Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет125/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Белбеу, белдік, кісе 
– киім сыртынан буыну үшін былғарыдан жасалған бұйым [3, 150].
Белбеу зат. 1. Киім сыртынан белінен байлау үшін ыңғайлап жасалған ұзынша шүберек, 
ілмегі бар таспа тәрізді бұйым. Біреуі жылтыр қара сатин камзол киген, белінде қызыл мата 
белбеу, балуан денелі шойқара, күрек тістері сояудай ақсиып тұрған, қоян жырық екен (Ғ. 
Мүсірепов). 2. Былғарыдан, қайыстан жасалған белдік. Үстінде қыпша бел қара шинель, белі-
не жез топсалы жалпақ қайыс белбеу, басында едірейген қара кепка (Б. Соқпақбаев) [4, 240].  
Белдік зат. 1. Қайыстан, былғарыдан жасалған белбеу. Міне, үстінде атты әскердің мәуіті 
шолақ бешпенті бар, белдігін қыса буған, құлақшынын шекесіне қисайта киген Лысенко (Б. 
Момышұлы). 2. Тартпа, төсайыл. Белдік тартпасы. 3. Арбаның екі доңғалақ арасын қосып 
тұратын белағаш. Бел жібі аттың ершігіне ілініп қалып, арбаның алдыңғы белдігі екі 
дөңгелегі мен бел жіптің бір жақ ұшы байланған тертесін айғыр тепкілей сүйретіп, бізді айнала 
шауып жүрді (С. Сейфуллин) [4, 252].
Кісе зат. 1. Белбеуге шытыра қадап бекіткен былғары қалта. Базаралы үлкен кісесі бар, 
күміс белдігін белінен шешті (М. Әуезов). 2. Адамның әлеуметтік дәрежесін танытатын, 
ұсақ-түйек зат салып жүруге арналған күміспен, алтынмен жезбен әшекейленген қалтасы 
бар жалпақ былғары белбеу.
Ағыта тастап кісесін,
Алпамыс өзін танытып.
Мінекей қал деп шығарды (Алпамыс батыр жыры) [5, 648].
Белбеу – ұзынша шүберек ретінде адамдар белін буған, белдік деп белағашты да атаған, ал 
кісе 
– әрі белдік ретінде және сол адамның атақ, дәрежесін көрсететін қалтаның орналасуы да 
кісе деп қолданылған. Демек синонимдік қатарды құраушы сөздердің семантикалық 
айырмашылықтары бар. Жоғарыда берілген зат есім синонимдер қатарына ортақ сема – белді 
буып байлауға арналған бұйым. Ал бір-бірінен ерекшелейтін айырушы семалары: Белбеу – 
қайыстан, былғарыдан, мата, шүберектен жасалады, белдік тек қайыстан, былғарыдан 


191 
жасалады, ал кісе деп – белбеуде қалтасы бар бұйым, яғни былғары қалтасы және адамның 
әлеуметтік-дережесін көрсететін бұйым. Демек, айырушы семалары: бұйымның жасалу 
материалы және әлеуметтік дәрежеге байланысты. Бірақ жоғарыда көрсетілген мағыналық 
бірлігіне қарай, бұл сөздер бір синонимдік қатарға топтасады.
Сыр, құпия – ешкімге айтылмаған, бұрын жария болмаған ой-пікір [3, 501].
Сыр зат. 1. Әркімнің өзіне тән, басқа адамға белгісіз құпия ойы, жасырын пікірі. Қызға 
кісі жіберіп сөйлеспекке сырым әшкере болар деп қорықты (Әбілғазы).
2. Істің мән-жайы, жай-жапсары.  
Біреуге біреу жақын жүрейін деп,
Құда болар сыр жайын білейін деп.
Бір-бірін: сүймесе де құда болар.
Сонымен «партияға» кірейін деп (М. Дулатов).
Сыр айтты. Сыр алды-құпиясын біліп қойды. Сыр алысты-сырласты. Сыр ашты-сырын 
ашты. Сыр мінез-сыры, мінезі белгілі. Сырлас [6, 495].
Құпия зат. 1. Еш жанға айтылмаған, жария болмаған жасырын сыр.  
Қылығың қысқа жұртқа сөз болып жүр,
Дау, шатақ, абыройсыз кез болып жүр.
Құпия жасырдым деп қылған қылық.
Басқандай қансонарға із болып жүр (Ә. Найманбаев) [7, 325]. Сыр – өзгеде, екінші біреуге 
ашылуы мүмкін ішкі адамның жағдайы, күйі болса, ал құпия жан баласына айтылмайтын 
ақпарат. Мәселен, қазақ танымында сырлас деген сөз бар. Демек, сырды екінші жаққа айтып 
жеткізуге болатын ақпарат.
Тәбет, зауық – адамның асқа деген қалауы, ниеті, көңілі [3, 517].  
Тәбет затАдамның асқа деген зауқы, көңіл қалауы. Жөнейттің асқа да тәбеті шамалы (Ә. 
Кекілбаев) [8, 150] 
Зауық зат. Ықылас, ынта, ниет, көңіл күй.  
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар (Абай) [9, 325] 
Тәбет – адамның тек асқа ғана көңілі, қалауы болса, ал зауық сөзі астан бөлек басқа да 
нәрсеге деген ынта, ниет, қалау.
Зат есім синонимдерінің мағыналық айырмашылықтарымен қатар қолданыстық және 
стильдік ерекшеліктері бар. Жалпы сөздің семантикалық реңктері мен қолданыстық реңктері 
тығыз байланысты. Бұл жерде басты назар аударатыны сөздердің тіркесімділік қабілеті де еске 
алыну керек. Жоғарыда көрсетілген синонимдік қатар 
– «тәбет, зауық» синонимдері. Екеуінің 
ортақ семасы адамның тамаққа деген қалауы, ниеті. Осындағы зауық деген сөзді тәбет сөзімен 
алмастыруға келмейді. Ол төмендегі мысалда көрсетілгендей: Домбыра шертуге зауық керек, 
күйшінің жалықтырмас саңлағы көп күндер қаңтарулы тұрып қалған шақтары да бар (Т. 
Әлімқұлов). Осы сөйлемдегі зауық сөзін « Домбыра шертуге тәбет керек» деп алмастыруға 
мүлде болмайды. Себебі сөйлем, жазушының айтар ойы қате болады, сөйлем семантикалық 
және құрылымдық жағынан қате болып саналады. Себебі сөздің семантикасында «тәбет» 
сөзінің мағынасы тар, тек асқа, тамаққа деген ниет. Ал асқа келгенде тәбет пен зауық сөзінде 
де алмастырып қолдана беруге болады. Мысалы: Рақыштың күндегідей тамаққа зауқы 
болмады (Т. Әлімқұлов). Рақыштың күндегідей тамаққа тәбеті болмады. Демек сөйлемдегі 
синонимдерді алмастырсақ та, сөйлемнің мағынасына нұқсан келмейді.
Іні – бауыр – бірге туған, ағайындас туыстардың жасы кішісі. Қазақта айтысқан ауыл 
болмас, Болыспаған бауыр болмас деген даналық сөз бар. Іні – бауыр екеуіде туыстық 
жақындықты білдіреді, бірақ бауыр сөзінің стильдік реңкі басымырақ. Кейде ер адамдар 
арасында мүлде танымайтын адамдарда бір-бірімен бауыр деп қарым-қатынас жасап жатады. 
Демек бұл ерекше бір жақын тартуды, бауырмалдылықты, мейірімділікті көрсететін ерекше 
атау. Халық арасында «бауыр етім – балам» дегенде тіркес бар, яғни бауыр сөзінің 


192 
қаншалықты жақындықты, сүйіспеншілікті білдіретін сөз екенін көруге болады. Дегенмен екі 
синонимде барлық стиль түрлерінде кеңінен қолданыс табады.
Қазақ тіліндегі бірқыдыру зат есімдік синонимдер көбіне бір-бірінен мағыналық, ұғымдық 
реңктері арқылы ажыратылатындығына зерттеу жұмыстарына кезінде тағы бір мәрте көзіміз 
жетті. Яғни синоним сөздердің бір ұяға қосатын ортақ семаларының және әрбір синоним 
сөздің басқада жоқ, тек өзіне тән жекелік өзгешеліктерінің бар екендігі айқындала түсті. 
Синонимдердің қолданыстық реңктерінде де ерекшеліктердің бар екендігі, әр синоним сөздің 
өзіндік ерекшеліктері, сол ерекшеліктеріне сай қалыптасып орныққан тіркестерінде айқын 
көрінетіндігі туралы айтылады. Сонымен қатар ол бұзылса, сөйлемнің, айтар ойдың 
мазмұнына нұқсан келетіндігі анық. Сондықтан да синонимдерді өздерінің орныққан арнаулы 
тіркесінде алып көрсетуіміз керек. Синонимдер әдеби тілде де, ауызекі сөйлеу тілінде де өзара 
синонимдік қатар құрады және олар бір-бірінен стилистикалық, мағыналық реңктері арқылы 
ерекшеленеді.
Сонымен зат есімнен жасалған синонимдердің өзара семантикалық айырмашылықтарын 
білу арқылы тіліміздегі синоним сөздердің мағынасын ашып, мәнерліліктің тәсілдерін 
меңгеріп, саралап және оларды сөйлем ішінде орынды жұмсай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет