қайтеді (Ә. Нұршайықов); (анафора). Сен мынаны ұқ: біз бұл жерден қалайда көшуіміз керек
(Д. Исабеков) (катафора).
Сөйлеу актілерінің күнделікті қолданысында анафора мен оның антецеденті дискурспен
енгізіліп отырады, сондықтан да анафора дискурстағы екі белгінің – анафоралық (айтылғанды
сілтеу) көрініс пен антецеденттің арасындағы байланыстарды көрсетеді, сондай-ақ сілтеу
есімдіктері лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық қатынас жеткіліксіз болған кезде
171
дискурстағы ішкі байланысты іске асыру үшін қолданылады. Мысалы, Біздің пір тұтатын
ағамызбен жүздесуімізге ол тиым салды. Біз соның өлеңдерін оқып, шапағаты мол
әңгімелерін тыңдап өмірге құлшынамыз. Осы мейірімді жанның рухани көмегі болмағанда,
біздің киномыз не болары да белгісіз еді. «Осы мейірімді жан» мен «ағамыз» деген сөздердің
бір тұлғаға қатысты екенін «соның» есімдігі білдіріп тұр.
Сілтеу есімдіктері анафоралық (айтылғанды сілтеу) көрсеткіш ретінде жұмсалғанда,
контекстік байланысқа сүйене отырып, дискурстағы референтті теңестіреді. Олар алдыңғы
мәтіннің бір элементін сілтей отыра, барлық үзіндіні қамтып алады. Мысалы, Ә.
Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романында Сәлиманың шешесінің
майдандағы Ерболға жолдаған хатында мынадай үзінді бар: «Қымбатты Ербол балам! Дүние
тыныштық болса, сені шын балам болар деп ойлаушы едім. Сұм соғыс килікті де, бәріңді
көгендеген қозыдай алысқа алып кетті. Сәлимам сені сарғайып көп күтті. Оның енді
отыруының орны жоқ. Ерге шығуы керек... Егер сенің оны шын жақсы көргенің рас болса,
бағын байламай, рұқсатыңды бер. Оған кінә қойма, өз күнін көрсін, обалдарың сұм Гитлерге
болсын. Ал, қарағым Ербол! Осыны сенен аналық тілек етемін» (Ә. Нұршайықов).
Бұл үзіндінің соңғы сөйлеміндегі «осыны» деген анафоралық (айтылғанды сілтеу) сілтеу
есімдігі бүкіл бір үзіндінің бәріне қатысты ойды сілтеп, дискурстық қолданыста жұмсалып
тұр.
Сілтеу есімдіктерінен жасалатын қайталаулар екіжақты мағынада болады. Өйткені
номинативтілік пен коммуникацияның қосылуы көптеген сөйлесімдерге тән. Бірақ
коммуникация актісімен тікелей байланысты есімдіктік қайталаулар да бар. Бұл көбіне
біреудің сөзінен «цитата» алу жағдайларында кездеседі. Сілтеу есімдіктері цитаталарды
қолдану кезінде, контекстегі бірдей атауларды қайталауда ерекше роль атқарады. Мысалы,
Абай ақын айтқан ғой «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – деп. Бұл
арқылы көп жасқа ой тастаған ғой (Ә. Кекілбаев).
Анафоралық (айтылғанды сілтеу) дискурстың прагматикалық аспектісіне қатысты
түрлерін көрсетуде сілтеу есімдіктері кеңінен қолданылады. Сөйлеушілердің өздерін
белгілейтін предикаттарды сілтеуді де осы анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстағы
сілтеу есімдіктері іске асырады. Мысалы, Мен өзім сақ емес, сенгішпін. Осыным жаман-ау,
тегі, – деді өзіне-өзі ұрысқандай; Аюдың табанындай ауыр алақанымен Сәлиманы беттен
салып қалғанда, орнымнан атып тұрдым:
- Мұныңыз дұрыс емес, қой, ақсақал, – дедім мен бұл сәтте бар қолымнан келгені осы
болып (Ә. Нұршайықов). Бұл мысалдардағы алғашқы «осыным» деген анафоралық
(айтылғанды сілтеу) есімдік сөйлеушінің өз әрекетін көрсетсе, екінші «мұныңыз» деген сілтеу
есімдігі келесі бір тұлғаның іс-әрекетін сілтейді.
Сілтеу есімдіктері анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыста дискурспен тығыз
байланыста болады. Олар анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстарында тек сөйлемнің
жалпы мағынасымен байланыста ғана ерекшеленіп, түсіндіріледі. Дискурстағы есімдіктердің
рөлін оның өзі құрамына енетін құрылымдардағы қызметімен, өзіндік ерекшеліктерімен
байланыста қарау керек.
Сілтеу есімдігінің тобына енетін есімдіктердің барлығы дерлік анафоралық (айтылғанды
сілтеу) қолданыста жұмсала алады. Анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстан сілтеу
есімдіктерінің ерекшеліктерін, олардың сол қолданыстарының, қажеттіліктерінің шама-
шарқын байқау үшін оларды дискурстық қолданудан бас тартып көру қажет. Егер біз мәтінді
сілтеу есімдіктерінің қайталауларынсыз жазып көрсек, олардың қаншалықты қажет екенін,
олардың анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданысынсыз оқиға, жағдайларды сөз ету мүмкін
еместігін байқаймыз.
Сілтеу есімдіктері мен жасырын есімді топтың мәтін құрылымында пайдаланылуына әсер
ететін факторлардың бірі – құрамында антецеденті мен анафорасы бар – сөйлемдер
арасындағы тоғысу сипаты. Бұл тоғысу екі түрлі болып келеді:
1) Қатаң тоғысу, мұнда есімді топты пайдалануға болады, онда бір мезгілде немесе бірінен
кейін бірі болған қимылдар көрсетіледі, не болмаса бір объектінің жай-күйін көрсететін
172
сөйлемдер қолданылады. Мысалы, Өзеннің ар жағында жайылым бар. Жайылымда сиырлар
Достарыңызбен бөлісу: |