Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
3. Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012.
4. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.
5. Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2000.
91
ЛЕКСИКА ТАРАУЫН САТЫЛАЙ КОМПЛЕКСТІ ТАЛДАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Н.Қ. Нуртаева
«Зерде» дарынды балалар мектебі, Екібастұз қ.
Тілдің фонетикалық және грамматикалық жүйелері мен құрамына қарағанда,
тілдің лексикалық құрамы әлдеқайда күрделі де көлемді, өзгеріске бейімделгіш
келеді, үнемі дерлік даму, жетілу, баю, толығу процесінде болады. Тіл – тілдің
лексикалық ерекшеліктерін жан-жақты және өзара байланысты түрде қарастыры-
лады. Мәселен, тіл білімінің үлкен саласы лексикологиялық негізгі объектісі – сөз
десек, тілдегі сөз тағдыры мен қыр – сырының өзін алуан түрлі жағынан сөз
мағынасы, сөз мағынасының ақиқат шындыққа қатысты, сөз жасау амал – тәсілдері,
сөздердің басқа бір топтарымен байланысы, сөз топтарына қатысы, сөз мағына-
ларының концептуалды шендестігі, семантика – фразеологиялық байланыстары,
сөздердің сөйлеу контексіне, стилистикалық сипаттарына қарай байланысы т.б
айқындап, саралау керек болады. [12] 4-бет.
«Қазақ тілінің» сөздігінде «Екі» деген сөздің бір өзінің 4 тура мағынасы
берілген: есептік сан есім, мөлшер, шама, өлшем, қос, жұп; ең төменгі баға;
контекстке, фразеологиялық байлаулы мағынасына байланысты беретін 64 ұғымы
көрсетілген. Мысалы: «екі елі ажырамау», «екі жүзді», «екі көзі төрт болды», «екі
қолға бір жұмыс», «екі оттың ортасында», «екі ұшты болды» т.б.
Тілдегі әрбір сөз белгілі ұғымның, түсініктің атауы болады. Әрбір сөздің
білдіретін ұғымы сөз мағынасы деп аталады. Әрбір сөздің беретін екі мағынасы
болады: а) сөздің лексикалық мағынасы, ә) сөздің грамматикалық мағынасы.
Сөйлемдегі сөздердің беріп тұрған негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің
сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына деп аталады. Сөзде лексикалық
мағына біреу болады да, ол сөздің түбір тұлғасы арқылы көрінеді. [1] 9-бет.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың біздің санамызда бейнеленуінің
нәтижесінде пайда болатын сөздің ішкі мазмұны, сөздің о бастағы негізгі мағынасы,
сөздің о бастағы негізгі мағынасы лексикалық мағына деп аталады. Тілдегі сөздерді,
олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық тұрмыстың сала – салаларымен
байланыс қатынасын, сондай-ақ жеке сөздердің лексикалық мағыналарын, сөздердің
шығу тарихы мен мағыналарының даму, қолданылу өзгешеліктерін лексикология
ғылымы зетрттейді. Сөздің лексикалық мағынасы жеке тұрып – ақ көрініс бере
алады. Сондай – ақ, сөз бірнеше лексикалық мағына да білдіреді. Бірақ сөз сөйлемде
қолданылғанда, ол қаншама көп мағыналы болғанымен, оның бір ғана мәнінде
жұмсалып, бір ғана мағынасын білдіріп тұрады. Сондықтан да сөзде бір ғана
лексикалық мағына болады. [8] 5-бет
1978 жылдан бастап қазақ тілі методикасының лексика бөлімі де бірсыпыра
зерттелінді. Бұл салада А. Айғабыловтың «Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері»
(1980) т.б. еңбегі жарық көрді.
Соңғы ғылыми ізденістердің ішінде қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыс-
тарының түрлері әр тарауда сараланып, оларды тиімді жүргізуге қолданылатын
әдіс – тәсілдер қарастырылған Қ. Түсіпованың «Қазақ тілін оқыту» оқулығын атап
өтуге болады.
Қазақ тілі бойынша талдаудың мынадай түрлері бар: 1) фонетикалық талдау;
2) лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; синтаксистік талдау; т.б. [10]
36-бет.
Аталған білім, біліктілікке қол жеткізу үшін қандай әдіс – тәсілдерді қолданған
тиімді деген сұрақ пән мұғалімдерін толғандырады.Әрине, білім кеңістегінде бүгінгі
92
күні бірнеше жаңа технологиялар белігілі және оқыту үрдісінде сәтті қолданылып
жүр. Солардың ішінде Қазақстанның төл технологиясы аталған – сатылай
комплексті талдау технологиясына ерекше тоқталамыз.
Ж. Аймауытовтың «Комплекспен оқыту жолдары» (1929 ж.) еңбегінде
«Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді, тақырыптың, бір пікірдің төңірегіне жинап,
қосып, түйдектеп, біріктіруді комплекс деп атайды»
Тәжірибе жұмысы көрсеткендей тілдік материалды сатылай комплексті талдай
меңгерту – оқушылардың білімін тереңдетіп, берілген білімнің ұзақ уақыт естерінде
сақталатындығын көрсетті. [9] 109-бет
Сатылай комплексті талдау республикалық барлық мектептерде қазақ тілін
оқытуда кеңінен қолданылып келеді. Талдаудың бұл түрі өткен, қазіргі және кейінгі
материалдарды өзара бірлікте игеруге мүмкіндік береді. Сатылай комплексті талдау
арқылы оқушының қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау, сөйлеу дағдысы
қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі. [7] 3-бет
5-сынып оқушысы 10–11 жастағы бала. Ғылыми тұрғыдан балалар психикасы-
ның дамуы кезеңдерге топтастырылған. 11–16 – жеткіншек жасы. Оқытудың
ықпалынан бұл жаста баланың ой – өрісі мен қиялдары кеңінен өріс алады.
Жеткіншектің жады мен есі недәуір дамыған. Мазмұнды мағынасына қарай есінде
қалдыруды ұнатады. Сонымен қатар ол есіткенін көпке дейін де сақтап, қажет деген
мезгілде есіне жақсы түсіре алады. Жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды
топтастыру, нәрселердің себебін және олардан шығатын нәтиже мен олардың өзара
байланысын білу кеңінен өріс ала бастайды. Жеткіншек кіші оқушыға қарағанда
оқуға недәуір төселіп қалады. [11] 113-бет
Мұғалім
оқушылардың
есін
тәрбиелеуде
олардың
жас
және
дара
ерекшеліктерін қатты ескереді. Мұндайда бағдарламалық материалдардың ішінен
аса қажетті дегендерін іріктейді, жаңа сабақтың мазмұнын әр кез оқушының
бұрыннан білетіндерімен байланыстырады, баланы алаңдататын факторларды
болдырмау жағын қарастырады, оқушылардың шамасы келмейтін тапсырмаларды
бермейді. Сабақты баланың есінде жақсы қалдыру үшін олардың мұғалім бала білуге
тиісті нәрсені үнемі көзіне көрсетіп, дұрыс қабылдай алуына қатты зер салу қажет.
[3] 143-бет.
...дети, вступающие в подростковый период, сензитивны к возникновению у
них познавательных интересов. Есть основания пологать, что именно в начале
подросткового возраста дети сензитивны к переходу в учебной деятельности на
новый, более высокий уровень, когда для подростка раскрывается смысл учебной
деятельности как деятельности по самообразованию и самосовершенствованию. (10)
296-бет
Одним из резервов повышения эффективности обучения подростков является
целенаправленное формирование мотивов учения. Формирование мотивов учения
непосредственно связано с удовлетворением доминирующих потребностей возраста.
Подростков очень привлекает возможность расширить, обагатить свои знания,
проникнуть в сущность изучаемых явлений, установить причинно – следственные
связи... [12] 229-бет
Мағыналы есте қалдыру дегеніміз – нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан
мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты. Материалды жақсы ұғынып,
терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін анықтай алу – оны
анализдей, синтездей, салыстыра, жүйелей білуді керек етеді. [3] 133-бет
Жоғарыда айтылған пікірлерді саралай отырып, лексика тарауына байланысты
саты үлгісі жүйесін жасауды қолға алдық. Мектеп оқушыларына лайықталған
лексикалық материалдардың теориялық негізі 5-сынып оқулығынан (Г. Қосымова,
Ж. Дәулетбекова) алынды. Оқулықты сұрыптай келе негізгі 6 саты анықталды. Оның
93
ішінде 1-саты екі бөліктің бірінен, 2-саты жеті бөлікті де қамтуы мүмкін, 3-саты екі
бөліктен тұрып, оқушының сөздік қорының мол болуын талап етеді, яғни бала
халқымыздың бай фразеологиялық қорын, мақал – мәтел түрінде жеткен философия-
лық тұжырымына қайта – қайта айналып соғуына бірден – бір себеп туады; 4-саты
3 бөліктің бірін таңдауды, 5-саты екі бөліктің бірін ғана атап, дәлелдеуді сұрайды; 6-
саты өзі жеке бір түсінікке ие. Міндетті түрде оқушыларға сөздің мағынасына
байланысты әлдебір саты бойында талдау жүргізілмейтіні ескертілуі тиіс. Мысалы
кейбір сөздеріміздің синонимдік қатары жоқ немесе дәл берілген сөз омоним
болмайды. Сызба – нұсқа бойынша алғашқы уақытта оқулыққа сүйене отырып,
жүйелі талдау жасап үйренген оқушы біртіндеп теориялық материалды түсіне
отырып, өз көзқарасын дәлелей талдауды үйренеді. Сыныпта бір сабақты минутпен
жарысып, жатқа талдауға да арнаған оң нәтиже береді.
Бүгінгі заман талабына сай, ақпараттық технологияларды тиімді қолдана алу –
мұғалімнің кәсіби құзырлығының белгісі. Бұл талдауды power point салып, көрсетсек
те тиімді. Ал интерактивті тақтада активстудионың қалам құралын қолданып
талдауды оқушылардың барлығы қызыға орындайды.
ҚР президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Ақпан, 2008
жыл) «Үкімет “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі
тиіс» деп мәлімденген. Ал енді сатылай комплексті талдау технологиясы да осы үш
тілге де қолайлы.
94
Алдымызда биік тау.
биік
І. «биік» сөзінің тура мағынасы – заттың сипатын білдіру.
а) Бұл сөз осы контексте тура мағынада қолданылған, себебі затты, я
құбылысты атап білдіретін бастапқы мағынасы тура мағына деп аталады.
ІІ. Мағынасына байланысты:
а) «биік»-көп мағыналы сөз,себебі сөздің екі, я одан да көп мағынаға
ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Мысалы: биік арман, биік
мінбе
б) Бұл сөздің синонимдік қатары бар: заңғар, асқар. Себебі
мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын
сөздер тобы синонимдер деп аталады.
Перед нами высокая гора.
высокая
І. Лексическое значение слово «высокая» – объем предмета.
а) В данном контексте использавано в прямом значений.
ІІ. По значению:
а) «высокая» – многозначное слово. Например: высокие мечты,
высокие трибуны.
б) Антонимическая пара – низкая;
в) Есть синоним: высокая гора – большая гора;
There is a high mountain in front of me.
high
І. description of a thing.
а) direct meaning.
ІІ. by meaning:
a) polysemy e.g. high dreams, from high tribunes
b) it has the antonym: short.
Әдебиеттер
1. Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1982. – 283 б.
2. Гамезо М.В., Матюхина М.В., Михальчик Т.С. – М.: Просвещение, 1984.
3. Жарыбаев Қ. Психология. – Алматы: Білім, 1993. – 272 б.
4. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары. – Алматы, 2002.
5. Қазақ тілі Жалпы орта білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. – Алматы:
Атамұра, 2005.
6. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы: Госплан КазССР, 1982.
7. Оразахынова Н.А. Сатылай комплексті талдау (оқушылардың лабораториялық жұмыс-
тары). – Алматы, 2002. – 360 б.
8. Оразахынова Н.А. Сатылай комплексті талдау (синтаксис). – Алматы, 2002. – 110 б.
9. Оразахынова Н.А. Сатылай комплексті талдау (сөзжасам, морфология). – Алматы, 2000. –
145 б.
10. Түсіпова Қ.Д. Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстары). – Павлодар, 2006. – 150 б.
11. Фролов Ю.И. Психология подростка. – М.: Российское Педагогическое Агенство, 1997.
12. Хасенов Ә. Тіл білімі. – Астана: Ер-Дәулет, 2007. – 126 б.
95
СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖАЗБА
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Р.Ш. Молдағалиева
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жоғарғы оқу орындарында қазақ тiлiн дамыта оқытуда студенттердiң
байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруда, тiлiн дамытуда жүргiзiлетiн
жұмыстардың iшiнде мазмұндама маңызды орын алады. Студенттер мазмұндаманы
мәтiн мазмұнын негiзге ала отырып жазады. Жазбаша мазмұндау кезiнде әңгiменiң
мазмұны ашылумен бiрге, орфографиялық жағынан сауатты жазылуы, тыныс
белгiлерiнiң дұрыс қойылуы қосымша талап етiледi. Мазмұндама жазуда мәтiн
құрамындағы сөздердi сөзбе-сөз қайталамағандарымен де, мәтiн мазмұнын тiрек
ретiнде пайдаланады, үлгiге елiктеушiлiк басым болады. Мәтiнмен жұмыс үрдiсiнде
студенттер жинақтап, талдауды және негiзгi мәселенi таба бiлуге үйренедi.
Әдiскер ғалым И.Д. Морозова мазмұндама мәтiнiмен жұмыс жасаудың
маңыздылығы мен ерекшелiктерiн ашып көрсетедi: «Работая образцами художест-
венных текстов положительно влияет на эмоциональную сферу, учит чувствовать
образ, развивают воссоздающее и творческое воображение... Углубленная работа над
текстом, предшествующая изложению повышает читательскую культуру» [1,10].
Мазмұндама тiлдiк қатынастың барлық түрi болады: мәтiндi тыңдау
(тыңдалым) және оқу (оқылым) мәтiндi ауызша айтып беру (айтылым) және жазу
(жазылым) дағдылары қалыптасады.
Орыс тiлiн, шет тiлiн және қазақ тiлiн оқыту әдiстемелерiнде мазмұндаманың
бiрнеше түрi кездеседi. Ғалым Л.З. Шакирова мазмұндаманың мынандай түрлерiн
көрсетедi:
1) мәтiннiң барлық негiзгi ойы, композициясы мен тiлдiк құралдары көрсетiл-
ген кәдiмгi, толық мазмұндамалар;
2) мәтiн мағынасына жуық, жақындау жазылған мазмұндамалар, мазмұн-
даманың бұл түрi түпнұсқаға мейлiнше жақын болуы тиiс және ондай мазмұн-
дамалар оқушылардың тiлдiк ойлауын дамытады;
3) қысқа, соның iшiнде iрiктелiнген мазмұндамалар. Мұнда кәдiмгi мазмұн-
дамаларға қарағанда көлемi анағұрлым үлкендеу мәтiндер алынады. Мұнда мәтiн
толығынан емес, тек оның жеке бөлiктерi еске түсiрiледi. Мысалы: құрғақ суреттеу,
баяндаулар түсiрiлiп қойылады да, тек оқиға желiсi ғана сақталынады;
4) мәтiн материалы өзгертiлетiн мазмұндамалар: мәтiн композициясы
өзгертiледi;
5) шығармашылық мазмұндамалар. Бұл шығармашылық сипаттағы тапсырма-
лармен күрделендiрiлетiн мазмұндамалар: мысалы, басқа шақ пен жақтан мазмұн-
дау, мәтiндi ойлау, суреттеу элементтерiмен толықтыру, кейiпкерлер мен оқиғаларға
өзiндiк баға беру [2,328].
Ал ғалымдар Н. Оралбаева мен К. Жақсылықова еңбектерiнде мазмұндаманың
төмендегiдей түрлерiн атап өтедi; текске жақын мазмұндама, текстiң бiр мәселесi
бойынша жазылған мазмұндама, шығармаға жақын мазмұндама [3,119].
Қазақ тiлiн дамыта оқытуда мазмұндамалардың бұл түрлерiнiң iшiнен, әсiресе,
шығармашылық мәндi мазмұндамалар жаздыру үлкен нәтиже бередi. Мұнда кейде
студенттердiң ойлау, шығармашылық қабiлетiн дамытуда мазмұндаманың соңын
өздерiне аяқтауға, кейiпкерлерге, оқиғаға сипаттама, түсiнiк беруге немесе ол туралы
өзi не ойлайтындығына қатысты шығармашылық – проблемалық сипаттағы тапсыр-
малар берiледi. Студенттер оқиғаны, яғни мазмұндаманы табысты әрi қызықты
аяқтау жөнiнде ойланады, ойын жүйелейдi, өз беттерiнше қорытынды шығарады.
96
Шығармашылық тапсырмалы мазмұндамалар студенттердiң ойлауын, қиялын,
шығармашылығын және тiлiн дамытады.
Сонымен, мазмұндама қазақ тiлiн дамыта оқытуда мазмұндама жазу арқылы
студенттер ойлауға, сөйлей бiлуге, ойын, пiкiрiн айта бiлуге және ықшамдап жазуға
жаттығады.
Қазақ тiлiн қатысымдық тұрғыдан дамыта шығарма жаздыру жұмысы үлкен
нәтиже бередi. Шығарма жазу үрдiсiнде студенттердiң өз сөзiмен беру дағдысы
арқылы өмiрге деген көзқарасы қалыптасады. Шығарма – студенттердiң жазба тiлiн
дамытуда жүргiзiлетiн негiзгi жұмыстардың бiрi. Жоғары оқу орындарынының орыс
бөлiмiнде оқитын студенттердi шығарма жазуға төсiлдiру үшiн олармен үнемi
жүйелi жұмыс жүргiзiп отыру керек. Сондай-ақ оқу жылының соңында жазылатын
шығарманың көлемi жыл басындағы шығарманың көлемiне қарағанда ауқымдырақ
болады. Студенттер жыл басында қарапайым шығарма жазуға дағдыландырылса,
жыл соңына қарай бұл жұмыс күрделене түседi.
Шығарма оқу бағдарламасына сәйкес белгiлi бiр тақырыпқа жазылады.
Шығарма тақырыбын ашу үшiн студент тақырыпқа қажеттi сөздердi меңгеруi керек.
Олар өздерiнiң сөздiк қорына қосылған сөздер негiзiнде шығарма жазады. Кей
жағдайда қазақ тiлiнде сөздердiң аудармасын есiне түсiре алмаған немесе ұмытып
қалған жағдайда аударма және түсiндiрме сөздiктердi пайдалануға рұқсат етiледi.
Ғалымдар Н. Оралбаева мен К. Жақсылықова шығарма жаздырудың төмендегiдей
тәсiлiн ұсынады:
1. Студент шығарма тақырыбымен, жұмыстың мақсатымен таныстырылады.
2. Шығарма тақырыбы туралы студентке түсiнiктеме берiледi.
3. Жоспар жасалады.
4. 2–3 студент тақырып бойынша ауызша әңгiмелейдi.
5. Кейбiр қиын сөздер тақтаға жазылады.
6. Студенттер өздерiнше шығарма жазады [3,20].
Ғалым С. Жиенбаев шығарма жазу үрдiсiнде баланың тiлi жаттығып әрi
логикалық ойы жетiлетiндей айта келiп: «Өйткенi мұнда мазмұндамадағыдай
бiреудiң айтқанын айтып берiп қана қоймайды, фактiлердi өз беттерiмен реттестiрiп
алып, айтқан сөздерiне тиiстi дәлелдер келтiрiп отыру керек. Ол үшiн жақсылап ой-
лану керек (логика). Әйтпесе дәлелсiз бос әңгiме болып шығады», – дейдi [4,108].
Шын мәнiнде, шығарма жазуда студенттер берiлген тақырыпты толық қамтуы
үшiн материалдарды жинайды, оның iшiнен тақырыпқа қатыстысын iрiктейдi. Сту-
дент шығарма жазардан бұрын шығармада не жөнiнде айтуға болатынын және оны
жүзеге асыру жолдарын ойланады. Содан кейiн жиналған материалдар негiзiнде
әдеби тiлмен жазады. Шығарманың тақырыбын түсiну және оған мән беру студен-
ттен үлкен жауапкершiлiктi талап етедi. Шығарма жұмысын жазу үшiн түрлi
дайындық жұмыстары жүргiзiледi.
Шығарма жазуға дайындық студенттермен мәтiндегi мағынасы түсiнiксiз
сөздер, тұрақты сөз тiркестерi бойынша сөздiк жұмысын жүргiзуден басталады.
Мәтiннiң тiлдiк ерекшелiгiн түсiну, оған жете мән беру студенттердiң ойлау
қабiлетiн дамытуға әсер етедi. Түсiнiксiз сөздердiң мағынасын жете түсiну үшiн сту-
дент iзденедi.
Тақырыпқа сәйкес арнайы жаттығу жұмыстарын жүргiзу олардың шығарма-
шылық қабiлетiн дамытуға игi ықпалын тигiзедi. Студенттерге шығарма жаздыру
алдында әр түрлi тапсырмалар берiледi. Мысалы:
– поэзиялық шығарманы қара сөзге айналдыру;
– прозалық шығарманы драмаландыру;
– диалогты сөздердi монологке айналдыру;
– шығармаға пiкiр жаздыру;
97
– кейiпкермен тiлдесу.
Студенттерге шығарма жұмысын жазу алдындағы дайындық кезеңiнiң бiрi –
табиғат аясына экскурсия жасау, түрлi бақылаулар жүргiзу. Әсiресе өздерiнiң
тiкелей көргендерi бойынша жазған шығармаларда салыстыру, талдау, жүйелеу, топ-
тастыру, қорытынды жасауға дағдыланады. Студенттердiң бақылаудан, экскурсия-
дан алған әсерi бойынша шынайы сезiммен жазылған шығармаларының маңызы
жоғары саналады. Осындай жұмыстарда шығармашылық шабыт пен өзiндiк ой
ерекше байқалады.
Эколог студенттерге табиғат құдiретiн сезiндiру, қоршаған табиғи ортаны
бақылату арқылы шығарма жаздырту – қазақ тiлiн дамыта оқытуда қолданылатын
тиiмдi тәсiлдердiң бiрi. Студенттер табиғат аясына шығып, көрген, сезген,
бақылағандары барысында өз толғаныстарын жазу – олардың шығармашылық көңiл-
күйiне әсер етедi. ЭТ студентi М-ның жазған шығармасынан үзiндi: «Мен экология
сөзiнiң мәнiн ендi ғана ұғынғандай болдым. Таудың етегiне салынған алып зауыт
маған табиғаттың қас жауындай сезiлдi. Зауыт трубаларынан будақтай шыққан
улы түтiндер адамның да, табиғаттың да тамырына балта шауып жатқан
сияқты... Ойланайықшы, бұл сонда тiрi табиғатқа өлiм уын сеуiп жатқан бiр ғана
өнеркәсiп. Ал дүние жүзiнде бұдан басқа жүз мыңдаған өндiрiс орындары бар емес
пе? Мен болашақты ойласам, көкiрегiмде қорқыныш сезiмi билейдi...».
Шығарма жазба жұмыстарының iшiнде ең күрделi түрi деп саналады. Өйткенi
шығарма жазуда тiл үйренушi тақырыпқа байланысты негiзгi ойды айқындайды.
Қажеттi материалдар жинап, айтар ойға тiрек болатын сөздердi, сөз тiркестерiн,
мақал-мәтел, тұрақты сөз тiркестерi, афоризм, өлең шумақтарын жүйелей отырып,
арнайы композициялық тұлғада құрастырып жазады. Бақылаған құбылыс, нәрсе ту-
ралы өзiндiк ой-пiкiрiн жазады.
Күзгi баққа саяхат жасаудан кейiнгi Л деген студенттiң толғанысынан үзiндi:
«Мен жапырақтарға қарап отырып ұзақ ойландым... Кеше ғана жап-жасыл боп, тек
өсудi ғана бiлетiн жапырақтар айналасына қуаныш сыйлайтын сияқты едi. Ал бүгiн
тiптен өзгеше. Жапырақтар сытыр-сытыр етiп желмен тербеле жерге түсiп жатыр.
Олар неге соншама биiктен құлауға асығады екен?».
Студенттер күзгi бақтағы табиғатты, сарғайған жапырақтарды әр түрлi
қырынан көредi. Себебi олардың ойлауы да әр түрлi. Ойы ұшқыр студенттер
құбылыс, оқиғаны өмiрмен салыстыруға, түсiнуге тырысады. Осы тақырыпта жазған
тарих мамандығының студентi Б-ның шығармасынан үзiндi: «...Маған жапырақ-
тардың өмiрi аянышты көрiндi. Жаз бойы қол жетпейтiн биiкте тұрса, ал бүгiн
аяқ астында тапталып жатыр. Кеше жасыл, бүгiн сары, ертең жоқ. Олардың
аянышты тағдыры туралы өлең жазғым келiп кеттi. Қарап отырсам, жапырақ
пен адам өмiрi ұқсас екен. Адам да дүниеге келедi, өседi, қартаяды, өледi. Бiрақ
өкiнiштiсi жапырақ өмiрi бiр ғана маусымдық...».
Әдiстемелiк әдебиеттерде шығарманың еркiн тақырып бойынша шығарма, су-
рет бойынша шығарма, бақылау шығармасы деген түрлерi түрлерi кездеседi.
Студенттердiң қазақша сөздiк қорын дамытып, ойын байланыстырып жеткiзуде
сурет бойынша шығарма жазу үлкен нәтиже бередi. Сурет бойынша шығарма жаз-
дырту жұмысын төмендегiдей өткiзтуге болады:
1. Суретпен жұмыс iстеуге оқытушының алдын-ала дайындалуы.
2. Тiл үйренушiге шығарманың тақырыбы мен жұмыс мақсатын айтып таны-
стыруы.
3. Оқытушының автор шығармашылығы туралы мәлiмет беруi.
4. Тiл үйренушiлердiң сурет мазмұнын мұқият қарап, қабылдауы.
5. Суреттен алған әсерлерiн бiлу мақсатында сұрақ-жауап әдiсiн қолдана оты-
рып әңгiме өткiзу.
98
6. Суреттiң мазмұны бойынша сөздердi, тұрақты тiркестердi, еңұтымды деген
ойларды жазу.
7. Суреттiң мазмұны бойынша әңгiме жүргiзу (сұрақтарға жауап беру, сөйлем
құрау).
8. Шығарманың жоспарын құрастыру.
9. Жоспар бойынша ауызша мазмұндатқызу.
10. Қиындық туғызатын сөздердiң жазылуына тiл үйренушiнiң назарын аударта
отырып, оларды тақтаға жазу.
11. Шығармашылық жұмысты орындау.
Студенттердi шығармашылық iске баулуда шығарма жазуға, соның iшiнде су-
рет бойынша шығарма жазуға үйретудiң маңызы зор. Сурет бойынша шығарма жа-
зуда студенттердің логикалық ойлау қабiлетi, танымдық белсендiлiгi, сезiмдiк
қабылдауы дамиды. Тiкелей суретпен жұмыс жасау арқылы олардың эстетикалық
сезiмi, талғампаздығы арта түседi.
Достарыңызбен бөлісу: |