Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет106/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Сағындықұлы Б. Түркі тілдері лексикасының дамуының фонологиялық заңдылықтары: Филология 
ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайылдалған диссертация. – Алматы, 1994. -329 б.
2. Сағындықұлы Б. Түбiртек – тiлдiк бөлшек // Қазiргi заманғы түркология: теориясы, практикасы және 
алдағы мiндеттерi. Екiншi халықаралық түркология конгресi. I б. –Түркiстан: Тұран, 2006. -199-205 бб.
3. Манкеева Ж. Түбір құрылымы және сөзжасамдық жүйе //Ұлттық тілдің ұлы тіні. Ғылыми мақалалар 
жинағы. – Алматы: Ғылым, 1999. -371-383 бб.
4. В. Иллич-Свитыч. Опыт сравнения ностратических языков. – М: Наука. -1971. -380 с.


166 
Маңгышева Ж.С.
тілдер кафедрасының аға оқытушысы 
 Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті 
 
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ АБАЙДЫҢ
«ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПЦИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ
 
Қазаққа ең жаманға надан болу,
 Надан болып, басқаға бодан болу.
Ақын болу әркімге арман шығар,
 Абай болу, алдымен адам болу.
Қойлыбай Асан 

Жастарға рухани білім мен тәрбие беруде алдымен, Абай шығармашылығына ден қою, 
зерттеу, зерделеу қызығушылықтан қажеттілікке айналуы заман талабынан туындауда. 
Абайдың «Толық адам» ілімі арқылы жастардың азаматтық позициясын қалыптастыру. Бұл өз 
кезегінде студенттердің бойында ұлттық сана-сезім мен ұлтжандылық қасиеттерді дамытуға, 
олардың тарихи және әлеуметтік жадысын шыңдауға, қазақ халқының, тұтас Қазақстан 
халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде бағалауға және бәсекеге 
қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыруға негіз болары сөзсіз. 
Абайдың «Толық адам» ілімін жасауға ұмтылуының басты себебі неде болды? Ол өзі өмір 
сүрген заманның шындығын көрді, көкейіндегі ойды түсініп, істерінің қайырымсыз, пайдасыз 
екеніне жаны ауырды. Осының бәрі ақынның шығармашылығының басты тақырыбына 
айналуы жаңа құбылыс болды. Абай өлеңдері әлеуметтік мәселелерді жаңа талғаммен, озық 
оймен сипаттады. Абай шығармалары сонысымен құнды, терең.
Бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі һәм бірегейі – адами құндылықтарды сақтау. 
Ал, Абай еңбектеріндегі «Толық адам» ұғымы адамзатты кісілік тұрғысынан жетілдіруді 
көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан күрделі мәселе. Ақынның мұраты – 
адамды рухани кемелдендіру арқылы қоғамды жаңарту, ілгері дамыған мәдениетті елге 
айналдыру.
Әр кезеңде ойшылдар адам атының сақталып қалуы үшін толыққанды адам болудың 
жолдарын іздестірген және өздерінше әр қилы пікір білдірген. Бірі сол адамға лайықты дұрыс 
жол бар екеніне сенсе, енді бірі адам бойындағы қаншама сұмдықты көріп қорықты. 
1
Тарихқа зер салып қарасақ, «адам» ұғымына түрлі анықтамалар берілгені белгілі. Ол қиын 
және күрделі, терең мағыналы және аса маңызды болды. Солардың бірқатарын қарастырып 
көрелік. Мысалы, ХІ ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж. Руми: «Адам болмысы-
ішінде әр түрлі орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-хайуани 
сияқты мыңдаған қаситеттер бар. Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, 
адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен 
жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол 
себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – десе, Марк Орэл, 
«Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда былай 
ойланамын: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды 
ызаландырмай, өзім таланбай үйіме аман-есен оралуым керек.» деп жазыпты. Адам туралы 
алғашқылардың 
бірі болып, грек философтары айтқаны мәлім. Мысалы, Сократ адамның 
мінезі жайлы пікірін білдірді. Ал Сократтың шәкірті Платон, адам туралы бірінші түсінікті 
қалыптастырды. Оның ұғымы бойынша «адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар сияқты» 
деген анықтама берген. 
2
Платонның шәкірті Аристотель болса, «Адам ғана сөйлеу қабілетіне 
ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады. Осы 
1
Болатбекқызы А. Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі// Молодой ученый. -2015. -№8. 1. -53-55.
2
Қайратұлы Б., Факир Т. / Адам және заман/www. namys. kz-06. 06. 2011


167 
қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады»
3
-деген екен. Платон адамның 
табиғатқа тәуелді екенін дәлелдеді. Осы орайда, Абай да өз өлендерінде бұл ұғымды ұстанады. 
Мысалы, оның «Қыс» деген өленінде, ол үскірік боран бұрқыраған қысты, адам бейнесіне 
суреттеу, арқылы адамның қыстай қаһарлы, суық, жүрегі мұздай бола алатындығын көрсеткісі 
келді. 
4
Қазақта «Жүзден жүйрік, мыңан тұлпар» деген мақал бар. Абай мыңнан, жоқ миллионнан 
озып шыққан дарынды ақын. Ол өзінің шығармаларында келер ұрпақтың қамын ойлап, 
«Толық адам» концепциясын нақтылай отырып, «нағыз адам» қандай болу керектігін 
түсіндіргісі келеді. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде «Кемел адамның» 
тұлғасының моделі нақты көрсетілген. Мысалы,
Адам болам десеңіз,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
5
Демек, Абайдың түсінігінде «Толық адам» – талапты, еңбекқор, терең ойлы, өз еліне көмек 
көрсете алатын адам. Яғни, Абайды оқи алатын, ойлы көзбен қарайтын адам, өзіне пайдасыз, 
зиянды қылықтан арылған адам, жаман іске бармайтыны анық. Демек, Абай шығармаларын 
оқу, білу, түсіну арқылы өзімізді тәрбиелеу деңгейіне көтерілуіміз шарт. Заманауи 
технологияны, ағылшын тілін жетік меңгерген технократ жастарды Абай бұлағынан 
сусындату, нәр беру, рухани азық алу қажеттілігін туғызу мақсатқа айналуы керек.
Осы орайда, Мұхтар Әуезовтің «Бұл дәуірде өзінің туған тілін, төл әдебиетін білмейтін, 
қадірлемейтін адам шын мәнінде толық интеллигент бола алмайды. Ана тілін білмейтін адам 
мәдениетті адам санатына қосылмайды.» деген сөзіне үңілсек, студенттердің рухани байлығы 
ана тілдері арқылы ғана толығып, бойына сіңетіні ескерілуі тиіс.
Абайдың даналығы өмірдің барлық бағыттарын қамтиды. Өйткені, Абай – ұлт ақыны. 
Оның шығармаларының басым көпшілігі сөз өнері арқылы, халқына қызмет етуді көздейді. 
Мысалы, білім жайлы білгіңіз келсе Абайдың «Он бесінші қара сөзіне» жүгініңіз. «Ақылды 
кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім», – деп ақын өз сөзін 
бастайды. Сонда, ақынның айтуы бойынша «Әуелі – пенде адам жаратылған соң, дүниеде 
қызық көрмей жүре алмайды. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді 
екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінетіндей болады екен... Егерде есті 
кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса 
айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!...», 
6
-деп түйіндейді. Бұл тұжырым да, заман талабына сай 
сұраныстармен сәйкес келіп отыр. Яғни, адамның бос уақытын қалай, немен өткізетіні, неге 
қызығатыны, сол қызығушылығынан қандай нәтиже күтетіндігі сұралып тұрғаны анық. «Он 
сегізінші сөзінде»:
«Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, 
былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс.»
7
Бүгінгі қоғамда, киім киюге аса мән береді. 
Жастар арасында қалыптасқан түрлі түсініктер де бар. Алайда, біз қазақ тілі сабағында осы 
тақырыпты Абайдың «Он сегізінші сөзі» арқылы талдап, пікір алысу барысында, кейбір 
3
Ғабдуллин Б. Абай және Сократ/ «Абай тағлымы», Алматы, «Жазушы», 1986. 159-171б 
4
Абай шығармаларының 2 томдық жинағы, Алматы, «Жазушы», 1995 
5
Абай шығармаларының 2 томдық жинағы, Алматы, «Жазушы», 1995.
6
Абай шығармаларының 2 томдық жинағы, Алматы, «Жазушы», 1995.

Абай шығармаларының 2 томдық жинағы, Алматы, «Жазушы», 1995.


168 
құндылықтарымыздың, көзқарасымыздың өзгеруіне оң әсерін тигізді. Қара сөздің соңында, 
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озбақ. Онан 
басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген қорытындысын саралап, 
талдап, өз пікірімізді білдіріп, түйін жасауға тырыстық.
Ақын адамның жаратылысы жайлы айта келе, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мақмұт 
Қашқари аталарымыздың кемел адам жайлы ой-пікірлерін біріктіріп, өз тұжырымын жасайды. 
Әл-Фараби – Аристотельден кейінгі дүниежүзі білімі мен мәдениеті бойынша екінші ғалым. 
Оның шығармалары көптеген мәселелерді қарастыра келе, Мысалы, оның «Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарасы»
8
атты трактаты, Абайдың «Он жетінші»
қара сөзіне өте ұқсайды. 
Бұл екі шығарманың басты мәселесі «дене мүшелердің» ішінде бастысы қайсысы екенің 
аңықтау. Екі ғалым да Жүректің бірауыздан «басты мүше» екенің жариялады. Расында да, 
кемел адамның жүрегі таза болуы тиіс, тек жүрегі адал және таза адамның «ойы суық, жүрегі 
ыстық» бола алатыны ескертіледі. Ал «Әсемпаз болма әрнеге» өленіндегі ақыл Жүсіп 
Баласағұнның «Құтты біліктегі»
9
құндылықтарына сай. Баласағұнның төрт түрлі адамзатты 
мәжбүрлейтің мәселе, яғни төрт принципі, кейіпкер ретінде оқырманның алдына келіп отыр. 
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық 
бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген 
тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. 
Үшіншісі, ақыл, ол Өгділміш уәзір. Ал төртіншісі, қанағат, рахым, оның ретінде Одғұрмыш. 
Егер енді біз екі шығарма арасында байланыстырсақ. Сонда: 
Қайрат (Абай) – Айтолды уәзір (Баласағұн) 
Ақыл (Абай) – Өгділміш уәзір (Баласағұн) 
Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өленінде: «Қайрат пен ақыл жол табар». Абай бүкіл 
әлемнің білімін өзіне сіңірген. Сол үшін біз оның қара сөздеріне жүгінеміз, ақыл-ой 
таразасына салып болашақты болжай аламыз. Өйткені адам өзіндік бағытты ұстана отырып, 
адам бойындағы бүкіл қасиеттерді саралап ұсынып отыр. Бізге тек қана бұл сөздерді талдап, 
ақынның ұлылығына таңқалумен шектелмей, бойымызға сіңіруіміз қажет.
Осы заманның білімді, атақты адамдары да «Толық адам» концепциясын ұстанатыны анық. 
Мысалы, 56 жасында ауыр науқастан қайтыс болған Стив Джобс, ауруxананың төсегінде 
жатып өзінің соңғы өсиетін қалдырған екен. «Сен бай ауқатты болсаң біреуді жалдап 
жүргізуші болдырып қалаған жағыңа кетуіңе болады, бірақ қанша ауқатты, бай қуатты 
болсаңда ауруыңды біреуге жүктеп, дертің мен өлімнен қашып құтыла алмайсың! 
Материалдық байлығыңыздан айырылып қалсаңыз оны қайтадан табуға немесе жаңадан 
жасай аласыз, бірақ денсаулығың мен өміріңді ешқашан қайтарып ала алмайсыз...»
10
Сонда, 
өнертапқыштың айтуы бойынша сіздің материалдық жағдайыңыз соншалықты маңызды емес 
те. Біз қазір рухани адамның құнсыздануы уақытында өмір сүреміз. Жасөспірімдер мен жастар 
арасында қате түсініктің пайда болуына не себеп болып отыр? Олардың айтуынша, 
материалдық байлық болса, сенің достарын да, ата-анаң да сау болады. Әйтсе де, рухани даму 
да сонымен қатар маңызды орын алады. Дәл сондай пікір Абайдың «Отыз сегізінші сөзінде» 
берілген: «... – Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның 
табылмақтығына себептер – әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, 
қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, 
ұғым махаббаттан шығады... Қашан бір бала, ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, 
сонда ғана оның аты адам болады... », « Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан 
қашпақ керек. Әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің.» 
Сонымен «Толық адам» коцепциясы адамдардың өмірінде маңызды рөл атқаратыны ақиқат.
Әр адамның «толық адам» концепциясын қабылдауы әртүрлі болуы заңдылық. Өйткені 
әркімнің ұқсағысы келетін адамы, еліктегісі келетін тұлғасы әр басқа. 
8
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы. «Ғылым», 1975. -419 б.
9
А. Қ. Егеубаев. Ж. Баласағұн. - Алматы: Таймас, 2007.
10
New York Times. Стив Джобс. 2011.


169 
Абай атамыздың қара сөздері екі ғасыр бойы руханиятқа қызмет етті, қазір де қоғамның 
тынысымен үндес. Кейде біз заманның тез дамуына үлгере алмай қалып, Ұлы Абайдың қара 
сөзіне, өлендеріне жүгінеміз, ақыл-ой таразасына сеніп, болашақ өміріміз жайлы болжай 
аламыз. Өз өлендерімен ол біздің ұрпақты «толық адам» болуға тәрбиеледі. Менің ойымша, 
«толық адам» ілімі – біздің рухани тазаруымыздың бір жолы. Қазіргі қоғамның ең басты 
талабы – адамгершілік. Абайдың «Он тоғызыншы» қара сөзінде айтылғандай: 
«Адам ата-
анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды 
таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады». 
11
Ақылды, білімі 
жоғары, ә
лемге пайда тигізетін, адам болып өмір сүретін кісі ылғи аса қадірлі болады. Сондай 
адамды қазіргі Қазақстан да талап етеді. Яғни «іші алтын, сырты күміс» деген Абайдың 
сөздерді бәріміз білеміз. Қазір уақытта байқағанымыздай, Абайдың сөзі өмірдің барлық 
саласында өзекті. Бұның ішінде ақынның терең ойын тани аламыз. Ол бізге осы өмірде 
адаспауға көмектеседі, өз сөздерімен бізге күш беріп, тура жолды көрсете алатын бірегей ілімі 
бар адам. Абай біздің таусылмайтын қазынамыз. Өз заманының данышпаны, өзінің өнерімен 
бізге дұрыс жол салды. Біздің ойымызша, әрбір қазақ Абайды білуі қажет. Тек Ұлы Ақынды 
біліп, өз материалдық жағдайын ойламай, рухани жаңғыра аламыз. Материалдық байлықты 
рухани қазынаға айналдыруымыз керек. Абайдың «Толық адам» ұғымы бізді алға жетелейтіні 
анық. Абай өзі сүйген қазақ халқының алуан түрлі байлығын бойына сініріп, керектісін өз 
шығармаларына арқау ете білді. Жас ұрпаққа, зор ақындық тілімен жеткізуді көздеді.
Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда 
кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, 
дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат әркениетіндегі барлық игі қасиеттер дін, иман, 
ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, 
жомарттық, әділеттік, т. б. бойында жетілдіре білетін, дамыта алатын адам – Абай ұсынған 
«толық адам» концепциясы. Демек, тәуелсіз елдің болашағы болатын жастарымыз осындай 
деңгейге көтерілуі, ұмтылуы қажет. Ол – Абайдың бізге қалдырған аманаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет