258
2) Тілдік білім – машықтардың қажеттіліктеріне көз жеткізу;
3) Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.
Бұл үшеуін өзара үнемі байланыстыра отырып берілсе, білім әрқашанда сапалы болады.
Пәнге деген қызығушылық тақырыптағы
жаңашылдық элементтердің қамтылуымен
байланысты да туындап отырады. Мысалы, сөз таптары туралы оқушының алған жалпы
түсініктерін қызықты мысалдармен толықтыруға болады.
Оған морфологияның етістік
саласын оқытқанда көз жеткізуге болады. Етістіктің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар:
көсемше тұлғалы етістіктер жеке тұрып толық мағыналы сөз есебінде қолданылмайды,
көсемшелерге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды;
көсемшелер тек етістік
сөздермен ғана тіркесіп қолданылады; есімше тұлғалы етістіктер және тұйық етістіктер
заттанады, есім сөздер сияқты түрленеді. Етістіктер көсемше тұлғасында тек пысықтауыш,
баяндауыш бола алады, есімше тұлғасында келіп анықтауыш, тұйық етістік тұлғасында зат
есім қызметін атқарады: Күрделі етістіктер құрамы көсемшелерден тұрады. Осыларға назар
аударту оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылардың қазақ тіліне
қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жолы –
тілдік
терминдердің мағынасын аша отырып оқыту. Әуелде
мұғалімнің басшылығы мен
жүргізілетін мұндай жұмыс бірте – бірте
тілдік ұғымдарды оқушылар өз бетімен тануына
алып келеді. Сөзжасамдық, морфологиялық тақырыптардың қай-қайсысы да бұлай оқытуға
әбден қолайлы. Мысалы,
түбір, қосымша, дара сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, шылау,
қысқарған сөз, негізгі, көмекші, одағай сөздері, сөз таптары, зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, есімше, көсемше, үстеу, еліктеу сөз деген терминдердің қай-қайсысының да
мағынасы өзі білдіретін грамматикалық ұғымының табиғатын, даралық сипатын айқындап
тұрған жоқ па? Олай болса, оқушы үшін оның қызықтылық
қасиетінің өзі де осы
байланыстылықтан өрбитіні анық. Тек оны тиянақты меңгерту үшін сөз төркінін тани білуге
үйрету басты шарт болып табылады. Мысалы,
етістіктің көсемше категориясын оқытқанда
“көсемше” сөзін А. Байтұрсынұлы енгізгенін, көсем тәрізді үнемі алдыда тұрады дегенді
білдіреді, есімше заттанғандықтан түбірі есім деген сөзден туған дегенді айта кету
оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі. Оқушылар игерген
білімнің қажеттілігіне көз жеткізудің бір жолы – тақырыпаралық, салааралық, пәнаралық
байланыстарды үнемі ескеріп отыру. Бұл, бір жағынан, оқушыларды тілді бір тұтас құбылыс
ретінде тануға негіз болса,
екінші жағынан, үйреніп отырған білімнің ендігі сыныптарда
өтілетін тақырыптарға тірек болатынын саналы түсіне бастайды. Оқушының лингвистикалық
дүниетанымы мен тілдік компоненттілігін қалыптастыру бағытындағы жаңа талаптардың
жүзеге асуында бұл жол елеулі маңызға ие болады. Мысалы,
етістікті зат есіммен, сын
есіммен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі тақырыпаралық байланысты жүзеге асырса,
етістікті оқытқанда
әдебиетпен, тарихпен, педагогикамен байланыстыра оқыту қазақ
тіліндегі пән аралық байланысты жүзеге асырған болар еді. Осы мәселелердің барлығы
білімнің тиянақтылығының кепілі бола алады. Оқушылардың бойында білім қорының мол
болуының пайдалылығына деген сенім қалыптаса бастайды.
Фактілер – ұғымдар – заңдар –
жеке теориялар – тілдің жалпы адамзат дамуымен байланысы секілді тізбектің құрамына
енген бөліктердің әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерін айқындала дәлелденуі оқушы
логикасын дамыта түсумен
қатар негізгі, қосалқы білімдердің ара қатынасын танытады.
Ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін екшеу, саралау, жүйелеу, қорыту дағдыларын
жетілдіреді. Бұрынғы кездері әдістемеші ғалымдардың еңбектерінде оқытудың әдіс-тәсілдерін
жетілдіру мәселесі көбірек орын алса, соңғы жылдары оның орнын білім беру ісін оқушылар
сол білімді түсінуі, меңгеруі тұрғысынан ұйымдастыру мәселесі кең өріс алуда. Оқу үдерісін
оқушының
белсенді
әрекеттерінің
педагогикалық-психологиялық
заңдылықтарын
дәйектілікпен есепке ала отырып жүргізуге назар аударып қажеттілігі айқындалды. [5, 78]
Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы
ретінде пәнді оқытуда
эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен
түсінуі мен шешуі атап көрсетіледі. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың ынта-
ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді.