156
Адамзат үшін өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Олай дейтініміз, өсімдіктер болмаса,
ауада оттегі де болмас еді.
Оттегі болмаса, тіршілік иелерінің өмір сүрмейтіні белгілі.
Сондықтан, өсімдіктер – тіршіліктің тірегі.
Бұтақ – 1. Ағаш діңінің бүйірінен өсетін тармақ-тармақ сабақ, өскін. 2.
ауыспалы. Белгілі
бір атадан тарайтын ұрпақ, буын. [1, 157 б] Бұл сөздің түркі тілдерінде дыбысталуына зер
салайық: әзірбайжанша –
будаг, қарақалпақша –
путақ, түркіменше –
пудак/
шаха, өзбекше –
бутоқ, ұйғырша –
путақ/шах, түрікше –
будаг.
Көріп отырғанымыздай, бұтақ сөзінде 3 түрлі дауыссыз дыбыс сәйкестіктері кездеседі:
сөз басында
п-б сәйкестігі;
сөз ортасында
т-д сәйкестігі;
сөз соңында
қ-к, к-г сәйкестіктері.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстардың қатаң-ұяң болып алмасуы заңды құбылыс. Тілдің
дамуы
барысында, қатаңдардың ұяңдану процесі жүргенін проф. Б. Сағындықұлы өз
еңбектерінде жан-жақты дәлелдеп, аксиома (дәлелдеуді қажет етпейтін ғылыми шындық)
ретінде алдымызға жайып берді.
Ғалымның шәкірті Г. Раева жуанды-жіңішкелі түбір сөздерде
дауыссыздар талғаммен
тіркесетінін алға тартады. «Тіл арты, жуан дауыстылармен қатар қатаң дауыссыздар үндессе,
тіл алды, жіңішке дауыстылармен ұяң дауыссыздар айтылады», – дей келе
п-б, қ-к, к-г, т-д
сәйкестіктерін осыған дәлел ретінде көрсетеді. [2, 14 б].
Сөз басындағы
п-ның ұяңдануы мынандай 3 кезеңге бөлінеді:
1) Қатаң
п сөз басында тұрақты қолданылды;
2) Тілдің алдыға жылжу процесі мен
п-ның
б-ға ұяңдану процесінің тоғысуы;
3) жуанды-қатаң, жіңішкелі-ұяң жарыспалы түбірлерінің қалыптасып, осы сәйкестіктердің
түркі тілдері мен диалектілерінде дамуы [2, 16 б].
Келесі сөз ортасында
т-ның
д-ға айналуы тува, хакас, алтай және тофа тілдерінде жиі орын
алған дейді ғалымдар. Бұл ерекшелікті оғыз тобына жататын тілдерден де байқауға болады.
Мысалы, әзірб. –
будаг, түр. –
будаг. Бірақ, бұл қатып қалған қағида емес. Сөз ортасындағы
т-
д дыбыстарының алмасуы басқа тілдерде де кезеседі. Оның басты себебі – тайпааралық
қарым-қатынас пен территориялық шектестік.
Сөз соңындағы
қ-к, к-г сәйкестіктері палатализация құбылысының нәтижесі. Оғыз тобы
тілдері сөз соңында палатализацияға қатты ұшырайтынын Б.
Серебренников алғаш болып
байқаған болатын.
Ал,
*sax (шах/шаха) атаулары әзірбайжан, түркімен, қарақалпақ, қырғыз, өзбек,
ұйғыр
тілдерінде бұтақ мағынасын бергенімен, түркі тілдеріне парсы тілінен келген кірме сөз болуы
мүмкін.
Тіл – динамикалық құбылыс екенін ескерсек, сөздер жаңа мағына жүктеп, соны қолданысқа
ие болатынын білеміз. Осы орайда, қазақта бір атадан тараған бала-шағаны, ұрпақты үрім-
бұтақ деп атайды. Бұл бүкіл бір әулеттің шығу тегі мен тараған ортасы. Бұтақ – ағаш діңінен
өсіп шыққан өскін болса, үрім – өсіп тұрған ағаштың шыбық ұшындағы соңғы бүршігі [1, 873
б]. Демек, бұтақ атауы тарихи даму барысында өзіне семантикалық жүк арқалап, жаңа
мағынаға ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: