Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет3/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

 
 
 



Ерназарова З.
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Қалиев Б.
филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАРЫ МОЛ ОҚУЛЫҚ 
 
Кез келген қоғамның дамуы оның ғылым саласы мен оқу жүйесіне тікелей ықпал ететіні 
белгілі. Қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі құндылықтарды қайта қарап, сапасын одан әрі арттыра 
түсу бүгінгі заман талабы болып отыр. Осындай талапқа сай жазылған оқулықтардың бірі Р. 
С. Әмір мен Ж. Р. Әмірованың "Жай сөйлем синтаксисі" атты кітабы. Ол жоғары оқу 
орындары филология факультеттерінің студенттеріне арналған. Кітап 2003 жылы басылған. 
Көлемі 12, 44 б. т. Таралымы 2000 дана.
Аталған оқулықтың ұтымды жері – ол қазақ тілі жөніндегі соңғы зерттеулердің 
нәтижелерін және жалпы тіл білімінде қалыптасқан жаңа теориялық тұжырымдамаларды 
ескеріп жазылған және окулық авторларының көп жылғы тәжірибелері де ескерілген.
"Жай сөйлем синтаксисі" қазақ тілінің негізгі, түпкі жанры – ауызекі сөйлеу тілінің 
фактілерін мол қамтып, соларды негіз етеді. Бұрын аталмай жүрген, бірақ сөйлеуде көп 
жұмсалатын синтаксистік тұлға, амал, құрылымдар онда түгелдей қамтылады. Соның 
нәтижесінде оқулық филолог мамандарға тіл фактілерін, тілдік қазынаны тереңірек танытуды 
қамтамасыз етеді. Фактілері мол. Олардың жұмсалуы теориялық тұжырымдармен көрсетілген.
Оқулық 1) сөз тіркесі туралы түсінік, 2) жай сөйлемнің құрылысы, 3) сөйлем мүшелері, 4) 
синтаксистік жүйедегі қосымша амалдар, 5) бөгде сөз – деп аталатын 5 тараудан тұрады.
Бірінші тарауда сөз тіркесінің жүйесіне кіретін әр тұлғаның көп мағыналық сипаты 
талданады. Сол арқылы олардың коммуникативтік қызметі ашылады. Әр сөз тіркесінің 
мағынасы ашылып қана қоймайды, түпкі мағынаның дамуы, жаңа мағыналарға ие болу 
процестері де анықталады. Оған мысал ретінде авторлардың шығыс септік формасындағы 
есімді меңгерген етістікті сөз тіркесінің он түрлі мағына білдіретіндігін атап көрсеткендігін 
келтіруге болады. Авторлар жалпы жұрттың көзіне іліне қоймайтын мағынаны – бағыныңқы 
сөздің бүтін заттың бөлшегін қимылға қатысты объект етіп көрсету арқылы дәлелдеп берген. 
Осы арқылы тілдегі грамматикалық мағыналардың сипаты тереңірек ашыла түскен. Окулық 
сөз тіркестерінің түр-түрінің функционалдық қатынасқа түсіп, көп жағдайда біріне-бірі 
синоним, вариант ретінде жұмсалатынын да оқушыларының есіне салады.
Сөз тіркестерін тек құрылымдық жағынан талдаумен қатар авторлар олардың лебіздің 
коммуникативтік талаптарын өтеуге қатысты аспектілерін де көрсетіп отырған. Сөз тіркесі тек 
құрылымдық тұлға емес, коммуникативтік қызметке де актив қатысатын тұлға деген тұжырым 
баса айтылады.
Бұл тараудағы тағы бір ұтымды, жаңа болып көрінетін жай – сөз тіркестері жүйесіндегі 
нормаларды байқату. Қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық жүйесіндегі нормалар әлі 
зерттелген жоқ, сөйлеу үстінде жұрт оны ескере бермейді. Келешек мамандарға тілдегі норма 
жайында сөз қозғап, оның сөз мәдениетіне әсерін танытудың мәні үлкен.
Оқулық тілдегі (сөз тіркесі жүйесіндегі) норманың қалыптасу процестерін де көрсетіп 
берген. Бұл мәселе "Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы" деген тақырыпшада қорытылып ай-
тылған. Мәселен, окулықта -п формалы көсемшенің сөз тіркесіне катысуындағы бүгінгі ереже-
лердің ертедегі етістіктерге тән аспектілік категориясына байланысты екені дәлелденген.
"Жай сөйлемнің құрылысы" деген екінші тарауда синтаксис жүйесіндегі жай сөйлемдердің 
грамматикалық түрлері мол әрі нақты айқындалған. Бұларды тануда авторлар, "тіл, оның тұл-
ғалары құрылымдық көріністеріне сай зерттелуге тиіс" деген басты әдіснамалық ұстанымға 
сүйенген. Сөйлемдердің функциялық жағынан, құрылымдық жағынан оппозициялық 
қатынаста көрінетінін ескере келіп, олар сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тәптіштеп 
көрсеткен. Сонымен бірге олардың грамматикалық формалары да талданған. Әр көрнекі син-
таксистік тұлғаның грамматикалық формасын анықтау, ол форманың қалыптасу заңдылығын 



көрсету – оқулықтағы ұтымды жаңалық. Автор грамматикалық форма құрылымның грамма-
тикалық, коммуникативтік табиғатын құрап қатысатынын жиі көрсетіп отырады. Бұл сту-
денттердің теориялық, практикалық дағдыларын дамытуға себепкер әрі ойлау дағдысын 
жетілдіреді.
Жай сөйлем жүйесінде номинативті сөйлем және етістікті сөйлемдер түрі аталады. Бұл екі 
типті сөйлемнің дара-дара грамматикалық тұлға екенін дәлелдеу үшін олардың құрылымдық 
ерекшеліктерін көрсетумен қатар, функционалдық жағынан да олардың оппозициялық қатар-
да келетіні де аталады. Номинативті жай сөйлем базистік конструкция ретінде танылып, етіс-
тікті жай сөйлем актуализациялау міндетін атқаратын функционалдық вариант ретінде атала-
ды. Сонымен бірге онда номинативті сөйлемнің етістікті сөйлемге ауысу жолы да көрсетіледі.
Кітаптағы келелі, перспективті ой – қазақ тілінде предикативтік позицияның актуалдық 
сипаты жөніндегі тұжырымдамаға байланысты. Авторлар предикативтік позицияның 
актуалды болуы предикативтік мүшенің ремалық информацияға ие болуынан деп өте мәнді 
қорытынды жасаған.
Осы қағидаға сүйеніп, авторлар екінші бір жаңа тұжырым жасайды: номинативті сөйлем 
өз сипатын өзгертпей-ақ актуализацияланушы сөйлем мүшесі баяндауыштың алдыңғы түбіне 
орналасуы қажет.
Сөйтіп, авторлардың көрсетуінше, казақ тілінің синтаксистік жүйесінде екі актуализа-
циялық позиция бар болып шықты. Осы арқылы авторлар бұрын зерттеушілер көзіне ілінбей 
жүрген, тереңде жатқан тілдік заңдылықты ашып көрсеткен.
Оқулықтағы тағы бір теориялық тұжырым – синтаксистегі сөйлемдер түрін парадигма-
тикалық, синтагматикалық байланыста өрбіген жүйе ретінде таныту.
Авторлар екі негізді номинативті сөйлемді базистік конструкция деп санайды да, кон-
струкциялардың басқа құрылымдық түрлерін содан таралған деп есептейді. Кітапта екі негізді 
номинативті сөйлемнің бұл ролін түсіндіру бар: "бұл конструкция пікірдің тікелей баламасы 
ретінде қалыптасқан. Сондықтан ол базистік конструкция роліне ие болған", – дейді авторлар.
Сондай-ақ оқулықта сөйлемдердің құрылымдық-функционалдық түрлері, олардың 
жасалуы, жұмсалуы бұрынғыдан гөрі мол көрсетілген, тілдегі амалдар мол ашылған. Мысалы, 
сұраулы сөйлемдердің түрлері қызметі жағынан топталып бір талданады да, содан кейін 
мағынасы жағынан тағы талданады.
Сөйлемдердің жасалуы, жұмсалуында ашылмай, танылмай жүрген өте көп қызық жайлар 
бар екені оқушыны таң қалдырады. "Альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер", 
"Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер", т. б. тараулар осыған дәлел. Сол сияқгы 
"Бұйрықты сөйлемдер", "Лепті сөйлемдер", "Болымды сөйлемдер, болымсыз сөйлемдер" 
деген тақырыптарда да жаңа фактілер, тың талдаулар, тұжырымдар мол.
Сөйлемдерге берілетін сипаттама бүгінгі лингвистикалық озық тәжірибеге сай берілген. 
Мәселен, болымды сөйлемдер субъект пен предикаттық сананың, қимылдың өзара қатысты 
екенін білдіреді. Мыс.: Ағаш биік. Ағаш өсті. Болымсыз сөйлемдер субъект пен предикативтік 
сапаның, қимылдың арасында қатыстық жоқ екенін бідіреді. Мыс.: Ағаш биік емес. Ағаш өседі.  
Оқулықта "Үндеу амалы және олардың сөйлем құрамындағы орны, жұмсалуы" деген 
тақырып бар. Бұл тақырыпта бұрын ескерілмей жүрген синтаксистік фактілер талданған. 
Авторлар сөйлем оқиға, құбылыс туралы хабар білдірумен қатар сөйлеушінің тыңдаушы 
жақпен контактіге түсу әрекетін де білдіреді деп есептеп, онда осы коммуникативтік 
талпынысты жүзеге асыратын амалдарды талдап көрсеткен.
Оқулықта сөйлемнің семантикасы көп аспектілік түрде көрсетіледі. Сөйлемге тән 
абстрактылық-грамматикалық (препозициялық) мағынаны, оның лексикалық көрініске көшу 
процесін көрсетуде. "Жай сөйлем синтаксисі" мазмұнын жаңа деңгейге көтереді. Студенттерді 
абстрактылы ойлауға жетелейді.
"Сөйлем мүшелері" деген тарауда да проблемалар бұрын шыққан оқулық, ғылыми 
жариялымдардағыдан өзгеше, тың аспектіде баяндалады. Сөйлем мүшелеріне берілетін 
анықтаманың өзі анағұрлым адекватты болып шыққан: "Сөйлем мүшелері – сөйлемдегі 
функционалдық қатынастың компоненті". Мұнымен қатар сөйлем мүшелері бастапкыда 



пікірдің құрамына сай қалыптасқанымен, бүгінгі қазақ тілінде ол – тілдік категорияның 
элементі болып жұмсалатын синтаксистік тұлға екендігі баса айтылған.
Оқулық сөйлем мүшелерінің формаларын, жасалу жолдарын мол көрсетіп, олардың 
коммуникативтік қажеттілікті өтеу диапазонын мол ашып берген. Әсіресе, бастауыш, 
баяндауыш мүшелердің сөйлемнің құрамдық, коммуникативтік сипатын қалыптастырудағы 
ролін ашуға көп көңіл бөлінген, соған лайық олардың формалары да тәптіштеп көрсетілген. 
Ол формалардың коммуникативтік қызметі де талданып отырады. Сөйлем мүшелерін сөз 
тіркестері жүйесіндегі заңдылықтардың да қатысатындығын айту – сөйлем синтаксисі үшін 
тың мағлұмат болып табылады. Сөйлем мүшелері формаларының арасында ауысулар да 
болып тұрады екен. Бұл синтаксистік құбылысты да осы оқулықтан біліп отырмыз.
Жақтық ұғымның қалыптасуы және ондағы негізгі көріністермен қатар сөйлеу мәнеріне 
байланысты өзгерістердің болатыны да осы еңбекте алғаш аталған.
Оқулықта жай сөйлем синтаксисі жүйесін кұрайтын негізгі ережелермен қатар, соларға 
үстеме болып қалыптасқан екі синтаксистік амал талданады. Олар: қайталау амалы және 
шегеру амалы. Қайталау тілде жиі жұмсалатын, орныққан құрылымдық ережесі бар, 
қалыптасқан қызметі бар амал ретінде тиянақты баяндалған.
Шегеру амалы да тілде орныққан, бірақ ескерілмей, зерттеуге түспей жүргені анық. Шегеру 
амалы екі позицияда жұмсалады екен: біріншісі – бастауыштық позицияда, екіншісі – 
баяндауыштық позицияда. Шегеру амалының сипаты, жұмсалысы нақты фактілер арқылы 
баяндалған. Бұл амалдар осы оқулықта алғаш аталып, талданып отыр.
Қорыта келе айтарымыз: Р. С. Әміров пен Ж. Р. Әмірованың "Жай сөйлем синтаксисі" атты 
окулығы жаңа мазмұнда, мол фактілер негізінде жазылған оқулық. Онда тіл біліміндегі соңғы 
теориялық тұжырымдамалар, қазақ тіл біліміндегі соңғы нәтижелер ескерілген.
Оқулық қазақ тілі синтаксистік жүйесінің байлығы мен икемділігін студенттерге жан-
жақты таныстыра келіп, жай сөйлем жүйесі біртұтас құбылыс ретінде көрсетіледі. Бұған дейін 
тілде орныққанмен, зерттеушілер назарынан тыс қалып келген синтаксистік амалдар накты 
талданады. Оқулық қазақ тілі мамандарын жаңа нарықтық жағдайға сай дайыңдауға, олардың 
біліктілігін, практикалық қабілетін жоғары сатыға көтеруге негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет