282
СИНТАКСИС
ТАПСЫРМА: ЕКІ ЖӘНЕ БІРНЕШЕ ЖАУАБЫ ДҰРЫС ТАПСЫРМАЛАР
1. СИНТАКСИС ЗЕРТТЕЙТІН САЛАЛАР
1) етіс
2) шырай
3) сөйлем синтаксисі*
4) сөз табы
5) сөз тіркесі синтаксисі*
2. СӨЗ ТІРКЕСІ ҚАРАСТЫРАДЫ
1) сөздердің өзара тіресу қабілеттілігін *
2) сөздердің тіркесу тәсілдері, түрлерін *
3) сөздердің құрылу принциптерін
4) сөз тіркестерінің құрамын *
5) сөйлем құрамын
6) сөйлем түрлерін
3. СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ ҚАРАСТЫРАДЫ
1) сөздердің грамматикалық жүйесін
2) сөйлемнің құрылу принциптерін *
3) морфологиялық жүйесін
4) сөз таптарының жүйесін
5) сөйлемнің құрамын *
6) сөйлемнің түрлерін *
4. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
1) құрамында бір сөз
2) құрамында екі сөз *
3) сабақтаса байланысады *
4) салаласа байланысады
5) құрамында үш сөз не одан көп
6) толық мағыналы сөздерден тұрады *
7) мағынасы жоқ сөздерден құралады
8) құрамында екі сөйлем болады
5. СӨЗ ТІРКЕСІ
1) бір мағыналы сөзден құралады
2) сөйлем мүшелерінің тіркесі
3) сөз таптарының тіркесі *
4) сабақтаса байланысады *
5) салаласа байланысады
6. СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ ҚАРАСТЫРАДЫ
1) лексика мен морфология ұғымдарын
2) тиянақты ойды білдіретін бір сөзді
3) анықтауыштық есімдер тобын
4) құрмалас сөйлем синтаксисін *
5) жай сөйлем синтаксисін *
6) сөз тіркесі синтаксисін
7. СӨЙЛЕМДІ АЙҚЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ
БЕЛГІЛЕР
1) сөз не сөз тіркесінен құралу *
2) пысықтауыштық қатынас
3) толықтауыштық қатынас
4) предикаттық қатынас *
5) заттың атауы
6) аяқталған ой *
7) модальділік *
8) интонация *
8. СӨЙЛЕМ АЙТЫЛУ МАҚСАТЫНА ҚАРАЙ
1) лепті *
2) хабарлы *
3) септеулі
4) сұраулы *
5) шылаулы
6) жалғаулы
7) бұйрықты *
8) жұрнақты
9. Сөз тіркесіне қажетті шарттың бірі _____.
10. Сөйлем үшін негізгі материал ______.
11. Кәсіпті білдіретін есімді тіркес ________.
12. Үстеу қатысқан есімді тіркес _________.
Жоғарыда келтірілген ТТ құрастыру алдында оқытушы барлық сабақ барысының әрбір
кезеңінде білім алушылардың танымдық оқу іс-әрекетін жандандыра, белсендіре алатындай
нақты міндеттерді айқындап алып, жоспарын түзеді. Жоспар сайып келгенде, оқыту үдерісінің
нәтижесіне болжам жасай отырылып, шәкірттердің білім сапасының жоғарылығы олардың өз
іс-әрекеттерінің сипатына тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа алады.
Оқытудың
жүйелілік, бірізділік принципі де басты назарда ұсталады. Оқу материалын саналы түсінуі
үшін білім алушылардың оқуға деген белсенділігі,
ынтасы арттырылады, теориялық
білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Түрлі шығармашылық жұмыстарды өздігінен
орындауға бейімделеді.
Сонымен бірге, ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін
білім алушылар тіл фактілерін дұрыс ажырата білуге машықтанады(сөз тіркесі, еркін тіркес,
атаулы тіркес т. б.). Оқытудың берік, тиянақты болу принципі – ТТ орындауда басшылықта
ұсталынатын негізгі де өзектісі. ТТ үзбей орындап отыратын білім алушыларда материалды
жан-жақты меңгеру, есінде берік сақтау, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін
қайталау, өзін-өзі бағалау қасиеттері қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: