Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет178/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытуда тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері. – А., 2008.
2. Жусанбаева С. Көркем мәтін семантикасы. – А., 2014.
 
 
 
 


268 
Заурбекова Г.
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
 
ІСКЕРИ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ОРНЫ 
 
Аннотация. В данной статье рассматриваются деловые игры которые применяются на уроках казахского 
языка, их сущность, специфика и место в технологии обучения казахскому языку.
Abstract. 
This article discusses the role-playing that apply the lessons of the Kazakh language, their essence, 
and specific place in technology education.
 
Қазіргі кезде оқыту процесі алуан түрлі жаңа тәсілдер мен әдістерді қолдануды қажет етеді. 
Қазіргі жағдайда мұғалімнің жұмысын оңтайлы етіп қайта құруға, зерттелетін материалдың 
мазмұнын жақсартуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін жаңа ойын әдістерін жасау өте маңызды.
Іскери ойындарды ұйымдастыру және оны өткізудің ерекшеліктерін зерделеу кезінде 
«ойын» ұғымын жақсы түсіну қажет, себебі осы жағдайда бұл термин тірек сөз болып 
табылады. Ойын кез-келген қоғам өмірінде ерекше орын алады және іс-әрекеттің барлық 
салаларына енеді [1].
Терминді жаңа оқыту технологиясының элементі ретінде қарастыратын болсақ, бұл 
педагогикалық әдістің табиғаты мен мәнісін ашуға көптеген зерттеу жұмыстарының 
арналғанын атап өтуге болады. Заманауи зерттеулерге сүйеніп айтар болсақ (Вербицский А. 
А., Платов В. Я., Максимовская М. В., және т. б. ) іскери ойындарға бағдарланған сабақтарда 
тіл үйренуші студенттің келешектегі өндірістегі өзінің атқаратын әрекетін, алатын жеке орнын 
көрсетуді қажет ететін оқу жағдаяттары жасалуы керек және осы процестің дұрыс екендігі 
көрсетіледі [1, 4, 5].
Оқу барысында әрдайым ойыннан тұратын сәттер болады, тіпті кез-келген сабақ белгілі 
ережелерге сәйкес өткізіледі, бұл ойын мен оқытудың тығыз байланысын көрсетеді. Ойын мен 
оқытудың өзара байланысы мынада: ойын – бейсаналық оқу кезінде білім алу жүзеге 
асырылатын іс-әрекеттің бірі бола алады. Мысалы, топтық ойындарға қатысу арқылы білім 
алушы басқа адамдармен сөйлесуге, олармен қарым-қатынас жасауға, басқа адамдардың 
пікірін ескеріп, онымен санасуға, болмаса керісінше көшбасшы болуға және ойынға 
қатысушылардың іс-әрекеттерін үйлестіруге машықтанады. Бұл жерде кейбір адамдар үшін 
мұндай оқыту түрі тиімдірек болса, ал басқалары үшін ол іс жүзінде ешқандай нәтижеге 
әкелмейтінін есте ұстаған жөн [3]. Ойын студенттердің ақпаратқа деген қажеттілігін 
қанағаттандырады, өйткені мұндай іс-шаралар әдетте тартымды әрі қызықты болады. Ойын 
мен оқытудың жаңа қарым-қатынасы «ойын – оқытудың (кейбір жағдайда) дайындық кезеңі 
ретінде қызмет етуіне» байланысты болады. Мұнда студент жинақтаған білімі мен 
дағдыларын ойын ережесі арқылы көрсете алады.
Ю. В. Геронимус ойынға деген қызығушылықтың пайда болуына ықпал ететін келесі 
факторларды көрсетеді: студент ойынға қатысқан басқа ойыншылармен қарым-қатынас жасау, 
рөлдерді орындап шығу; басқаларға ойыншы ретіндегі қабілеттерін көрсету; ойын барысында 
күтпеген жағдайлардан алатын толқыныс сезімдер және ойын барысында қиын әрі белгісіз 
жағдайларда шешім қабылдау; ойын ортасында және соңында жеңістер мен жеңілістерді 
сезіну [2]. Осы факторлардың әсерінен ойынға қатысушылар оған шынайы дайындалады. 
Алғашында оқуға, білім жинақтауға деген қызығушылық пайда болса, біртіндеп студенттер 
болашақ қызмет тақырыбы шеңберіндегі кәсіби тапсырмаларды да үлкен ынтамен 
орындайтын болады.
Іскери ойында студент оқу және кәсіби элементтерді үйлестіретін әрекеттерді орындайды. 
Студент білім мен білікті абстрактілі түрде емес, керісінше кәсіби әрекеттердің 
мүмкіндіктеріне сүйене отырып кәсіби контексте меңгереді. Контекстілі оқытуда берілетін 
білім студенттің іскери ойынның нақты процесіндегі ойын әрекеттерін қамтамасыз етеді. Білім 
алушы кәсіби білім алумен қатар арнаулы құзыреттерге ие болады, олар – арнайы барып өзара 


269 
әрекеттесу, адамдарды басқару, басшылық жасай білу және бағына білу, осыдан келіп шығары 
іскери ойындар адамның жеке сапасын тәрбиелейді, әлеуметтену процесін тездетеді.
ЖОО-дағы тәжірибелік қазақ тілі пәні мен іскери ойын ұғымын бірге алатын болсақ, соңғы-
сы алдыңғысының ажырамас бөлігі болуы тиіс. Қазіргі уақытта университет қабырғасында 
білім алып жатқан студенттердің орта мектептерден алып келген қазақ тілі пәні бойынша 
даярлығы бұрынғы жылдарға қарағанда жоғары деңгейде. Студенттеріміз университеттерді 
таңдаған кезде-ақ өздері келешекте айналысатын кәсібін, ол мамандықтың еліміздің 
өндірісіндегі орнын, қандай әрекеттерді жүзеге асыратынын шамалап біліп келеді. Ал біздің 
міндетіміз, сол бірінші курс студентінің мектепте қалыптастырған лексикалық қорын өзінің 
кәсібіне байланысты белсенді сөздік қорымен молайту, оларды тілдік қарым-қатынасқа түсіру 
амалдарын үйрету, қазақша сөйлесім модельдерінің жиі және сирек қолданылатын түрлерін 
ұтымды беру, ғылыми және ауызекі стильде ойын жеткізуге дағдыландыру, қызметтік 
ақпараттарды түсінуге, баяндауға машықтандыру, т. б. Осындай ауқымды мәселелерді жүзеге 
асыру үшін инженерлік мамандықтарға қатысты іскери ойындарды ұйымдастыру ісі тиімді 
болады. ЖОО түлектерінің басым көпшілігі өндірістерде жұмыс істейді. Іскери ойындарды 
өтпестен бұрын алдымен мамандықпен таныстыру, инженердің басты әрекеттері (салалар 
бойынша), олардың жұмыс істейтін нысандары мен қолданатын құрал-жабдықтары, инженер 
қызметтерінің түрлері, инженердің әрекеттесетін субъектілері, хронометраж, өндіріс, 
өндірістің спецификасы, өнімі, т. б. сияқты мәселелер басты тақырыпқа айналуы керек. Іскери 
ойынға кіріспестен бұрын бірінші курс студентінің әзірге мамандық пәндерін оқымағанын 
ескере отырып, жоғарыда аталған мәселелерді оқыту технологиясының дәстүрлі және жаңа 
әдіс-тәсілдерімен орынды түрде қарастырып алған жөн. Іскери ойындар – кәсіби бағдарланған 
сабақтың негізгі сәттерінің бірі, оны жүзеге асыру механизмі болып табылады. Және де ол 
студент санасының жеке құрылымын, іс-тәжірибесін қамтуға тиіс деп есептелінген, сондықтан 
кәсіби бағдарланған жағдаят аясында студенттің жеке өзіне, оның маңызды да өзекті 
мүдделеріне бағытталған, сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Осыған орай алсақ, 
педагогикалық әрекеттерде жеке бағдарланған қадамдарды жүзеге асыратын оқытушы сабақта 
кәсіби бағдарланған жағдаяттарды жасай білуі тиіс. Кәсіби бағдарланған жағдаят оқу процесін 
оқу пәнін оқуды жаттауға айналдырмайды, керісінше студенттің өзін оның жеке өсуін 
қамтамасыз ететін тәртіпті талап ететін жаңа жағдайға әкеледі, орнықтырады.
А. А. Вербицкийдің келтірген оқу іскери ойынын ұйымдастыру ұстанымдарын 
басшылыққа аламыз. Зерттеуші алға қойған оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін іскери ойынды 
әзірлеу кезеңінде бес психологиялық-педагогикалық ұстанымдарды негізге алу керек деп 
көрсетеді. Олар: жағдаяттың имитациялық үлгілерінің ұстанымдары; ойын мазмұнының және 
оның ашылуының проблемалылығы ұстанымы; бірлескен әрекеттердегі рөлдік өзара 
әрекеттесу ұстанымдары; сұхбаттық қарым-қатынас ұстанымдары; ойын оқу әрекеттерінің 
қосжоспарлы болу ұстанымы. Осы өзара шартты ұстанымдар іскери ойынның 
тұжырымдамасын құрайды. Олар әр ойынды әзірлеу немесе оны жүзеге асыру кезеңінде 
сақталынуы тиіс. Ғалым осы ұстанымдардың қандай да бір түрін сақтамау немесе жеткіліксіз 
қарастыру іскери ойынның нәтижесіне теріс әсерін тигізеді деп көрсетеді.
Іскери ойындардың айрықша белгілері – онда оқытушының өндірістік жағдаяттарды 
мақсатты түрде туындатуы болып табылады, бұл ойындарда таңбалық белгілердің (тіл, 
тілдесім, графиктер, кестелер, құжаттар) көмегімен кәсіби жағдай орнықтырылады. [4] Іскери 
ойындарда алынатын жағдаяттар өзінің негізгі сипаты бойынша шынайы жағдайға ұқсас 
болады. Бұған қоса, қазақ тілі сабағында қолданылатын іскери ойындарда көбінесе 
сығымдалған уақыт көлеміне сыйғызылған типтік, қорытындыланған жағдаяттар келтіріледі. 
Мысалы, келіссөз бір ойын сабағында, ал кәсіпорынның келешектегі (перспективті) жоспарын 
әзірлеу – студенттің мұғаліммен өзара жұмыс сағаттарында екі сабаққа созылуы мүмкін.
Өндірістік жағдаяттарды танымдық мүддені қалыптастыратын құрал ретінде қарастыра 
отырып, айтуға болатыны – дидактикалық құралдарының алуан түрлілігін қорыту, оның 


270 
құрамына тұлғаның жеке дамытуға деген ынтасы, пәндік-қатысымдық әрекеттер, осы 
әрекеттің мазмұны, педагогикалық өзара әрекетті ұйымдастыру әдістері мен түрлері кіреді.
Оқу процесі кезінде студенттердің танымдық қызығушылығын оятатын және 
қызығушылықты арттыратын өндірістік жағдаяттарға бағдарланған әрекеттерді жүзеге асыру 
оқытушылар мен студенттердің тікелей жеке өзара әрекеті жағдайында жүзеге асырылады, 
бірлескен әрекеттер мен қарым-қатынастарда орындалады. Кәсіби бағдарланған іскери 
ойындар – студенттер арасындағы ұйымдасқан түрдегі өзара әрекеттер болып табылады, 
мұнда ойынға субъектілер ретінде қатысады және олардың алғышарты психологиялық 
байланыстар болады.
Кәсіби бағдарланған жағдаяттарға құрылған іскери ойындардың сценарийін құрғанда 
студенттің жеке тұлғасына басты көңіл бөлу керек. Оқытушы дәстүрлі тапсырмаларды 
мүлтіксіз орындайтын студенттен тапсырмаларды орындауда белсенділік танытатын 
шығармашыл, өзінің зияткерлік әрекетін (оның ішіне қателіктерді жіберетін жағдайларды қоса 
алғанда) шартты түрде басқара алатын студентке өзгеруге тиіс. Өндірістік жағдаятқа құрылған 
іскери ойынға қатысу барысында студенттің оған қаншалықты тереңдей білгенін оның 
эмоционалды көтеріңкі көңіл-күйінен, қызығу дәрежесінен, шешім қабылдауынан, алған 
бетінен қайтпауынан, өзінің сараптауға дайын екендігінен, шығармашылық сипаттағы 
әрекеттерді қалауынан, тапсырманы орындауда дұрыс шешу жолын қарастыруынан, қосымша 
тапсырмаларды орындауға деген құлқының болуынан, оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс істеу 
дәрежесі, т. б. бойынша қарай отырып айтуға болады.
Бұл жерде оның қатысушысы белсенді орында болады, өз мүддесін серіктестерінің 
мүддесіне қатыстыра отырып, серіктестерімен өзара әрекететеседі, солайша өзін өзі тани 
отырып, ұжыммен өзара әрекеттеседі. Іскери ойын бойынша шелелдік және отандық ғылыми 
әдебиеттердегі теориялық талдау оларды әзірлеу және өткізудің психологиялық-
педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыруға көмектеседі. Өндіріс жағдайы мен 
динамикасын, мамандардың әрекеттері мен қарым-қатынастарын үлгілеп және келтіре 
отырып, іскери ойын білімді өзектендіру, қолдану және бекіту және іс жүзінде ойлауды 
дамыту құралы болып табылады. Бұл эффектіге берілген нақты жағдаяттардағы және 
өндірістік жағдаяттар жүйесіндегі ойынға қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы қол 
жеткізіледі. Іскери ойын оқу ойын тапсырмаларын қою және шешу, жеке және бірлескен 
шешімдерді дайындау және қолдану бойынша бірлескен әрекеттер ретіндегі имитациялық 
үлгіде жүзеге асырылады. Бірлесіп істейтін әрекеттер ережесі мен нормасы, имитация тілі мен 
байланыстар алдын ала беріледі немесе ойын процесі кезінде шығарылады. Іскери ойын 
сұхбаттық қарым-қатынас режимінде жүргізіледі, себебі ол ойын және педагогикалық екі 
мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, екіншісі басым болғанымен, алдыңғысын басып 
тастамауы тиіс.
Кәсіби бағдарланған жағдаяттарды оқу барысында қолдану студент бойында мынадай 
сипаттамаларды жеткілікті дәрежеде дамытуға мүмкіндік береді, олар: өздігінен мақсат қойып, 
оған жету үшін кездескен кедергілерді жеңе білуге; нақты оқу пәнін оқып үйренудің жеке басы 
үшін маңыздылығын түсіну, нақты білім саласында білім жинақтауға өзіндік көзқарасына ие 
болуына; білімді, білікті және дағдыны шығармашыл және тиімді түрде қолдану негізінде 
оқып үйренуге; ынтымақтастықтың кез келген түріне оң қарым-қатынас жасау, бірлесе жұмыс 
істеуді шығармашылдықпен ұйымдастыруға қабілетті болуға; уақиғалар мен мәселелердің 
мәні мен олардың өзара байланысына енуге, қиын сұрақтардың жауаптарын іздестіргенде 
кездесетін қиындықтарды жеңуге, құбылыстарға теориялық қорытындылар жасауға, тұрақты 
ерік-жігер сапасына ұмтыла отырып, жоғары шығармашылық белсенділікте болуға; танымдық 
міндеттерді қалыптастыра білу, өздігімен мақсат қою және ол мақсаттарға қол жеткізу үшін 
құралдарды табу, алған білімін әрекеттің жаңа өніміне айналдыруға, білімге тереңдей білетін, 
әрекеттерге қызығатын, сырттан қоздыратын жағдайларға мән бермейтін, оңтайлы эмоциялар 
мен өз мүмкіндігіне сенімділік сияқты жоғары шығармашылық танымдық дербестікке; өзінің 
жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы тек ішкі себептері бойынша түсіндіруге мүмкіндік 
беретін өзін сараптау және өзін өзі бағалауға жақсы дамыған қабілетті болуға мүмкіндік береді.


271 
Қазақ тілі пәнінің оқытушы тұлғасы кәсіби бағдарланған жағдаяттарды оқу материалы 
ретінде іске асырудың, пайдаланудың маңызды құрылымдық буыны болып табылады, 
студенттің болашақ кәсібі бойынша жұмыс істейтін өндірістегі кәсіби жағдаяттар арқылы 
арнаулы мамандандыратын кафедралар оқытатын оқу пәндеріне деген танымдық 
қызығушылықты қалыптастыруға әсер етуі тиіс. Заманауи талап деңгейінен көріну үшін 
оқытушыға тек өз пәнін, оның оқытылу әдістемесін ғана біліп қою аз болады. Ол 
студенттермен өзінің арасындағы тұлға аралық өзара әрекет технологиясын жақсы меңгеруі, 
оларды дамыту заңдылықтарын ескере отырып, өз пәніне деген танымдық қызығушылықты 
қалыптастыруға жағдай жасауы тиіс. Оқытушы үнемі өзінің педагогикалық шеберлігін 
шыңдап отыруы, үнемі ғылыми- педагогикалық ақпаратты өзі бетінше іздестіре отырып, оны 
меңгеріп, өз әрекетінде оны қолданысқа түсіруі тиіс.
Қорыта келгенде, іскери ойындарды тәжірибелік қазақ тілі сабақтарында ұтымды 
пайдаланған жағдайда, студент маман болып даярлану кезінде, яғни іскери ойын процесінде 
қазақ тілінде кәсіби әрекеттер нормасын, әлеуметтік қатынастар нормасын, б. а. өндірістік 
ұжымдағы қарым-қатынастарды меңгереді және кәсіби лексикалық қоры молаяды, тілдік 
қарым-қатынасты сенімді жүзеге асыратын болады, сондай-ақ университет қабырғасындағы 
білім беру процестерінде орыс тілінде жүргізілетін кәсіби пәндерді оқыту кезінде оларды 
тәжірибелік қазақ тілі пәнімен интеграциялау қажеттілігі жасанды емес, табиғи түрде 
туындайды. Заманауи білім беру кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның даму стратегиясы мен 
тактикасын анықтауға белсенді де құзыретті түрде қатысатын мамандарды қалыптастыруға 
бағытталуы тиіс десек, болашақ мамандардың университет қабырғасында жүріп мемлекеттік 
тілді кәсіби деңгейде лайықты түрде меңгеріп шыққанына зор мән беру қажет. Жоғары сапалы 
кәсіби дайындығымен қатар, кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қазақ тілін еркін меңгерген 
мамандарға сұраныс қашан да өзекті болып қала береді. Осы тұрғыда қазақ тілін білу дағдысы 
кез-келген саладағы маманның кәсіби дайындығының маңызды элементтерінің бірі болуы 
даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет