Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/31
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

Литература 
1. Рыбакова Г Н. Об использовании парцелляции в комических и сатирических текстах. Крас-
нодар, 1986. Рукопись деп в ИНИОН АН СССР № 26059 
2. Люшневская О А Парцеллированные конструкции в текстах С. Довлатова Курсовая работа // 
Электронный ресурс URL: http://ru.convdocs.org/docs/index-71353.html?page=3 
3. Сковородников  А.П.  О  системе  экспрессивных  синтаксических  конструкций  современного 
русского языка [Текст] / А.П. Сковородников // Русский язык в школе. – 1982. – № 1.  
4. Рачковская Л. А. Функционирование парцеллированных структур в художественных текстах 
современного немецкого языка: автореф. дисс. … канд. филол. наук. М., 2002.  
5. Сербина  Т.  Г.  Парцелляция  как  особое  синтаксическое  явление  в  языке  современных  газет 
Дисс канд фил наук Львов, 1980 
6. Стилистика русского языка: жанрово-коммуникативный аспект стилистика текста. / Под ред. 
А.Н. Кожина. – М.: Наука, 1987. – 240 с. 
7. Голикова Н.  Н. Функциональные свойства явления  присоединения в немецком языке: дисс. 
канд. филол. наук. Минск, 1986. 183 с. 
8. Функции парцеллированных конструкций в немецких художественных текстах Л.В. Фадеева 
// Электронный ресурс URL: http://www.vestnik.mgimo.ru/fileserver/16/37_fadeeva.pdf  
9. Иванчикова  Е.А.  Парцелляция,  ее  коммуникативно-экспрессивные  и  стилистические  функ-
ции.  Морфология  и  синтаксис  современного  русского  литературного  языка.  –  М.;  Наука,  1968.  – 
293 с.  
 
 

83 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІ 
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ 
 
Г.Ә. Калымова 
№30 ЖОМ, Павлодар қ. 
 
Ғылымды  сүйген  және  жақсы  меңгере 
білген  мұғалім  ғана  оқушыларына  терең  де 
мағыналы білім бере алады. 
Д.И. Менделеев 
 
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, 
сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру 
мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани  азаматтылық,  адами 
келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі. 
Ұстаз  үшін  ең  негізгі  мақсат  –  әр  сабағын  түсінікті,  тартымды,  тиімді  өткізу. 
Оны  жүзеге  асырудың  бір  жолы  –  заман  талабына  сай  ақпаратты  технологияларды 
қолдану.  Білімді  әрі  сауатты  адамдар  –  бұл  ХХІ  ғасырда  адамзат  дамуының  негізгі 
қозғаушы  күші.  Ал  баланың  жеке  тұлға  ретіндегі  дамуы,  өзіндік  көзқарасының 
қалыптасуы,  ой-өрісінің  кеңеюі  мектеп  қабырғасында  басталады.  Қазіргі  мектеп- 
тердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. 
Демек,  баланың  білімі  ерекше  болуы,  ол  білімнің  нәтижелі  болуы  пән  мұғалімінен 
жауапкершілікті  талап  етеді.  Бүгінгі  таңда  адамзаттың  ақпараттық  мәдениетінің 
дамуы  білім  алуда  өте  маңызды  рөл  атқарады,  оның  себебі  –  ғылыми-техникалық 
ақпараттың  көлемі  екпінді  өсуіне  байланысты.  Ақпараттық  технологиялардың 
барлық  жаңалықтарын  ең  бірінші  балалар  қабылдайды,  сондықтан  балалардың 
жоғары  танымдық  қызығушылығын  пайдаланып,  олардың  жеке  тұлға  ретінде 
дамуын қалыптастыру. 
«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 
стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп  Елбасымыз  атап  өткендей, 
жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен 
оның  тиімділігін  арттырудың  маңызы  аса  зор.  Себебі  ақпараттық  технология  ғана 
жаңа  педагогикалық  технологиялардың  мүмкіндіктерін  іске  асыра  алады.  Оқушы–
оқу  үрдісінің  басты  субъектісі,  сондықтан  баланың  дамуына,  оның  ойлау  қабілетін 
дамытуға  оқушы  мен  оқытушының  өзара  ынтымақтастығы  оқу  процесіне 
қалыптастыру  мен  әр  түрлі  оқу  іс-әрекетін  қамтитын  оқыту  әдістерінің  үйлесімдігі 
нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс. [1, 145 бет.] 
Қазіргі  таңда  жеткіншек  ұрпақ  –  мектеп  оқушыларына  білім  беруге  ерекше 
көңіл  бөлініп  келетіні  белгілі.  «Халықтың  кемеліне  келіп  өркендеуі  үшін,  ең 
алдымен  азаттық пен  білім  керек»  деп  көрегендікпен  Шоқан  Уәлиханов  айтқандай, 
халқымызды  кемеліне  келтіру  үшін  жастарымызды  білімді,  мәдениетті,  Отанын, 
тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға – әрбір ұстаз міндетті. [2, 78 бет. ] 
Кез-келген  пәнді  оқытуда  ұстаздарға  қойылатын  басты  талап  –  жаңа 
технологиялық  әдістерді  қолдана  отырып,  оқушыларға  сапалы  білім  беру  «Жаңа 
ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру 
саласында  компьютердің  қолданыла  бастауымен  тығыз  байланысты.  Көптеген 
электронды  оқулықтар  мен  оқу  бағдарламалары,  мультимедиалық  оқу  бағдарлама- 
лары  жасалады  және  жасалып  та  жатыр.  Сондықтан,  бүгінгі  таңда  қазақ  тілі  пәні 
мұғалімдерінің  кәсіби  құзырлылығы  құрылымынан  оқытудың  ақпараттық  – 
коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. 

84 
 
Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегеніміз  –  білім  беру  ісінде  ақпараттарды 
даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер 
болып табылады. 
Оқытудың  АКТ  және  олардың  қолданудың  мүмкіндіктері  В.С. Герушинский, 
В.М. Левина,  Е.И. Машбиц,  Г.Н. Нұрғалиева  т. б.  ғалымдарының  еңбектерінде 
зерттелген.  Аталған  еңбектер  білім  беру  процесінде  АКТ-ны  қолданудың  психоло- 
гиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. 
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ пайдалану жолдары 
Қазақ  тілі  сабағында  ақпараттық  технология  арқылы  берілетін  білім  оқу 
материалын  жүйелі  беруге,  ақпаратты  көруге,  есте  сақтауға,  қатысымдық  тұрғыдан 
меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді. 
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық және  коммуникативтік технологиялардың 
мүмкіндіктерін қолдануда төмендегідей нәтиже беруде: 
Ілімділік  оқу  материалын  оқу  бағдарламасы  бойынша  ғылыми  негізінде  ең 
жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы 
түрде қолдана білуі; 
Ақпараттық  технология  мүмкіндіктерін  қолданып,  өз  бетімен  білімін 
толықтыруға дағдылануы; 
Игерген  материалдарын  шығармашылықпен  талдап,  өңдеп,  қорытындылап,  өз 
көзқарасын қорғай алуы; 
Жеке  қабілеттеріне  қарай  шығармашылық  жұмыстарға  белсене  араласып, 
белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы; 
Ілімді  жаңалық  ашуға  немесе  ілімді  іс  жүзінде  қолданудың  жаңа  жолдарын 
іздеуге ұмтылуы тиіс. 
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: 
Интерактивті тақта; 
Мультимедия; 
Интернет кеңістігі; 
Электронды оқулық. 
Интерактивті тақтаны пайдалану. 
«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым, 
Көрсетсең – есте сақтаймын, 
Іске кіріссең – үйренем», деген екен қытай даналығында. [3, 146 бет.] 
Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған 
сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. 
Интерактивті  тақта  –  топтағы  оқушылардың  барлығын  оқыту  үшін  құнды 
құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге 
көмектесетін  көзге  көрінетін  құнды  құрал.  Оның  ақпаратты  түрлі  мультимедиялық 
ресурстар  көмегі  арқылы  танысуға  мүмкіндігі  зор.  Ол  сызбаларды  түсіндіруді 
жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа 
ойларын,  идеяларын  әсерлі,  тартымды  етіп  көрсету  үшін  осы  тақтаны  қолданса 
мақсаттарына  жетеді.  Бұл  тақтада  оқытушылармен  жаңа  материалдарды  бірігіп 
талдауға  мүмкіндігі  зор.  Зерттеулер  көрсеткендей,  түрлі  ресурстарды,  қызықтыру- 
ларды  ұлғайта  отырып  қолданса,  оқытушылар  үшін  де,  оқушылар  үшін  де 
интерактивті  тақта  сабақты  қызықты  ететіні  анықталды.  Интерактивті  тақтамен 
дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта 
топтағы  барлық  оқушылардың  басты  назарына  айналады.  Ал  егер  де  керекті 
материалдардың  барлығы  алдын  ала  дайындалып,  түсінуге  оңай  болса,  сабақтың 
жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді Электронды оқулық құралдар. [4, 222 бет.] 
Электронды  оқулықтар  оқушының  бiлiм  сапасын  бақылау  жүйесiн  өзгертуге 
мүмкiндiк  жасайды.  Дәстүрлi  оқытуда  әр  оқушы  оқытушы  тарапынан  бақылау  өте 

85 
 
жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң 
әр  кезеңін  бақылай  алады.  Тiптi  кейде  тапсырманың  дұрыс  орындалуын  ғана 
қадағалап  қоймай,  қате  орындаған  жағдайда  оқулықтың  тарауына,  керектi 
тақырыбына  немесе  қажет  ақпарға  сiлтемелер  берiп  отырады.  Бұл  оқушы  үшiн, 
бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты 
түрде  бақылап,  әдiл  бағасын  беруге,  оқушыға  қажетiне  қарай  кеңес  беруге,  сол 
жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. 
Қорыта  келе  айтарым,  оқу  үрдiсiнде  электронды  оқулықты  қолданудың 
маңызы  өте  зор.  Тiл  үйренушi  электронды  оқулықпен  сабақ  бойы  үздiксiз 
байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына 
сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – 
оқытудың  жаңа  технологиясының  бір  түрі  ретінде  қарастыруға  болады  Қорыта 
келгенде,  ақпараттық  технологияның  тиімділігі  –  оқушылардың  білім  олқылық- 
тарына  үнемі  зерттеу  жасап,  түзету  жұмыстарын  жүргізуге  пайдасы  бар  екендігі 
анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, 
ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. [5, 39 бет.] 
Демек,  компьютер  оқушылар  мен  мұғалім  жұмысын  ұйымдастыруда  кең 
мүмкіндіктерге  ие,  оқытудың  әдістерін  кеңінен  әрі  сапалы  қолдануға  мүмкіндік 
береді.  Ендеше,  ақпараттық  технологияны  сабақта  қолдану  оқушының  іс-әрекетін, 
жұмысын  түрлендіруге  көмектеседі,  зейінін  белсендіреді,  жеке  тұлғаның  шығарма- 
шылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы 
жасалатын  тест  тапсырмалары  уақытты,  шығынды  үнемдеуге  көмектесе  отырып 
оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім 
алуын  қамтамасыз  етіп,  әр  түрлі  білім  көздерінен  негізгісін  бөліп  алу,  тауып  алу 
дағдыларын  дамытады.  Әрбір  оқушының  білім  деңгейін  талапқа  сай  көтеру  үшін 
озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен 
қаруланған,  заман  талабына  сай  оқытудың  жаңа  әдістерін,  яғни  ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының 
сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. 
 
Әдебиеттер 
1. Жантелова  К.  Қазақ  тілін  ақпараттық  технологиялар  жүйесімен  үйрету  //  Қазақстан 
мектебі. – 2013. – №3. 
2. Нұрмағамбетова Ә.М. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны  оқу үрдісінде пайдалану 
// Педагогикалық альманах. – 2010. – №3–4. 
3. Ғабитқызы  А.  Кәсіби  құзыреттілік  және  жаңа  ақпараттық  технологиялар  //  Қазақстан 
мектебі. – 2012. – №11. 
4. Ибраимова Б.  Ақпараттық  технология  –  нәтижелі  білім  берудің  көзі  //  Қазақстан  мектебі.  – 
2012. – №6. 
5. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
 
 

86 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ –  
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
Қ.Қ. Капашева 
«Зерде» дарынды балалар мектебі, Екібастұз қ. 
 
Әлемдік  деңгейде  кең  қанат  жайып  келе  жатқан  ғаламтану  үрдісінде  әр 
халықтың  өзіндік  бет  –  бейнесін  сақтап  қалуымен,  ұлттық  ерекшеліктерді  қазіргі 
өркениет  талаптарына  сай  жетілдіру  мәселесі  зор  маңызға  ие  болып  отыр.  Жалпы 
білім  беретін  қазақ  орта  мектептеріндегі  негізгі  пәндер  ретінде  ұлттық 
құндылықтарды  сіңіруде  филология  пәндерінің  орны  қай  кезде  болмасын  ерекше 
болған.  Ал  жаңа  оқу  үрдісінде  бұл  пәндердің  маңыздылығы  бұрынғыдан  да  арта 
түспек.  Ендеше  қазіргі  кездегі  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  баланың 
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын пайдалануға ұмтылуы. 
Сондықтан  болар  оқушылардың  функционалдық  сауаттылықтарын  дамытуда  білім 
беру  нәтижесінің  мәні  зор  және  ол  басты  міндет  болуға  тиісті.  Өйткені 
функционалдық  сауаттылық  білім  беру  үрдісіне  қатысушы  әрбір  баланың  пән 
көлемінде және жалпы орта білім беру аяқталғанда «Неге үйрендім?» деген сұраққа 
жауап  бере  алатындай  етіп  құрылуына  байланысты  жүзеге  асады.  Функционалдық 
сауаттылық-  мақсатты  анықтауды,  білім  мазмұнын  таңдауды,  оқу  үрдісін 
ұйымдастыруды,  білім  беру  модульдерін  талдау  және  нәтижені  бағалауды  дара 
тұлғаның  дамуымен  бірлікте  қарастыруды  көздейтін  ғылыми  ізденістердің  жемісі. 
Функционалдық  сауаттылық  –  оқушылардың  іс-әрекеттің  әмбебап  тәсілдерін 
меңгеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі.  Елбасы  дұрыс  айтады,  «білім  беру  тек  қана 
оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу 
қажет».  Оқушыларды  бірінші  сабақтан  бастап  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін 
(айтылым,  жазылым,  тыңдалым,  оқылым,  тілдесім)  меңгерте  білу;  Оқушылардың 
алған  білімдерін  өмірде,  кез-келген  жағдайда,  әлеуметтік  ортада  қолдана  алуға 
үйрету;  Мемлекеттік  тілде  ауызша,жазбаша  қарым-қатынас  жасау;  Әлеуметтік 
талаптарына  сай  келу  үшін  оқушының  ақпараттық  технологияларды  қолдану  және 
проблемалардың  шешімін  таба  алуға  үйрету;  Оқушылардың  өзгермелі  өмірге 
бейімделуіне үйрету; Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы; Оқушылардың 
әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы; Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, 
тарихын  түсіну  және  құрметтеуге  баулу.Халықтың  тілі  –  ұрпақтар  арасын 
жалғастырар  алтын  көпір,  ақыл  –  ойдың  түйінін  танытар  асыл  қазына  осы  әдемі 
әлемді  оқушы  бойына  мектеп  қабырғасында  қалау  –  міндетіміз.  Қазақ  тілі  пәні 
мектепте  екі  түрлі  мақсатта  оқытылады:  1) Танымдық,  яғни  тілдің  жүйесі  туралы 
білім беру; 2) Практикалық, яғни алған білімдерін өмірде қолдана алу; Біздің негізгі 
субъектіміз – оқушы болғандықтан жеке тұлғаны өз бетімен жұмыс жасауға, өзін – 
өзі зерттеуге ынталандыру қажет. Сабақ үстінде оқушы өзінің  қаншалықты түсініп, 
ұғып отырғанын сезгенде және өзіне өзі  іштей есеп бергенде ғана оқыту  ісі жемісті 
болмақ.  Оқушыларды  осындай  ыждағаттылыққа  тәрбиелей  алған  мұғалімнің  ісі  де 
сәтті болады. Сабақ жүйесінде қай нәрсені оқушылар дұрыс тануы үшін көру, есту, 
түсіну  сияқты  қабылдау  ерекшеліктерін  ойластырып,  сол  нәрсенің  жан-жақты 
байланысын сездіре отырып, түсіндіру керек.  
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны 
өз дәрежесінде пайдаланудың – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте 
зор.  «Оқыту  үшін  бағалау,  оқу  үшін  бағалау»  Қазақ  тілінің  жаңа  оқыту  әдістері 
арқылы  біз  білім  деңгейі,  ой-өрісі  дамыған,  тіл  арқылы  өз  ойын  еркін  жеткізе 
алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ 
тәрбиелейміз.  Оқушылар  оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым  дағдыларын 

87 
 
қалыптастыра  отырып,  еркін  қарым-қатынас  жасауға,  сын  тұрғысынан  көзқарасын 
білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады.Қазақ тілінде берілген 
кез келген ақпараттарды тиімді  қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. 
Әрбір  оқыту  әдісі  белгілі  бір  мақсатқа  жетудің  құралы  болып  табылады.Тілді 
кіріктірілген  бағдарлама  арқылы  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  сөйлеу  әрекетінің 
түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) меңгерте білу. 
Тыңдалым  дағдысы  бойынша:  негізгі  ойды  түсіну;  ақпаратты  анықтау; 
түсінгенін практикада қолдана білу; ақпаратқа өз көзқарасын білдіру; ой қорыта білу 
дағдылары. 
Айтылым дағдысы бойынша: белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру өз 
көзқарасын дәлелдеу; шешім шығару, қорытынды пікір жасау; зерттеушілік (анализ, 
синтез); ақпаратты өңдеу дағдылары. 
Оқылым  дағдысы  бойынша:  мәтіндегі  негізгі  және  қосымша  ақпаратты 
ажырата  білу;  астарлы  ойды  анықтау;  шығарма  кейіпкерлерін  салыстыра  білу; 
зерттеп оқу; сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары. 
Жазылым  дағдысы  бойынша:  тақырыпты  аша  білуі;  өз  ойын  сыни  тұрғыда 
дәлелдеуі; қорытынды шешім шығаруы; өз көзқарасын дәлелдеуі; цитатамен жұмыс 
істеу  дағдылары  бағаланады.  Осы  дағдыларды  қалыптастыруда  мына  әдіс-
тәсілдерді пайдалануға бола алады: оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, 
өзіндік  мүмкіндіктерін  ескеру;  барлық  оқушының  сабаққа  белсенді  қатысуын 
қамтамасыз  ету  үшін  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқыту;  өзін  ойын  жеткізу, 
өзіндік  таңдау  жасауына  мүмкіндік  тудыра  отырып,  оқушының  танымдық  және 
шығармашылық  қабілетін  дамыту;  проблемалық  оқыту  арқылы  оқу  материалын 
өмірмен  байланыстыра  отырып,  оқушыларды  білімді  өз  бетімен  меңгеруге 
талпындыру; сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану; мақсат қою, мәселені 
зерттеу,  жауап  іздеу,  мәселені  талқылау,  ой  қорытындылау;өз  ойларын  ашық  айта 
білетін  азамат  тәрбиелеу;  ұжымдық  оқыту  технологиясысының  мақсаты  – 
оқушының  қабілетін  дамыту,  еңбек  етуге  баулу,  ұйымшылдық  қабілеттерін  ояту, 
ынтымақтастыққа  тәрбиелеу,  өзін-өзі  басқару.  жаңа  идеялар  ұсынуда  және  жаңа 
мүмкіндіктерді  көруде,  мәселелерді  шешуде  ұжымдық  оқыту  технологиясының 
маңызы  зор;  Оқушы  өзінің  көзқарасын  қалыптастырып,  басқалардың  да  пікірін 
ескереді;  
Сабақты  өткізуде  мұғалім  ескеруі  қажет:  сабақтың  мақсаты  мен  күтілетін 
нәтиже  анық  болу  керек;тілдік  төрт  дағдыны  (оқылым,  тыңдалым,жазылым, 
айтылым) дамыту; белсенді оқыту түрлерін қолдану  арқылы оқушы  уәжін арттыру; 
мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  кері  байланыс;  оқу  жетістігін  критериалды  жүйе 
арқылы бағалау. 
Нәтижесінде 
оқушылардың 
бойынан 
мынадай 
өзгерістер 
байқалды: 
Ынтымақтастыққа  үйренеді;  Жеке,  жұппен,  топпен  жұмыс  істеуге  үйренеді;  Өз 
ойларын  еркін  жеткізуге  үйренеді;  Өзіне  өзі  баға  беруге,  сыныптастарын  бағалауға 
үйренеді;  Бір-бірін  тыңдауға,  талдауға,  салыстыруға,  сабақты  қорытындылауға, 
қорғауға  үйренеді.  Қазіргі  кездегі  барлық  білім  берудің  жаңа  әдіс-тәсілдерінің 
алдына  қоятын  басты  мақсаты  –  білім  алушының  жеке  басының  дара  және  дербес 
ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып,  шығармашылығын 
қалыптастыру  болып  табылады.  Ал  оқу  мақсаттары  белсенді  оқыту  топтық,  жеке, 
жұптық  жұмыс  түрлерін  қолдану  арқылы  іске  асырылады.  Мұғалімнің  іс-әрекеті 
оқушыны  бақылауға,  бақылау  нәтижесін  өңдеуге,  бағыт-бағдар  беруге,  күтілетін 
нәтижені  анықтауға  арналады.  Оқушының  іс-әрекеті  өз  көзқарасын  салыстыруға, 
топтық,  жұптық  жұмыста  бірлесе  шешім  шығаруға,  өз  жетістіктерін  бағалауға 
арналады.  Белсенді  оқыту  тілдік  дағдыларды  қалыптастыруда  –  оқытуды  дамыту, 
өздігінен  дамитын,  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын,  өзін-өзі  жетілдіретін  тұлға 

88 
 
қалыптастыруға  негіз  болады.  Сонымен  қатар,  білім  алушылардың  өз  бетімен 
ізденуін  арттыру  мен  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  ықпал  етеді.  Сабақ 
процесі  оқушыны  белсенді  іс-әрекетпен  белсенді  ойлауға,  белсенді  оқытуға 
бағытталады. Қорыта келе, белсенді оқыту арқылы – білім алушының жеке басының 
дара  және  дербес  ерекшіліктерін  ескеріп,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып, 
шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.  
 
Әдебиеттер 
1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002.  
2. Мухамадиева Н.Қ., Үстемір Н.Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002.  
3. »Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. – 2000–2006. 
4. Көкшетау  қаласындағы  физика-математика  бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің 
қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімдерінің  бірігіп  шығарған  «Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа  әдістері» 
жинағы, 2013 ж. 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰСТАЗДЫҢ РӨЛІ 
 
А.Е. Қырықбесова, Ж.Н. Табуктинова 
Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық  
институтының колледжі, Екібастұз қаласы 
 
Бүгінгі  жас  ұрпақтың  алдында  әлемдік  стандартқа  негізделген  білім  алу 
жауапкершілігі тұр. Ұстаз шәкіртінің жеке дамуын қамтамасыз етуде үнемі ізденісте 
болу  қажеттілігі  айқын  көрінеді.  Оқу  орынды  бітіріп  шыққан  түлек  өзіне  сенімді, 
білімді  өздігінен  алатын,  өз  елінің  патриоты  болатын,  коммуникабелді  болуы  тиіс. 
Сондықтан  қоғам  әрдайым  мұғалімдерге  жоғары  талаптар  қояды,  сол  талаптардың 
бірі  –  бүгінгі  педагогтар  қауымының  алдында  оқушының  функционалдық 
сауаттылығын арттыру, рухани өсуіне жағдай жасау. 
ХХІ  ғасырдағы  оқушыны  сапалы  біліммен  қамтамасыз  ету  үшін  мұғалімге 
алдымен оқушының функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар 
жиынтығын дамыту маңызды болып отыр. 
Білім беру саласы қызметкерлері алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – 
оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және 
қазіргі  заманғы 
педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық 
және интерактивтік әдістемелерін пайдалана отырып оқушылардың функционалдық 
сауаттылығының дамуына ықпалын тигізуде. 
Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор 
тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке 
басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  [1,  23-34б.]  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағыт- 
талған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын 
енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желіге шығу» деп атап көрсетілген. 
Елбасының  тапсырмасы  бойынша  функционалдық  сауаттылықты  дамытудың 
жалпы  бағдары  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [2, 4б.] анық көрсетілген.  
Білім  беру  жүйесін  жаңартуға  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев  «Әлеуметтік-
экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 

89 
 
халқына  Жолдауында  [3,  7 б.]  ерекше  атап  өтсе,  «Қазақстан-2050»  стратегиясы: 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында  білім  беру 
саласындағы  басымдықтарды  қадап  айтты.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім 
беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани 
тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде 
әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  болып  табылады.  Білім  беруді  жаңарту  оқушы  білімін  ғана  емес, 
оларды  қолдану  дағдыларын,  атап  айтқанда  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастырады.  
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  –  бүгінгі  заманның 
талабы.  Болашақ  азамат  өз  ұлтының  асыл  мұрасын  сусындау  арқылы  туған 
халқының  тарихымен, мәдениетімен  жете  танысып,  білімін  кеңейтеді.  Қазақ  тілінің 
грамматикасын  терең  меңгерген  оқушы,  қоғамның  кез-келген  саласында  қиналмай 
жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.  
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе 
алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай 
алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі 
бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  саналатын  және  оның  әлеуметтік 
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан 
құралады.  Ал  кең  мағынасында  ол  тек  білік  пен  білімділік  әлеміне  барудың  жолы 
ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік 
дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық 
сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.  
Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық 
дегеніміз  –  адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге 
белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына,  жасына 
қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына,  жасына  қарамай  үнемі  білімін 
жетілдіріп  отыруы.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде 
Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған 
азаматын  қалыптастыру,  оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі  болып  табылады. 
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 
– белсенділік; 
– шығармашылық тұрғыда ойлау; 
– шешім қабылдай алу; 
– өз кәсібін дұрыс таңдай алу; 
– өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда  қазақ  тілінің 
функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі  басты орында болуы керек. 
Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту. Осы 
ретте, қазақ тілі мен  әдебиеті пәнін  дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың 
шеберлігі,  яғни  шығармашылық  пен  жауапкершілікті  ұштастырып  сабақ  өтуі,  бұл 
заман  талабынан  туындап  отырған  мәселе.  Жоғары  деңгейде  сабақ  беретін 
оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынында өз жолын адаспай табады, 
азамат болып қалыптасады.  
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық 
технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының 
дамуында  басты  рөл  атқарады.  Жаңа  технологияларды  меңгеру  мұғалімнің 
зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами 
келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін 
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

90 
 
Бүгінде  жаңаша  ойлай  алатын  мұғалім  мәртебесі  де  жоғары  болмақ,  ол 
оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыра алатын жаңа 
формациялы мұғалім. Сол себепті білім кеңістігінде  «Жаңаша мұғалім қандай  болу 
керек? Өскелең ұрпақты қалай және неге үйрету керекпіз?» деген сұрақтың өзектілігі 
арта  түспек.  Ол  үшін  алдымен  мектеп  бітіріп  шыққан  оқушының  табысты  болып 
қалыптасуына кәсіби білімді мұғалім қажет [4, 14 б.]. 
Қоғамның қойып отырған талаптары да осы, ал қоғам талаптарына сәйкес болу 
үшін  мұғалім  өзінің  білімін  жетілдіре,  мінез-құлқын  тәрбиелей,  шығармашылық 
даму  шараларын  жүзеге  асыра  білуі  керек.  Нағыз  мұғалім  –  өзін-өзі  дамытып 
отыратын  тұлға.  Мұғалімнің  кәсіби  дайындығы,  білім  мен  біліктері,  оқу  үрдісінің 
дұрыс  бағытта  жүруі  тек  шығармашылық  қызмет  арқылы  жүзеге  асатыны  белгілі. 
Сонымен  қатар  жаңа  технологияларды  кеңінен  пайдалану  да  маңызды  болып отыр. 
Бүгінде  жаңа  технологияны  меңгеруде  мұғалімнің  жан-жақты,  білімі  қажет.  Жаңа 
технологияларды  өз  тәжірибесінде  тиімді  қолданып  жүрген  ұстаздар  ғана 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта алады [5, 27 б.].  
Сондықтан  бүгінгі  оқушының  функционалдық  сауаттылығын  арттыруда  жаңа 
формациядағы мұғалім бойында төмендегі кәсіби құзыреттілігі болса мақсатымызға 
бірге жетпекпіз, ол: 
– оқушыларға  қамқорлық  көрсете  білетін,  оған  ықпал  жасай  алатын  және  өз 
бетінше шешім қабылдауда бағыт-бағдар беретін; 
– әрбір  оқушының  пәнді  түсінуді  қалай  құрылымдау  қажеттігін  ойластыра 
білетінін  сезінетін,  осы  көзқарастар  тұрғысынан  білімі  мен  тәжірибесін  қалып- 
тастыратын; 
– оқушының  білім  беру  бағдарламасы  деңгейлері  бойынша  ілгері  жылжуын 
өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен 
түсінігі бар;- оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, 
өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін; 
– оқушылардың  игерген  білімі  мен  оқушылар  мойындаған  «Біз  қайда  бара 
жатырмыз?»,  «Қандай  іс-әрекет  жасау  керек?»,  «Одан  әрі  не  істеу  керек?»  деген 
сияқты  табыстылық  өлшемдері  арасындағы  алшақтықты  жою  үшін  не  істеу  керек 
екенін білетін; 
– бастапқы  идеядан  өзге  идеяларды  өрістете  байланыстыратын  және  сол 
идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, 
толықтырып,  тереңдетіп  бере  алатын  мұғалімдер.  Бұл  құзыреттіліктер  деңгейлік 
бағдарламада көрсетілген. 
Белгілі  педагог  К. Ушинскийдің  «Мұғалім  –  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп 
отырғанда  ғана  мұғалім,  ал  оқуды,  іздеуді  тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де 
жойылады» – деген пікірін негізге ала отыра мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар 
аудару қажет. 
 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал