Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Откупщикова М. И. Синтаксис связного текста. – Ленинград, 1983.
2. Жұбанов А. Основные принципы формализации содержания казахского текста. – Алматы, 2001.
3. Смағұлова Г. Мәтін және дискурс. Мәдениетаралық қатысым мен қазақ, орыс филологиясының өзекті
мәселелері / Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 1 том. Алматы, 2004
Мухамеджанова Г.Т.
PhD докторы
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті
ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа. Көріктеуіш құралдар қай ұлттың әдеби тілінде болсын негізгі сөздік қорына, сөз қолдану
шеберлігі, яғни шешендік өнерінің дамуы мен сол ұлт тілінің ақпараттарды жеткізу мүмкіндігіне байланысты
түзіліп қалыптаспақ. Оның өзгешілігі халықтың айналадағы дүниені көркемдік ой-сезіммен қабылдауына,
яғни бейнелі ойлау жүйесіне, оның алуан түрлі болып келуіне байланысты. Мақалада тілдік құралдардың
лингвомәдени сипаты қарастырылған.
Түйін сөздер: көріктеуіш құралдар, тілдік құралдар, лингвомәдениеттану, эпитет.
Мәдениет пен тіл ерте замандардан бері өзара үздіксіз қарым-қатынаста дамып келеді.
Адамның тұрмысындағы, салты мен дәстүріндегі барша мәдени құндылықтар үнемі тілінен
көрініс беріп отырды. Өмірлік білімінің негізінде қалыптасқан озық ой үлгілері, ұшталып,
қырланған ұғым-түсінігінің барлығы белгілі бір дыбыстық тұлғалармен, яғни сөздермен
таңбаланды. Тілдік құралдардың халық мәдениеті дамыған сайын соған лайықталып, ақпарат
жеткізу қабілеті жетіліп, қолданыстағы икемділігі артып, тұрақты тілдік формалары
қалыптасады. Ол формаларының қатарына дәстүрлі көріктеуіш құралдарды жатқызуға
болады. Бұл бір жағынан тілдің икемділігі мен мәдениетінің әрі мәдени дәрежесінің
көрсеткіші болып табылады. Мысалы, еліктің лағындай, екі көзі ботадай, қарақаттай,
талшыбықтай т. б. тұрақты теңеулер сүйкімділікті, нәзіктікті білдіретін эмоциялық реңкке ие
сөздер. Тілдік тұрғыдан олардың мағыналары мен сол мағынадағы түрлі эмотивті
ақпараттардың сипатын танысақ, мәдени тұрғыдан сол сөздердің шығу тегіне, яғни сол сөзбен
аталып тұрған зат пен құбылыстың ұлттық танымдағы орнына мән береміз. Еліктің лағын,
ботаның көзін, қарақаттың түсін, талдың шыбығын өзге ұлттың көзімен қарау бар да, қазақтың
көзімен қарау бар. Қазақтың көзімен біз жай ғана қарай алмаймыз, осы сөздердің мазмұнына
байланысты таным кеңістігіміздегі ертеден орныққан ұғым-түсініктеріміз оған мүмкіндік
бермейді. Ботаның көзін басқа ұлт өкілінің, ғасырлар бойы малмен етене өмір кешіп келе
жатқан қазақ секілді сезінуі екіталай. Сезінгеннің өзінде де, кездейсоқтық болмаса, дәлме-дәл
қайталауы қиын. Сол секілді қазақ халқының тұрмысы мен тіршілігінің негізінде ұлттық
мәдениетінің негізгі тұғырлары орнықты, олардың қатарына халықтың жануартану,
өсімдіктану, табиғаттану әлемі арқылы қалыптасқан көріктеуіш тілдік құралдардың кешенін
жатқызуға болады.
Жалпы тіл дамуының негізгі шарты адам ақыл-ойының дамуына тәуелді екенін
мойындасақ, оның бастауында салыстыру, ұқсату тәсілдерінің тұрғанын жоққа шығара
алмаймыз. Барша көріктеуіш құралдардың шығуы мен қалыптасуында бұл екі тәсілдің орны
үлкен. Адам мен табиғат құбылыстарын бірінің орнына екіншісін қоя отырып, көркем
суреттеудің тамаша тәсілдері ұсынылып келеді. Қазақ ақындарының шығармаларынан бірер
мысал келтіріп көрелік: Абайдың: «Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сылдыр қағып,
бұраңдап ағады су» – деген өлең жолдарындағы майысу сөзі ағашпен байланысты алғанда аса
174
жағымды мағына бермейді, алайда «бұраңдау», «майысып қарау» сөздері арқылы адамға
қаратылып тұрғаны білінеді және гүл мен ағаштың адамша наздануы сүйкімді, нәзік қыздың
бейнесін елесететіп, жазғытұрғы табиғат суретін құлпырта көрсетеді. Сол секілді Е. Раушанов
өлеңдерінде де осыған ұқсас көріктеу тәсілі кездеседі:
«Қыпша бел өзен жақта анау
Сайрайды бұлбұл тіл безеп». Бұнда өзеннің кескінін «қыпша бел» фразеологиялық тіркесі
арқылы қыз сымбатына балап отыр. Табиғат суреттерін, қалыптасқан қыздың сымбаты мен
сүйкімділігін білдіретін тұрақты қолданыстар арқылы бейнелейді. Қазақ поэзиясында табиғат
сұлулығын сипаттауға арналған дәстүрлі көріктеуіш құралдар керісінше адам бейнесін
сипатау үшін де жұмысалады:
«Жігіттің алған жары жақсы болса,
Бұралып тал шыбықтай ойнап тұрар» (Халық әні) немесе
«Қарақат көз қарағым, мойыл жанар,
Қандай жігіт қалаулы ойыңда бар» (И. Сапарбай). Өсімдіктің сапасын мен ерекшелігін
білдіретін сындық атаулар (тал шыбықтай, қарақат көз, мойыл жанар) қыздың жақсы
қасиеті мен сұлулығын сипаттау үшін таңдап алынып отыр. Бұл қолданыстардың барлығының
түпкі негізінде салыстыру, ұқсату арқылы тану үдерісінің белгілері тұр. Осы секілді адам мен
жануар, адам мен айнала табиғат т. б. барша жаратылыс аясындағы заттар мен құбылыстарды
қатар қоя отырып, жаңаша бір көркемдік әлем элементтерінің атауын қалыптастыру ежелден
келе жатқан дәстүрлі заңдылық болып табылады. Ол мәдени көзқарастар мен тіл дамуының
қайнары екені ақиқат.
Тілдегі әрбір сөз сол тілді қалыптастырушы әрі тұтынушы халықтың дүниетанымынан
хабар береді. Яғни белгілі бір тілдік тұлға (индивид) заттың немесе құбылыстың сырларын
тани келе оны белгілі бір сөбен атайды, ол атауды қоғамның барлық мүшелері пайдаланғанда,
тану процесі кеңейіп әрі тереңдей түседі. Біршама уақыт өткенде жинақталған ұғымдар
арқылы әлгі сөздің мағынасы толығып, ол атап тұрған зат не құбылыстың көпшілік
түсінігіндегі болмысы сомдалады. Атауға ие болған зат немесе құбылыстың айналасында
баршаға ортақ тұрақты көзқарас қалыптасады – бұл сөздің нормалануның көрсеткіші. Тіл
мәдениетінің бір көрсеткіші – тілдік норма. Ғасырлар бойы тәжірибеде сыналып, ұлттық
болмысы сомдалып, біртұтас кешенді жүйесі қалыптасқан ұлы мұраның қалыбы мәдени
сапасының басты белгісі болып табылады. Біртұтас кешен аясына, түрлі салаларға бөлінетін
фонтикалық, лексикалық, грамматикалық нормалар шоғырланған. Тілдің сапасына қойылатын
шарттар негізінен осы нормаға сәйкес айқындалады. Тіл – мәдениетті жеткізуші,
тасылмадаушы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық мәдениеттің қазынасын жеткізеді.
Ана тілін меңгеру барысында бала алдыңғы буынның жинақталған мәдени тәжірибесін
қабылдайды және оны жетілдіреді.
Тілдің мәдени өмірінің бір белгісі – қоғамды ұйыстырушылық қабілеті. Ұлттық тілдегі
заттар пен құбылыстардың атаулары арқылы қалыптасқан ортақ көзқарас және оған деген
қатынас, зат пен құбылысты қажетіне жарата жүріп, меншіктеу – өзінікі санау, түптеп
келгенде тілді тұтынушы азамттардың сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Бұл орайда
тілдің психологиялық қырлары көрініс береді. Біз өзіміз байқай бермейтін, бірақ түйсігімізден
берік орын алған осындай ұлттық құндылықтарымызға іштей байлану немесе тәуелділікте
болу сезімі осы себептен. Бұл өз кезегінде ұлттық патриоттықтың негізгі қайнар көзі болып
табылады. «Тіл –ұлтты ұйыстырушы фактор» немесе «тілін сүймеген – отанын да сүймейді»
деген көзқарастардың бастауында осындай қасиетті түзілістер тұр. Мәдениет пен тілдің
арасындағы байланыс ерекшелігі алдымызға осындай бір сыры терең мәселелерді түсіну әрі
түйсіну талаптарын қояды.
Тіл мен мәдениет егіз ұғым. Өйткені, ұлттың ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесі
қалыптастырған мәдени құндылықтары тілден көрініс тауып келеді. Тіл – ең бірінші
танымның жемісі. Кез-келген атаудың пайда болуы мен тілде жалпыхалықтық сипат алып
орнығуынан аталып отырған зат немесе құбылысты бағалаудың және ол туралы
көзқарастардың айқын іздерін көруге болады. Тіл – адамның әлемді тану, әлемді және әлемдегі
175
өзін түсіндіру жолындағы көп жылдық еңбегінің жазбасы. Тіл мен мәдениеттің байланысы да
осы тұрғыдан түсіндіріледі, тіл мәдениеттің ішінде дамиды және оны сипаттайды. Тіл бір
уақытта мәдениеттің өмір сүру шарты, оның маңызды құрамдас бөлігі және өнімі болып
табылады. Танымның ұлттың көзқарасы бойынша жалпы сипаты бар да, жекелеген заттар
бойынша атау құрамындағы ақпараттарда сақталған жекелеген сипаты бар. Жалпы сипатына
қазақ халқының аспан денелері туралы, жердегі жаратылыстың болмысы, яғни жануарлар мен
өсімідіктер туралы немесе адамзаттың жаратылысы туралы ұғым-түсініктерін жатқызуға
болады. Ал жекелеген сипатына заттар мен құбылыс атауы арқылы көрінетін көзқарастарын
жатқызуға болады. Мысалы, «тас» сөзінің ұлттық түсінігіміздегі сипаты көлемі мен дәміне
қатысты емес, салмағы мен сапасына (қаттылығына) байланысты қалыптасқан деп
шамалаймыз. Оған дәлелел ретінде ұсынарымыз: тіліміздегі «тас» сөзіне қатысты тұрақты
тіркестер мен мақал-мәтелдерді немесе барша ұғым түсініктерді алып қарасақ, негізінен
салмақ пен сапалық қасиеті көрініс береді. Этимологиясынан бөлек, сөздің қазіргі
мазмұнының аясын терең барлау үшін сол тілдегі тұрақты қолданыстарды (мақал-мәтел,
тұрақты тіркес, тұрақты теңеулер т. б.) кешенді түрде сараласақ, сөз бен оның аясындағы
танымдық кеңістіктің, таралу өрісінің бейнесі көрінеді. Қарапайым түсініктерден күрделі
мәселелерге дейін жалғасатын тілдік таным құбылыстарын терең талдаған сайын ұлттық
болмыстың тарихи негіздері де айқындала бастайды. Қазақ халқының төл мәдениеті мен
сырттан еніп, ұлттық қазынамызды толықтырған түрлі ұғым-түсінік атауларының сырлары
ашылады Сонымен қатар, бөтен елдермен мәдени ауыс-түйістердегі өзгенікін өзімдік етіп,
бойына сіңіру үдерістеріндегі ұтымды тұстар немесе қайшылықтар арнайы талдаулар мен
саралауларды талап етеді. Бұны қазіргі ұлттық лингвомәдениеттанудың алдында тұрған үлкен
мәселелердің бірі ретінде бағалауға болады.
Лингвомәдениетану тіл мазмұнындағы таным кеңістігін ұлттық тұрғыдан түсіндіруге де
әрекет етеді. Тіл мен ұлттың бірлігі бүгінге дейінгі зерттеулерге де арқау болғаны белгілі.
Профессор Қ. Жұбанов, халықтың тағлымдық мұраты мен этностың мәдени мұрасы әр
дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне тіл арқылы берілетіні және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа
саланың дүниеге келетіні жөнінде ғылыми тұрғыдан еңбектерінде болжамдар айтқан. Сондай-
ақ, ғалымның пікірінше, халықтардың тұрмыс тіршілігі бір-бірінен ерекшеленетін
болғандықтан, олардың әр затқа қоятын аттары да өзгеше. Тіл ұзақ уақыт бойы жасалады,
бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты екенін айтады [1, 290 б. ]. Ал Ю. Д.
Апресян «Әр табиғи тіл мазмұнынан әлемді қабылдау мен ұйымдастырудың (концептілеу)
белгілі тәсілдері көрінеді. Ондағы мағыналар ортақ көзқарастар жүйесін құрайды, басқаша
айтар болсақ, бұл – тіл иелеріне тән ұжымдық философия. Осы тілге тән шындықты
концептілеу біріншіден әмбебап, екіншіден, ұлттық ерекшеліктерге ие, сондықтан әр тіл
иелері әлемді өзгеше, өз тілдерінің призмасы арқылы көруі мүмкін» [2, 350 б. ] – деп көрсетеді.
Қазақ халқының тілі арқылы көрінетін төл мәдениет элементтері тұрмыс-тіршілігі, арман-
тілегі, түрлі сезімдері, дүниені тануындағы өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Жекелеген
ұлттар өзіндік болмысы секілді әр тілдің де танымы бөлек, сондықтан дүние туралы
ақпараттарды жеткізуі де әрқилы. Тілдегі кез келген сөздің мазмұны мен дыбыстық
формасының өзара байланысын зерделегенде кейбір жеке элементтердің айырмашылығына
қарамай, олардың барлығынан ұлттық екшеліктерді көруге болады. «Сары күз», «қоңыр күз»,
«қара күз» т. б. секілді тарихы тереңнен бастау алатын дәстүрлі тіркестер бар тілімізде –
қазақы ұғым атауы. Құрамындағы сын есімдердің сындық мағынасынан гөрі сапалық бояуы
қою, яғни ауа-райының сипатынан да хабар береді. Көркем шығармаларда көбіне күз
суреттерін беруде көріктеуіш құрал ретінде де қолданылады. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде»
«Сары күз. Күн салқындап, дала сары ала тартқан күйге енген кез; нағыз күз», «Қоңыр күз.
Күздің ауа райы жылы және құрғақ кезі», «Қара күз. Күздің ортасынан асқан шеніндегі суық
мезгіл, нағыз күз, суық күз». Қазақтың дәстүрлі ұғымындағы бұл сөздердің тура мағынасы
осындай. Бұл орайда қазақ даласының табиғаты мен ұлттық таным аясындағы күз туралы
ұғымдардың сипаты тура мағынасында беріліп отыр. Енді мынандай бір мысалдар арқылы күз
сөзінің көріктеуіш құрал ретіндегі қызметіне тоқталып көрелік. Күзгі табиғат бояуы мен
176
суреттері ақын танымында қорытылып, көркем сезімдерді жеткізудің құралына айналады:
«Тырау да тырау тырналар ұшқан қоңыр күз, Сұрауда жүр-ау қайда екен біздің қоңыр қыз.»
(Ә. Ботпанов). «Күз жетсе қоңыр самал боп» (Е. Раушанов) Қоңыр күздің суреттері мен
қоңырқай көңіл-күй бірін-бірі толықтырып, өлеңнің көркем болмысы оқырман сезіміне әсер
етеді. «Қоңыр күз» тіркесінің ақын қиялы арқылы мағыналық кеңістігі осылайша құлашын
кеңге жайып отыр. Осы секілді «сары күз» тіркесінің де көріктеуіш құрал ретінде
қолданылғанда мағыналық аясының кең екенін көруге болады:
Сары дала, қайың да сары, қайғым да,
Сары уайыммен сандалып сабылмаймын ба
Достарыңызбен бөлісу: |