Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Коммуникативті аспект бойынша



Pdf көрінісі
бет41/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Коммуникативті аспект бойынша: 
1. Тема-ремалық қатынасын анықтаңыз: бірінші компонент тема – судың мөлдір 
екендігі, ал мөлдірлігінің қаншалықты дәрежеде екендігі рема жаңа мәнді ақпарат (себебі 
сөйленім мәнмәтіннен тыс талданып отыр).
2. Құрмалас сөйлем сыңарларына тән орын тәртібін атап, себебін түсіндіріңіз.  
«Ол түбіне түскен түйме алақандағыдай көрінетіндей мөлдір» деп жай сөйлеммен 
берілетін пікірді екінші дәрежелі коммуникативтік талапқа сай құрмалас құрылымды етіп 
берген, яғни қарапайым логикаға сай сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне негізделмеген.
3. Коммуникативтік талап дәрежесін талдап, оның себебін түсіндіріңіз. Пікірді 
түрлендіру, атрибутты өзектеу мақсатында, екінші компонент етіп қатыстырған.
4. Осы мақсатқа жегілген тілдік бірліктердің қызметін атаңыз.  
Ажарлау, тыңдаушының назарын аударту мақсатында сол актуалданған мүшеге дейксис 
ретінде сондай деген әсерлі сөзді қатыстырған.
Оқу нәтижелерінің соңғы сатысы синтез бен бағалауға негізделген жүйелеу құзіреттілігі. 
Синтездеудің моделдері: теорияландыру, жасау, қорытындылау, басқару, себебін түсіндіру, 
салдарын саралау, нәтижелерді жалпыландыру, жоспарлау, негіздеу, жобалау, пәнаралық 
білімді интерпрециялау т. б. Бағалаудың моделдері: бағалау, сыни тұрғыдан қарау, салыстыру, 
шешімге келу, дәлелдеу, болжау, рецензиялау, ұсыну, қолдау.


66 
Білім алушы эссе, шығарма, баяндама, реферат, мәлімдеме, презентация жаза және жасай 
алу керек. Жағдаятқа сай пікірін дұрыс бере алу керек. Коммуникативтік мақсатына, нәтижеге 
жету үшін тілік бірліктерді дұрыс таңдап, оралымды ету керек. Шаршы топта сөйлеу, шешен 
сөйлеу, түрлі етіп сөйлеу дағдыларын иелену керек. Аталған оқыту нәтижелеріне осы курста 
профессор Р. Әмірдің «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесі» оқулығының 
мазмұнын дұрыс меңгерген әрбір білім алушы қол жеткізе алады деген сенімдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет