Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Орфографиялық сөздік. – Алтыншы басылым. – Алматы: Дәуір, 2013. – 720 б.
2. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – 2-басылымы. – Алматы, 2003. – 199 б.
3. Сыздық Р. Латын жазуы: емле ережелерін түзуде ескеретін жайттар» атты мақаласында (Қазақ әдебиеті.
– 2018. – 14-20 қыргүйек (№ 36). – 12-б. ; 28 қыргүйек-4 қазан (№38). – 19-б. ; 5-11 қазан (№39). – 19-б.)
4. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000. – 18-б.
Елшібаева Ә.Қ.
филология ғылымдарының кандидаты
«Қазақтелеком» АҚ филиалы –
ИКТАД кафедра меңгерушісі
ҰСТАЗЫМ – ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫ
Аннотация.
В статье анализируются выдающиеся труды профессора Амира Р. С., представляющие его
как уникальную личность в области казахского языкознания, как первого ученого-методиста, занявшего
особое место в национальной педагогике, в методике преподавания казахского языка, его уникальный вклад
в деле создания педагогической школы.
Ключевые слова: инновационный характер обучения казахскому языку, основатель коммуникативного
синтаксиса, первый ученый-методист, новый макромодель содержания образования, методологическая
основа обновления системы обучения казахскому языку, научная школа, интеллектуал нации.
Қазақ руханиятындағы айрықша тұлға Абай Құнанбаев «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген үлкен ой айтады. Бұл – кемел адамды
59
анықтайтын негізгі қасиеттер. Сонымен қатар ұлы Абай «Күллі адам баласын қор қылатын
үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші –
залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз
біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам
баласының дұшпаны» – дейді. Олай болса, Абай нұсқаған үш қасиетті серік етіп, адам баласын
қор қылатын үш нәрседен қашық жүретін адам – марапатқа, мансапқа, мадаққа лайық адам.
Ал мұндай адамды зиялы деуге хақылымыз. «Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен
ортақ тіл табыса білудің негұрлым тиімді жолдарын таба білулері тиіс»[1, 176]. Ал өз
халқына қызмет етіп, халықпен ортақ тіл табыса білудің негұрлым тиімді жолдарын таба
білген, марапатқа, мадаққа лайық адам – бүгінде 90 деген толғаулы жасты еңсеріп отырған
қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы, филология ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, ұстазым Рақыш Сәтұлы Әмір.
Тегінде, адам баласының саналы ғұмырындағы адамдық келбеті мен шығар биігі тал
бесікте анасынан естіген әлдиі мен отбасында көрген ұлағатынан бастау алады десем, қателесе
қоймаспын. Басын асқар биік таулардан алып, жиегін қамысты нумен көмкерген, егіз өрілген
қыздың бұрымы тәріздес Талас пен Асадай қос өзеннің ортасындағы Жетітөбе аулындағы Сәт
мұғалімнің отбасында дүниеге келген және қазақ ұлттық мәдениетінің майталмандары М.
Әуезов, А. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, Ы. Маманов, Е. Ысмайылов, М.
Балақаевтардан тәлім алған ұстазымның ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі иеленіп,
надандық, еріншектік, залымдықтан аулақ болуы жазылмаған заңдылық тәрізді.
Соңғы кездегі зерттеу деректеріне қарағанда, халыққа, ұлтқа қызмет ететін тұлғалар ұлт
өркендеп, халық көркейгенде және халық күйзеліп, ұлттың еңсесі түскенде дүниеге келеді
екен. Яғни, ұлттың қорғаныш қабілет түйсігі ұлттың генетикалық қорына тапсырыс беру
арқылы рухты оятып, тілді дамытатын, өнерді өсіріп, мәдениетті нығайтатын бірегей тұлғаны
дүниеге әкеледі, – дейді [2]. Қазақ тіл біліміндегі бірегей тұлға ұстазымның ел басына күн
туған сонау 30-жылдары дүниеге келуі және 50-жылдары ілімнің де, білімнің де ордасы болып
саналатын Алматыдан алыстап, туған жеріне ат басын тіреуі ғылым жолындағы ізденісіне
тосқауыл бола алмауы айтылған пікірдің дәлелі дер едім. Отбасы жағдайымен көшінің басын
туған жерге бұрып, әкесінің қолының табы, табанының ізі қалған орындарда қызмет ете жүріп,
қазақ тіліндегі жалғаулықтардың шығу тарихы, атқаратын қызметіндегі ерекшеліктерді
«Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деп аталатын диссертациялық жұмысында саралап берді.
Мұның өзі құрмалас сөйлемдер семантикасының айқындала түсуіне жол ашты. Монография
ретінде кейінірек жарық көрген аталған жұмыс бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтқан
жоқ. Әке сүрлеуіне түсіп, мектепте аз да болса қызмет етуі ұстазымның өмір жолындағы,
ғылым жолындағы соқпағының саралана түсуіне игі ықпалын тигізді. Жасындай жарқылдаған
жастың тегеурінін таныған қырағы А. Ысқақовтың шақыруымен Қазақ ССР Оқу министрлігі
жанындағы Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтында еңбек ете жүріп ұстазым
тұлға ретінде қалыптасты, ғалым ретінде шыңдалды.
Саналы ғұмырын ұлттық білімді дамытуға жұмсап жүрген ұстазым – бүгінде қазақ тілі
білімі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, ұлтқа қызмет ететін шәкірттерді тәрбиелеу жолындағы
ұстаздық деп аталатын 3 ірі арнаның басын тоғыстырған тұлға. Ұстазымның ұлт кәдесіне
жараған еңбектерінің қатарын саусақты бүгіп санап шығу мүмкін емес, олардың әрқайсысы –
бір-бір асқар бел. Таратып, жібектей есілдіріп көпке жеткізу – болашақтың еншісінде.
Дей тұрғанмен қазақ тіл білімінің шоқтығын биіктеткен еңбектеріне тоқтала кеткен жөн.
Ғылымды зерттейтіндерге арналған, таптырмас қазына санатындағы «Қазақ лингвистикасы
мен лингводидактика мәселелері» (2006 ж.), «Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің
грамматикалық, функционалдық жүйесінде» (2009 ж.) деп аталатын кітаптарын қазақ тілін
оқытуға инновациялық сипат беріп, студенттердің информативтік базасын қалыптастыруға
қызмет ететін құнды құралдар ретінде атауға болады.
Ұстазымның жарық көрген еңбектерінің қай-қайсысы да бұрыннан белгілі жайтты
баяндауды мақсат етпейді. Қандай проблема көтерсе де, мәселеге бұрын ғылыми қауым назар
60
аудара бермеген жаңа қырынан келіп, жалпы тіл біліміндегі коммуникативтік синтаксистің
озық жаңалықтарын қазақ тілінің төл табиғатымен салыстыра, салғастыра зерделей қарау
нәтижесінде терең теориялық тұжырымдар ұсынып, оны күнделікті қолданыстағы, көркем
әдебиеттегі халықтың ауызекі сөйлеу тілінің мол да құнарлы материалдарымен дәйектейтін
талдаулармен шегенді ой қорыту – Р. С. Әмірдің ғылыми стиліндегі ешкімге ұқсай бермейтін
төл қолтаңбасы. Әсіресе, қызы Жанар Әміровамен бірлесе қазақ тілінің синтаксистік
деңгейінің екі басты саласына арнап жазған қос оқулығы («Жай сөйлем синтаксисі» (2003 ж.),
екіншісі – «Қазіргі қазақ тілі, құрмалас сөйлем жүйесі» (2014 ж.)) жұртшылық тарапынан оң
бағаланып, ғылыми ортада жоғары бағасын алды.
Оқулықтағы идентивтік құрмалас салалас сөйлем, телінбе компонентті құрмалас сөйлем
деп атаған құрылымдар мамандарды да, студенттерді де қызықтырады және бұл құрылымдар
бүгін пайда болған жоқ, фольклордың қазақ ауызекі сөзінің қорында ежелден бері жүрген
екен. Оларды |Ә. Ақпанбет, Ә. Тарази өз шығармаларында жарқыратып қатыстырып жүрген-
дігі де айтылған. Оқулық басқа да ғылым көзіне түспей жүрген синтаксистік құрылымдарды
атап, олардың құрылымдық, жұмсалу ерекшеліктерін көрсетіп берген. Ғалымның ұзақ жылғы
ұстаздақ тәжірибесі мен кемел ғылыми қуатының тоғысқан тұсында дүниеге келген бұл еңбек,
расында да құрмалас сөйлем теориясының қазақ тіл білімінде зерттеушілер назарынан тыс
қалып келген, сөз болған күнде де құрылымдық синтаксис шеңберінен шыға алмай келген
мәселелерді тұтастай сөйлеудің табиғи ортасы – коммуникативтік ортада алып қарау
нәтижесінде жасалған жаңа тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Оқулықта полипредикативті құрмаластардың құрылымдық, функционалдық сипаты
статистикалық деректер арқылы нақтыланып, құрмалас компоненттерін түзудегі амалдардың
молдығын көрсету арқылы қазақ халқының сөйлеу жүйесінің, соның нәтижесінде
қалыптасатын сөйлем жүйесінің айрықша мол потенциясы көрсетіледі.
Өткен ғасырдағы қазақ тіл біліміндегі басты да басым бағыт ретінде құрылымдық
лингвистика мойындалып, ғалымдардың дені осы салада қыруар еңбек жасаса, профессор Р.
Әмір сол кезде тосындау саналатын коммуникативтік синтаксис саласын түбегейлі зерттеу
нысаны етіп, түркі әлемінде де осы бағыттағы алғашқы ғалымдардың бірі ретінде
мойындалатындығын атап өту керек. Расында да, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына
дейін ірі түрколог ғалымдардан бастап, жекеленген түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың дені
құрылымдық синтаксис мәселелерімен айналысты. Жоғарыда аталған еңбектердің барлығы
профессор Р. Әмірдің қазақ тіл білімінде коммуникативтік синтаксис ілімін қалыптастырушы
ғалым екендігін дәйектейді [3].
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпатты мектебінде оқытылатын қазақ тілін ана тілін ретінде
меңгерту әдістемесінде тіл жүйесі мен заңдылықтарын коммуникативтік мақсатта үйретудің
Концепциясын негіздеген тұңғыш әдіскер-ғалым ретінде танылатын ұстазымның ұлттық педа-
гогика, қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбегі – қазылмаған көмбе тәрізді қазына.
Ұстазым Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу
институтында еңбек еткен жылдары ұлт мектебін көтеруге, ұлттық білімді дамытуға ерен
еңбек сіңірді. Қазақ мектептеріндегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңа сапада қайта
дайындауға мән береді. Пән мазмұнында заман талабы мен оқушының мүддесін үйлестіру
мүмкіндігін табуды зерттеу міндеті етіп қояды. Соның нақты дәлелі – сол жылдарда Білім
министрлігі бекітетін Типтік оқу жоспарында ана тілі ретінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің
сағат санын көбейтуге қол жеткізгені. Бұл қазір айтуға оңай көрінгенімен, орыс тілінің айбыны
асып тұрған кеңестік идеология заманында ерлікке барабар болатын. Қазақ тілімен қатар, өзге
де пәндердің әдістемелік базасын күшейтудің қажеттігін дәйектеп, оған арнайы қаражат
бөлдіреді. Педагогика, оның ішінде әдістеме ғылымының дамуын қамтамасыз ететін басты
тетіктің бірі – эксперимент жұмыстарының ұйымдастырылуы. Эксперимент – ғылым мен
білімнің, теория мен практиканың сабақтастығын қамтамасыз ететін зерттеу жүйесі.
Сондықтан Рақыш Сәтұлы пәндерді оқытудың дидактикалық негізін іздеудің анық жолы
ретінде ғылыми экспериментті жүргізуді ұлттық педагогика ғылымына алғашқы боп енгізді.
61
Профессор Рақыш Сәтұлы «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептің
тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептегі білім
мазмұнының тұжырымдамасы» секілді ұлттық білім саласындағы жаңарулардың тұғыры
қаланған уақытта мемлекеттік деңгейдегі базалық-нормативтік құжаттарды дайындауға
атсалысты. Сөйтіп, ол тәуелсіз елдің Ұлттық мектебінің моделін, егеменді ел мектебіндегі
Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негізделген білім мазмұнының жаңа макромоделін
айқындауға еңбек сіңірді!
Ұстазым еліміз тәуелсіздігін алып, егемендікке алғаш қол жеткізген өліара кезеңде, әр күні
жылға татырлық сын уақытта, қоғамдық реформалардың іргетасы қаланған кезде, Қазақстан
мектептерінің даму бағытын белгілеу проблемалары күн тәртібіне өткір қойылған жылдарда,
жаңарған елдің ұлттық мектебін құрудың ғылыми-тұғырнамалық жүйесі айқындалған
шешуші сәттерде осынау замана жүгіне иық тосқан санаулы педагог ғалымдардың
көшбасында болды.
Профессор Рақыш Сәтұлы “Қазақ тілін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру
концепциясында” қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын саралап ұсынды. Бұл еңбек
тәуелсіздік алған еліміздің жаңа тұрпатты мектебінде қазақ тілін оқыту жүйесін жаңартудың
әдіснамалық негізін қалаған тырнақалды еңбек болды. Өзіне дейін қазақ тілін оқытуға
араласқан қазақтың біртуар ұлы тұлғаларынан тағылым алған Рақыш Сәтұлы ұлттық
құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениетті сабақтастыруда таразының басын тең ұстар
басалқалылық танытты.
Бұл тұжырымдамада қазақ тілінің оқытылу жайына кері әсер еткен факторлар алғаш рет
ғылыми тұрғыда сараланып, нақты көрсетілді. Ұлтаралық, тіларалық жағдайлар мен
идеологияның, әлеуметтің бір орталыққа бағындырылуының салдарынан туындаған жайлар
ашып айтылды. Қоғамда белең алған келеңсіздіктердің салдарынан, біріншіден, қазақ тілі пәні
оқушының өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыратын пән ретінде мойындалмай, тек қазақ
халқының этнографиясы мен дәстүрінің көрінісі ретінде танылып келгенін; екіншіден, тілдің
грамматикалық жағын (оның өзін жүйесіз) меңгертуге басымдық беріліп, сөз, сөйлеу
шеберлігіне, тіл мәдениетіне үйрету жағы ескерілмегенін; үшіншіден, қазақ тілін оқытудың
келелі мәселелері (пән мазмұны, көлемі, жүйесі, әдістемесі) тұтастықта зерттелмей отырғанын
атап көрсетті. Қазақ тілін оқытуда, ең алдымен, оқушының коммуникативтік дағдыларын
дамыту керек, екіншіден, қазақ тілінің қоғамдық сипаты мен құрылысы туралы білім беру
керек деген идея көтерілді. Ана тілі пәні оқушының тілдік сауаттылығы мен талғамын,
эстетикалық қабілетін, ішкі сезімдерін дамытуға, ойлау қабілеттері мен дүниетанымдық
мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеуі керектігі де осы құжатта алғаш рет ғылыми дәйектелді. Осы
еңбегінде Р. С. Әмір сөйлеу тілін коммуникативтік-функционалдық жүйе тұрғысынан тани
отырып, тілдік амал-тәсілдердің прагматикасын коммуникативтік жағдаятпен орайластыра
ашудағы тұжырымдарын ұсынды [4].
Ұстазым ұсынған нақ осы тұжырымдар бүгінгі таңда ересектерге қазақ тілін меңгертуде
ұстанатын бағдаршамым десем артық айтқандық емес. Ал «Қазақ тілі тек сауат ашып,
Достарыңызбен бөлісу: |