193
жазудың кімдердікі екені туралы, қайдан шыққаны туралы алғашқы пікірлер айтылды. Сібірді
алғашқы зерттеушілердің бірі Д. Г. Мессершмидт Енисей бойынан кездестірген руникалық
ескерткіштерді солтүстік-батыс Еуропадағы эпиграфикалық
ескерткіштермен байланысты-
рып, жазбалардың шығу тегін кельт, готтармен байланыстырады. Бұл пікірге Т. Байер де
қосылады. П. С. Паллас XVIII ғасырдың 70-жылдары Енисей бойындағы жазба ескерткіштерді
осы өңірде көне заманда готтар мекендеген деп, ескерткіштерді готтармен байланыстырады
[2, 6].
1818 жылғы Г. Спасскийдің «Записки о
сибирских древностях»
еңбегінен басталатын
екінші кезеңде Ж. П. Абель-Ремюза руникалық ескерткіштерді алғаш рет түркілермен
байланыстырады, ғалым көне түркі жазуын үйсіндер ойлап тапқанын,
ескерткіштердің
түркілердікі, оның ішінде енисей қырғыздарыныкі екенін айтады. Г. И. Спасский руникалық
жазуды моңғол немесе қалмақ тектес деп есептесе, Роммель грек-гот әліпбилерімен байланы-
сын айтады. Ю. Клапрот жазудың түркі тілінде екенін есептеп, шығу тегін көне грек әліпби-
лерімен байланыстырады. 1857 жылы Г. И. Спасский руникалық жазулардың шығу тегін
славяндармен байланыстырады, М. А. Кастрен де бұл пікірге қосылады. Кейін келе Спасский
өзі ұсынған гипотезасына күмәнмен қарап, жекелеген таңбалардың «сібір тайпаларының»
рулық таңбаларымен сәйкестігіне назар аударады. Бұл ұқсастыққа А.
Вамбери де назар
аударған. А. А. Шифнер руникалық жазудың шығу тегін рулық таңбалармен байланыстырады.
Үшінші кезең жаңалықтарға толы болады. 1887-1890 жылдары руникалық жазудың шығу
тегін угор-финдердің эпиграфикаларымен байланыстырып фин ғалымдары Оңтүстік Сібір мен
Моңғолиядағы ескерткіштерді іздеп, зерттейді. Осы кезеңде үлкен
ескерткіштердегі қытай
мәтіндерінің оқылуының арқасында ескерткіштердің түркілерге тиесілі екені анықталады.
1893 жылы 15 желтоқсанда дат ғалымы В. Томсен көне түркі жазуының құпиясын ашып,
Достарыңызбен бөлісу: