне ұдайы бақылауда болады.

__________ қаласы


(__________ ауданы)
əкімінің орынбасары ___________ __________________
(қолтаңбасы) (атының бас əрпі, тегі)

60. Хабарлама хат дегеніміз не, мысал келтіріңіз.
Хабарлама (Донесение) — жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа. Бейбіт уақытта хабарламалар жұмылдыру мәселелері, әскерлер қызметі, әскери тәртіп бойынша, сондай-ақ әскерлерді (күштерді) қару-жарақ, техника және басқа жабдықтау түрлерімен қамтамасыз ету бойынша баяндауы мүмкін. Тапсыру мерзімі бойынша Хабарламалар жедел (жедел хабарламалау табелінде белгіленген уақытқа жеткізіледі) және жедел емес (жай) (жағдайдың шұғыл өзгеру кезінде жедел хабарлар табелін есепке алмай жеткізіледі) болып бөлінеді. Шешім баяндалған жауынгерлік хабарламаларға командир және штаб бастығы, ал қалғандарына — штаб бастығы мен тиісті қызметтің бастығы қол қояды. Қамтамасыз ету мәселелері бойынша (инженер лік, химиялық, тыл және т.б.) хабарламаларға тиісті бастық қол қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет