Қамзаева К., Бахтиярова Д.
Қорқыт Ата университеті
СИНТАКСИСТІК ДЕРИВАЦИЯ КЕРІ ТӘСІЛІН
(КОМПРЕССИЯ) ОҚЫТУ
Аңдатпа. Тілдің ішкі семантикалық мүмкіндігі шеткері аймақтарынан, яғни туынды элементтерден анық
көрінеді. Ал түпнегіз тұлғалар арқылы тілдің негізгі бір мүмкіндігі ғана көрінеді.
Тақырып шағын бөлшектерге өзара жіктеліп, сөйлеу актілері арасында мағыналық байланысты
қалыптастырады. Осы мағыналық ортақтық сөйлем құрылымының ықшамдалуын қалыптастырады.
Сөйлемнің ядролық түпкі бөлшегі жойылмайды, сөйлемдер құрамында шашырап көрініп, коммуникативті
мақсатқа бағдарға сай салмаққа ие сөйлесім бөлшегі синтаксема ғана қолданысқа шығатынын оқыту
тәсілдерін қарастыру.
Сөйлеудің ауқымына жататын мәселе десек, онда компрессия құбылысы да жайылма сөйлемдердің
жалаң түрі емес сөйлеу кезінде пайда болатын сөйлесу жағдаятымен, сөйлеуге қатысушы тұлғалардың аялық
білімімен байланысты сөйлеу бірліктерін зерделеу болып табылады.
Түйін сөздер. синтаксис, тәсіл, компрессия, модельдеу.
Синтаксистік деривацияның кері тәсілі тілдегі үнем заңымен тығыз байланысты. Мына
мысалға назар аударайық: Мен институт кітапханасына барамын → Институт
кітапханасына барамын → Кітапханаға барамын → Барамын.
Деривация кезінде тек күрделену ғана емес, кері процесс те көрінуі тиіс. Ол тілдегі
ықшамдау заңдылығымен байланысты.
Ықшамдау тіл деңгейлерінің бәрінде (фонетика, лексика, морфология, синтаксис)
кездеседі. Яғни ықшамдау құбылысы тілдің жеке бір саласына ғана емес, бүтін тілге қатысты
болады. Былайша айтқанда, тілдің, тіл дамуының жалпы заңдылығы деуге саяды. Ал оның
фонетикадағы, лексикадағы, грамматикадағы көріністері сол заңдылықтардың іске асу
тәсілдері болып табылады. Жалғыз қазақ тілінде ғана емес, жалпы тіл атаулыға ортақ
заңдылықты қазақ тіл білімінде, мүмкін түркологияда, мүмкін әлем лингвистикасында (оны
әлі анықтау керек) алғаш байқаған алғаш ашқан А. Байтұрсынұлы болатын. Ғалым оны
синтаксистегі іске асу тәсілдерінің бірнешеуін мысалдар арқылы талдап та көрсеткен. Оның
бір тәсілі көсемше тұлғасымен байланысты. [1, 34]
Бүгінгі күннің синтаксис мамандары синтаксистегі ықшамдау құбылысын синтаксистік
деривацияның компрессия тәсілімен жүзеге асады деп қарайды. Компрессия латын тілінен
ауысқан халықаралық терминге жатады. Орысша «сжатие», қазақша «тығыздау», «сығылу»
деген мағынаны береді.
Осы тәсіл арқылы А. Байтұрсынұлының келтірген сөйлемін әрі қарай ықшамдап көрелік.
Олар көше алмады, өйткені көлігі жоқ болды; көлігі жоқ болып олар көше алмады; олар көлігі
болмай көше алмады; олар көше алмады; көше алмады.
Байқап отырғанымыздай, бұл жерде өрбу, бір-бірінің негізінде жайылу процесіне кері
жиылу процесі жүрген. Көрсетілген сөйлемдердің қай-қайсысы болса да немесе осындай
модельдердегі сөйлемдер қазір тілімізде бар болғандықтан, синтаксистік деривицияның тек
тіл тарихымен ғана байланысты болмайтындығы аңғарылады. Синтаксистік деривицияның
бұл тәсілі көбіне ауызба-ауыз сөйлесу кезінде жүзеге асады. Яғни ықшамдаудың синтаксистегі
көрінісі тілден гөрі сөйлеуде (речь) жүзеге асатын құбылыс деуге болады. Сонымен қатар
ықшамдаудың әр тілдің өзіне ғана тән ішкі заңдылықтары болады. Мәселен, орыс тілінде көше
алмады деп бастауыш түсіріліп айтылғанымен, оның қай жаққа қатысты екендігі мәтінде ғана
белгілі болады. Бұл әрине, оларда жіктік жалғауының жоқтығына байланысты. Түркі
тілдерінде бастауышты түсіріп айту өте жиі кездеседі. Жіктеу есімдіктерінің өз
баяндауыштарымен жақ жалғаулары арқылы қиысуы, жіктік жалғауының да, жіктеу
есімдігінің де сөйлемде ұқсас бір мағынаны беруі бастауыштардың ықшамдалуына жағдай
жасайды. Айтушыны сөйлеу кезінде бастауышты түсіріп айтуға итермелейді. Кейде тіпті
баяндауышты түсіріп айту да кездеседі:
– Мынаның қай жерінен өтеді екен? ‒ деп сұрады Қартқожа бұлақты нұсқап.
277
– Қайда барасың?
– Байталыма.
– Байталыңды қайда әкетеді дейсің? (Ж. Аймауытов).
Келтірілген төрт сөйлемнің соңғы үшеуінде сөйлемнің негізгі тұрлаулы мүшелері
ықшамдалған. Екеуінде сен, ол бастауыштары ықшамдалса, біреуінде тіпті синтаксистік
деривацияға негіз болатын сөйлемнің Т+Ә элементі түгелімен ықшамдалып, сөйлемнің
тұрлаусыз пысықтауыш мүшесі ғана қалған (байталыма). [2, 67] Яғни тілде қосанжарласқан
(избыточность) элементтер ғана ықшамдалады. Мысалы: мен байталыма барамын деген
сөйлемде айтушы өзінің айтайын деген ойының өзегін толық сақтау үшін Т+Ә элементтерін
сөйлемнің негізгі тұрлаулы мүшелері екен деп қарамайды. Алдымен сөйлемде бір мағынаны
беру үшін жіктік жалғауымен қосанжарласқан жіктеу есімдігінен болған баяндауышты
түсіреді. (Байталыма барамын). Бұл тілдің ішкі заңдылығына байланысты осындағы артық
элементтердің болуына байланысты. Ал әрі қарай мәтіндегідей тек пысықтауыш мүшенің
қалуы әрекет иелерінің сол кездегі қалпымен және алдыңғы сөйлемнің мағынасымен тығыз
байланысты болады. Мұндай сөйлемдердің айтылуы тілден тыс жағдайларға, сөйлесуші
адамдардың таным түсінігіне, мәтіндегі логикалық сабақтастыққа т. б қатысты айтылады.
Бұлақтың өткелін сұрап, арғы жаққа қарай өтуге бет алған Қартқожа «Қайда барасыңды»
естігенде, әрине, «Байталыма», ‒ деп жауап қатады. Егер сұрақ : «Байталыңа барасың ба?» ‒
деп қойылса, жауап «Иә», – деген жалғыз ауыз сөзбен де қайырыла салуы мүмкін.
«Иә» немесе «Байталыма» деген толымсыз сөйлемдер синтаксистік деривацияға негіз бола
алмайды. Деривация құбылысы қалай қарай жүрсе де Т+Ә моделінен басталады не соған келіп
тіреледі. Сөйлемдердің әрі қарай үнемделуі деривация құбылысына емес, жоғарыда
келтірілген тілден тыс факторларға, сөйлесушілердің өзара түсіністігіне және тілдік
тұлғалардан гөрі мәтіндегі қисын сабақтастығына негізделеді. [3, 298]
Сабақтас құрмалас сөйлемдер ықшамдалу үшін ең алдымен басы артық синтаксемалардан
орала келе түпнегіз сөйлемге келіп тіреледі. Мысалы: Араларына түсетін арашашысы болмай,
екеуі де әбден титықтап шаршады (М. Әуезов) → Арашашысы болмай екеуі де әбден шаршады
→ екеуі де әбден шаршады → Екеуі де шаршады.
Сөйлемдегі синтаксемалардың артық болу себебі сөйлеу кезіндегі тыңдаушы мен
айтушының өтіп жатқан процесс қанықтылығымен қоса сол жерде тұруына да байланысты
болады. Айталық ұстасып жатқан екеудің сыртынан қарап тұрған сөйлеуші мен тыңдаушы
түпнегіз құрылымды ғана (екеуі де шаршады) қолдануы мүмкін. Ал сөйлемнің толық
нұсқасын жазушы оқырманға арнап жазғандығы түсінікті.
Компрессия құбылысы синкретизммен ұштасып жатады. Бір тілдік элементтің бойында екі
немесе одан да көп тілдік элементтердің функцияларының түйісіп, қабаттасып қызмет етуін
тіл білімінде синкретизм құбылысына жатқызуға болады. Синкретизм құбылысы жалғыз тілге
ғана емес қоғамдық ғылымдардың бәріне бірдей тән деуге болады.
Есімшелердің өзін табиғатынан синкретті тілдік бірлік деуге болады (есім, етістік).
Есімшелердің тіл жүйесінде етістіктерше де, есімдерше де жұмсала алады.
Сөз табы негізгі емес екінші синтаксистік қызметінде жұсалғанда, өзінің категориялық
мағынасынан қол үзбейді, белгілі дәрежеде сақтайды. Сөз сөйлемде қолданыла отырып,
бойында жаңа семантикалық белгілер пайда болады. Бұл жағдайда әдепкі белгілер не әлсіреуі
мүмкін, не толық жойылуы мүмкін. Алғашқысында синкретизм құбылысы сақталса,
кейінгісінде синкретизм болудан қалып, типтік сөйлем мүшесіне айналады. Сөйлем мүшесінің
бойында категориялық мағына мен функцияналдық мағынаның қабаттасуы ‒ синкретизм
құбылысының туындауына негіз болады[4, 89].
Компрессия трансформацияға қатысы жоқ дербес тәсіл болып саналады. Оның синкретизм
құбылысымен байланыстылығы бірнеше мағынаның бір-ақ тұлға бойында болуымен
байланысты. Құрылымдағы синтаксеманы ықшамдау үшін қалған тұлға ықшамдалған
бірліктің мағынасын да беруі шарт. Мысалы: мен келдім → келдім немесе кім келді? мен келдім
→ мен.
278
Тілдің ішкі семантикалық мүмкіндігі шеткері аймақтарынан яғни туынды элементтерден
анық көрінеді. Ал түпнегіз тұлғалар арқылы тілдің негізгі бір мүмкіндігі ғана көрінеді.
Тақырып шағын бөлшектерге өзара жіктеліп, сөйлеу актілері арасында мағыналық
байланысты қалыптастырады. Осы мағыналық ортақтық сөйлем құрылымының ықшамдалуын
қалыптастырады. Сөйлемнің ядролық түпкі бөлшегі жойылмайды, сөйлемдер құрамында
шашырап көрініп, коммуникативті мақсатқа бағдарға сай салмаққа ие сөйлесім бөлшегі
синтаксема ғана қолданысқа шығады [5, 103].
Деривация құбылысының өзі динамикадан (кеңею, сығылу, сыйысу, ауысу және т. б)
тұратын болса, біз кез келген туынды бірліктердің пайда болуын сөйлеудің ауқымына жататын
мәселе деп танимыз. Онда компрессия құбылысы да жайылма сөйлемдердің жалаң түрі емес
сөйлеу кезінде пайда болатын сөйлесу жағдаятымен, сөйлеуге қатысушы тұлғалардың аялық
білімімен байланысты сөйлеу бірліктері болып табылады.
Есімше тұлғалары құрмаластың барлық түрін (салалас, сабақтас, аралас жасауға қатысады.
Бұл тақырыпты түсіндіру барысында Сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру әдісінің
тиімділігі зор.
Есімшелер атау тұлға да тұрып сабақтас сөйлем жасай алмайтындығын «Оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер» модулі арқылы түсіндіру, игерту оңайырақ және нәтижесі мол. Олар
жай сөйлемді құрмаластыру үшін әртүрлі тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсызданады.
Сөйтіп жай сөйлемдерді құрмаластыру міндетін есімше формаларының өздері атқармайды,
оларға жалғанатын түрлі қосымшалар (септік жалғаулары), тіркесе айтылатын түрлі шылаулар
атқаратындығын жағдаяттар арқылы мысалдар беріп түсіндіруге болатындығын нақты
мысалдармен көрсеттік.
Ал есімшелердің күрделі құрылымдарды жасаудағы қызметі көсемшелерге қарағанда сәл
өзгешелеу екендігін «Мыйға шабуыл» әдісі арқылы түсіндіруге болады. Көсемшелер сөздің
аяғында өздері тұрып ақ сабақтас сөйлем жасай беретіндігін оқушылар өздері дәлелдейді.
Сабақ барысында мұғалім бұл екі тұлға үшін бағыныңқы сөйлем жасау үшін тиянақсыз
формада қолданылу негізгі алғы шарттардың бірі екендігін түсіндіруі тиіс. Құрылымның
деривациялануы контаминация, конверсия және компрессия тәсілдері арқылы жүзеге
асатындығын да баяндайды.
Контаминация тәсілін тіл білімінде мамандар әр түрлі мағынада қолданады, оны редукция,
компрессия тәсілдерімен шатастырушылық бар. Біздіңше, контаминация қазақ тіл біліміндегі
сыйысу құбылысына сай келеді. Оны алғаш қолданған А. Байтұрсынұлы. Ғалым синтаксиске
қатысты тілдегі бұндай заңдылықты бірден байқап, оған сыйысқан сөйлемдер деген атау
берген.
Тіл жүйесінде болатын контаминация құбылысын әрі қарай қазақ тіл білімінде сыйысу деп
атауға әбден болады.
Синтаксистік деривация жай сөйлемдердің сыйысуы арқылы жүзеге асатын болса, онда ол
трансформация құбылысымен тығыз байланысты болады. Өйткені сыйысқан екі сөйлемнің
семантикалық потенциялы жаңа құрылым ішінде де сақталады.
Контаминация тәсілі кезінде оператордың басты қызметі мағынасы бір құрылымға
сыйыстыру арқылы жаңа дериват (синтаксистік бірлік) түзу болып табылады.
Компрессия құбылысы тыңдаушы мен сөйлеуші оқиғаны тікелей бақылап тұрған кезде
ғана жүзеге асуы мүмкін. Конверсия әдісін біз сөйлемнің кеңеюімен байланысты қарайтын
болсақ, компрессия әдісін оған қарама қарсы заңдылық ретінде қараймыз. Қазақ тілінде
деривацияға қатысты лингвистикалық тәсілдерге кеңею, сыйысу, конверсия және
компрессияны жатқызуға болады. Деривациялық құбылыстар көбіне трансформациямен
астасып келіп отырады. Ал компрессияның трансформацияға еш қатысы жоқ. Компрессия
әдісі деривация құбылысының төл тәсіліне жатады да, кеңеюге қарама қарсы құбылыс болып
табылады.
Деривация құбылысы Т+Ә моделінен басталып, компрессия кезінде сол моделге қайтып
келуі шарт. Олай болмаған жағдайда ол процесс деривация емес, трансформацияға өтіп кетеді.
Трансформациялық өзгеріс кезінде құрылымның тұлғалық сипаты ғана емес, мазмұндық,
279
мәндік сипаты да өзгеріп, бастапқы нұсканың сенмантикалық үлгісі пайда болуы мүмкін. Ал
деривация кезінде тек жалпы категориялық мағына кеңейеді. [6, 90]
Есімшелердің анықтауыштан басқа өзге тұрлаусыз мүшелердің қызметін атқаруы олардың
тиянақсыздануымен тығыз байланысты. Есімшелер тиянақсыздана келе, тиянақтаушы
етістіктердің алдында қолданыла бастаған. Және олардың кейбірінің көсемшеге өтуіне де осы
жол себеп болған. Есімшелер құрылымды кеңейтетін оператор ретінде өте актив
қолданылатын тұлғаға айналып барады. Олардың көбі есімше тұлғаларының бағыныңқы
сипатта қолданыла алу икемділігіне байланысты болып отыр.
Ойлау қабілетінің жылдамдығын арттыру үшін тапсырмаға шектеулі уақыт қою керек.
Сабақ барысында ұйымдастырылған дебаттар, дискуссиялар олардың мәселені оңтайлы шешу
қабілеттерін арттырады. Тапсырма біркелкі болса, күнделікті қайталанса, оқушылар жалығып
кетеді. Қызықты әрі күрделі тапсырманы берсеңіз, оның қызығушылығы арта түседі. Мысалы,
түркі тілдерінде бастауышты түсіріп айту өте жиі кездесетіндігін түсіндіру барысында жіктеу
есімдіктерінің өз баяндауыштарымен жақ жалғаулары арқылы қиысуы, жіктік жалғауының да,
жіктеу есімдігінің де сөйлемде ұқсас бір мағынаны беруі бастауыштардың ықшамдалуына
жағдай жасайтындығына тоқталамыз. Айтушыны сөйлеу кезінде бастауышты түсіріп айтуға
итермелейді. Кейде тіпті баяндауышты түсіріп айту да кездеседі:
– Мынаның қай жерінен өтеді екен? ‒ деп сұрады Қартқожа бұлақты нұсқап.
– Қайда барасың?
– Байталыма.
– Байталыңды қайда әкетеді дейсің? (Ж. Аймауытов).
Күтілетін жауап: келтірілген төрт сөйлемнің соңғы үшеуінде сөйлемнің негізгі тұрлаулы
мүшелері ықшамдалған. Екеуінде сен, ол бастауыштары ықшамдалса, біреуінде тіпті
синтаксистік деривацияға негіз болатын сөйлемнің Т+Ә элементі түгелімен ықшамдалып,
сөйлемнің тұрлаусыз пысықтауыш мүшесі ғана қалған (байталыма). Яғни тілде
қосанжарласқан (избыточность) элементтер ғана ықшамдалады. Мысалы: мен байталыма
барамын деген сөйлемде айтушы өзінің айтайын деген ойының өзегін толық сақтау үшін Т+Ә
элементтерін сөйлемнің негізгі тұрлаулы мүшелері екен деп қарамайды. Алдымен сөйлемде
бір мағынаны беру үшін жіктік жалғауымен қосанжарласқан жіктеу есімдігінен болған
баяндауышты түсіреді. (Байталыма барамын). Бұл тілдің ішкі заңдылығына байланысты
осындағы артық элементтердің болуына байланысты. Әңгімені қолдана отыра, әңгімені
жалғастыруды ұсынсаңыз, олардың қиялдары дами түседі. Зейінін шоғырландыру үшін сабақ
барысында бес-алты тапсырма емес, тек мақсатқа негізделген екі-үш тапсырма төңірегінде
жұмыс істелуі тиіс.
Кез-келген мақсаты айқын адам баласына, шын мәнінде, білімді болу үшін үш қасиет: жан-
жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы және сараптама жасай алуы қажет. Әрбір оқушының
өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті
тұлғаны қалыптастыруда өз шешімін табады. Білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін
мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай
ойластырып, дайындауы қажет. Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда
жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға әбден
болатындығына көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |