Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#9675
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

Әдебиеттер 
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. Екі томдық. 1–2 томдар. – Алматы: Ғылым, 1990–1992. 
2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 436 б. 
3. Дала уалаяты газеті. – Алматы: Ғылым, 1989. – Б. 530-531. 
4. Жүсіпов  Н.Қ.  Мәшһүр Жүсіп  Көпейұлы  –  фольклорист.  –  Павлодар  – Улаанбаатар,  2011.  – 
195 б. 
5. Жүсіпов  Н.Қ.  Қазақ  фольклортану  ғылымы:  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысы.  –  Павлодар, 
2007. – 381 б. 
6. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 8 том. – Павлодар: ЭКО, 2006. – 452 б.; Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 9 том. – Павлодар: ЭКО, 2006. – 366 б.; Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 
Шығармалары. 10 том. – Павлодар: ЭКО, 2007. – 445 б. 
7. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 12 том. – Павлодар: ЭКО, 2008. – 363б.; Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 13 том. – Павлодар: ЭКО, 2008. – 293 б. 
 
 
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ЖИНАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ  
МӘШҺҮР ЖҮСІП 
 
Н.Қ. Жүсіпов, М.Н. Баратова, М. Байрон 
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ. 
 
Фольклортану  ғылымының  үш  негізгі  тұғыры  бар.  Олар  –  мәтіндерді  жинау, 
жариялау  және  зерттеу.  Бұл  үшеуін  бір-бірінен  ажыратып,  жеке-жеке  талдау  – 
фольклор 
туралы 
ғылымның 
ішкі 
процесін 
ашу 
деген 
сөз. 
Бұлардың 
әрқайсысысының өзі – жеке зерттеуге лайық мәселе. Сол себепті оларға бір-бір тарау 
беріліп,  олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  ашу  ниет  етілді.  Фольклор  үлгілерін 
жинастыру  ісінің  бұрынғы,  яғни  ХІХ  ғасырдың  соңындағы  дәстүрді  пайдалана 
отырып,  жаңаша  бағыт  алғаны  анықталды.  Алғашқы  –  15–20  жылда  фольклорды 
жинау,  сырттай  қарағанда,  стихиялы  болып  көрінуі  де  ықтимал,  алайда  зерттеу 
барысында  фольклорлық  мәтіндердің  жеке  адамдар  көмегімен  ғылыми  мақсатпен 
жиналғаны  байқалды.  Мұны  тікелей  жазып  алу  тәсілімен  тәжірибе  жинақтай 
отырып,  олардың  жинаудың  амалдары  мен  тәсілдерін  де  жетілдіріп  отырғаны 
анықталды.  Екінші  тәсіл  –  жер  –  жердегі  арнайы  тілшілер  арқылы  жинау.  Яғни 
ғалым  өзінің  жер-жердегі  сенімді  хат  жазысып  тұратын  адамдарының  көмегіне 
сүйене  отырып,  сол  жердің  фольклорын  жинастырады.  Мұның  ерекшелігі  – 
тұрғылықты  болуы.Үшінші  тәсіл  –  арнайы  экспедиция  ұйымдастыру,  экспедиция 
мүшелерінің дайындығы, міндеті айқындалуы.  
Фольклортану  ғылымын  толық  біліп,  әрі  қарай  дамыту  үшін  алдымен 
фольклордың  жиналу  мен  жариялану  және  зерттелу  процесін  біртұтас  күйде 
қарастыру  керектігі  күмәнсыз  [1].  Қай  халықтың  болса  да  ежелден  сақтап,  құрмет 
тұтатын  бай  мәдени  мұрасының  бірі  –  фольклор.  Оған  деген  бұқара  халықтың 
құрметі  ешқашан  толастаған  емес.  Ал,  ресми  мемлекеттік  жүйенің  фольклорға 
арнайы түрде көңіл бөлуі әр түрлі мақсатта  болды. Әр қоғам, мемлекет өзінің даму 
барысының  белгілі  бір  кезеңінде  фольклорға  ерекше  көңіл  бөледі.  Бізде  жағдай 
басқаша  болды.  Күллі  отарланған  елдердікі  сияқты,  біздің  фольклордың  жиналуы, 
жариялануы  мен  зерттелуі  ең  алдымен  Қазақ  елін,  жерін  отарға  айналдыру 
мақсатында  жүргізілді.  Әлбетте,  бұл  жұмыс  бір  қалыпта  болған  жоқ.  Отарлау 
тереңдеген  сайын  қазақ  фольклорын  жинау  мен  зерттеу  ісі  де  біршама  жетілдіріліп 
отырды,  әрі  әр  кезеңнің  саясатына  сәйкес  оның  мақсаты  да  өзгеріп  тұрды.  Патша 
өкіметі  тұсындағы  отарлау  Кеңес  өкіметі  кезінде  жаңа  сипат  алды  да,  патшалық 

62 
 
Ресей  уақытындағы  жинау  ісі  Кеңес  заманында  мүлде  өзгеше  масштабта,  жаңа 
мақсатта, басқа түрде жүзеге асырылды [2]. 
Патша  өкіметі  тарапынан  жиналған  мәтіндер  үш  мақсатта:  христиан  дінін 
уағыздау;  патшаның  өз  бетімен  шексіз  билеу  саясатын  дәріптеу;  сонымен  бірге 
мемлекетке қызмет ету мақсатында жиналып, жарияланып отырды.  
Қазақ фольклоры мақсатты түрде ХІХ ғасырда-ақ жиналып, зерттеле бастады. 
Әсіресе,  Ш. Уәлиханов,  В.В. Радлов,  Мәшһүр  Жүсіптің  жинаушылық  пен 
жариялаушылық еңбектері, олардың азды-көпті жазған зерттеулері қазақ фольклор- 
тану  ғылымының  бастауы  болды.  ХІХ  ғасырдағы  Ш.Ш. Уәлиханов,  В.В. Радлов, 
Мәшһүр Жүсіп және тағы басқа да фольклор шығармаларын жинаушылар еңбегінің 
маңыздылығы,  олар  –  көп  жылдық  тәжірибеге  сүйеніп,  халықтық  үлгілерді  жазып 
алу әдісін қалыптастырды.  
Қазақтың  фольклорлық  шығармасын  жинауда  фольклортану  ғылымының 
жасаған жұмысы ұшан-теңіз. Халық поэзиясының әр түрлі саласына: әдет-ғұрпы мен 
тұрмыс-салтына  байланысты  және  көңіл-күйін  көрсететін  өлең-жыр,  жұмбақ, 
жаңылтпаш  сияқты  көптеген  шығармалар  жиналды.  Қазақтың  ертегілері  мен 
эпосынан,  мақал-мәтелдерінен  де  бай  материалдар  жинақталды.  Жинау  жұмыстары 
Қазақстанның Солтүстік пен Шығыс, Оңтүстік пен Батыс және Орталық аудандарын 
қамтыды.  Фольклордың  эпос,  ертегі  және  мақал  сияқты  түрлеріне  көңіл  бөлініп, 
олардың мол қоры жасалды [2]. 
ХХ  ғасыр  басындағы  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  және  одан  кейінгі  орын  алған 
түрлі тосқауылдарға қарамастан, ғылымды шын сүйетін ғалымдар бұл істі, негізінен 
алғанда,  дұрыс  бастап,  өрістетіп  келген  деуге  болады.  Мәселен,  Мәшһүр  Жүсіп 
жазбалары жинаушыларға қойылатын басты-басты талаптарға сай келді. Біріншіден, 
материалдарды  кімдерден  қандай  жағдайда  алғанын  үнемі  дерлік  көрсетіп  отырды. 
Екіншіден,  халықтың  ұғымын,  ауызекі  сөйлеу  тілі  ерекшелігін  сақтап,  қағазға 
түсірген.  Үшіншіден,  белгілі  бір  аңыздың  тарихилығын,  шындығын  дәлелдерлік 
деректер қоса келтірілді [3].  
Жалпы  фольклорды жинаудың  қалыптасқан  үш  тәсілі  бар:  бірі–тікелей  жинау 
тәсіл,  екіншісі  –  тұрғылықты  жинау  тәсіл,  үшіншісі  –  экспедициялық  тәсіл.  Бұл 
тәсілдердің  барлығын  да  Мәшһүр  Жүсіп  қолданған.  Фольклорды  тікелей  жинау 
дегеніміз:  не  жинаушы  фольклорды  ел  арасынан  арнайы  іздеп,  айтушыдан  тікелей 
жазып  алады,  не  жеке  адамдар  өз  инициативасымен  жинайды.  Олардың  халық 
мұрасына  жанашырлықпен  қарап,  қызғыштай  қоруы  арқасында  Қазан  төңкерісіне 
дейінгі  кезеңнің  өзінде-ақ  қазақ  фольклорының  мол  мұрасының  бір  бөлімі  әрі 
жинақталып, әрі сұрыпталынып, әрі жарияланып – бәрі қазақ фольклортану ғылымы 
үшін  зерттеушілік  жұмысқа  қажетті  материалдық  негіз  құрады.  Олар  шығармаға 
жасаған байымдауларында: әрі айтушының аты-жөнін, оның қай жерде, қай болыста, 
қай  уезде  тұратынын,  яғни  біршама  паспорттық  мәліметтерді  беріп  отырған.  Бұл 
жинаушылық  шарттары  сол  кезең  үшін  –  үлкен  жетістік.  Оны  ғылыми  принциптің 
алғашқы  баспалдақтары  десе  де  болады.  Сондай-ақ  олар  фольклорлық  мәтінді 
ауызба-ауыз  жинау  барысында,  оған  ғылыми түсініктеме  беруді  маңызды  шара  деп 
қабылдаған. 
Фольклорды  тікелей  жинау  барысында  олар:  тілдік  ерекшеліктерді  сақтау, 
дәлділік,  айтушы  аузынан  сол  қалпында  көшіру,  арнайы  бір  тақырыпқа  материал 
жинау, сондай-ақ айтушы айтқанының бәрін түгел қалдырмай жазу шарты, оның еш 
сөзін  қысқартуға,  алып  тастауға  немесе  өз  жанынан  оған  басқа  бір  нәрсені  қосуға 
мүлде  болмайтындығы,  диалектілік  ерекшеліктерді  де  тастамай  көрсетіп  отыру 
керектігі жөніндегі т.б. талаптарды да орындаған.  
Фольклорды  жинаудың  екінші  тәсілі,  тұрғылықты  түрде  дегеніміз-  белгілі  бір 
мекенде  тұрып,  фольклорды  сол  маңайдан  үзіліссіз  жинау.  Бұл  жұмыспен  аудан 

63 
 
орталығында, үлкен селода т.с. мекенде тұрақты тұратын маман (әдебиетші, мұғалім, 
журналист  т.б.)  шұғылданады.  Ол  алыс  елді  аралайды.  Өз  айналасындағы, 
облысындағы  (аймақтағы)  фольклорды  үзіліссіз,  үнемі  жинап  тұрады.  Жинағанын 
өзінде  сақтайды,  немесе  арнаулы  ғылыми,  оқу  мекемеге  жібереді.  Оларды,  әдетте, 
тілші-жинаушы деп атайды. 
Фольклорды  тұрғылықты  тәсіл  арқылы  жинаудың  ұтымды  жағы:  біріншіден, 
барлық жанрларды асықпай  іздестіру мен мұқият қағазға түсіру. Бұған жер-жердегі 
энтузиаст  адамдардың  да,  тұрақты  хабаршы-тілшілердің  де  көмегі  болды.  Тұрақты 
бір  адам  жергілікті  елді-мекендегі  фольклорлық  шығарманы  тұрғылықты  тәсіл 
арқылы  жиыстырғанда,  оларды  не  ауызба-ауыз  тілдесу  әдісі  арқылы,  не  дайын 
қолжазбалардан, кітаптардан көшіріп қағазға түсіреді. 
Мәшһүр  Жүсіптің  фольклорды  тұрғылықты  тәсіл  арқылы  жинаудың  ұтымды 
жақтары  көп  болды:  біріншіден,  тұрақты  бір  елді-  мекенде  тұрып,  фольклорды  сол 
маңайдан  үзіліссіз,  үнемі  жинаса,  екіншіден,  фольклордың  барлық  жанрлары 
асықпай іздестіріп, қағазға мұқият түсіріледі.  
Фольклорды  жинаудың  үшінші  тәсілі-экспедициялық  тәсіл.  ХХ  ғасырдың 
бірінші  жартысында  Қазақстанда  фольклорды  жинау,  зерттеу  жұмыстарымен 
Жазушылар 
одағының 
поэзия 
секциясы,  Қазақтың 
С.М. Киров 
атындағы 
Мемлекеттік  университеті  мен  Қазақтың  Абай  атындағы  педагогтік  институтының 
қазақ  әдебиеті  кафедрасы,  КСРО  Ғылым  академиясы  Қазақ  филиалының  Тіл, 
әдебиет,  тарих  институты  (1946  жылдан  бастап  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
Тіл  мен  әдебиет  институты)  шұғылданды.  Бұл  ұйымдар  Қазақстанның  жер-жеріне 
экспедициялар жіберіп, ауыз әдебиетінің материалдарын жинатып отырды [2]. 
М.Ж. Көпеевтің  фольклорды  тікелей  жинау  тәсілі  үш  әдіске  сүйенген:  а) 
ауызша  айтылғанды  сөзбе-сөз,  немесе  тыңдау  негізінде  хатқа  түсіру;  ә)  ел  ішіндегі 
қолжазбалардан көшіру; б) ертеректе шыққан кітаптардан көшіріп алу.  
Мәшһүр-Жүсіп  5  жасында  Баяндағы  Байжан  Смағұлының  медресесінде 
Нәжімалдин  хазіреттен  оқиды.  Ол  баланың  алғырлығын,  зеректігін  аңғарып  оны 
«Шар» кітаптан бастап оқытады. Мәшһүр-Жүсіп 8 жасында Қамариддин  хазіреттен 
оқи  бастайды.  Жас  кезінде  Бұхарай-Шарифтен  оқып,  дін  ғылымын  бітірген,  кейін 
Ақмола облысында дуанбасы Керей Тұрысбектің қасында бірнеше жыл тұрып, одан 
соң  Омбы  облыстық  ахуны  болып  жүрген  жерінде  дуанбасы  Мұса  Шорманұлы 
шақыртуымен  Баянға  келген.  Қамариддиннің  шығыс  мәдениетін,  қазақ  ауыз 
әдебиетін кең  білуі және насихаттауы –  бәрі  болашақ ақынға шешуші ықпал еткені 
анық. Бұрын ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілері тек ауызша айтылып, оны қағазға 
түсіру дәстүрі болмаса, Қамариддин хазірет ала келген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», 
«Ер  Тарғын»,  «Төрт  жігіттің  өлеңі»  т.б.  жырларды  қағазға  түсіріп,  ауызша  жырлап 
айтуы  –  Мәшһүр-Жүсіптің  8  жасынан  бастап-ақ  ауыз  әдебиеті  мен  фольклор 
үлгілерін қағазға түсіріп, халыққа тарата бастағанын дәлелдейді [4]. 
Алғашқы Мәшһүр-Жүсіптің өлеңі 15 жасында жазылған. 20 мен 25 аралығында 
Мәшһүр-Жүсіп  Сарыарқаның  халқын,  жерін-суын  түгел  аралайды,  серілік  құрады. 
Әр  таптың,  әр  дуанның  аты,  атағы  бар  адамдармен  жолығып,  пікір  алысады: 
Қарқаралы  дуанында  заманында  халқына  қария,  үлгі  болған,  көпті  көрген  көне, 
қажыға бірнеше рет барған Жүсіп қажы Бердалы қожамен; Атбасар дуанында Әліке 
Байдалы,  Аққошқар  Сайдалы  тұқымдарымен  және  де  Атбасарда  Мейрам  қажы 
Жанайдар  батыр  баласымен  т.б.  танысып,  көптеген  уақыттарын  бірге  өткізеді. 
Мейрам қажыға 23 жасында, яғни 1881-нші жылдары кездесіп, үйір болып танысып, 
көп  уақыттар,  жазы  –  қысы  қолында  болады  (көне  қолжазбалар  мен  кітаптарды 
ақтарып, әдеби мұра сөздерін көп зерттеген). 
Сондай-ақ Мәшһүр-Жүсіп Ақмола дуанында Қоңырқұлжа төре тұқымдарымен, 
Жәңгір  төремен  т.б.  танысады.  Жәңгір  төре  де  –  сөзге  шешен,  ұғымды,  ұқпа  құлақ 

64 
 
қария,  сауатты  адам  болған.  Ақмола  дуанына  қараған  Қама,  Жапар  елінде  атақты 
Бөгенбай  батырдың  немересі  жүз  жасаған  Саққұлақ  шешенмен,  заманында  Орта 
жүзге  шежіре  атанған  қариямен  ауыз  жұлысып,  тарих  жағынан,  қазақ  әдеби  мұра 
сөздерін  жазып  алып  хатқа  түсіреді.  Ал,  Көкшетауда  Абылай  тұқымы  көп 
төрелермен  танысады.  Сыздық  төре  Кенесарыұлымен  Ташкент  қаласында,  т.б. 
жерлерде бірнеше рет кездеседі. Атақты Атығай, Қарауылдан шыққан Ақан серімен 
жиі кездесіп жүреді. 
Мәшһүр-Жүсіп  жинаған  фольклор  үлгілерінің  басым  көпшілігі-  аңыз  бен 
әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттарына («Ой түндік белеңде деген қай жерде» 
т.б.); әулиелер («Шайқы Бұрқы әулие», «Талмас ата әулие», «Болған ана мен Белең 
ата» т.б.); тарихи адамдар («Асан қайғы» т.б.); пайғамбарлар («Сүлеймен пайғамбар 
мен құмырсқа», «Сүлеймен пайғамбар мен байғыз», «Нұх пайғамбар мен бір кемпір» 
т.б.) т.б. болып келеді [3]. 
Мәшһүр-Жүсіп  жазбалары  арасында  мифтер  де,  діни  хикаяттар  да  кездеседі. 
Мәселен,  «Нұх пайғамбар мен бір  кемпір туралы»  хикаятта: пайғамбардың да  адам 
тәрізді қателесуі сөз болады. 
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік 
сөздерді  қағазға  түсірумен  ғана  шектелмей,  фольклордың  басқа  да  жанрлық 
түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар 
айтысын  т.б.  жинағаны  белгілі.  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  жинаған  фольклорлық 
үлгілерге  жанрлық  жағынан  келетін  болсақ,  ел  аузынан  тұрмыс-салт  жырларының 
30-40 шақтысы топталған [4]. 
Қолда бар материалдарға сүйенсек: «бет ашар» үлгісі – 30–31 бет; «жар-жар» – 
25;  түрлі  баталар  –  20;  жоқтау  –  30;  қалғандары  т.б.  –  45–50  беттік  мөлшерді 
құрайды.Бұлардың  ішінен  Мәшһүр-Жүсіп  жинаған  біраз  нұсқалар:  «Беташар», 
«Жаңа  түскен  келінге  ақ  тілеу  айтуы»,  «Келіншекке  өсиет»,  «Сарғайып  атқан  сары 
таң  сәуле  бір  беріп  көрінеді»,  «Жоқтау»,  «Батырбек  дегеннің  қызы  Балғын  өлгенде 
шешесінің  жоқтауы»,  «Бопының  қарындасы  күйеуі  өлгенде  жоқтағаны»,  «Тәтіні 
жоқтау»,  «Кейінгіге  аманат»,  «Қара  өлең»,  «Ақ  бата»,  «Өтірік  өлең»,  «Қаршығаны 
мақтағаны»,  «Азаматтар,  шоралар»,  «Қойкелді»,  «Қожамберді  айтты»,  «Оу,  Шоң 
биім, Шоң биім» т.б. көп томдықтар ішінде басылды [3]. 
Мәшһүр-Жүсіп  ел арасынан: «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше»,  «Ер 
Сайын»,  «Нәрік  ұлы  Шора  батыр»  т.б.  тәрізді  батырлар  жырын  да,  «Қозы  Көрпеш-
Баян  сұлу»,  «Алтынбас-Күмісаяқ»  т.т.  лиро-эпос  жырларды  да;  сондай-ақ  «Киік», 
«Бозторғай»,  «Дін  үйренетұғын»  тәрізді  басқа  шығармаларды  да  жинаған.  «Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын» жырларын Мәшһүр-Жүсіп 1866-жылы 8 жасында-
ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз [3]. 
Мәшһүр-Жүсіп  ел  арасынан  түрлі  ертегілер  де  жинаған  /»Еділ-Жайық»,  «Көр 
ақтарған  Жаманбай»,  «Баһырам  патша  туралы»,  «Есен  тентек  туралы»,  «Ертеде  бір 
хан  болыпты»,  «Ақтабан  шұбырынды  Алқакөл  сұлама»,  «Еңсегей  бойлы  Ер  Есім»; 
«Алаша хан»;  «7 жасар Желкілдек»; «Ер Төстік», «Әз Жәнібек және бір ұста», «Екі 
патша», «Әділ би», «Сүйіндік:Олжабай батыр ; «Тама Сарыбас мерген» т.б. [3]. 
Ал, ертегілер ел арасынан қалай жиналды, жеткізуші есімдері кім дегенде т.б. – 
ол  турасында  Мәшһүр-Жүсіп  шамасынша  түсінік  беруге  тырысқан.  Мәселен, 
жоғарыда  айтылған:  «Сүйіндік:  Олжабай  батыр»  ертегісін  Мәшһүр-Жүсіп  1865 
жылы  Сақау  ақынның  айтуынан  жазып  алған.  Оған  дәлел  «әулеттік  архивте» 
сақталған  Әлкей  Марғұланның  Сердалы  деген  адамға  жазған  хаты.  Онда  мынадай 
сілтеме беріледі: «Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр-Жүсіп 
Көпейұлы», – делінген. Яғни бұдан білеріміз: біріншіден- жазылған нұсқаның ертегі 
жанрына  жататынын  Мәшһүр-Жүсіптің  білгені;  екіншіден-  Сақау  ақынның  ауызша 
айтуынан жазып алуы; үшіншіден- бұл үлгінің жазылынып алыну мерзімі 1865 жыл 

65 
 
екендігі  (ақынның  7  жасар  кезі).  Келтірілген  бұл  деректердің  осы  фольклорлық 
үлгінің  паспортын  құрайтыны  анық.  Ал,  кімнен,  қашан,  қалайша  жазып  алғандығы 
жөніндегі  т.б.  мұндай  сілтемелер  жиынтығы-  жалпы  фольклористика  ғылымының 
фольклорлық  үлгіні  жазып  алу  паспортына  керекті  негізгі  талаптарының  бірі 
екендігі  мәлім.  Сол  сияқты  «Тама  Сарыбас  мерген»  ертегісін  Мәшһүр-Жүсіп  Кіші 
жүз Қарабура ұранды Тама елінің мергені Сарыбастан естігенін айтады.  
Халық  поэзиясы  үлгілерін,  оның  ішінде  мақал-мәтелдерді  Мәшһүр-Жүсіп 
Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, 
мақал-мәтелдерді  жинаумен  айналысу  фольклорист-ғалымнан  ұзақ  уақыт  пен 
қажымас  ізденуді,  еңбектенуді  қажет  ететіні  белгілі.  Себебі  мақал-мәтелдер  дайын 
күйінде  жеке  дара  кездеспейді.  Оларды  айтушының  не  ауызекі  сөзінен,  не 
қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі 
аян. Мұнда жоғарыда аталған жинаушылықтың негізгі үш тәсілі де қолданылады.  
Асылы,  белгілі  бір  фольклор  үлгілерін  шығарғанда,  әр  материалдың  қайдан, 
кімнен алынғаны көрсетілмеуі ғылымдағы асығыстықты, өзінен бұрынғы зерттеуші, 
жинаушы  еңбектерін  елемеуді  дәлелдесе  керек.  Ал,  Мәшһүр-Жүсіп  әр  мақалдың 
дерлік қайдан жазып алынғанын көбіне сөз арасында айтып кетіп отырған. Мәселен, 
«Байлық  мұрат  емес,  //  Жоқтық  ұят  емес!»  –  деген  мақалды  Мәшһүр-Жүсіп:  «Күні 
кеше  Сарыарқада  қасиетті,  шарапатты  болып  өткен  Ғайса  Бикей  ишан  дуам  айтып 
отырады  екен»,  –  дейді.  Яғни,  бұдан  мақалды  жеткізуші  есімі  Ғайса  Бикей  ишан 
екендігі,  оны  Мәшһүр-Жүсіптің  жазып  алғандығы  көрініп  тұр  [3].  Демек,  фольк- 
лорды  жинаудың  жоғарыдағы  3  тәсілі  де  Мәшһүр-Жүсіп  сәтті  қолданған.  Осы 
арқылы  қазақ  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жан-жақты  жинай  отырып,  кейінгі 
ұрпаққа  жеткізуі  т.б.  –  қазақ  фольклортану  ғылымына  қосқан  өлшеусіз  үлес  болып 
табылады. 
Сол сияқты мына үлгілерді де ауызша айтудан тікелей хатқа түсірген: «Байды 
Құдай  атқаны,  //  Жабағы  жүнін  сатқаны»,  –  деп  басталатын  топтаманы  Мәшһүр-
Жүсіп  Шортанбай  қожа  айтты  десе,  «Қарадан  хан  қойса,  қасиеті  болмайды,  // 
Үлгісізден  би  қойса,  өсиеті  болмайды»,  –  деген  жолдан  басталатын  бір  топ  мақал- 
мәтелді Мұса Шорман би ұғлынан естігенін жазып қалдырған [2]. Міне, осы тәрізді 
белгілі  бір  ел  аузынан  жиналған  фольклорлық  үлгілердің  жазылу  паспортына 
қатысты  түсініктемелер,  толықтырулар 
Мәшһүр-Жүсіп  жазбасында  көптеп 
кездеседі. 
 
Әдебиеттер 
1. Қазақ  фольклористикасы.  –  Алматы:  Ғылым,  1972.  –  298  б.;  Қазақ  фольклористикасының 
тарихы. – Алматы: Ғылым, 1988. – 432 б. т.б. 
2. Жүсіпов  Н.Қ.  Қазақ  фольклортану  ғылымы:  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысы.  –  Павлодар.  – 
381 б. 
3. Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. 5-13 томдар. – Павлодар: ЭКО, 2005–2008. 
4. Жүсіпов  Н.Қ.  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  фольклортану  ғылымы.  – 
Павлодар, 2003. – Б. 30–160. 
 
 

66 
 
ЕРТЕГІДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
А.С. Бектұрсын, Қ.С. Ерғалиев 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Ертегі – ақиқат (аңыз) жалғасы. Кез келген халықтың ұлттық ерекшелігі тілдегі 
номинативті  сөздерде  көрініс  тапқан.  Мұндай  сөздер  қатарында  антропонимдер 
ерекше 
орын 
алады.  Әсіресе, 
ертегілердегі 
антропонимдердің 
этимонын, 
семасиология  және  прагмастилистикасындағы  дифферанциясын  зерттеу  арқылы 
халқымыздың  сан  жылдық  тарихына  бойлаймыз.  Бұл  тақырыпты  контрастивтік 
лингвистикада зерттер болсақ, тілдегі ұлттық ерекшелік ашылары да ақиқат. Бүгінгі 
таңда  антропонимдерді  социолингвистикалық  тұрғыдан  зерттеу  туралы  мәселе 
қойылғанымен,  кейбір  авторлардың  еңбегінде  тиіп-қашпа  пікірлер  айтылғанымен, 
арнайы зерттеу жұмыстары жасалмай келеді. 
Бәріміз  білетініміздей,  антропонимдер  –  кісі  аттарынан  тұратын  жалқы 
есімдердің  ірі  шоғыры.  Ол  жөнінде  Ғ. Қалиев  өзінің  «Тіл  білімі  терминдерінің 
түсіндірме  сөздігінде»:  «Антртопоним  –  адамдардың  өзіне  меншікті  есімдері,  аты-
жөні, жалған, бүркеншік, жасырын, лақап аттары», – деген анықтама береді [1, 25]. 
Яғни  тал  бесіктен  жер  бесікке  дейін  адам  жанының  серігі  іспеттес  антропонимдер 
түрлі орайда ұшырасуы ықтимал. Ал олардың бастапқы мағынасына үңілу, құрамы 
мен  құрылысындағы  ерекшеліктеріне  бойлау  бүгінгі  таңда  әлі  де  болсын  зерттеуді 
қажет ететін мәселелер қатарында. 
Қазақ  тілі  –  мағыналық  және  құрылымдық  жағынан  бай  тіл.  Тілдің  бай 
лексикасы  оның  көркемдігі  мен  күрделілігінен  көрініс  табады.  Ертегілердегі 
антропонимдердің  құрылысындағы  екіұдайылылық  пен  жасалу  жолындағы  даулы 
пікірлердің болуы заңды құбылыс. Антропонимдердің жасалуындағы ерекшеліктерді 
сөзжасамдық  тәсілдер  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ,  ертегідегі  есімдердің 
құрылысындағы  кейбір  өзгешеліктерді  анықтаудың  реті  туады.  Негізінен, 
ертегілердегі антропонимдердің басым көпшілігі негізгі түбір күйінде емес, туынды 
түбір  немесе  сөздердің  бірігуінен,  тіркесуінен  жасалған.  Ол  жайлы  Н. Оралбайдың 
«Қазақ  тілінің  сөзжасамы»  оқулығында:  «Туынды  сөздердің  жасалу  жолдары 
ғылымда  сөзжасамдық  тәсілдер  деп  аталады»,  –  дей  келе,  олардың  жасалу  жолына 
тоқталады. Ғалым сөзжасамдық тәсілдерді үшке бөліп қарастырады: 
1) синтетикалық тәсіл; 
2) аналитикалық тәсіл; 
3) лексика-семантикалық тәсіл [2, 33]. 
Осы  сөзжасамдық  тәсілдердің  жіктелісін  басшылыққа  ала  ертегідегі 
антропонимдердің жасалу жолдарын қарастыралық. 
1) Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған антропонимдер. Қазақ тілі қосымшалы 
тілдер  тобына  жататындықтан  антропонимдерге  қосымша  жалғау  арқылы  жаңа 
мағына үстеу жиі кездеседі. Күнікей, Күнше [3], [4] сияқты кісі есімдеріндегі негізгі 
түбірі –  күн. Ал оларға жалғанған әртүрлі аффикстер негізгі түбірдің мағынасының 
кеңеюіне жағдай жасайды. 
Туынды  антропонимдерді  жасайтын  өнімді  қосымшалардың  бірі  –  -лық,  -лік 
жұрнақтары.  «Жақсылық  пен  Жамандық»  ертегісіндегі  кейіпкерлердің  есімдері 
ертегідегі жасайтын әрекеттеріне байланысты қойылған. -лық, -лік аффикстері қазақ 
тілінде  екі  сөз  табына  (зат  есім,  сын  есім)  жалғанады.  Осы  секілді  ертегідегі 
антропонимдер  деминутив  түрінде  ұшырасуы  да  ықтимал.  «Тазша  бала»  ертегісін- 
дегі  бас  кейіпкердің  есімін  кішірейту,  сол  арқылы  еркелету  мағынасы  көрініс 
табады. 

67 
 
2) Аналитикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  антропонимдер.  Ертегідегі  антро- 
понимдерде қазақ тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысында сөзжасау 
бірігу,  өзгерту,  кірігу  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асады.  «Ер  Төстік»  [4]  ертегісіндегі 
Көлтаусар, Желаяқ, Таусоғар сияқты кейіпкерлердің есімдері мағыналы түбірлердің 
бірігіп,  жаңа  бір  атаудың  пайда  болуына  негіз  болды.  Онда  зат  есім  +  етістік 
(Көлтаусар,  Таусоғар),  зат  есім  +  зат  есім  (Желаяқ,  Қылкеңірдек,  Шибұт) 
формасымен біріккен атаулар ұшырасады. Сын есім мен зат есімнің  бірігуі арқылы 
жасалғандарға  Сұрмерген,  Ақбай,  Қарамерген  жатады  [3].  Ертегілерде  үш  тұғалы 
компоненттің 
бірігуінен 
жасалған 
антропонимдер 
де 
кездесуі 
ықтимал. 
«Құланайжарқын»  [3,  180-181]  ертегісіндегі  бас  кейіпкердің  есімі  зат  есім  +  зат 
есім + сын есім, «Қарақұсбай» [3, 23-26] ертегісінде сын есім + зат есім + зат есім 
арқылы  жасалған.  Біріккен  тұлғалы  антропонимдер  аффикс  тәсілімен  де  беріледі: 
Майлықараша  [3,  223-226].  Негізгі  түбірге  қосымша  жалғау  арқылы  біріккен 
антропонимдердің берілуі көбіне кейіпкердің шығармадағы қызметінің мәнін ашуға 
негізделсе керек. 
3) Лексика-семантикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  антропонимдер.  Конверсия 
жолымен  түбір  не  негіз  сөздің  басқа  парадигмаға  айналу  тәсілі  антопонимдерде 
(ертегідегі)  де  жиі  кездеседі.  Осы  орайда  «Мақта  қыз  бен  мысық»  ертегісіндегі  бас 
кейіпкердің  есімін  қарастыруға  болады.  Мақта  –  қоза-құлқайыр  тұқымдасына 
жататын  дақыл,  екіншіден,  мақта,  мадақта  сөздерімен  мағыналас  болса  керек. 
Бұндай дисилаб антропонимдер, ең алдымен, семантикалық жағынан қарауды қажет 
етеді. «Ер Төстік» ертегісіндегі Таусоғар, Көлтаусар антропонимдерінің субстантив- 
тенуі ертегілердің өн бойынан көптеп ұшырастыруға болады. Т.Жанұзақовтың қазақ 
есімдерін  жіктеген  лексика-семантикалық  топтарын  негізге  ала  отырып,  ертегілер- 
дегі  есімдерді  былай  топтастыруға  болады:  мал  шаруашылығына  байланысты 
қойылған  ертегі  кейіпкерлері:  Құлатай  (Құлатай  батыр),  табиғат  құбылысына 
байланысты  ертегі  кейіпкерлерінің  есімдері:  Күнше  (Баласын  жоғалтқан  күнше) 
[5.214-216], Айбарша (Ай астындағы Айбарша сұлу) [5, 236-242], тағы аңдар мен үй 
хайуанаттары  жайлы  қойылған  ертегі  кейіпкерлерінің  есімдері:  Қарғаша  (Жабайы 
мырза мен Қарғаша сұлу) [5, 168-173], Қараүйрек [5, 45-50] т.б. 
Қысқасы,  ертегідегі  антропонимдердің  жасалу  жолын  сөзжасамдық  тәсілдер 
арқылы  жүйелеу,  ең  алдымен, туынды  есімдердің  құрылысыдағы  кейбір  өзгешелік- 
терді  тануға,  ұқсастықтары  мен  айырым  белгілеріне  қарай  топшалауға  мүмкіндік 
береді.  Ертегідегі  антропонимдердің  жасалу  жолын  танып-білу  өткеніміздің  түп-
тамырына бойлауға апарары сөзсіз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет