139
Соңғы сөз орнына.
Әліпби-жұмбақ
«Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, g, ğ, d, j, k, q, l, m, n, ñ, p, r, s, t, v, f, h, ş, z»
Мынау соңғы ұсынылып отырған еміле-ережедегі «дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі»
деп берілген нұсқау.
Енді жұмбақ: осы тізбекте қазақтың екі төл дауыссыз дыбысы да, ол екеуінің әрібі де жоқ,
кәне кім бұрын табады?
Әрине табуға болады, онда неге екі төл дауыссыздың таңбасы жоқ? Өйткені «үнемшілдер»
таңба санын «үнемдеп», төл «й» дауыссызымызды орыс тілінің дауысты «и» таңбасына
қосақтап латын үлгісінде «і» деп жіберді. Жіңішке әуезді төл «і» дауысты дыбысымыз, жоға-
рыда айттық, дәстүрлі өз таңбасынан айырылып қалды. Төл «у» дауыссызымызды «үнемдеп»
орыс тілінің «у» дауыссызына қосақтап латын үлгісінде «u» деп жіберді. Ал «і» әрібі де, «u»
әрібі де
дауысты дыбыстардың таңбасы, оларды апарып дауыссыздардың таңбасының
қатарына қоса алмай мүшкіл болып отыр. Сөйтіп мүшкіл әрекеттен мүкіс еміле туындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: