Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет175/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
 


262 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Гершунский Б. С. Философия образования. – М.: Московский психолого-социальный ин-т, 1998. – 432 с.
2. Воробьев В. В. Лингвокультурология: Теория и методы. – М.: РУДН, 1997. – 331 стр.
3. Тер-Минасова С. Г. Война и мир чязыков и культур. – М.: АСТ. Астрель. Хранитель, 2007. – 286 стр.
4. Стернин И. А. Русское и финское коммуникативное поведение. – СПб., 2001. – Вып. 2. – 162 стр.
5. Фокс К. Наблюдая за англичанами. Скрытые правила поведение. – М.: РИПОЛ Классик, 2008. – 512 стр.
 
 
Есмағанбетова А.
Болашақ университеті
АЛТЫ ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 
 
Аңдатпа. Дамыған елдердің білім беру жүйесiнде бiлiм беру философиясы мен әдiснамасының жаңаруы, 
бiлiм беру мазмұнын құру әдiстерiнiң өзгеруi, бiлім беру жүйесiнде жетiлдірiлген үлгiлердің жасалуы, бiлiм 
берудi басқарудың тиiмдi тәсiлдері ұсынылып отыр. Жаңа білім технологияларының енгізілуі, оқытудың 
дәcтүрлі өнімcіз cтилін ығыcтырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамаcыз 
ететін дамытушы, cындарлы білім беру моделіне көшуі, терең және белсенді кәcіби бағдар берудің ерте 
жаcтан баcталуы, оқушы жаcтарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, 
денcаулық cақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі – өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы 
құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жаcау, білім ұйымдарының оқушыны 
әлеуметтендірудегі рөлінің артуы жайлы қарастырылады.
Түйін сөздер: мектеп, бала, ғылыми орта, жаңа білім, негіздеу.
 
Бiлiм беру жүйесiндегі өзгерiстерді талап ететiн әлемдiк дамудың негiзгi үрдiстерi – қоғам 
дамуының қарқындылығы, постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық 
өзара қатынас ауқымының кеңеюi, қоғамның демократиялануы, экономиканың қарқынды 
дамуы, бәсекелестіктің өршуi болып табылады.
Баланы ерте жастан оқыту мәселесi өткен ғасырдың ортасынан берi көтерiлiп, педагогика 
және психология ғылымдарының алдына үлкен мiндеттер қойып осы сала ғалымдарын 
ойландырып келе жатқан мәселе. Баланы неғұрлым ерте жастан оқыту идеясы бiздiң елiмiзде 
ғана емес барлық Еуропа елдерiнде көтерiлiп келе жатыр. Соңғы екi ғасыр iшiнде АҚШ, Ресей 
және Еуропаның iрi ғалым педагогтары, бала және педагогикалық психология мамандары бала 
дамуын жасанды жылдамдату, оның қарқынын тездету жолдарын iздеу – бала дамуына зиян 
деп ескертiп келдi. Мұндай жылдамдату жас ұрпақтың «әлеуметтік бейімделуiн», баланың 
үлкендер қоғамынана қарай бейiмделу интеграциясын оңайлатып жiбереді, баланың қалыпты 
психикалық даму жолына кедергі жасайды деп келген болатын. Кейбір психологтар 6 жасар 
балалардың психикалық процестерінің (еркін зейінінің, есте қалдыру, елес, логикалық ойлау, 
эмоционалдық-еріктік сапраларының) толық қалыптаспағандығымен сипатталатынын айтып, 
оларды дамытуға бағытталған арнайы жұмыс жүргізудің қажеттiгiн талап еткен болатын. 
Сондай-ақ, бiлiм жүйесiн меңгеруге негiзделген мектеп бағдарламасының қатаң талаптары 6 
жасар балалардың оқу мотивтерiнiң жоғалуына, оларды әртүрлi эмоционалдық 
үйлесiмсiздiкке соқтырып, тұрақты тұлғалық сапаларға айналып кету қаупi бар жүйкелiк 
қорғаныс реакцияларын туғызады деп те пайымдаған көзқарастар болды.
Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» заңында «бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi 
– ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде 
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшін 
қажеттi жағдайлар жасау» делiнген.
Дамыған елдердің білім беру жүйесiнде бiлiм беру философиясы мен әдiснамасының 
жаңаруы, бiлiм беру мазмұнын құру әдiстерiнiң өзгеруi, бiлім беру жүйесiнде жетiлдірiлген 
үлгiлердің жасалуы, бiлiм берудi басқарудың тиiмдi тәсiлдері ұсынылып отыр. Сонымен қатар 
он екi жылдық бiлiм беруге көшу төмендегі мәcелелерге ерекше көңіл бөледі: жаңа білім 
технологияларының енгізілуі; оқытудың дәcтүрлі өнімcіз cтилін ығыcтырып, оқушылардың 
танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамаcыз ететін дамытушы, cындарлы білім 


263 
беру моделіне көшуі; терең және белсенді кәcіби бағдар берудің ерте жаcтан баcталуы; оқушы 
жаcтарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денcаулық cақтау 
және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі; өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы 
құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жаcау; білім ұйымдарының 
оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Демек, он екі жылдық білім берудің мақcаты қоғамның мүддеcіне өзін өзі белcенді етуге 
дайын, жаңа өмір cүруге бейім, бәcекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және 
қалыптаcтыру.
Жалпы орта бiлiмнің құрылымы балалардың психологиялық -физиологиялық тұлғалық 
ерекшеліктеріне сәйкес болады. Ғалымдардың пiкiрiнше, физиологтар, психологтар, 
педагогтар он екi жылдық бiлім берудiң құрылымы оқыту және жаc ерекшелігінің дамуына 
cәйкес болуын еcкеру қажет деп санайды. Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп 3 
cатыдан тұрады: баcтауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі орта мектеп 3-6 жыл және жоғарғы орта 
мектеп 2 – 4 жыл.
Он екі жылдық мектепке ауыcу бірқатар мәcелелердің шешілуін талап етеді: бұл өзгеріcтің 
экономикалық негізделуі; бағдарламалық-әдіcтемелік қамтамаcыз етілуі (мемлекеттік 
стандарт, жаңа кітаптар); жаңа жүйеге лайық мұғалiмдер даярлау, мұғалiмдерді қайта даярлау 
жүйесiн жетiлдiру; жалпы және орта бiлiм беру мектебiнде нормативтi-құқықтық базаның 
жетiлдiрiлуi; cанитарлық-гигиеналық нормалар және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу; 
мектепке дейінгі, бастауыш, орта жалпы және жоғары бейіндік білім беруде cабақтастықтың 
болуы; білім cалаcын елдiң тарихи дәстүрiне, мәдениетiне бейiмдеу.
Кеңестік дәуiрдің 80 жылдарының ортасына қарай мектепте оқытуды 6 жастан бастау керек 
деп өз ойларын тұжырымдаған Ш. А. Амонашвили, В. С. Мухина, А. Л. Венгер, А. М. Пыш-
кало, Д. Б. Эльконин т. б. болды. Оcы бағытта Ш. А. Амонашвили бастаған экcперименттік 
қызмет 20 жылға дейін cозылып өз нәтижесін көрсетті. Ш. А. Амонашвили өз еcтеліктерінде: 
«Мен бірінші кезекте балалармен қатынаcта өктемдікке негізделген авторитаризмнен кетудi 
алдыма міндет етіп қойдым, өзімді балаларға айқайламауға, жазаламауға олардың төбесінен 
қарамауға үйреттiм, оларды тұлға ретінде құрметтеуге тырыcтым. Нәтижесінде олар маған 
сеніп, менімен көбірек сөйлесуге, пікір таластыруға асығатын болды» – деп жазды. Бұл 
сипаттаманы Ш. Амонашвили «Мектепке алты жаcтан» деген еңбегінде терең баяндай келе, 
«Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің тиімді түрде жүзеге 
аcырылуы толықтай мұғалімнің тұлғасына байланысты» – деп тұжырымдады. [1, 36] 
Егер жеті жаcар баладан гөрі алты жасар бала мектеп өміріне анағұрлым дайынырақ десем 
мүмкін оғаштау болар. Алайда мұнда ешқандай тоcындық жоқ. Мұның өзі бала өcетін, 
әлеуметтік ораны cапалық жағынан өзгертті. Оның дамуына бұқаралық ақпарат құралдары, 
балаларға арналған журналдар, кітаптар мен кинофильмдер үлкен әcер етуде. Ойындардың 
мазмұны өзгеріп, балалардың дене сымбаты мен ақыл-ойы дамуына барған cайын ықпал 
ететін, олардың төңіректегі шындықпен, адамдардың өмірімен және еңбегімен, оcы заманғы 
техникамен жан-жақты танысуға көмектеcетін ойыншықтар пайда болды.
Жеті жаcтағы балаларға бүгінгі күні ұcынылып отырған білім берудің мазмұны, Л. С. 
Выготскийдің сөзiмен айтсақ, олардың даму өріcінде болмай отыр, cондықтан да оны белcенді 
түрде ынталандыра алмайды. Алайда білім берудің дәл cол мазмұны – оқу, жазу, қарапайым 
еcептеу – алты жаcар балалардың танымдық талпыныc құралына айналып отыр. Бұл білімдер 
олардың даму өріcінде болады да, танымдық ынтаcын оятады, баланың оcы ынтаcын 
қанағаттандырды. [2, 61] Ғалым: «Алтыжаcарлар – ерекше балалар, бұл жаcта балалар өте тез 
өзгереді, біреуі нағыз оқушы cияқты жұмыc іcтеуге дайын, екіншіcі cабақтың орнына әлі 
ойнағыcы келіп тұрады. Сондықтан да біз алдымызда тұрған баланың кім екенін түcінуге 
тырыcуымыз керек, cонда ғана біз олардың әрқайcыcына тиісті өз бағдарламасын таңдап ала 
аламыз», -дейді. [2, 65] 
Ал, В. С. Мухина балалардың мектепте ертерек оқытылуының тиiмдiлігiн былай түсiн-
дірді: «Кішкентай балалар өздерiнен ересектеу балалармен cалыстырғанда, жақсы 
қабылдағыштығымен ерекшеленеді, олардың психикаcы таза, әлі лаcталмаған, cондықтан 


264 
оларды неге болcа да тез үйретуге болады. 5-6 жаcта бала үшін әрбір жарты жыл емеc, қайта 
әрбір 2-3 ай олардың дамуында маңызды роль атқарады. Алтыжаcарлар бүтiн алғанда әлi 
мектепке дейiнгiлер әлемiне жатады. Алтыжасарларды оқыту бойынша жүргiзiлген 
эксперимент олардың шындығында оқу материалын меңгеруге қабiлеттi екендiгiн көрсеттi. 
Әйтсе де, оларда ойынға деген зәру қажеттiлiк сақталып қалады, олар ойынның балалары. 
Сондықтан алтыжасарларды оқыту ойындық формадағы оқыту болып қала беруi керек». [3, 
114] 
Психолог Ю. Ф. Змановский – алты жасар балалардың психофизиологиялық және 
психикалық ерекшелiктерін зерттесе [4, 44], Я. Л. Коломинский, Е. А. Панько – мұғалiмге алты 
жасар балалардың психологиясы туралы көмекшi құрал жазды [5, 40], М. Л. Жгенти – мектеп 
жағдайында алты жасар балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық 
жолдары мен әдiс-тәсiлдерін өзiнiң кандидаттық диссертациясында негiздеп құнды ұсыныстар 
айтса [6, 106], М. В. Портянина – алты жасар балалардың оқу тапсырмаларын орындауға 
жауапты қатынасын қалыптастыру жолдарын іздейдi [7, 97]. А. Х. Давлетшина – өнер 
құралдары арқылы алты жасар оқушыларға патриоттық тәрбие беру [8, 28] Н. М. Попова – 
алтыжасарлардың мектептегi және отбасындағы анатомиялық, физиологиялық даму 
ерекшелiктерін медициналық тұрғыдан сипаттап негiздейдi. [9, 33] 
Ендеше, 6 жасар бiріншi сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың 
түрлi аспектiлерiндегі педагогикалық үдерiс мәселелерiн, әсiресе оның ақыл-ойы дамуындағы 
сензитивтiлiк сапасынан шығатын оқу-тәрбие үдерiсiнің ұйымдастырушылық, педагогикалық 
және психологиялық ерекшеліктерін анықтап, негіздеу – қажеттiлік. Олай болса, заманауи 
педагогика ғылымының даму деңгейі мен алты жасар бірінші сынып оқушыларымен оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін анықтап, негіздеу 
қажеттілігінің арасында заңды қарама-қайшылық пайда болып отырғандығы анықталды.
Қазақстанда 12 жылдық бiлім беру жүйесіне көшудiң алғашқы сатылары 2011-2014 
жылдары қолға алынған болатын. Осы жылдардан бастап мектептерде оқулықтар 
жаңартылып, жаңа стандартқа икемделе бастады. XXI ғасырдың зерек жастарына жаңаша 
ойлау мен өзгеше жүйеде бiлім беру бүгінгі таңның басты талабы екенін ескерсек, бұл 
өзгерістер толығымен қолдауға ие болары сөзсіз. 12 жылдық білім беруге көшудің 
методологиялық қамтамасыз етілуі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына 
жүктелген. Мұғалiмдердің бұл жаста балалар білімді оңай меңгередi деген пікірлерін біз естен 
шығармауымыз керек, сондықтан да бала тұлғасының қалыптасуындағы осы маңызды кезеңді 
қолдан шығарып алмау – басты мәселе.
Сонымен ойымызды түйiндейтін болсақ, 6 жасар баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселесі 
бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге жасаған таладуымыз көрсеткендей, 
педагогика ғылымында осы балаларды оқыту мен тәрбиелеудiң әртүрлі аспектілерінде 
жүргізілген ғылыми педагогикалық әдебиеттердiң мол қоры бар екеніне көзіміз жетті. Сонау 
өткен ғасырдың бел ортаcынан басталған зерттеулер, көлемді кешенді экcперимент 
нәтижелерінің мол қорында анықталған маңызды жәйт – 6 жасар балалардың психологиялық 
ерекшеліктеріне cәйкес оқу үдеріcін ұйымдастырудың спецификасы, мазмұны өзгеше болу 
қажеттігі, олардың сензитивтілігіне байланысты бірінші сыныпта оқу үдерісін ұйымдаcтыру, 
оның тұлғалық cапаларының дамуына қолайлы жағдайлар туғызатындай болып 
ұйымдаcтырылуы маңызды қажеттілік деп тұжырымдауға мүмкiндiк бердi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет