Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет38/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

қарым-қатынас шеберлігін, мәдениетін үйретіп қана қоймайды, бұл пән оқушыға 
социологиялық тұрпат қалыптастырады, оны белгілі бір этникалық, мәдени топтың мүшесі 
ретінде тәрбиелейді, ұлттық сана-сезімін қалыптастырады» деген ғылыми байламы – 
жұмыс барысында ұдайы есте ұстар қағидам.
Ұстазымның еңбек жолындағы 3-ірі арна – қалыптастырған ғылыми мектебі. Ұстаздық 
қызметінде білім нәрімен сусындатқан сандаған студент пен бөлім бастығынан бастап 
университет ректорына дейінгі деңгейдегі басшылық қызметтерді атқару барысында 
қанатының астына алып, жол нұсқаған жандар туралы сөз бөлек, сол мектептен тәлім алған 2 
ғылым докторы мен 22 ғылым кандидаты бүгінде егемен еліміздің іргесін нықтау бағытында 
белсене еңбек етіп жүр. Әмбебап әрі кең тынысты ой иесінен тәлім алған әрбір шәкірттің ұлт 
ертеңі үшін берері мол. Өз халқына ерен еңбек сіңірген тұлғаның тағылымын көрген 
шәкірттері М. Дулатовтың «Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті» деген ұлағатты 
сөзін үнемі жадында ұстайды.


62 
Ұлтының бүгіні мен ертеңін, болашағы мен келешегін ойлаған кемел тұлға Мұстафа 
Шоқай оқығанның барлығын олардың біліміне қарап, зиялы деуге болмайтыны сияқты, белгілі 
бір ұлттың өкілі болғанына қарап, оны сол ұлттың зиялысы деуге болмайды деп кесіп айтады. 
Белгілі бір ортақ идеяларды жете ұғынған және сонымен өзара байланысқа түскен білімділерді 
зиялы, ал саяси, қоғамдық немесе мәдени салалардың қайсысында болмасын өз халқына 
қызмет ету идеясын терең ұғынған зиялыны ұлттық деп санады [5, 476]. Олай болса, қазақ тіл 
білімі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, білім беру саласында өз халқына қызмет ету идеясын терең 
ұғынған, ұлттық рухы жоғары, санасы азат ұстазым, филология ғылымдарының докторы, әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Рақыш Сәтұлы Әмір – ұлт 
зиялысы.
Адамдығы асқақ, кісілігі зор ұстазым, елдің ертеңі, ұлттың болашағы, тілдің келешегі үшін 
еселі еңбек етіп жүрген ұлтымен рухтас Рақыш Сәтұлы Әмірді мерейтойымен құттықтап, 
ұлттық білімді, ұлттық ғылымды дамытудағы ерен еңбегіңіздің жемісін көріңіз деген игі тілек 
білдіремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет