жайылып жатыр. 2) Еркін тоғысу, мұнда сілтеу есімдіктерінің қолданылуы талап етіледі және де баяндауды
өткен, келер шаққа ауыстыру үзіп жібереді де, олар міндетті түрде анафоралы сілтеу есімдік-
терінің қолданасын қажет етеді. Мысалы, Өзеннің ар жағында жайылым бар. Сол жайы- лымда өткен жылы сиырлар жайылушы еді, келесі жылы бұл жер шабындыққа берілмек. Мұнда «бұл» есімдігі болмаса, «оқушыларым Пифагор теоремасын білмейді деген ой»
деген үзінді мен «сұмдық» деген сөздің арасында сәйкестік те болмас еді, бұл байланыс
анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстағы есімдікті қолданыс арқылы ғана беріледі.
Міне, осылайша сілтеу есімдіктері антецеденттердің тепе-теңдіктерін сілтей отыра,
контекстке қосымша сәйкестікті енгізеді. Анафорадағы сілтеу есімдіктерін қолдану қайталау
құралымының сәйкестігіне байланысты, өйткені реті әртүрлі бір референтке сілтеу ретіндегі
белгінің мағынасы әртүрлі болып келеді.
Сілтеу есімдіктерінің анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстығы контескпен
байланысы өзара байланысты көптеген факторлармен, яғни қайталау енетін үзіндінің
дискурстық құрылымында да, антецеденті бар үзіндіге де байланысты болады, солармен
анықталады. Сілтеу есімдіктерінің қолданысына антецедент пен қайталаудың қатынастары
әсер етеді, сондай-ақ сілтеу есімдіктері бар анафоралық (айтылғанды сілтеу) сөйлемдер
дискурстан тыс айтыла алмайды.
Дискурстық қолданыста өзара байланысқа түскен тілдік элементтердің арасында кейде
мағыналық байланыс жеткіліксіздеу болып жатады. Осындай жағдайларда сілтеу есімдіктері
байланыс құралының қызметін атқара отыра, семантикалық алмастырушы ретінде
синтаксистік байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Бұның бәріне қосымша – қаладағы достарды сағындым. Қаланы көргім келеді. Сонымен кеп қалдым (М. Әуезов); Қыз сорлылардың шалға телініп жат босағаны жастанғанымен өздерінің сол жігіттеріне деген сүйіспеншіліктерін жүректерінің түпкіріне түйіп өмір бойы жадында сақтап қалғанын білсін. Қаншама бармын, бақыттымын десе де, сол алғаш сүйген жігіттерінің төбесін көргенде шексіз қуанатындарын, оңашада соларды ойлап өксіп алатындарын, осылардың бәрін білсін (Ә. Нұршайықов). Мұндағы сонымен, осылардың бәрі есімдіктері семантикалық алмастырушы ретінде ұзын-
нан ұзақ дискурстық байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл сілтеу есімдіктерінің
анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданысының көпқырлылығын дәлелдей алады.
Сілтеу есімдіктерінің анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстарына көз жүгіртіп қарап
отырсақ, анафоралық (айтылғанды сілтеу) сілтеу есімдіктері бар тұтастық мынадай
құрылымнан тұрады: есімдіктермен берілген референт, оны ауыстыратын сілтеу есімдіктері
немесе онымен мағыналық байланыстағы жағдай немесе дискурста алдын ала айтылған үзінді.
Сілтеу есімдіктері дискурс элементерінің байланысын көрсетеді. Сілтеу есімдіктері үшін
сөйлесіп отырған кезде сөйлеушілерге белгілі, бірақ дискурста көрінбеген объектіні көрсету
тән емес. Сілтеу есімдіктерінің сілтейтін атауы дискурста болуы керек. Мынадай жағдайларда
сілтеу есімдіктерінің анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстары міндетті болмақ:
1. Бір референтке қатысты мәтіннің үзінделерін сәйкестендіру арқылы өздігінен тығыз
байланысқа түспейтін тілдік элементтер арасындағы байланысты көрсету қажет болғанда.
Мысалы, Ұялшақтық – ұлтымызға тән қасиет қой. Әсіресе, ауыл балалары ұяң келетін әдеті емес пе? Жасында мен де сондай болдым (Ә. Нұршайықов). 2. Семантикалық байланыстардың әлсізденуі синтаксистік факторларға байланысты
болғанда сілтеу есімдіктерінің анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстары міндетті
болады. Мысалы, Кімнің сатушы, кімнің алушы екенін де ажырату қиын. Мұндабәрі де сатылады: байдың ары да, жарлының малы да (І. Есенберлин); 3. Сөйлесім жалпы пікір ретінде түсініліп оны жекелеген сөз ретінде қолдану қажеттілігі
туындағанда анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыстағы сілтеу есімдіктерінің жұмсалуы
міндетті. Бұл ретте предикаттың да, есімнің белгілі-белгісіздігінің де семантикалық маңызы
173
зор. Мысалы, Кімнің құсы бұрын борып дуадақ ілсе, Еңлік-Кебек жыры соныкі болсын (М. Әуезов). Жалпы сілтеу есімдіктерінің дискурстағы қолданыс аясы кеңінен сөз болатын мәселе, біз
оның тек бір қырын ғана әңгіме еттік.