Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет197/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Түйін сөздер: Білім беру жүйесі, оқытудың жаңа технологиялары, оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері, 
педагогикалық технология, А. Байтұрсынұлы әдістемесі, А. Байтұрсынұлының «танымдық-тағылымдық 
технологиясы».
Ключевые слова: Система образования, новые технологии обучения, традиционные методы обучения
педагогическая технология, методика А. Байтурсынулы, «Познавательно-образовательная технология» А. 
Байтурсынулы.
Еліміз егемендік алған 30 жыл ішінде білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізіліп, 
оны жаңа қоғамдық даму мақсатына сай мазмұнмен қамтамасыз күш салуда. Білім берудегі 
әлемдік жаңалықтар Мемлекеттік стандарттарға, оқу бағдарламалар мен оқулықтарға 
енгізіліп, тәжірибелерден өтіп, білім беру мекемелерінде қолданылатын дәрежеге жетудеміз. 
Өсіп келе жатқан ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық 
деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу – осы мәселені шешудің 
басты жолдарының бірі. Осыған байланысты еліміздегі білім беру жүйесін әлемдік мәдениет 
пен өркениетке сәйкестендіру, дүниежүзілік білім кеңістігіне ену, сол бағытта жас ұрпаққа 
сапалы білім беріп, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру, бағытында үкімет қаулы-
қарарларымен негізделген көптеген іс-шаралар атқарылуда. Өйткені бұл, әсіресе, 
тәуелсіздігіне кеше ғана қол жеткізген, әлемдік кеңістіктен өз орнын алуға ұмтылған біздің 
еліміз үшін аса өзекті, маңызды мәселе болып отыр. Алайда, осыншама атқарылып жатқан 
ауқымды әрекеттерге қарамастан, білім беру жүйесіне енгізіліп жатырған «жаңа оқыту 
технологиялары» аталатын әдіс-тәсілдердің көп жағдайда нәтижелі болмай жатқаны да 
байқалып қалады. Оның басты себептерінің бірі, біздің ойымызша, Қазақстандағы білім беру 
тарихында жылдар бойы қалыптасқан, дәстүрге айналған әдіс-тәсілдер мен жаңадан енген 
технологиялардың өзара байланысының үзіліп қалуынан.
Әрине, әдіс-тәсілдердің қоғам дамуына, заман талабына сай өзгеріп, жетіліп отыруы заңды 
құбылыс деп есептесек, бұл бағытта білім беруде жиі пайдаланылып жүрген Д. Б. Элконин 
мен В. В. Давыдовтың «дамыта оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың «оқу 
материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы», М. 
Чошановтың «проблемалық модульді оқыту технологиясы», В. Монохов пен В. Беспалконың 
деңгейлеп оқыту технологиясы», В. Дьяченконың «оқытудың ұжымдық тәсілі», Ж. Қараевтың 
«оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық 
компьютерлік технологиясы» т. б. тәрізді әдістер мен технологияларды атап айтуға болады. 
Бұл республикамыздағы білім беру жүйесінде саннан гөрі сапаға, формадан гөрі мазмұнға баса 
назар аударылып отырғандығын көрсетеді. Мұның өзі елімізде Білім беру мен дамыту 
тұжырымдамасында көрсетілгендей, «қазіргі мақсат білім алып, білім мен машыққа қол 


304 
жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты 
өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде 
лайықты өмір сүру және жұмыс істеуге» үйрету, дағдыландыру екенін айқындайды.
Алайда осы бір жаңа технологиялардың бастауы сонау бір кездерде дәстүрлі оқытудың 
негізін қалаған, қазақ топырағында ұлтты тану мен сапалы білім берудің тың үлгісін жасаған, 
ғасыр жүгін арқалаған өзіміздің ұлы тұлғаларымыздың – Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет 
Байтұрсынұлының, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Құдайберген Жұбанов-
тың, Мәулен Балақаевтың әдістемелік ой-пікірлерінде, еңбектерінде жатқандығы, ол 
еңбектерді тереңірек зерделей зерттесе, олар қолданған оқыту жүйелері мен ұсынған әдістерге 
де «технология» деп ат қойып, айдар тағуға және қазіргі жаңалықтармен қоса пайдалануға 
болатыны көп ескеріле бермейді. Осы бір олқылықтың орнын толтыруға ұмтылыс Қазақтың 
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті Қазақ тілі және әдістемесі кафедрасының 
ұжымы арқылы қолға алыныпты. Ұжым оқытушы-профессорларының жоғарыда аталған 
ұлылардың еңбектері бойынша ізденістері мен ой-тұжырымдары 2009 жылы шыққан 
«Педагогикалық ғылыми мұра: дәстүрлі әдіс және жаңа технология» атты кітапшада 
жинақталып берілген. Кітапша 500 ғана данамен шыққан. Осынша аз данамен шыққан 
кітаптың кез келген мұғалімнің қолына тие бермейтіні мәлім. Сондықтан осы кітапшадағы бір 
ғана мақалада айтылған орынды пікірлермен ұстаздарды таныстыра отырып, тақырыпқа сай 
өзіміздің де көзқарасымызды білдіргіміз келді.
Қазіргі ұғымда оқыту технологиясы дегеніміз – бұл оқытудың тиімділігін арттыру 
мақсаты, амалы, тәсілі, дидактикалық талабы мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу 
үдерісін жүзеге асыру және бағалау бағдарламаларының жүйелі тәсілі. Басқаша айтқанда, 
педагогикалық технология – оқу-тәрбие үдерісіндегі шығармашылықпен терең 
ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін 
қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Осы қағиданы басшылыққа алған В. Құлмағамбетова мақаласында: «А. Байтұрсынұлының 
әдістемеге қатысты еңбектерін қарастыра келе, әдістемелік мұрасын «танымдық-тағылымдық 
технология» деп атауды жөн көрдік», – дейді де [1, 23], бұл ойын ғұламаның педагогикалық 
еңбектері арқылы дәлелдеуге ұмтылады. Автор қазіргі қоғам талабына сай жан-жақты, зерделі, 
шығармашылық тұлға қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең 
маңыздысы екенін, ондағы мұғалімнің айрықша ролін баса көрсете отырып, бұл мәселеге 
осыдан бір ғасыр бұрын ғұлама ғалым, әдіскер-ұстаз А. Байтұрсынұлының да аса зор мән 
бергенін оның шығармаларындағы ойлары арқылы дәлелдейді.
Шындығында да, «... Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм 
сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол 
мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы... Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы 
білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін 
өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға 
керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретінін 
білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болуы керек», – деген 
А. Байтұрсынұлы [2, 315] өзі де нағыз «ұстаздардың ұстазы» болғандығы белгілі.
А. Байтұрсынұлының әдістемеге қатысты еңбектерін зерделей отырып, оның әдістемелік 
мұрасын шын мәнісінде «танымдық-тағылымдық технология» деп атамасқа шара жоқ екенін 
көреміз. Өзінің «Тіл – құралы» туралы: «Тіл – құрал деген аты қандай жат көрінсе, ішкі 
мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа 
зат...», – дей отырып [3, 25], сол жаңа нәрсенің қазақ болашағында зор маңызды болатынына 
сеніммен қарайды. Расында да, білім беруде қазір қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, 
технологиялардың алғашқы кезде жат, түсініксіз көрінетіні рас. Бірақ қолданыла келе, 
бұлардың пайдалы жақтары ашыла түседі. Сондықтан да болар, академик Р. Сыздық «Тіл – 
құралдың» алғы сөзіндегі ұстаздың өмірбаяны туралы мақаласында бұл еңбекке: «... қазақ 
мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс» – деп [3, 14], еңбектің танымдық, тағылымдық, 
этнографиялық, ұлттық-мәдени ерекшелігін жоғары бағалайды.


305 
А. Байтұрсынұлының бұл еңбегі, өзінің айтуынша, «дыбыс әдісі» мен тұтас оқу» әдісін 
қатар қолдануға болатындай етіп жазылған және ондағы мысалдар, қазақтың түрмыс-
тіршілігінен, ауыз әдебиетінен алынған сөздер мен сөйлемдер болып келеді. Ғалымның «тұтас 
оқу» әдісі бүгінгі таңдағы жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, 
дағдыларды тексеру тәрізді бөліктерден тұратыны, оны әр мұғалім өз сабағында күнделікті 
қолданып жүргені белгілі.
Ұстаздың ерекше назар аударған, болашақ ұрпаққа танымдық-тағылымдық маңызы бар 
мәселенің бірі – қазақ тіл білімінің терминдерін жасауы. Осы күні қолданылып жүрген қазақ 
тіліне қатысты лингвистикалық қазақша күллі атаулар А. Байтұрсынұлынікі десек артық 
айтқандық емес. Ол атаулардың бәрі де қазақтың байырғы, күнделікті қолданып жүрген 
сөздерінің негізінде жасалған. Сондықтан қазіргі ұстаздардың басты мақсаты – қазақ тілінен 
әр тақырыпты өтер кезде оның аталу тарихына да шолу жасап, оқушыларды танымдық, 
тағылымдық мәні бар құндылықтармен таныстырып отыру болу керек деп есептейміз. 
Мысалы, әліппе, дыбыс, әріп, буын, бунақ, түбір, жалғау, жұрнақ, зат есім, сын есім, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет