279
мәндік сипаты да өзгеріп, бастапқы нұсканың сенмантикалық үлгісі пайда болуы мүмкін. Ал
деривация кезінде тек жалпы категориялық мағына кеңейеді. [6, 90]
Есімшелердің анықтауыштан басқа өзге тұрлаусыз мүшелердің қызметін атқаруы олардың
тиянақсыздануымен тығыз байланысты. Есімшелер тиянақсыздана келе, тиянақтаушы
етістіктердің алдында қолданыла бастаған. Және олардың кейбірінің көсемшеге өтуіне де осы
жол себеп болған. Есімшелер құрылымды кеңейтетін оператор ретінде өте актив
қолданылатын тұлғаға айналып барады. Олардың көбі есімше тұлғаларының бағыныңқы
сипатта қолданыла алу икемділігіне байланысты болып отыр.
Ойлау қабілетінің жылдамдығын арттыру үшін тапсырмаға шектеулі уақыт қою керек.
Сабақ барысында ұйымдастырылған дебаттар, дискуссиялар олардың мәселені оңтайлы шешу
қабілеттерін арттырады. Тапсырма біркелкі болса, күнделікті қайталанса, оқушылар жалығып
кетеді. Қызықты әрі күрделі тапсырманы берсеңіз, оның қызығушылығы арта түседі. Мысалы,
түркі тілдерінде бастауышты түсіріп айту өте жиі кездесетіндігін түсіндіру барысында жіктеу
есімдіктерінің өз баяндауыштарымен жақ жалғаулары арқылы қиысуы, жіктік жалғауының да,
жіктеу есімдігінің де сөйлемде ұқсас бір мағынаны беруі бастауыштардың ықшамдалуына
жағдай жасайтындығына тоқталамыз. Айтушыны сөйлеу кезінде бастауышты түсіріп айтуға
итермелейді. Кейде тіпті баяндауышты түсіріп айту да кездеседі:
–
Мынаның қай жерінен өтеді екен? ‒ деп сұрады Қартқожа бұлақты нұсқап.
–
Қайда барасың?
–
Байталыма.
–
Байталыңды қайда әкетеді дейсің? (Ж. Аймауытов).
Күтілетін жауап: келтірілген төрт сөйлемнің соңғы үшеуінде сөйлемнің негізгі тұрлаулы
мүшелері ықшамдалған. Екеуінде сен, ол бастауыштары ықшамдалса, біреуінде тіпті
синтаксистік деривацияға негіз болатын сөйлемнің Т+Ә элементі түгелімен ықшамдалып,
сөйлемнің тұрлаусыз пысықтауыш мүшесі ғана қалған (байталыма). Яғни тілде
қосанжарласқан (избыточность) элементтер ғана ықшамдалады. Мысалы:
мен байталыма
барамын деген сөйлемде айтушы өзінің айтайын деген ойының өзегін толық сақтау үшін Т+Ә
элементтерін сөйлемнің негізгі тұрлаулы мүшелері екен деп қарамайды. Алдымен сөйлемде
бір мағынаны беру үшін жіктік жалғауымен қосанжарласқан жіктеу есімдігінен болған
баяндауышты түсіреді. (Байталыма барамын). Бұл тілдің ішкі заңдылығына байланысты
осындағы артық элементтердің болуына байланысты. Әңгімені қолдана отыра, әңгімені
жалғастыруды ұсынсаңыз, олардың қиялдары дами түседі. Зейінін шоғырландыру үшін сабақ
барысында бес-алты тапсырма емес, тек мақсатқа негізделген екі-үш тапсырма төңірегінде
жұмыс істелуі тиіс.
Кез-келген мақсаты айқын адам баласына, шын мәнінде, білімді болу үшін үш қасиет: жан-
жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы және сараптама жасай алуы қажет. Әрбір оқушының
өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті
тұлғаны қалыптастыруда өз шешімін табады. Білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін
мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай
ойластырып, дайындауы қажет. Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда
жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға әбден
болатындығына көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: