Саудабаева Г.
педагогика ғылымдарының докторы,
қауымдастырылған профессор,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Толеуханова А.Д
педагогика магистры, аға оқытушы,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
ҰСТАЗ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ӘСЕРІ
Аңдатпа.
Ұстаз – ұлағатты есіміне сай шәкірттеріне білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол
әрдайым қасиетті тұлға болып көзге түсіп ерекшеленеді.
Мақалада адам
баласына өмірлік қажет болатын
еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты
қасиеттерді оқушы бойына құятын ұстаз еңбегі мен тұлғалық өасиеттері туралы көрсетеледі. Оның асыл
үлгілері, мұғалімнің ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық ұстанымдары негізінен жастарды халқына адал
қызмет ететін нағыз азамат етіп тәрбиелеу жолындағы орасан зор еңбегі туралы сөз етіледі. Ақыл мен
қайратты, білім мен адамгершілікті тең ұстаған ұстаз тұлғасының, шығармаларының және оның оқу-тәрбие
үдерісіндегі тұлғалық қасиеттері мен оның іс-әрекеттерінің тәрбиелік мәні ашылып көрсетілген.
Түйін сөз: тұлға, педагог, ұстаз, ұстаз тұлғасы, оқыту үдерісі, өзіндік «Мен», білім бер, тәрбие, маман
даярлау.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты
алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да
жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының
алтын сандығы.
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік,
әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі
адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға
көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін
шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам
кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді
маман болу үшін
–
әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Жас ұрпақтың саналы
да сапалы білім алуының бірден – бір шарты – мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің
болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.
Ұстаз – Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін артырып, әлемге
атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты
көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек,
мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған
маман
–
уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді
өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім
негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең
Отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә.
299
Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз
ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді,
тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру
мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын
айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін
анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті
жетілдіруге негізделеді деп есептейміз. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру жүйесінде
жүргізілетін реформалардың мақсаты – оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық
ауқымға ие болуын ескере отырып, саналы өзгерістерін қамтамасыз ету деп көрсетілген. Білім
беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті жақтардың негізінде осы процесті
тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, әдістемелік, қаржы материалдық жағдайларын
жасауды және тиісінше кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр,
”- деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және
ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек. Қазақстан заңдары білім беруді
қоғамның және мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп
жариялайды.
[1].
Елімізде 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда білім беру жүйесінің
басым міндеттері көрсетілген:
1. Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
2. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік
пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін
жағдай жасау арқылы интеллектілік байыту;
3. Азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы
және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4. Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен
республикасының басқа да халықтарының тарихын, дәстүрлерін, тілдерін меңгерту;
5. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
6. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау,
оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда
мұғалімдердің рөлі өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең біздің
қоғам сондай болады. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе, мұғалім жалпы жасампаз
еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды.
Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында
сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге
деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін,
ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат
етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды
. [2]
Еліміздің тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауында
«Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар,
олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» делінген
.
Білім берудегі мұғалімнің жеке тұлғасы – дегеніміз ол мәдениетті жеткізуші, оның
атқарушысы оның мұрагері және әлемдік педагогикалық тәжірибенің жасаушысы болмақ.
Әлемдік стандарттар бойынша – қазіргі заманғы мұғалім
–
ол шығармашылықты жеке тұлға,
ол проблемалық-педагогикалық және критикалық ойды игерген, ол көп нұсқалық
бағдарламаны құрушы, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге жәнебілім берудің жаңа
300
технологиясына сүйенген, оларды ол нақты педагогикалық жағдайларда диагностикалық
мақсатты рефлекция бойынша іске асырушы. Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім
беру мектептеріндегі көзқарасынан, сенімнен және құндылықтық бағыттары арқылы
қалыптасқан. Олардың негізінде кәсіби даярлау барысында педагогикалық кәсіпке оның
мақсаты мен педагогикалық әрекетіне деген мотивациялық-құндылықтық қарым-қатынас
құрылады. Қазіргі заманғы мұғілімнің алдында сыртқы әсерді жеңуге қабілетті, және өзінің
жеке стилінің арқасында әлемдік педагогикалық ғылым мен практиканы жеткізу үшін оның
нақты тәуелсіз және жауапты тұлға екенін көрсететін ғылыми болжамдарды жеңу міндеті тұр.
Педагогикалық қызмет шындығында «жалпылық сипатта», ол «оқытушылық-оқушылық»
феноменіңнің онтологиялық сипатта екенімен түсіндіріледі, оның адамзаттың өзінің өмір
сүруі, адамдық мәдениеттің дамуының өзі мүмкін емес. Қандайда бір тіпті күнделікті
жұмыстың өзінде адамдық қандайда бір әрекетке, операцияларға, оны орындау ретіне,
нәтижеге жетуге, оны жетілдіруге үйрету керек. Қандай болмасын әрекетте жұмыста
оқытатын адам мен оқитын адам болады. Біріншісі соңғыны оқытушы, педагог болады.
Қандай да болмасын басқа адамммен қарым-қатынас жасайтын кәсіби істе педагогикалық
аспект бар
. [3]
Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас
ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Сондықтан қазіргі ақпаратқа толы
алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу
– күрделі де қиын шаруа. «ХХІ ғасыр ұстазы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен
ойланып, толғануды қажет етеді. Өйткені, ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса
жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар,
айбынымызды асқақтатар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс. Сұрағымызға жауап берсек ХХІ
ғасыр ұстазы, нағыз педагог маман – кәсіп қой, терең білімді, мәдениетті, ізгілікті, жас
ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеуді басшылыққа ала отырьш, инновациялық бағытта
жұмыс жасайтын, баламен мәдениетті қарым- қатынас жасай білетін, өзіндік мұғалімдік
қызмет атқару стилі бар, зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын тұлға. Білім сапасын арттыруда
әрбір ұстаз қүндылықтарды меңгеріп, оқу мен тәрбие егіз екенін бір сәтте естен шығармаған
жөн.
[4].
Соның нәтижесінде ғана сапалы білімге қол жеткізуге болады. Білім – қоғамды
түрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтастыратын құрал.
Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа
технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар
әр оқушының біздің ертеңіміз, болашағымыз екенін терең ескере отырып, жеке тұлға ретінде
қалыптастыру, олардың білім деңгейін мемлекетгік және халықаралық стандартқа жетулеріне
күш салу біздің міндетіміз деп есептейміз. Қазіргі қоғам өміріндегі күрделі экономикалық
өзгерістер, ғаламдану үрдісі, ақпараттық технологиялардың дендеп енуі, нарықтық
қатынастардың қалыптасуы, демократиялық оң өзгерістер және т. б. білім жүйесін
реформалауды, оның дамуына жаңа серпін енгізуді, соның ішінде оның әдіснамалық және
тұжырымдамалық негіздері мен педагогика ғылымының парадигмасын қайта қарастыруды
талап етеді. Егемендігімізді алған 27 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында орта
мектептің өмірі мен жұмыстарында көптеген езгерістер болды:
–
орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарын демократияландыру мен ізгілендіру үрдісі
басталды;
–
жалпы білім беретін орта мектептермен бірге жаңа бағыттағы инновациялык мектептер:
гимназия, лицей, авторлық, атаулы мектептер пайда бола бастады;
–
мұғалімге оқу-тәрбие үрдісіне басшылық етуге толықтай құқық берілді: мұғалім
мемлекеттік білім стандарты шеңберінде оқу бағдарламасы мен окулықты өзі таңдауға, өзінің
авторлық бағдарламасы жөне технологиясымен жұмыс жасауға мүмкіндік алды.
–
Республикадағы білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты базалық
білім беру негізі мектепте аяқталып, жоғары сыныптарды кәсіптік бағдарлы білім беру жүзеге
асырылатын тұжырымдамалық негіз жасалды. Сол себепті қазіргі кезенде мектептің оқу-
301
әдістемелік жүмыс қызметін жаңа жолға қою қажетгілігі туындап отыр. XXI ғасырда
мектептердің алдьшда түрған басты міндеттері:
–
мұғалімдердің инновациялық даярлықтарын қамтамасыз ету;
–
мұғалімнің әдістемелік деңгейін көтеру, педагогтың өз білімін көтеруге және жетілдіруге
жағдай жасау;
–
мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық эксперименттік зерттеулер жасауларына тиімді
жағдай туғызу және т. б. Жаңа ғасырға керегі
–
теориялық білімі жоғары, ұдайы ізденісте
болып, әртүрлі ғылыми зерттеулер, экспериментгік тәжірибелер жүргізіп, жаңа педагогикалық
технологияны меңгерген, өзінің жеке әдістемесі бар жаңашыл мұғалім. Қазіргі кезеңде
көптеген мектептерде жүмыс жасап жатқан мүғалімдерді әдістемелік деңгейіне қарай 3
деңгейге бөліп қарастырады: – мұғалім-практик; – мұғалім-практик-зерттеуші; – жаңашыл-
мұғалім – практик-экспериментатор. Мұғалім-практиктің негізгі қызмегі өзінің білген іс-
тәжірибесін окушыларға үйрету; мүғалім-практик-зерттеуші негізінен ғылыми зерттеушілік
қызметпен айналысады; ал жаңашыл мүғалім ғылымизерттеушілік, эксперименттік
жүмыстармен айналысады. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілетті
ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбүрыс жасалуда.
Еліміз дамуының барлық саласына, соның ішінде білім беру жүйесіне жаңа инновациялық
үдерістердің енуі мұғалімнің жаңашылдығын дамытып, кәсіби өсуіне алып келді. Мұғалімнің
кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі дамытып отыру дайындығына тікелей
байланысты. Бұл мәселеге әлеуметтікпедагогикалык тұрғыдан келу үшін мүғалімнің субьект
ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет.
Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне әбден қатысты. Сондықтан бұл
жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлікәдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін
толықтыру компоненттерінен өз қажетгілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз
қажеттіктерін сезіну» – кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін
дамытудың жолдарын білу деген сез. Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне
кіру үшін мемлекет тарапынан көп шаралар енгізіліп жатыр.
[5].
Соның ішінде «Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамьту тұжырымдамасы» ең маңызды орын
алады. Бұл тұжырымдамада орта білім берудің мақсаты
–
жылдам өзгеріп отыратын алынған
терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуте, өзін-өзі іске асыруға,
өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатта алға қойылған міндеттер:
оқушылардың сапалы білім алуы, мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін
ұдайы арттыруы. Жаңа формациядағы ұстаз алдымен өз ісінің білгірі, болмысынан мұғалім,
өз жұмысын, адамдарды, соның ішінде балаларды ерекше сүйетін, жаңа технологияларды,
қарым-қатынас психологиясын меңгерген, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңірген педагог
бола білуі керек. Ол кез-келген пәнді үйрету кезінде сабаққа рухани-адамгершілік
кұндылықтарын енгізіп отыруы қажет. Өз пәнін сүйетін мұғалім сабағының бір де біреуі
тартымсыз, көрексіз болмайдьі. Жаңа заман талабына сай мұғалім бойында қандай
қасиеттердің болуы керектігін атап өтсек, олар: алдымен көптілді маман (қазақ, орыс,
ағылшын т. б. тілдерін меңгерген) бола білуі; пәнді оқытуда қолданылатын техникалық оқу
құралдарын пайдалана алуы; дербес компьютерді оқу құралы ретінде, психологиялық және
педагогикалық зерттеу карталарын жасауға пайдаланып, жалпы алғанда оқу үрдісін
ақпараттандыра алатындай дәрежеде бола білуі; оқушыға білім беру үрдісінің субьектісі
ретінде қарап, оның жеке және жас ерекшелігін, әлеуметтік даму факторын ескере алатындай,
білім жүйесін меңгеруі керек. Өзінің педагогикалық-психологиялық кажеттігін анықтай
алатын мұғалім өз мүмкіндігін ғана ескеріп қоймай, әлеуметтік жағдайды, ата-ана, қоғам
талабын, оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын терең зерттей біледі. Соның
нәтижесінде инновациялық жаңалықтардың оқу-тәрбие мазмұнына сәйкестігін талдау арқылы
мұғалім жаңа деңгейдегі міндеттерді орындауға дайын болады. Жаңа формациядағы ұстаз
үшін аса қажет әрі маңызды жәйттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: – ойлау
мәдениетін игеру, ойлау қызметінің жалпы зандылықтарын білу, кұбылыстардың жекелеген
302
ерекшеліктерін жазбаша, ауызша сауатты (қисынды) түрде жеткізе білу және өз
байқауларының нәтижелерін сараптай білу, сондай-ақ оқушылардың мінез-құлқының
жекелеген ерекшеліктерін білу; – танымның осы замангы ғылыми әдістерінің мүмкіндіктерін
түсіну және оны кәсіптік міндеттерді шеше білу үшін қажетті деңгейде игеру; – сабақ берген
кезде және сабақтан тыс уақытта түрлі үдерістер мен құбылыстарды байқап, ажырата білу,
оларды талдап, нақтылап және қорыта білу, салыстырып түсіндіре білу, пән бойынша ғылыми,
оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана білу. Жаңа формациядағы ұстаздың ойлау
икемділігі дамыған, жандүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуы тиіс, өйткені өзіндік
рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық, жасампаздық келеді.
Ондай маман педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан өз әрекеттеріне
өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімділігімен, әр оқушының
рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды. XXI
ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,
адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім
мазмұны, мұғалім мен оқуышының арасындағы байланысты субъективті деңгейге көтерудегі
демократиялық бастамалардың барлығы мұғалім арқылы жүзеге асырады. Бүгінгі мұғалімге
тек пән мұғалімі ретінде ғана баға беру немесе пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық
көрсетеді. Мұғалім – қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім
екендігіне баға беріп көрелік. Бүгінгі мұғалім – ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, мұғалім
– оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім –
жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен
қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. XXI ғасыр
ұстазының тұлғасы мен іс-әрекетін жүйелі ұғыну үшін жаңа теориялық-әдіснамалық негізде
талап қойылады және мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіптік мәдениетінің өрістеуіне көмек
көрсету, зерттеу жүмыстарын жүргізу керек.
[6]
Қорыта келе “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді”
–
дегендей, заман талабына
сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу мұғалімнің жеке құзырында.
Белгілі педагог К. Д.
Ушинский: «Мұғалім
–
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»
–
деген. Сондықтан ұстаз – шәкірт – ұстаз
болуы қажет.
Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сондықтан ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын
жетік меңгеру, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды
байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Мұғалімнің кәсіби білік, дағдылары
–
өз кезегінде жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін
көрсететін өлшем. Олай болса, жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің
ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға,
мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шындалған мұғалім
–
ғасыр көшін бастаушы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |