Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет199/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Педагогикалық ғылыми мұра: дәстүрлі әдіс және жаңа технология. – Алматы: Ән-Арыс, 2009. – 120 б.
2. Байтұрсынұлы А. 6 томдық шығармалар жинағы. 4-том. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – 384 б.
3. Байтұрсынұлы А. 6 томдық шығармалар жинағы. 3-том. – Алматы: Ел-Шежіре, 2013. – 384 б.
 
 
 
 
 
 


307 
Cерік А.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 №178 орта мектеп 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН 
ДАМЫТУ
 
Аңдатпа. Мақалада шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан бастап, ал шығармашылық 
ойлау кез келген жағдаятты шешу үшін барлық варианттарды ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге қол 
жеткізу болып табылатындығы анықталады. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, 
құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. 
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын 
«шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл 
әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылықтың қазақ тілі 
сабағында оқушының қабілетін арттыратын әрекет екендігі зерделенеді.  
Түйін сөздер: қазақ тілі, шығармашылық, ізденіс, ой, педагогика.
 
Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығарма-
шылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек 
жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық 
сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы 
жаңалық ашатын іс-әрекет», – деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л. С. Выготский 
«шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». Шығармашылық – өте күрделі 
психологиялық үдеріс.
Қазақ тілін оқытуға қатысты әдістің анықтамасы мен түрлерін қарастырған Ә. Исабаев: 
«Әдіс қазақ тілінен теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды 
мен тәлім-тәрбие беруді амалдарын саралайды, соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі 
мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді» – («Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері». 
– А., 1993) дей келіп, қазақ тілінен білім беру әдістерін төмендегіше өз бетімен ізденіп білім 
алу әдістеріне мыналарды жатқызады [1, 56] 
1) мәселелік әдіс; 
2) кездейсоқтық әдіс; 
3) ситуациялық әдіс; 
4) оқушылардың сабақ бере білу әдісі; 
5) дидактикалық ойын әдісі; 
6) эвристикалық әдіс; 
7) шығармашылық әдіс.
Шығармашылық – пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу 
үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау үдерісінде 
үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің 
компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде 
шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.
Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде 
дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге 
үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның 
рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Ұстаздың сабақ берудегі мақсаты – 
баланы шығармашылық ойларға, практикалық әрекеттерге дайын болуға қызығушылыққа 
тәрбиелеу. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру 
білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі 
болады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің ең алғашқы белгісі. Оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Ол үшін 
мұғалім мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюге тиіс. Оқушыларды шығармашылық 
жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін қызығушылықтарын арттыра түсу үшін 
шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр-түрлі әдіс- 


308 
тәсілдерді қолдануға болады [2, 45]. Олар мынандай: 1. Тақырыпты мазмұнына қарай 
жинақтау. 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 3. Логикалық ойлауын дамытатын 
ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. 4. Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағы-
тындағы жұмыс (фразеология жайында мәліметтерін толықтыру мақсатында аталмыш әдісте-
мелік құралдың шығармашылық жұмыстарын жан-жақты ұйымдастыру, мәтін мазмұнын 
өңдеу, шығарма, шағын мәтін құру тағы басқа). 5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, 
бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту. 7. Ұнатқан 
кейіпкеріне мінездеме беру. 8. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын 
құрастыру. 9. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан басталады. Ал шығармашылық ойлау 
деген не? Ол кез келген жағдаятты шешу үшін барлық варианттарды ойдан өткізу арқылы 
жаңа нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Қазақ тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын 
нәрсе: 1. Өлең шығаруға үйрету, яғни сауат ашу. 2. Ұйқасын тапқызу, сөз бен сөзді 
байланыстыру. 3. Алдарына ой тастау. Яғни, қаланың, жер, су, аттарын, болмаса бір оқиғаны 
суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру. Қазақ тілі оқулығында тақырып соңындағы 
тапсырмаларға дамытушылық сипат көзделген. Мысалы: тапсырмалар оқулықта берілгенде 
әңгіме, ертегі, өлең, сурет мазмұнына сәйкес құрыла салмай, оқушының ізденушілігін 
қалыптастыратындай ойлауға, пайымдауға, дәлелдеуге үйрететіндей етіп түзеледі.
Мысалы, фразеологияда шығармашылық бағытта жүргізілетін тапсырма түрлерін 
оқушылардың орындай алу әлуетіне байланысты бірнеше деңгейде ұсыну қажет[3, 34]
 
бірінші деңгейінде фразеология жайлы блум таксономиясы бойынша түсініп оқып, еркін, 
тұрақты, идиомалық, атаулық тіркестерден айырмашылықтарын ажырата білу; 
 
екінші деңгейінде фразеологияға қатысты мінездеме беру; 
 
үшінші деңгейінде шығармадағы фразеологиялық тіркестерді, көркем сөздерді тауып, 
дәптерге жазу (жазылым); 
 
төртінші деңгейінде фразеологияға қатысты өз көзқарасын өз ойымен аяқтау, баға беру; 
 
бесінші деңгейінде фразеологияға байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар 
жүргізу.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. 
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер 
қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол 
бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам 
туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу 
үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір 
азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын 
ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет [4, 67]. Сонда ғана мектептерден өз өміріне 
өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп 
шығады.
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау 
психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық 
әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығар-
машылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады 
[5, 89]. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан 
шығармашылықтың негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға 
лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны 
шешімдер іздестіру болып табылады.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» 
ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның 
белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық – 
тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап 
көрсеткен.


309 
Оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды [6, 89]. Кез келген бала оқу әрекетінде 
адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген 
оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу 
әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына 
өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, 
жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқушылардың кез келгені шығармашылық тапсырмалар 
шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол іске шебер ұйымдастырушылық қажет. Осыған орай, 
ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының 
шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, 
оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, 
эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден 
жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т. б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке 
баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, 
айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің 
«қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты 
жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні хақ [7, 45].
Фразеологияны оқытудағы оқу нәтижелері – оқушының оқу нәтижесінде нені білуі, нені 
түсінуі және нені жасай алатынының дәл және нақты сипаттамасы болуы керек. Оқу 
нәтижелері бұл, күтіліп отырғандай, оқушының оқыту үдерісінің аяғында нені білетіні, 
түсінетіні және/немесе немесе нені жасауға қауһарлы екендігінің тұжырымдамасы. (ECTS: 
пайдаланушының нұсқаулығы, 2016) мен оқушылардың білім, дағдылар және қондырғылар 
тұрғысынан қарағанда, бағдарламаны аяқтағанынан кейін нені көрсете алатынын сипаттауы 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет