284
еңсеріп, жаңа жүйені игеруге жаппай кірістік. Нәтижесінде қашықтықтан білім беру, онлайн
оқуды қамтамасыз ететін компьютерлік технология, қолданысқа икемді интернет желі,
платформа, бағдарлама, қосымшалар, олармен байланысты терминқолданыс жүйеленіп, білік,
тәжірибе толыға түсті.
Университет басшылығы, ІТ-саласының мамандары мен инженер-бағдарламашылар
оқытушыларға күні-түні кеңес, нұсқаулық жолдап, оқу үдерісінің мейлінше сапалы
ұйымдастырылуы үшін бағыт-бағдар беріп, арнайы біліктілікті жетілдіру семинар,
тренигтерін өткізді. Әрине, ешкімге оңай болмады, алайда әркім өз міндеттін атқарып, жаңа
бағытта жұмыс істеудің маңызын, жауапкершілігін түсініп, жаңа дағдыларды игеруге кірісті.
Арада 2-3 ай өткенде, компьютерлік технологиялар негізінде өз ісін дамытуды ойлап,
шығармашылық істі жоспарлай бастағандар саны артты емес пе? Осының бәрі індетті және
сонымен қалыптасқан дәрменсіз күйді ойлай жүйкеге салмақ түсіріп, стрестік жағдайға душар
болудан қорғап тұрған күштердің бірі сынды көрінеді.
Дағдарыстар мәңгілік емес. Қалай болғанда да қашықтықтан оқыту, онлайн білім беру
қоғам өмірінен өз орнын тапты. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жүйе өз жалғасын табары
сөзсіз. Олай болса, жақын болашақта не істеу керек деген сұрақтың туары да заңдылық.
Бұл ретте, ең азы, мультимедиялық (сурет, дыбыс, бейне, анимация) технологиялар негізде
жасалған бейнелекция, бейнесабақ ЖОО-ның дәрісханаларында да жаппай қолданысқа енуі
үшін, аудиторияларды
1 компьютер + 1 проектор + 1 демонстрация экраны немесе қысқаша
«3 бірлік» қағидатымен жабдықтау шешімін табуы тиіс. Бұл ретте шетелдік оқу орындарының
тәжірибесі негізге алынып отыр. Адамның бірнеше сезім мүшелеріне әсер ету арқылы, оның
айту, жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кенжелеп жатуымыздың бір
себебі дәрісханалардың аса қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталмауы, осымен
байланысты мамандардың қазақ тілін үйретудегі әдістемелік негізінің әлсіз болуы немесе әлсіз
сияқты көрінетінін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, қарапайым техникалық құрылғылармен
жұмыс істей алу да өнер. Сондықтан
үйренетіні бардың ғана үйретері болады демекші, білім
беру саласы, оның ішінде тіл мамандары компьютермен жұмыс істеумен байланысты
білімдерін жетілдіріп отыруы шарт.
Бұл ретте «Лингвоарна» Ғылыми зерттеу және оқу-әдістеме орталығының қызметі маман
әлеуетін бекемдейтін мультимедиаға негізделген заманауи қашықтықтан білім беру, онлайн
оқу жүйесін игеру мақсатында соңғы 3 жылдан бері тұрақты түрде арнайы онлайн семинарлар
ұйымдастырып келеді. Орталық «Смарт-білім беру: әдістеме және технологиялар ресурстары»
деген атпен республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинарына отандық ЖОО-ның
оқытушылары қатысып, «Қашықтан оқыту және онлайн сабақ өткізу ерекшеліктері, «Тест
жасауға арналған қосымшалар», «Бейнесабақ әзірлеу әдістері» «Видеомонтаж жасау
тәсілдері» және т. б. дәрістер өткізді.
Бүгінде шарасыздықтан қашықтан білім беруге, онлайн оқытуға барғандай
болғанымызбен, үлкен мүмкіндікке жол ашылып, үйренеріміз көбейіп, шығармашылық
ізденіске жол ашылды. Сондықтан қолжеткен жаңа білік, жаңа дағдыдан бас тартуға әсте
болмайды. Керісінше оның қажетті жерінде жалғасын табуына пейілдіміз. Егер пандемия
барысында әр оқушының, әр оқытушының техникалық құрылғылармен жабдықталуына
қандай мән беріліп, қамтамасыз етілуі ойластырылса, жақын болашақта аудиториялардың да
ең кемі жоғарыда айтылған 3 бірлік қағидаты бойынша жабдықталуына қол жеткізу де аса
өзекті.
Достарыңызбен бөлісу: