Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Сенім білдіремін, сеніп тапсырамын сөз тіркестері кездесетін құжат түріне үлгі жазыңыз



бет49/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
76. Сенім білдіремін, сеніп тапсырамын сөз тіркестері кездесетін құжат түріне үлгі жазыңыз.


77. Резюме, резолюция, өкім тілі туралы тұжырымыңыз.
Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Түйіндеме жазған адам туралы толық мәлімет беру үшін онда, оның білімі, біліктіліг, жеткен жетістігі, жұмыс тәжірибесі, не нәрсеге икемділігі бар екені жазылу керек керек. Түйіндеме кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес.Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.Жұмысқа қабылданушы үшін бұл құжаттың басты мақсаты - өзін-өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Оның жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тəжірибесі, жеке жетістіктері, кəсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мəліметтерді қысқа əрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам осы құжатқа қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Əңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор. Резолюция- бұрыштама (виза) қою – лауазымды адамның құжаттың мазмұнымен келісетінін немесе келіспейтінін білдіретін қол қою рəсімі. Құжаттарға бұрыштама қойған кезде мыналар көрсетіледі: виза қоюшының қажет болған кезде қолы, қойған қолының талдамасы жəне қол қойылған күн. Бұрыштама – мекемеге келіп түскен ісқағаздарының бұрышына жазылатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы. Бұрыштама ұйымда қалатын құжат данасының (жоспардың жоба- сына, есептерге, хаттарға және басқалар) бастапқы бетінде қойылған қолдан төмен қойылады. Бұрыштама Өкімдік құжаттардың жобаларының бірінші данасы- на қойылады. Өкімдік құжаттың соңғы парағының сыртқы бетіне бұрыштама қоюға рұқсат етіледі. Бұрыштама бұрыштама қоюшының қолын, күнін, қажет жағдайда қолтаңбаның толық жазылуын (аты-жөнін және тегін) бұрыштама қоюшы лауазымының атауын қамтиды. Түпнұсқа бұрыштамада бірінші тұрған орындаушыға беріледі. Бұрыштама тырнақша қолданылмай, кіші әріптермен ресімделетін «Келісілді» деген сөзден, сондай-ақ құжат келісілетін тұлға лауазымының атауынан (ұйымның атауын қоса алғанда), жеке қолынан және оның толық жазылуынан және келісу күнінен тұрады. Ең бастысы, бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды Өкім– Өкім – Мекеменің Төрағасы жəне оның орынбасарлары, Мекеме бөлімшелерінің басшылары не олардың орнындағы адамдар шығаратын Мекеменің құқықтық актісі. Өкімде бөлімшелерге немесе белгілі бір лауазымды тұлғаларға Мекеменің нормативтік құқықтық актілерінің (жұмыс берушінің актілерінің) талаптарын, Мекеменің үшінші тұлғалармен жасасқан шарттарының (келісімдердің, келісім-шарттарының) жəне басқа міндеттемелердің талаптарын орындау жөнінде нақты белгіленген іс-əрекеттерді жүзеге асыруға нұсқаулар болады.Төмен тұрған лауазымды тұлғаның өкімін жоғары тұрған лауазымды тұлға, заңсыз өкімді сот жоюы мүмкін. Заңсыздығы жойылғанша өкімнің күшін прокурор тоқтата тұра алады. Өкім кəсіпорынның ішкі құжаттатрына арналған бланкілерде ресімделеді жəне оған директор немесе оның орынбасары қол қояды. Өкімнің мəтініне мыналар кіреді:
- нақты тапсырма (жұмыс);
- орындаушының жауапкершілігі;
- орындау мерзімі.
Өкім беру бөлігі, əдетте, қазақ тіліндегі мəтінде «Міндеттеймін»,
«Белгілеймін» жəне т.б. сөздермен аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет