Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет194/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

1-деңгей – оқушылық деңгейде өтілген тақырыптың ережесін, анықтамасын білу талап 
етіледі. Мысалы, антоним сөздерді теріп жазу тапсырылады.
1. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы. (мақал).
2. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын, Жаманның жамандығын айт құты қашсын. 
(мақал).
3. Өткенге өкінбе, болашақты болжама (хадис).
Осы мақал, дана сөздерді оқу арқылы оқушы біріншіден, өмірдің екі жағын – ұзын-қысқа, 
жаман-жақсы деген ұғымдарын терең түсініп, ой түйеді, хадисте берілген «болашақты 
болжама» деген сөз арқылы нағыз мұсылман Аллаға серік қоспау керек екенін, болашақта 
болар жайтты шүкірлікпен күту керек екенін, бір Алладан басқа құдірет күш жоқ екенін жақсы 
ұғынады.
2-деңгей – алгоритмдік деңгейде өз білімдерін түрлі өзгертілген жағдада қодана білуі, оқу 
материалын талдау іскерлігі талап етіледі.
Бір дыбыстан басталатын антоним сөздерді жазу.
Үлгі: А – адал, арам;. Б –; С – ; Ш – ;
3-деңгей – ізденімдік деңгейде оқушылар танымдық-ізденімдік сипаттағы тапсырмаларды 
орындайды. Бұл деңгейде де берілген тапсырманы имандылыққа негіздеп берген жөн. 
Мысалы ұлы ақын Абай атамыздың имандылық жайлы шығармаларынан үзінділер келтіре 
отырып, тапсырмалар беру. Мысалы, Алланың харам еткенін адалға, адал еткенін харамға 
шығару, бұйырылмаған амалдарды парыз есептеу, мінезге қатысты жағымды-жағымсыз 
қасиеттер қоғамымызда бертін келе туындаған жаңалықтардың бір легі болып табылады. 
Мұғалім осыны түсіндіре отырып оқушыларға имандылық тәрбие береді.
4-деңгей – шығармашылық деңгейде оқушылар өз бетімен зерттеушілік әдісті пайдаланып, 
білімдерін қалыптан тыс шығармашылық жағдайында қолдана білуге дағдыланады.
Тапсырма. «Жақсылық пен жамандық» тақырыбында антоним сөздерді қатыстыра отырып, 
шағын әңгіме құрастырады.
Лексиканы деңгейлеп оқытудағы орындалатын тапсырманың түрлерін мынадай топқа 
бөлуге болады: 
1. Білімділік тапсырма;
2. Проблемалық тапсырма;
3. Пәнаралық тапсырма;
4. Шешендік тапсырма; 


296 
5. Танымдық тапсырма;
6. Интеллектуалдық тапсырма.
Лексиканы деңгейлеп оқытудағы орындалатын тапсырманың әрқайсысы оқушылық, 
алгоритмдік, ізденімділік, шығармашылық деңгейлермен тығыз байланысты. Оқушылық 
деңгейде білімдік тапсырмалар; алгоритмдік деңгейде пәнаралық тапсырмалар; ізденімділік 
деңгейде проблемалық, шешендік; шығармашылық деңгейде танымдық, интеллектуалдық 
тапсырмалар орындалады.
1. Білімділік тапсырма. Оқушының теориялық білімін бекітетін, жаңа материал туралы 
негізгі дағдысын қалыптастыратын тапсырманың түрі білімділік тапсырма деп аталады. Оған 
алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырма жатады. Мыс: берілген мәтіннің ішінен керекті 
тілдік материалды танып, оны теріп жазу, кесте толтыру, сызбасын сызу, сөйлем құрау.
Тапсырма: Тұрақты тіркестерді бір бөлек, мақал-мәтелді бір бөлек топтастыру.
Жаны мұрнының ұшына келу. Баланың сотқары – пәленің шокпары. Аттыға жаяу жолдас 
болмас. Екі аяғын бір етікке тығу. Ғылым – теңіз, білім – қайық. Он саусағынан өнер тамған. 
Жолдасы көптің – олжасы көп. Маңдайының бес елі бағы бар.
Тұрақты тіркестер.
Мақал-мәтелдер.  
Бұл тапсырма оқушының тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді тану, оларды ажырата 
алу мақсатында беріліп, мағынасын түсіне білуге, бұл айшықтардың қандай адамгершілік 
қасиеттерге үндейтінін түсіндіреді.
2. Проблемалық тапсырма. Оқушыға проблемалық жағдай туғызып, оны оңай жолмен 
шешуге бейімдейтін тапсырма түрі.
Тапсырма:
Мұғалім балаларының ойлау қабілетін сынағысы келіп: 
– Адам тек тамақ жесе ғана семіре ме? – деп сұрады. Балаларының бірі «семіреді», бірі 
«семірмейді» деп таласып жатыр.
– Шамадан тыс тамақ жесе адам семірмек түгілі өліп қалуы мүмкін ғой, -деді Аяжан. Бұл 
ойдың басқа мағынада айтылып тұрғанын аңғарған Сұңқар оған келіспеді. Сұңқардың 
ойынша, адамды тамақ қана семіртпейді, ... де семірте алады екен. Мұғалім Сұңқардың сөздің 
мәнісін түсіне алғанына риза болды. Оқушы, ойланып көрші, мұғалім Сұңқардың жауабына 
неге риза болды? 
Мұнда оқушыға мәтін мазмұны арқылы проблемалық ситуация беріліп тұр.
3. Пәнаралық тапсырма. Өтілетін тақырыпты басқа пәндермен, ғылым салаларымен 
байланыстыра отырып, жан-жақты меңгеру.
1-тап: Әр ғылымға тән термин сөзді жазу.
География Математика Тарих Қазақ тілі 
Лексикалық тақырыптардың ішіндегі термин сөзді оқыту пәнаралық байланыс негізінде 
жасалған тапсырманы қажетсінеді. Мыс: География: карта, көкжиек, шық нүктесі, гидрология 
т. б.
4. Шешендік тапсырма. Оқушының айтар ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландырып, 
сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
Тапсырма: Көрші Жақсылық атаның бір келіні бар. Оның аты – Айман. Айман – ауылдағы 
ең мақтаулы келін. Оны еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін жақсы көреді. Қазақ 
халқының бар салт, әдет-ғұрпы бір бойынан табылғандай. Оның іс-әрекеті ауылға түскен жас 
келіндерге үлгі.
Бір қызығы, неге екені белгісіз, Айман ешқашан «жақсы» деген сөзді айтпайды екен. Бірде 
ауылдағы ақ жаулықты апалар, бір-бір келіннің енелері, дүкеннен келе жатқан Айманды 
сынамақшы болып, жақындаған кезде Айман иіліп сәлем салады да: 
– Армысыздар, апалар, – деді.
Апалар оны танымаған сынай танытып: 
– Бар бол, балам. Шырағым кімнің келіні боласың? 
–...


297 
– Балаларыңның денсаулығы жақсы ма? 
–...
– Үлкен балаң биыл мектепке барды, сабағы қалай өзінің? 
– ...
Айтпақшы, сені өткен жұмада төркініне барып келді деп естідік. Әке-шешең, аға-
бауырларыңның жағдайы қалай екен? – деген сұрақтарды жаудыртып кеп жіберді? 
Апалар келін өзінің жауабында бірде-бір «жақсы» сөзінің ауызға алмағанына таңырқаған 
күйі қала берді.
Тапсырма: Оқушы, Айман неге «жақсы» сөзін айта алмады? 
Апалардың сұрағына келін не деп жауап берді деп ойлайсындар? (мәтіндегі көп нүктенің 
орнына келін атынан жауап жаз) 
Бұл лексикалық тапсырма табу сөздерге байланысты берілген. Қазақ салты бойынша келін 
өзінің қайын атасының, енесінің, қайын іні, қайын сіңлісінің есімін атамаған. Мәтіндегі қария 
есімі Жақсыбек болған соң, келіні Айман «жақсы» сөзін айтпағаны хақ. Міне, мұнда үлкенді 
сыйлау деген халқымыздың бойына сіңген ең тамаша адами қасиеті көрінеді.
5. Танымдық тапсырма. Оқушының ойлау қабілетін, дүниетанымын дамытуға арналған 
тапсырма түрі. Мысалы: көнерген сөздер тақырыбына байланысты берілген мына 
тапсырмаларды жатқызуға болады.
Тапсырма: Сен қалай елестетесің? /Суретін сал/ 
Торсық – қымыз, шұбат, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған, мал терісінен 
тігілетін ыдыс.
Күнделікті тұрмыста қолданбағандықтан, кейбір көнерген сөздердің мағынасын оқушы 
түсіне бермейді. Жоғарыдағы тапсырмада көнерген сөздер түсініктемесімен берілген. 
Тапсырманың мақсаты – оқушының сол заттың түсініктемесін оқи отырып, елестетуі бойынша 
суретпен бейнелеуін анықтау.
6. Интелектуалдық тапсырма. Оқушының жеке ойын қалыптастырып, өз ұсынысын 
ашық айтуға бағыттайтын тапсырма түрі.
Тапсырма: Оқушы, сіз, аудармашы қызметіне жұмысқа орналастыңыз делік. Сіздің 
алдыңыздағы мақсат – төмендегі кірме сөздердің баламасын тауып, төл тілімізге аудару. Егер 
осы тапсырманы орындасаңыз, қазақ тілінің сөздік қорына үлкен үлес қосар едіңіз. Іске сәт! 
Машина- Аэропорт- Образ – Закон – Единица- 
Мұнда оқушыға таныс кірме сөздер берілген. Оқушы мүлде дұрыс емес аударма беруі 
мүмкін. Дегенмен бұл – оның жеке ойы, ұсынысы.
Лексиканы оқытуда қолданылып жүрген технологиялардың бірі – сатылай кешенді талдау 
технологиясы (СКТ). Лексиканы сатылай кешенді талдау технологиясының мақсаты – 
лексиканы терең меңгерту; өтілген теориялық материалдарды сабақта, күнделікті өмірде 
қолдана алатындай дәрежеге жеткізу; сөзге лексикалық талдау жасай білуге машықтандыру; 
лексикалық тапсырмалар арқылы оқушы бойында адамгершілік, ізгілік, имандылық 
қасиеттерді қалыптастыру.
Тіл білімінің лексика саласын сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы меңгертуде 
оқушылар сөз мағынасын дұрыс ажыратып, сөздің сипатын танып, жүйелі талдауға үйренеді, 
синонимдік қатарлар, фразеологиялық тіркестер, бейнелі мағынадағы сөздерді ұғына отырып, 
сөзді түрлендіріп, көркем етіп қолдана білуге, ауыс мағынаның берілуінің амал-тәсілдерін 
еркін меңгеруге дағдыланады. Лексиканы оқушыларға меңгертуде бұдан да басқа «дамыта 
оқыту», «дебат», «ізгілендіру», «модульдік оқыту» т. б технологияларды қолдануға болады. 
Мұндай оқытудың инновациялық әдістерін қолдану – оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін 
тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға және шығармашылықпен 
жұмыстануға жол ашады, сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген 
қызығушылығын арттырады, оқушының тақырып бойынша танымын кеңейтеді. Осылайша 
білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы енгізілсе, білім сапасы 
да арта түсері сөзсіз.


298 
Оқыту тәжірибесі барысы оқыту үдерісінде қолданылатын интербелсенді әдістерді 
пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Аталған әдіс-тәсілдер оқушылардың білім алуға деген 
ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына 
көмектеседі. Сабақ барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, 
яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, 
әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік 
ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет