170
еңбектері жарық көрді. Соның ішінде М. Откупщикованың 1983 жылы жарық көрген «Синтак-
сис связного текста» атты еңбегін атап өтуге болады [1]. Ал қазақ тіл білімінде мұндай еңбек
2001 жылы жарыққа шықты (А. Жұбанов «Основные принципы формализации содержания
казахского текста») [2].
Бүгінгі күнде мәтін кең мағынасында дискурс құбылысы болып, ал пән ретінде дискурсивті
талдау болып қарастырылуда. Дискурс термині мәтін, диалог,
стиль салаларында
қолданылуда. Дискурс коммуникативті ситуацияға негізделген сөйлеу дегенге де саяды.
Сонымен бірге ол диалог пен реплика түрінде де танылатын кездері бар.
Тіл білімінде соңғы жылдарда теориялық лингвистика мен типологиялық зерттеулердің
негізгі объектісі ретінде көбіне есімдіктер қарастырылып жүр. Бұл кездейсоқтық емес.
Есімдіктер атқаратын сілтеу, орынбасу коммуникативтік актіні іске асыруда, мәтін құрауда,
тілдің когнитивтік жүйесінде маңызды қызмет атқарады, яғни бұл олардың дискурстық
қолданысын негіздейді. Есімдіктер субъектімен байланыста анықталады және субъектінің
субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары
мен қасиеттеріне қатынасын
көрсетеді. Мұның бәрі есімдіктерді дискурс аясында қараудың қажеттілігін белгілейді.
Сілтеу есімдіктері сөйлемдердегі сілтеу қызметін іске асыра отыра, коммуникативтік
актінің жүзеге асуы барысындағы дейксистік, эгоцентристік,
анафоралық байланыс
құралының қызметін атқарып, сөз үнемдеуге септігін тигізуі тұрғысынан зерттеу қажеттігі
туындап отыр. Синтаксистік жүйедегі анафоралық (айтылғанды сілтеу) байланыс пен
дейксистік (тура сілтеу) сілтеуді қарастырудағы негізгі тәсілдердің бірі – сілтеу есімдіктері.
Сілтеу есімдіктері өздерінің семантикасы жағынан теңестіруші көрсеткіш болып табылады,
саралаушы, даралаушы қызметінде де жұмсала алады.
Тілдік ситуацияның міндетті компоненттерінің құрамына сөйлеуші мен тыңдаушы, сөйлеу
орны мен уақыты және де сөйлеу актісінің басқа сөйлеу актісімен сәйкес немесе сәйкес
еместігі енеді. Тілдік ситуацияның бұл ерекшеліктеріне есімдіктің
негізгі екі қызметі
негізделген: дейксис және анафора.
Дейксис ретінде, әдетте, ситуацияның сөйлеуші, пікірлесуші, уақыт пен орын, сөйлеу
актісіне тікелей қатысы бар тұлғалар мен заттар сияқты элементтеріне сілтеу түсініледі, ал
анафора ретінде контекстің
элементтеріне сілтеу, яғни бір сөйлеу актісінің элементтерінің
екінші бір сөйлеу актісінің элементтерімен сәйкестігіне сілтеу түсініледі. Дискурс туралы сөз
еткенде біз көбіне сілтеу есімдіктерінің анафоралық қызметіне тоқталамыз.
Анафоралық (айтылғанды сілтеу) қатынастарды қарастыруда антецедент, қайталау, анафо-
ра, катафора, ретроспективті, проспективті анафора, субститут, орынбасу, субстанционалды,
концептуалды, дискурсивті анафора деген ұғымдар мен анафораның түрлері ажыратылады.
Анафора да тіл білімінде дейксис тәрізді кең және тар мағынасында жұмсалады. Кең
мағынасында ол жалпы мәтіндегі сөздердің бәрін көрсететін болса, тар мағынасында ол тек
алдыңғы контекстегі, сөйлемдегі элементтерді сілтеуді іске асырады да, анафора (айтылғанды
сілтеу) және катафора (алдын алушы) деген анафораның екі түрін ажыратады немесе
анафораның бұл екі түрін біз ретроспективті және проспективті анафора те деп атаймыз, біз
анафора (айтылғанды сілтеу) және катафора (алдын алушы) деген атауды қолдануды жөн
көрдік.
Сілтеу есімдіктері дискурсивті анафоралық (айтылғанды сілтеу) қолданыста кеңінен
жұмсалып, мәтін, сөйлем элементтерін байланыстырады
және де мәтіндегі керексіз
қайталауларды ауыстырады. Бұл қызметінде олар өзіндік анафоралық (айтылғанды сілтеу) та,
катафоралық (алдын алушы) та қолданыстарда жұмсалады. Есімдіктердің бұл қызметі мәтін
синтаксисінде кеңінен орын алады. Мысалы,
Бұл кітап қызық. Осыны тауысып тастасақ
Достарыңызбен бөлісу: