Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет13/31
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

Әдебиеттер 
1. Морозова А.А. Культура письменной речи // Филологические науки. – 1991. – №6. 
2. Шакирова  Л.З.  Вопросы  методики  преподавания  русского  языка  в  4-8  классах  татарской 
школы: учебное пососбие. – М.: Просвещение-Казань,1971. – 204 с. 
3. Оралбаева Н.О., Жаксылыкова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. – 
Алматы: Ана тілі, 1996. 
4. Жиенбаев  С.  Қазақ  тiлiнiң  методикасы  (орта  мектеп  оқушыларына  және  педагогикалық 
училище  студенттерiне  көмекшi  құрал)  2-  рет  басылуы.  –  А.:  Қазақтың  бiрiккен  мемлекет  баспасы, 
1964. – 116 б. 
 
 
ЛИРИКАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРДІ ТАЛДАУДАҒЫ КЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР  
 
М.И. Оразханова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Әлемдік  кеңістікте  білім  беруде  жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерге  көптеп 
көңіл  бөлінуде.  Бұл  заңды  да.  Себебі  бүгінгі  қоғам  білімді,  талапты,  бәсекеге 
қабілетті  жастарды  тәрбиелеуді  мақсат  етеді.  Мектептің  педагогикалық  құрылымы- 
ның негізгі құндылығы оқушы десек, сол жастармен тығыз қарым-қатынас жасайтын 
болашақ  мамандарды  даярлайтын  да  жоғары  оқу  орындары.  Бүгінде  мектеп 
мұғалімдеріне  де  жаңа  талаптар  қойылуда.  Жаңа  технологияны  жүзеге  асыруда 
мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық  ізденісі,  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі, 
алдындағы  шәкірттерді  бағалай  білуі  негізгі  мәселелердің  бірі  болып  табылады. 
Сондықтан  жаңа  технология  арқылы  білім  беру  тек  мектеппен  шектелмей,  сол 
мектепке кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарын да қамтуы тиіс.  
Институт қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне өлең 
талдатуда  кей  мәселелерге  аса  назар  аудару  қажет.  Алдымен,  өлеңді  түсініп, 
мәнерлеп  оқығаннан  кейін  оның  басқа  да  көңіл  бөлерлік  өзіндік  ішкі  қыр-сыры 
баршылық.  Атап  айтқанда,  шумақ,  тармақ,  бунақ,  буын,  ұйқас  бір  төбе  болса, 
өлеңнің  көркемдік  қырлары,  көркемдік  дүниесі  өз  алдына  бір  әлем.  Осы  шағын 
жұмбақ  әлемнің  байыбына  бару  үшін  студент  өлең  теориясын  терең  меңгеруі  тиіс. 
Бұл  теориялық  мәселелер  белгілі  ғалымдар  А. Байтұрсынұлы,  Қ. Жұмалиев, 
З. Ахметов,  З. Қабдолов,  Қ. Жүсіп  т.б  еңбектерінде  кең  әрі  жан  жақты  талданған. 
Бүгінгі  әдістеме  ғылымының  міндеттерінің  бірі  –  жоқтан  бар  жасамай,  осы  барды 
ұтымды, жинақы, жеңіл шапшаң меңгерту жолдарын қарастыру.  
Өлеңді оқып, идеясын түсініп, шумақтарын ажыратқан соң ондағы тармақ пен 
жолдың  әр  кезде  сай  келе  бермейтіндігін  мысалдар  арқылы  таныту.  Бұл  ретте 

99 
 
деңгейлік  тапсырмаларды  қолданған  ыңғайлы.  Яғни,  жеңілден  ауырға  қарай 
бағыттасақ,  алғашқы  мысал  ретінде  төрт  тармақты,  төрт  жолды  өлеңді  ұсынамыз. 
Мәселен:  
 
   
 
Ақ сәуле, күміс жүзді, құндыз қабақ, 
   
 
Сен- гүлсің иіс шашқан жарып сабақ. 
   
 
Болғанда көзің – жақұт, етің- торғын, 
   
 
Қасың- ай, шашың- жібек, мамық тамақ. 
 (С.Торайғыров [1, 34]).  
 
Бұл  үзінді  дәстүрлі  өлең  үлгісі  болғандықтан  мұнда  жол  мен  тармақтың 
сәйкестігі  еш  қиындық  туғызбайды.  Осындай  мысалмен  таныстырғаннан  кейін 
барып келесі күрделірек мысалдарды ұсынуға болады:  
 
   
 
Төзер едің, 4// 
   
 
Ойбай-ау! 3// 
   
 
Еңіретіп, 4// 
   
 
Алтынды мыс, 4//  
   
 
Мысыңды 3 // темір етіп, 4// 
   
 
Орманды шоқ, 4// 
   
 
Шоғыңды 3// көмір етіп 4, 
   
 
Өмір өтіп 4// кетпей ме, 3 
   
 
Өмір өтіп? 4 [2]. 
 
   
 
Асқар анау – 4// 
   
 
Аспан анау – 4// 
   
 
Ұшыңдар! 3  
   
 
Арман анау, 4// 
   
 
Ару анау – 4// 
   
 
Құшыңдар! 3 
   
 
Не болса да 4 // түсінетін 4 // ақыл бар, 3 
   
 
Тепсең темір 4//үзетұғын 4 //күшің бар. 3  
(Қ.Мырзалиев [2]). 
 
Өлеңдерді  оқытып,  тармақ  пен  жол  ерекшелігін  ажыратқызу  маңызды.  Яғни, 
бұл үзіндінің алғашқысында тоғыз жол, төрт тармақ, ал екіншісінде сегіз жол, төрт 
тармақ  бар  екеніне  оқушылардың,  студенттердің  көзін  жеткізу  қажет.  Ондағы 
мақсат – жол мен тармақтың әр кезде сай келе бермейтіндігін таныту.  
Өлең  талдау  барысында  жиі  қателесетін  тұстардың  бірі  –  өлеңнің  бунақтарын 
ажырату.  Өлең  бунақтарын  ажыратуда  зерттеуші  З.Қабдолов  айтпақшы,  «жүректің 
соғысы,  аяқтың  алысы  қандай  бірдей  болса,  өлеңді  оқығандағы  темп  те  негізінен 
сондай бірдей болады» [3, 257] деген пікірін есте ұстау қажет. Жеке алып қарағанда, 
өлең поэзиялық шығарма ретінде белгілі бір сөздер үйлесімінен құрылады десек те, 
екінші  бір  қырынан  қарағанда  өлең  математика  сияқты  ішкі  бір  формулаға  да 
негізделеді. Ол қандай формула десек, қазақ өлеңнің өз ішкі математикалық дүниесі 
болады. Бір қарағанда түсініксіз көрінгенімен, өлеңнен хабары жоқ адам үшін тіпті 
«тұманды  дүние»  болуы  мүмкін.  Төмендегі  мысалдарды  ұсыну  арқылы  студент- 
тердің,  оқушылардың  өздерінен  бунақ  және  буын  сандарын  көрсетуін  сұраған 
орынды: 
 

100 
 
Сан/сыз кө/кек 4//сұң/қыл/дап 3, 
 
4/3 
Көк/тем кел/ді 4 //ер/те/леп 3; 
 
4/3 
Нә/зік үн/мен 4//сың/қыл/дап 3, 
 
4/3 
Бұй/ра бұ/лақ 4//ер/ке/леп.3   
 
4/3 
(Қ.Аманжолов. «Көктем» [4]) немесе 
 
Құ/шақ/тап //Қа/зақ/стан 3+1 //ас/та/на/сын, 
3/4/4 
А/лыс/қа, //А/ла/та/уым, //көз са/ла/сың. 
 
3/4/4 
А/ла/тау- //ай/дын да/ла //қа/ри/я/сы 
 
3/4/4 
Кө/тер/ген// тө/бе/сі/не //өз ба/ла/сын. 
 
3/4/4 
 (Қ.Аманжолов. «Алатау» [4]) немесе 
 
Кө/ңі/лім/ді //би/леп ал/ды //кү/ді/гім/нің //кө/се/мі, 
 
 
4/4/4/3 
...Түн та/ғы да// жер бе/ті/не// қа/ра көр/пе// тө/се/ді. 
 
 
4/4/4/3 
Ас/пан/да/ғы// ай мұ/ңа/йып,// жы/мың/дай/ды// жұл/дыз/дар.  4/4/4/3 
Шат күн/де/рім// қай/да қал/ды, //қай/да қал/ды// ке/ше/гі?. 
 
4/4/4/3 
С. Есенжанов [5] 
 
Мысалдарды  оқығаннан  кейін  тармақ  соңындағы  математикалық  сандармен 
берілген  (студенттердің  өздеріне  талдатып,  тапқызған  дұрыс)  бунақтағы  буын 
сандарына  назар  аудартамыз.  Әсіресе,  оның  әр  тармақта  бір  бірін  қайталай 
орналасуында,  өлеңдегі  әр  тармақтың  негізінен  бірдей  буындарға  құрылуында 
белгілі бір математикалық заңдылықтың бар екендігі (3/4/4 немесе 4/4/4/3 т.б болуы) 
тайға  таңба  басқандай  анық  көрінеді.  Осыны  сезіну  үшін  өлеңді  топқа  не  бір 
студентке бірнеше рет дауыстап, тармақтағы бунақ жіктерін ажыратып әрі мәнерлеп 
оқытқан дұрыс. 
Ғалым  А.Байтұрсынов  бастап,  басқа  зерттеушілеріміз  талассыз  қостап  келген 
келесі ескеретін нәрсе – қазақ өлеңінің бір бунағында естілуі бойынша негізінен бес 
буыннан  артық  буынның  болмайтындығы.  Бұл  да  –  көпшіліктің  жиі  қателесетін 
тұстары.  Бұндай  қателіктерге  жол  бермес  үшін  осы  айтылған  қағиданы  есте  берік 
ұстамақ  керек.  Кейбіреулер  8/3  немесе  7/4  деп  бунақ  сандарын  көрсететін  кездер 
болады. Осы орайда аталған қағида ескерілмегендігін  байқау  қиын емес. Жоғарыда 
естілуі  бойынша  бес  буыннан  артық  буын  болмайды  деу  себебімізге  тоқталу  үшін 
төмендегі өлең мәтіндерін талдайық:  
 
Дүние мүлгіп 5–1 // жатқанында 4 // миымды мұң 4 // кеміріп, 3  
Мең зең болып 4 // күрсінемін 4 // ...жынды ұқсап 4 // еліріп, 3 немесе: 
Сен не еткен 4–1 // бақытты едің 5–1 // келер ұрпақ, 
Қараймын // елесіңе // мен таңырқап.  
Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» [4]. 
 
Алғашқы  үзіндінің  тармақтарына  назар  аударсақ,  16  және  15  буынды  екенін 
көреміз. Алғашқы бунақтағы «дүние мүлгіп» қолданысының естілуде И дыбысының 
көмескі естілуі өлең тармағын он алты емес, он бес буынды деп санауға негіз болып 
тұр.  Сондықтан  өлең  тармақтарын  естілуі  бойынша  он  бес  буынды  деп  санаймыз. 
Екінші  мысалдағы  тармақтар  13  және  11  буынды  болып  келген.  Бірақ  алғашқы 
тармақтың бірінші және екінші бунақтарында  екі дауысты  дыбыс қатар келіп, (Сен 
не еткен // бақытты едің) бір дауысты дыбыстың көмескі естілуіне әкелген. Бұндай 
дауысты  дыбыстар  қатар  келгенде  екеуінің  бірі  әр  кезде  түсе  бермейді.  Десек  те 
түсетін тұстары да жиі кездеседі. Осыны анықтау үшін өлеңді бір емес, бірнеше рет 
мәнерлеп  оқу  керек.  Қазақ  өлеңінде  естілуі  бойынша  бес  буыннан  аспағанымен, 
жазылу бойынша кейде алты, жеті буынды бунақ та кездеседі.  

101 
 
Өлең талдауда, келесі ескеретін нәрсе – ұйқас мәселесі. Біздерге ұйқас түрлері 
негізінен  ғалымдар  еңбектерінен  белгілі.  Зерттеуші  З. Қабдолов  көрсеткен  ұйқас 
түрлері  мектеп  оқушыларына  да  таныс.  Десек  те,  кей  сәттерде  ұйқас  түрлерін 
ажыратуда сүрініп жататын тұстар жоқ емес. 
 
   
 
Өнердегі жас қадам   
 
а 
   
 
Көп нәрсені кеш білген  
 
ә 
   
 
Артық емен басқадан,  
 
а 
   
 
Кем де емеспін ешкімнен.   
ә 
   
 
Шүкір, шүкір, мың шүкір!   
б 
 
   
 
Жоғалмайтын сиямен  
 
а  
   
 
Жазсам болды нәрлі өлең.    
ә 
   
 
Қарыз берер бай емен,  
 
а 
   
 
Қарыз алар жарлы емен,    
ә 
   
 
Шүкір, шүкір, мың шүкір!   
б 
 
Осы үзіндіде екі шумақ өлең белгілі бір ұйқасқа құрылған. Әр шумақтың төрт 
жолы  шалыс  ұйқасқа  құрылса,  соңғы  бесінші  тармақтары  тек  әр  шумақтың  соңын 
ала  жүреді,  яғни  шумақ  сайын  қайталанып  отырады.  Бұндай  шумақ  араларында 
қайталана  отырып  кездесетін  ұйқас  түрін  зерттеушілеріміз  «шумақаралық  ұйқас» 
деп  көрсетіп  жүр.  Мұндай  үзінділерді  түсінікті  болу  үшін  ізденушілердің  өздеріне 
талдатып,  ойлантып  барып  көрсеткен  жөн.  Кейде,  деңгейлік  тапсырмалар  мен 
мысалдар  да  студент  ойын  дамытып,  өз  бетімен  ізденуге  жетелейді.  Бұл  ретте  қара 
өлең  ұйқасы,  егіз  ұйқас,  шалыс,  кезекті  ұйқастар  жеңіл  көрінсе,  көрер  көзге  аса 
таныс  емес  ұйқас  түрлері  студенттерді  ойланта  түседі.  Келесі,  таныс  болса  да 
бейтаныс боп көрінетін ұйқастар бар. Мәселен:  
 
   
 
 
Төзер едің,  
   
 
 
Ойбай-ау!  
   
 
 
Еңіретіп,  
 
 
а 
   
 
 
Алтынды мыс,  
   
 
 
Мысыңды темір етіп,  
а 
   
 
 
Орманды шоқ,  
   
 
 
Шоғыңды көмір етіп, 
а 
   
 
 
Өмір өтіп кетпей ме,  
   
 
 
Өмір өтіп?    
 
а 
 
Үзіндіні  оқығаннан  кейін  тармақ  санын  ажыратып  алмай,  ұйқасты  белгілеу 
қателікке  ұрындыруы  мүмкін.  Бұнда  біраз  студенттер  әр  жолдың  соңынан  ұйқас 
іздеуі  жиі  кездеседі.  Осы  ретте  ұйқасты  белгілемей  тұрып  тармақты  ажыратқызу 
орынды. Үзіндідегі шұбыртпалы ұйқасты сонда жеңіл тауып, танитын болады.  
Өлеңді  құрылысына  ғана  талдаудың  өзіндік  қыр-сырлары  бар.  Ол  тек  поэзия 
атты  құдіретті  әлемнің  ішкі  дүниесіне  үңілген  адамға  ғана  сырын  ашпақ.  Оны 
меңгертудің  түрлі  жолдары  да  мол.  Бүгінде,  ғылым  мен  техника  дамыған  заманда 
технология  да  қатар  дамып  келеді.  Өлең  талдауда  осылардың  қайсысы  тиімді, 
ұтымды  десек,  қоғаммен,  заманмен  қатарласа  аяқ  басу  үшін  әрі  оқушылар  мен 
студенттердің  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  тиімді  технология  түрлерін 
қолдану  –  сабақтың  мақсатына  жетіп,  студент  білімін  тереңдете  түсуіне  де  өз 
септігін тигізетіні сөзсіз. 
 

102 
 
Әдебиеттер 
1. Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры. – Алматы: Жазушы, 1987. 1-кітап. Өлеңдер. – 160 б. 
2. Мырзалиев Қ. www.kazadebiet.kz  
3. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы. 2006. – 358 б.  
4. Аманжолов Қ. www.kultegin.com  
5. http://kitap.kz/reader/sayan_eszhan_ingkar 
 
 
МӘШҺҮР ЖҮСІП ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ  
«БАҚ» ПЕН «БАҚЫТ» КОНЦЕПТІЛЕРІ 
 
Жазира Сейт, Г.Т. Карипжанова 
С. Торайғыров атындағы ПМУ,  Павлоадр қ. 
 
«Ғалам  бейнесіне»  қатысты  белгілі  бір  мөлшерде  реттелінген  ұғымдар,  идея- 
лар,  концептерден  тұратын  М.Ж. Көпейұлы  тілдік  тұлғасының  лингвокогнитивтік 
деңгейінде  «дін»,  «өлім»  және  «махаббат»,  «имандылық»,  «тағдыр»,  «бақ»  пен 
«бақыт»  концептілерінің  біртұтас  құрылымды  құрап,  жалпы  дискурстың  мән-
мағынасын  ашатындығы  айқындап,  олардың  бейнелік,  ассоциативтік  байланыс- 
тарына  құрылған  когнитивтік  модельдері  саралау  қазақ  халқының  ұлттық  танымын 
айқындауда  маңызды  болмақ.  Адам  туғанда  өзінің  тағдыры  жазылады.  Қазақта 
«жазмыштан  озмыш  жоқ»  деген  танымы  бар.  «Тағдырдың  жазғаны».  «Алланың 
арнауы, маңдайға жазғаны». Адам өзіне тиесілі нәрсені маңдайына жазылған сордан, 
не  бақтан  көреді.Тағдыр  мен  бақ,  сор  ұғымдары  мағыналас  келеді,  дегенмен  бақ 
тұрлаусыз, қонуы  да, ұшып кетуі  де мүмкін.  Ұлттық дүниетанымда бармақтай ғана 
«бақ»  адамның  өмір  бойы  бақытты  болуына  жеткілікті:  «бармақтай  бақ  берсін» 
деген бата тілек осыны көрсетеді. Мысалы: 
 
   
 
Басылған Құдіреттен мөр таңдайымда, 
   
 
Бармысың бармақтай бақ маңдайымда?! [1, 318 б.] 
 
«Бақ»  жаратушының  адамның  белгілі  бір  іс-әрекетінен  қарай  немесе  жайдан-
жай  беріле  салынады  деген  түсінік  бар.  Адам  жаратушыға  жалынып  сұрайтыны  да 
содан:  «Таудай  талап  бергенше,  бармақтай  бақ  бер»,  «бақ  қонған  жеріне  қонады, 
мал біткен жеріне бітеді». 
«Бақ»  пен  «бақыт»  концептісіне  қатысты  жалпыхалықтық  мақал-мәтелдер: 
«Басына  бақ  қонатын  жігіттің,  ұлы  епті,  қызы  көрікті  болады»;  «Дарияны  теріс 
ағызған ақылдан, бармақтай бақ ілгері»; «Жақсы әйел, жігітке біткен бақ, жақсы жер, 
жайлы  қоныс  –  алтын  тақ»;  «Батыр  ортақ,  бақ  жалқы»;  «Бақ  келді  деп  таспа,  жау 
келді деп саспа»;  «Бассыз берген мал мазаң, бақсыз берген тіл мазаң»;  «Өзің жеңіп 
алмасаң, бақыт келмес әрқашан» т.б.». 
«Бақ» сондай-ақ қазақ танымында тұрақсыз, әркімнің де басына қонуы мүмкін 
«бақ құсы» ретінде де беріледі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдерінде «бақ» сөзі екі 
контексте  қарастырылған:  1) жақсы  адамдарға  Жаратқан  нәсіп  еткен  дәулет,  мерей, 
жақсылық:  2) дүниеқоңыз  болған,  өзге  түгел  өзінен  қызғанар  сараң  байлардың 
бағының үстем болуына налу түрінде берілген. Мысалы: 
 
   
 
Басынан бақ дәулеті көшпей кеткен, 
   
 
Шырағы жанып тұрған өшпей кеткен [1, 231 б.]. 
 
   
 
Басыңнан қозғалмаған бақ талайың, 
   
 
Қоршаған алды-артыңнан Күн мен Айың [1, 234 б.]. 
 

103 
 
   
 
Бақ берген артық бір құдай, 
   
 
Бола алмас қазақ енді ондай! [1, 242 б.]. 
 
Бұл  жолдарда  ақын  Исабек  ишан  мен  Мұса  Шорманов  сияқты  еліне  елеулі, 
халқына қадірлі жандардың елалдындағы мерейін, құт-берекесін беру үшін бақ сөзін 
қолданған.Ал енді төмендегі жолдарда болса: 
 
   
 
Кеп айтқан Асан қайғы ұзын-сонар, 
   
 
Деп айтқан: «Қилы-қилы заман болар!» 
   
 
Қарағайдың бастарын шортан шалып, 
   
 
Бақ-құсы шыбын болып (боққа) қонар! [1, 180 б.] 
 
Мұнда ақын «Асыл зат, текті жерді таңдап қонып, Жарасып тұғырында тұрушы 
еді»  деп  жырлаған  бақты  «шыбынға»  теңей  отырып,  «сасық,  іріңді  таңдап  қонды» 
деп өкініш айтады.  
«Бақ-дәулет»  сөз  тіркесі  бақты  байлықта,  дәулетте  деген  тұсініктің  орын  ала-
тынын көрсетеді. Әйтсе де, «бақ» концептісінің ішкі коннатациясында материалдық 
байлық, екінші қосалқы мәнге ие. 
 
   
 
Дүние өтер: біреу күліп, біреу жылап, 
   
 
Бақ, дәурен қолға болмас, болып сынап [2, 65 б.]. 
 
Бұл  жолдарда  ақын  «бақ»,  «дәулет»  ұғымдарының  тұрақсыздығын  беруде  сы-
нап  ұғымын  сәтті  қолданған.  Әсіресе  «байы  бір  жұттық,  батыры  бір  оқтық»  болып 
саналатын қазақ үшін «бақ» концептісі мәңгілік түсінігімен қатар келе бермейді. 
«Бақ»  ұғымымен  қатар  жүретін  келесі  концепт  «сор»  екені  белгілі.  Қарама-
қарсы  мағынадағы  сор (парсы:  «шур»)  1) тұзды;  2) бақытсыздық  та  маңдайда  орна-
ласады  деп  түсінген.  «Сор»  ұғымы  қазақта  мынадай  түсініктермен  беріледі:  «соры 
бес  елі»,  «соры  қайнады»,  «сорлап  қалды»,  «маңдайының  соры  бес  елі»,  «сор 
маңдай».  Жалпы  қазақта  «сор»  сөзін  «бағы  ашылмаған,  жолы  болмаған»  адамдарға 
қатысты қолданады. 
«Бақ»  және  «сор»  қазақта  маңдайға  бітеді  деген  таным  бар.  «Той  жоралғы- 
ларында  үлкен  жастағылардың  жас  жұбайларды  маңдайынан  сүйіп,  бақ  тілеуі  бақ 
маңдайда  жазылады  деген  түсінікпен  ұштасып  жатыр:  «маңдайы  ашылу», 
«маңдайының  ырысы  бес  елі»,  «маңдайына  біткен»  –  бақытты  болу,  «маңдайына 
симау» – бақытсыздыққа ұшырау дегенді білдіреді. Тағдыр адамның маңдайына жа-
зылады  деген  ұғым  «бақ»  пен  «сор»  орнар  жер  маңдай  деген  түсінік  болуымен 
түсіндіріледі. Бұл ұғым Мәшһүр Жүсіп жырларында: 
 
   
 
Шараң жоқ тағдырыңда жазу болса, 
   
 
Кез болса маңдайдағы сорымызға [3, 24 б.]. 
 
   
 
Еркектен азғырылды қатын бұрын, 
   
 
Бастан-тәж, маңдайдан-бақ, алды нұрын [3, 127 б.]. 
 
Тағдыр  –  жол.  Осыдан  қазақ  халқында  тағдыр  концептісі  «жолы  болу», 
«бақытты болу», «сәтті болу» сияқты ұғымдармен байланыстырылады. «Тағдыры 
жетті».  «Ажалы  жетті,  жолы  бітті,  күні  бітті».Тағдыр  адамға  ие  және  оған  қарама-
қайшы:  адамның  тағдыры  өз  қолында,  өзіне  байланысты  деп  деп  те  айтады.  Адам 
дүние есігін ашысымен-ақ тағдыр жетегінде болады, өйткені адамның өмір сүргені, 
өмірде  істеген  амалдары,  қуанышы  мен  қайғысы,  барлығы  да  –  оның  тағдыры. 

104 
 
Тағдыр  өзгермейді,  оны  Абай  жиырмасыншы  қара  сөзінде  былай  деген:  «Тағдыр 
өзгертілмейді,  пендеде  бір  іс  бар  жалығу  деген.  Ол  тағдырды  адам  мен  бірге 
жаратылған нәрсе» [4, 52 б.]. Демек, адам тағдыры дүниеге шыр етіп келгеннен бас-
тап  бірге  жаратылады.  Адамның  күнделікті  өмірі  –  оның  тағдыры,  ал  тағдырды 
өзгерту,  жақсы  жаққа  бұру,  яғни  қоғамына  сай  өмір  сүру,  білім  алу,  ол  –  адамның 
күнделікті  амал-әрекеті  мен  ісіне  байланысты.  Ол  –  өз  қолында,  оны  қабылдауға, 
өзгертуге  адамның  ақылы  мен  ой-санасының,  дүниетанымының  жоғары  болуына 
байланысты. 
Тағдырды  жасаушы  –  адамның  ақыл-ойы,  іс-әрекеті,  яғни  сөзі.  Ол  қанша  ой-
ланса  да,  өз  тағдырын  басқаша  өзгерте  алмайды.  Өткенге  өкіне  алмайды,  тек  амал-
айла,  жол  іздейді.  Адам  баласы  өз  өмірінің  иесі,  оның  сәнді  болуы  өз  қолында. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  да  осы  пікірмен  үндес  ойларын  өлеңдерінде 
кездестіруге  болады.  Атап  айтар  болсақ,  ақын  тағдыр  Алланың  бұйрығымен 
пендесіне нәсіп етілетініне еш күмән келтірмеген. Яғни тағдыр Алланың қолындағы, 
соның  құзіретіндегі  құдіретті  күш,  пендеге  оны  мойындап,  бас  июден  басқа  амал 
жоқ. Cондай-ақ тағдыр өзгермейді. Мысалы: 
 
   
 
Құдайдың құдіретінен оза алмассың, 
   
 
Қолыңды жетпес жерге соза алмассың [1, 143 б.]. 
 
   
 
Ойланып барған жолында 
   
 
Мұндай да болды-ау соңында! 
   
 
«Тағдырға (тақдырга) табдил жоқ», – деген, 
   
 
Ойлап бір тұрсам мол екен [2, 48 б.]. 
 
   
 
Тағдыры бір Алланың өзгермейді, 
   
 
Пенденің қожасына бәрі бірдей [3, 33 б.]. 
 
   
 
Әнбия, мұрсалдардың бәрі де өтті, 
   
 
Түбіне бәрінің де тағдыр жетті [3, 17 б.]. 
 
   
 
Біреу үлкен жалғанда, біреу – кіші, 
   
 
Ойлау керек: «Не болса, Хақтың ісі!» [3, 39 б.] 
 
Бұл шумақтарда Алланың тағдырыңды әуелден жазып қоятыны, оны өзгертуге 
пенденің  шамасы  да,  амал-айласы  да  жетпейді  деген  ой  айтылады.  Ақын  «тағдыр» 
сөзін  «Алланың  бұйрығы»,  «Хақтың  әмірі»  тіркестерімен  береді.  Алайда  адамның 
тағдыры  өзінің  ниеті  мен  қалауы  ескеріле  отырып  жазылады.  Алла  Тағала  әр 
нәрсенің  тағдырын  жазған  және  жаратқан.  Сол  сияқты  адам  баласының  іс-
әрекеттерін де біледі және жаратады.  
Жалпы,  Құранда  тағдыр  Алланың  қалауымен  болады  деп  түсіндірілсе  де, 
адамның  да  тағдырға  әсері  бар  екені  айтылады.  Бұндай  ойлар  Мәшһүр  Жүсіп 
өлеңдерінен де кездестіруге болады: 
 
   
 
Жақсылар өтіп кетті бұрын бізден, 
   
 
Біз адастық жақсылар салған ізден. 
   
 
Ешкімге өкпе қылу дұрыс емес, 
   
 
Не берсе, берді Құдай, пейілімізден! [1, 180 б.] 
 
   
 
Өнерсіз, жігері жоқ, қолсыз кісі, 
   
 
Жарымжан қайдан түгел оның ісі?! 

105 
 
   
 
Кем соқса жақсы біліп үйренуді, 
   
 
Түбірсіз болған емес тағдыр ісі [1, 170 б.]. 
 
   
 
Ықтияр бермесе егер, қағар еді, 
   
 
Малдай ғып таяқпенен бағар еді. 
   
 
Болмаса, пендеде ерік, күнәсының 
   
 
Жаласын бір Құдайға жабар еді [1, 165 б.]. 
 
   
 
Болса да бір Алланың өзіне аян, 
   
 
Ықтияр пендесіне беріп тұр ғой [1, 165 б.]. 
 
Мұнда ақын тағдыр Алланың қолында болғанмен ол адамның пейіл, ниетімен, 
ынта-ерігіне  де  байланысты  деген  ой  айтады.  Пенденің  жасаған  істерінің  негізінде 
тағдыр жасалып, жазылады деген ой да бар. Жалпы тағдыр мәселесі екіұдай пікірге 
сүйеніп, екі түрлі талдануда. Атап айтар болсақ, бірі – адамның тағдыры ол дүниеге 
келмей жазылып қояды және өмір бойында өзгермейді, екіншісі – адамның тағдыры 
оның  өмірде  жасаған  жақсы  істері  мен  ойларына  байланысты  деген  пікір.  «Алла 
адамға  мына  істерге  ерік  берген.  Адам  жақсылық  пен  жамандық,  имандылық  пен 
имансыздық  жолындағы  істерді  өз  еркімен  таңдай  алады.  Алла  оның  қалауына 
сәйкес  оған  жасатады»  [5,  122  б.].  Бұдан  шығатын  қорытынды  Алла  адамның 
өмірдегі  істейтін  істерін,  ниетін  білгендіктен  де,  соған  сай  тағдыр  жазбасына  кім 
кепіл?  «Қаза  мен  қадер  туралы  тиянақты  түрде  Құран  мен  Хадистерде 
білдірілмегендіктен  біз  оған  тек  қана  сеніп  иман  етеміз.  Негізін,  ақиқатын 
іздестірудің  қажеті  жоқ.  Негізі  мен  ақиқаты  тылсым,  түсініксіз  болған  әр  нәрсені 
қабылдамау  да  ақылға  сай  емес.  Бүгінгі  ғарыш  әлемі  мен  шексіз  таңғажайып 
оқиғалар  сияқты  ғайыптық  нәрселерді  қабылдамау  да  мүмкін  емес.  Қадер  мен 
қазаны қабылдамаған адам иманнан және исламнан шығады» [5, 121 б.]. 
Сонымен,  тағдыр  концептісі  арқылы  қазақ  мәдениетінде  екі  негізгі  идея  бай-
ланыстырылады:  болашақтың  белгісіздігі  және  адамның  өмірінде  болып  жатқан 
құбылыстарды бақылаудың мүмкін емес екендігі. Бұл идеялар бір-бірімен кезектесіп 
жатады:  тағдыры  шешіліп  жатыр,  бірақ  әзірше  шешілген  жоқ,  адам  өз  тағдырын 
өзгерте алады, ал ол адамның өзі ойлағандай шешілмесе, оған көну, оны мойындау, 
тағдыр осылай шешті деп мойындау. Қазақ халқының тілдік санасында тағдыр бар, 
оның қасиетін сезінуге  болады және сананың терең құрылымының бірі – гештальт-
тер арқылы да анықтауға болады. 
Қорыта  келгенде,  тағдыр  концептісінің  дүниетанымдық  көрінісі  екі  шешімге 
ие: тағдыр Алла әмірі болса- еш шара жоқ, ол – сабырлық пен төзімділікке ұласады. 
Қазақ  менталитетінің  негізгі  рухани  құндылықтарының  бірі  –  төзімділік.  Төзімді- 
лік  –  қазақ  үшін  ғасырлар  бойы  жинақталған,  тәжірибелік  тұрғыдан  сұрыпталған, 
ұлттық болмысымызға тән сыртқы дүниемен қатынас орнатудың ерекше бір түрі. 
 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал