Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет16/31
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31

Әдебиеттер 
1. Самкова М.А. Кинотекст и кинодискурс: к проблеме разграничения понятий // Филологиче-
ские науки. Вопросы теории и практики. – 2011. – №. 1. – С. 8. 
2. Зарецкая  А.Н.  Особенности  реализации  подтекста  в  кинодискурсе  //  Вестник  Челябинского 
государственного университета. – 2008. – №. 16. 
3. Назмутдинова С.С. Гармония как переводческая категория (на материале русского, англий-
ского, французского кинодискурса): авторф. дисс. … канд. филол. наук. Тюмень, 2008.18 с. 
4. Игнатов К.Ю. Гармония  как переводческая категория (на материале русского, английского, 
французского кинодискурса): авторф. дисс. … канд. филол. наук. Тюмень, 2008.18 с. 
5. »Жау Жүрек Мың Бала» кинофильмі – «Myn Bala- Warriors of the Steppe». 
 
 
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТИЛЬДЕРІНІҢ БЕЛГІСІ 
РЕТІНДЕГІ ИРОНИЯ  
(Би-Би-Си-дің «Жұлдыздармен сұхбат» және қазақстан, хабар телеарналарының 
«Жұлдыздармен сұхбат» бағдарламаларының негізінде) 
 
А.Д. Ахмедиева, Р.Ж. Саурбаев 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
«Ирония, как явление многостороннее и многоликое, является предметом изу- 
чения  различных  областей  знания  –  философии,  литературоведения,  лингвистики. 
Она традиционно рассматривается как категория комического (Ю.Б. Борев, К.А. Во- 
робьева,  Б. Дземидок,  О.Я. Палкевич,  С.И. Походня,  В.Я. Пропп,  S. Attardo  и  др.), 
трактуется как философско-эстетическая категория, как феномен культуры, как мен- 
тальное и  лингвокультурное образование  (Е.А. Брюханова,  Ю.Н. Мухина,  В.М.  Пи- 

122 
 
воев и др.), а также как средство отражения морально-этических ценностей социума 
(А.И. Дырин)».(Ирония  көпқырлы  құбылыс  болғандықтан,  ол  көптеген  ғылым 
салаларының  –  философия,  әдебиеттану,  лингвистиканың  зерттеу  пәні  болып 
табылады.  Ол  әдетте  күлкіліктің  категориясы  (Ю.Б. Борев,  К.А. Воробьева,  Б. Дзе- 
мидок,  О.Я. Палкевич,  С.И. Походня,  В.Я. Пропп,  S. Attardo  және  т.б.)  және  фило- 
софиялық-эстетикалық  категория,  мәдениет  феномені,  ақыл-ой  және  тілдік-мәдени 
білім  беру  (Е.А. Брюханова,  Ю.Н. Мухина,  В.М. Пивоев  және  т.б.),  сондай-ақ 
социумның  моральдық-этикалық  құндылықтарын  бейнелеу  құралы  ретінде 
түсіндіріледі.) (А.И. Дырин) [1, 1 б.]. 
«Юмор,  частью  которого  является  ирония,  находит  свое  отражение  в  образе 
жизни  народа,  его  культуре  и  языке.  Многие  исследователи  определяют  юмор  как 
способ  коммуникации  и  как  вид  воздействия  на  собеседника  (М. Еленевская, 
В.И. Карасик, Ю.В. Латышев, В.Я. Пропп, Е. Третьякова, Т.Ю. Чубарян и др.). (Әзіл-
сықақ (ирония оның бір бөлігі) халықтың өмір-салты, оның мәдениеті мен тілінде өз 
бейнесін  табады.  Көптеген  зерттеушілер  әзіл-сықақты  коммуникация  тәсілі  және 
сұхбаттасушыға  әсер  етудің  түрі  деп  анықтайды  (М. Еленевская,  В.И. Карасик, 
Ю.В. Латышев, В.Я. Пропп, Е. Третьякова, Т.Ю. Чубарян и др.) [1, 1 б.]. 
«Әдебиеттану  сөздіктерінде  негізінен  иронияның  мынадай  мағыналары 
көрсетіледі:  1) әдейі  қолдау  немесе  мақұлдау  түрінде  айтылатын  терістеу  немесе 
күлкі  ету;  2) айтылған  ойдың,  сөздің  мәнмәтінінде  қарама-қарсы  мағына  беруі 
жолымен жасалатын кекету мағынасы; 3) субъектінің артықшылық сезімін астарына 
бүккен байыптылық пердесін жамылған күлкі ету мағынасы» [2, 93б.]. 
«Ирония  антикалық  дәуірде  пайда  болды.  Тарихтың  түрлі  кезеңдерінде 
иронияның  алуан  түрлері  жетекші  маңызға  ие  болып  отырған:  Гомерде  –  трагика- 
лық, Э. Роттердамский мен Вольтерде – сайқымазақтық, романтиктерде – түңілуші- 
лік, Герценде – әлеуметтік- сыншылдық, Блокта – идеал мен ақиқат өмір арасындағы 
қайшылықтарды  ашу,  Ницшеде  –  ниггилизм  мен  пессимизмді  білдіру,  Кьеркегор 
мен экзистенциалистерде – жаппай терістеудің пессимистік түрі»[2, 94б.]. 
«Болгар  эстетигі  И. Паси  иронияны  зерттеу  тарихының  үш  кезеңін  атап 
көрсетеді:  1) ирония  таным  мен  моральдық  жетілу  құралы  (Сократ);  2) суреткердің 
шығармашылық  субъективтілігі  (Ф. Шлегель);  рухани-тарихи  үдеріс  (Зольгер,  Ге- 
гель).  «Антикалық  авторлар  иронияны  ерекше  стильдік  әдіс  ретінде  қолданғаны 
мәлім. Ежелгі гректер ирония деп өзін әдейі ақымақ етіп көрсетіп, сөз арқылы қулық 
жасау, жорта мақтауды атаған» [2, 95б.]. 
«Аристотельден  кейін  б.д.д.  V  ғасырдан  XIX  ғасырға  дейін  ирония  поэтикада 
нәрсені  керісінше  атайтын  ділмарлық  (риторикалық)  тәсіл  ретінде  түсіндірілді. 
Кейіннен  Лукианның  сатирасы,  Э. Роттердамскийдің  «Ақымақтыққа  мадақ», 
Дж. Свифтің шығармалары осы иронияға құрылды» [2, 96 б.]. 
«Классицизм  эстетикасында  иронияны  күлкі  атрибуты  сатирадағы  сыншыл 
күлкінің  әдісі  түрінде  қабылдады.  Ирония  төменгі  стильге  тән  болды,  әйтсе  де 
адамдық  талап-мақсаттан  құдайдың  жазғанының  алшақ  жатуын  білдіретін  «тағдыр 
тәлкегі» комикалық емес, трагедиялық коллизияға сәйкес келеді» [2, 96 б.]. 
«Орта  ғасырлардағы  халықтық  күлкі  мәдениетінде  ирония  барынша  белсенді 
қолданылды. М.М. Бахтин «Франсуа Рабленің шығармашылығы және орта ғасырлар 
мен  Ренессанстағы  халықтық  мәдениет»  еңбегінде  орта  ғасырлық  қоғамдағы  қатаң 
канондарға,  діни  догматтар  мен  аскетизмге,  иерархиялық  тәртіптің  түрлі 
формаларына  қарсы  «ортағасырлық  гуманизмнің»  көрінісі  ретінде  «күлкі  әлемінің» 
маңызы зор болғанын жазады [2, 96-97 б.]. 
«Қайта  өрлеу  дәуіріндегі  күлкіге  сипаттама  бергенде  И. Паси  ренессанстық 
күлкінің  ызалы,  кемсітушілік  сипатына  тоқталады.  «Еркіндікке»  ұмтылған  дара 

123 
 
тұлғалар  кешегі  құлдық  үшін  кек  алуда  күлкіні  құрал  етіп  отырғандай  әсер  етеді  
[2, 97 б.]. 
«XVIII  ғасырдың  соңы  мен  XIX  ғасырдың  басындағы  неміс  әдебиетінде 
романтикалық  иронияның  ерекше  типі  дүниеге  келіп,  оның  теориясы  жасақталды. 
Романтизм  эстетикасында  ирония  философиялық  өмірлік  позиция  деңгейіне 
көтеріліп,  оны  жалпы  көзқарастық  тұрғыда  қолданатын  болды.  Романтиктер 
материалдық  дүниеде  адам  еркіндігін  жүзеге  асыруда  көптеген  кедергілер  кездесіп 
отыратынымен  субъективтік  шығармашылықта,  өмір  саласында  мұндай  кедергі- 
лердің аз болатынын жақсы түсінді.  
XIX ғасырдың соңындағы көптеген оқиғалар мен қоғамдағы құбылыстар дүние 
бейнесінің  өзгеруіне  көп  жаңалықтар  әкелді.  Мұндай  өзгерістерге  адамзат  қоғамы 
дайын  болмағандықтан  қоғамдық  санада  қайшылықты  реакция  тудырды.  Біреулер 
ғылыми-техникалық прогрестің соны мүмкіндіктеріне сеніммен қарап жаңа заманға 
үміт  артса,  енді  біреулер  дәстүрлі  дүние  бейнесінің  өзгерістеріне  сенімсіздікпен 
шошына  қарады.  Осындай  жағдайда  пайда  болған  декаденттік  ағым  шартты 
иронияның астарлы, екіұшты, жабыңқы реңкін тудырды» [2, 100 б.]. 
«XX  ғасырда  объективтік  иронияның  түрлі  концепциялары  дүниеге  келді. 
Олардың ішіндегі ең белгілісі – Т. Манның «эпикалық ирониясы»болды. Ол ирония 
өнерге  шындық  болмыс  туралы  қандай  да  моральдан  гөрі  мейлінше  кең  әрі  еркін 
көзқарас  ретінде  керек  деп  білді.  Ол  өнерде  адамның  толық  образын  жасауға 
көмектеседі,  «өйткені  адамға  қатысты  нәрсенің  бәрінде  негізсіз  болып  шығуы 
мүмкін шектен шығудан және ақырғы шешім шығарудан аулақ болу керек» [2, 100-
101 б.]. 
«Ирониядағы ең маңыздысы – не теріске шығаратын, немесе ымыраға әкелетін 
авторлық  позицияның  көрінуі.  Ирониялық  пайымдау  дүниені  ақырына  дейін  көре 
білуге  бейіл.  Ол  дүние  қайшылықтарының  сырын  ашып,  оған  адамгершілікті, 
әділеттілікті орнатқысы келеді» [3, 5 б.]. 
Иронияның  әр  халықтың  ұлттық  ерекшеліктеріне  байланысты  қарым-
қатынаста қолдануын және бұдан халықтың ұжымдық әдеттері көрінетінін Т. Ларина 
өз еңбегінде атап өтеді: 
«Национальные особенности культурного поведения, с которыми мы сталкива- 
емся  в  культурном  общении,  представляют  собой  закрепленные  традицией  коллек- 
тивные  привычки  народа,  проявляющиеся  в  выборе  и  предпочительности  употреб- 
ления в процессе межличностного взаимодействия тех или иных коммуникативных 
стратегий и средств коммуникации, в результате чего вырабатывается национальный 
стиль  коммуникации,  или  коммуникативный  этностиль».  (Біз  мәдениетаралық 
қарым-қатынаста жиі жүгінетін коммуникативті міңез-құлықтың ұлттық ерекшелік- 
тері  халықтың  ұжымдық  әдеттері  болып  табылады.  Яғни,  қандай  да  бір  халықтың 
тұлғаралық  қарым-қатынаста  белгілі  бір  коммуникативтік  стратегиялар  мен 
коммуникация  құралдарын  қолдану  таңдауында  халықтың  ұжымдық  әдеттері 
көрінеді.  Бұның  нәтижесінде  ұлттық  комуникация  стилі  немесе  коммуникативті 
стиль пайда болады) [4, 18 б.]. 
Халықтың ұлттық коммуникация стилінде әдептілік категориясы маңызды рөл 
атқарады: 
«Вежливость представляет собой категорию коммуникативного сознания и яв- 
ляется  отражением  национального  менталитета.  Она  является  тем  системообразую- 
щим стержнем, который регулирует коммуникативное поведение людей. Знание на- 
циональных  особенностей  данной  категории  дает  ключ  к  пониманию  многих  осо- 
бенностей  коммуникативного  поведения  народа  и  является  неотъемлемым  компо- 
нентом  межкультурной  коммуникативной  компетенции.  Игнорирование  их  затруд- 
няет общение и порождает многочисленные стереотипы». (Әдептілік коммуникатив- 

124 
 
ті сана категориясы және халықтың ділінің бейнелеуі болып саналады. Ол адамдар- 
дың  коммуникативті  міңез-құлқын  реттейтін  жүйе  құрушы  негіз  болып  табылады. 
Берілген категорияның ұлттық ерекшеліктерін білу халықтың коммуникативті міңез-
құлқын  түсінуге  кілт  береді  және  мәдениетаралық  коммуникативті  құзыреттің 
ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Оларды  елемеу  қарым-қатынасты  қиындатады 
және сансыз таптаурындарды тудырады) [5, 4 б.]. 
Біз  қарастырған  иронияның  қызметтері  мен  мысқыл  бетперделерге  тоқтала 
кетейік: 
Жұмыстың барысында ирония тұлғааралық қарым-қатынасты оңтайландыруға 
мақсатталған  және  ағылшын  қарым-қатынас  стиліне  әсер  ететін  сыпайылық 
статегияларының бірі болып табылатыны туралы болжам қойылды.  
Екінші бөлімде біз иронияның ең маңызды қызметтерін бөліп көрсеттік: ажуа-
мысқыл,  қорғаныс,  шиеленісті  ескерту,  шиеленісті  жоқ  қылу,  өз  ойын  білдіру, 
қарым-қатынас жасаушылар арасындағы қатынастың интимизациясы, бәрі қосылып 
бір гиперфункия – тұлғааралық әрекеттестікті оңтайландыру.  
Ирониялық бетперделер (бейнелер) және олардың қолданылуының талдауы 
Ирония  (мысқыл)  –  мистификация,  қулық  болғандықтан,  мысқылдаушы  адам 
өзіне бетперде  киеді. Мысқылдаушы адамның бетперделері әр түрлі  болуы мүмкін. 
О.П. Ермакова ескереді, бетперделердің жиынтығын алсақ, мысқыл әлемі басымды- 
лығы сүйкімсіз болатын тұлғалармен толы: «ақымақтар», «тәкаппар», «арам», бірақ 
арасында  «көңілділер»,  «ақпейілді»,  «жуас»  адамдар  да  кездеседі  Бұл  сүйкімсіз 
кейіпкерлерлердің артында мүлдем басқа адам тұр – ақылды, зияткер және әрқашан 
көңілді  бола  бермейтін.  Аталып  өткендей,  зерттеуші  келесі  бейнелерді  көрсетеді: 
білімсіз бейнесі; ақымақ бейнесі; аңқау; нанғыш адам бейнесі; арам және зұлым адам 
бейнесі;  орынсыз  шаттанған  адам  бейнесі;  бәріне  күдікпен  қарайтын  адам  бейнесі; 
терең ойлы адам бейнесі және т.б. 
Әр  қарастырылған  сұхбатта  шақырылған  қонақ  тыңдаушылардың  назарын 
аударту  және  әңгімені  түрлендіру  үшін  бұны  бірнеше  рет  жасайды  деген 
қорытындыға  келдік.  Сұхбат  жанрына  бұл  әдіс  тән  және  тиімді  болып  табылады. 
Мәліметімізге сүйенсек, бір сұхбат ішінде жүргізуші және қонақ мысқыл бейнелерді 
бес ретке дейін ауыстырады.  
Енді көбірек қолданылатын бейнелерді қарастырайық. 
Терең ойлы және бәрін білетін адам бейнесі. 
Әйгілі  актер  Дэвид  Теннант  автокөлік  қозғалтқышының  жұмысы  жайлы 
ешкімге беймәлім, құпия мәліметті иемденген білгіш ретінде пайымдайды: 
«You know how it works, don’t you?» 
«Of course I do» 
«How?» 
«You won’t understand. It’s too complicated». 
(– Сіз бұның қалай жұмыс істейтінін білесіз, солай ма? 
– Әрине, білемін. 
– Қалай ендеше? 
– Сіз бәрібір түсінбейсіз. Бұл тым қиын).  
Шынымен  айтылған  болса  әңгімелесушіні  реңжіте  алатын  сөздер  ирониялық 
контексте жолдастардың арасындағы қалжын ретінде естіледі.  
Мақтаншақ бейнесі 
Түнгі  студияның  қонағы  Нұртас  Адамбаев.  Ол  өзі  ойнаған  «Келинка  Сабина» 
фильмінің  басты  кейіпкері  Сабина  бейнесінде  жүргізушінің  сұрақтарына  жауап 
береді: 
Нұрлан Қоянбаев: «Енді жаңа кино қалай болды? Продюсер Нұртас  Адамбаев 
продюсер ретінде қалай екен?» 

125 
 
Нұртас Адамбаев: «Өте жақсы. Менің ойымша, ол ең мықты продюсер». 
Нұрлан Қоянбаев: «Қалай ойлайсыз кім мықты Баян Есентаева немесе Нұртас 
Адамбаев па?» 
Нұртас Адамбаев: «Баян Есентаева ол кім?» 
Нұрлан  Қоянбаев:  «Баян  Есентаева  деген  көптеген  жобалар  жасап  жатыр: 
Қазак аруы, мысалға, сосын «Kesh You» тобы бар. Қалай ойлайсыз Баян сізді Кеш Ю 
тобына шақыра алады ма?» 
Нұртас  Адамбаев:  «Ол  мені  «Kesh  You»  тобына  шақырды,  бірақ  мен  барған 
жоқпын.  Өйткені  әдеміліктің  деңгейі  ол  бірдей  болуы  керек,  ал  мен  болсам  онда 
ерекшеленіп тұрушы едім».  
Келтірілген  мысалда  күлкілі  жағдай  туғызатыны  Нұртас  Адамбаев  Сабина 
бейнесінде  өзі  туралы  сұрақтарға  өзін  мақтап  айтуы,  себебі  ол  бұл  фильмнің 
продюсері  де,  басты  кейіпкері  де  болып  табылады.  Екінші  сұраққа  жауап  бергенде 
де  қонақ  Қазақстанда  кеңінен  танымал  продюсер  Баян  Есентаеваны  білмейтіндей 
кейіп  танытты.  Мақтаншақ  бейнесі  өзін  және  өз  әрекетін  бейнелеу  үшін 
мысқылдаушыға жиі көмектеседі.  
 
Әдебиеттер 
1. Горностаева А.А. Ирония в английской и русской коммуникативных культурах.  
2. Қабылов Ә. Ирония табиғаты // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – 2011. – №2. 
3. Қабылов Ә. Ирония және мифтік таным. 
4. Ларина Т. Категория вежливости и стиль коммуникации  
5. Ларина  Т.  Категория  вежливости  в  аспекте  межкультурной  коммуникации:  на  материале 
английской и русской коммуникативных культур.  
 
 
ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ХАБАРЛЫ, БҰЙРЫҚТЫ 
СӨЙЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІ 
(КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР МӘТІНДЕРІ НЕГІЗІНДЕ) 
 
А.Б. Ахметова, Н.Т. Абайкенова 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ. 
 
Қазақ тіл білімінің, оның ішінде қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі XIX ғасыр- 
дағы  орыс  миссионерлерінің  алғашқы  еңбектерінен  басталады  деп  айтылғанымен, 
оның  ғылыми  негізде  жолға  қойылуы  XX  ғасыр  басындағы  алаш  арыстарының 
еңбектерімен  байланыстырылуы  орынды.  Психолгиялық  объекті-сойлеудің  тілдегі 
көрінісі  –  «сөйлем».  Ал  сөйлем  тілде  түрлі-түрлі  қүрамда  жұмсалады.  Ол  бір  ғана 
сөзден  де,  екі  сөзден  де,  тіпті  көптеген  сөзден  де  бола  береді.  Сөйлем  айтылу 
мақсатына  қарай  немесе  дауыс  ырғағына  қарай  хабарлы,  сұраулы,  лепті,  бұйрықты 
болады. Хабарлы сөйлем-қазақ тілі зерттеулерінде хабарлы сөйлемнің жасалу жолы 
туралы мәліметтер кездеспейді.  
Хабарлы  сөйлем  –  сөйлемнің  бір  түрі  ,адамның  ойын,  естіген-көргенін  басқа 
біреуге айтудың бір жолы, яғни, хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады. 
Күмәнды  білдіретін  хабарлы  сөйлемдер  қатарына  енбей  тұрған  түрі  бар.  Ол  –  мыс 
шылауы  арқылы  жасалады.  Мұны  бөліп  шығарған  себебіміз  оның  ерекше 
экспрессивтік те мағынасы бар.– Мыс шылауы арқылы жасалатын күмәнды сөйлем 
айтушының  айғақ  пікіріне  басқа  біреудің  жөнсіз  күмәнданғандығын  білдіреді, 
мысалы: Ол өліп қалыпты-мыс. Говорят, якобы он умер. They say that he has died. 
Қазақ  тілінде  бір  кезде  хабарлы  сөйлемді  «жай  сөйлем»  деп  атаушылық 
(А. Байтұрсынұлы),  «хабар  сазды  сөйлем»  деп  атаушылық  та  (Қ. Жұбанов)  болды. 
Қазіргі  кезде  сөйлемдердің  айтылу  мақсаты  жағынан  жіктелетін  түрі  ретінде 

126 
 
хабарлы  сөйлем  деген  атауы  тұрақталды.  Көтеріңкі  интонация  арқылы  хабарлы 
сөйлемді, әсіресе, лепті сөйлемге айналдыруға болады.[3] 
Хабарлы  сөйлемдердің  мазмұны  әр  түрлі  болатынын  ескере  отырып,  ең 
алдымен  олардың  болымды  және  болымсыз  түрлерін  стилистика  тұрғысынан  екіге 
бөліп  қарастырамыз.  Болымды  сөйлем  өмірдегі  болған  құбылыстарды  шындық 
ретінде, естіп-білген бар қалпында, оған айтушының субъективті көзқарасы қосылып 
жеткізіледі.  Мысалы  Шығыстан  батысқа  созылған  арналы  өзен  ширатылған  ақ 
күмістей  жалт-жұлт  етіп  күнге  шағылысады  (Ж. Маман).  Сөйлем  құрауда  болымды 
сөйлемді болымсыз сөйлеммен де алмастыруға болады. Бұндай жағдайда айтылатын 
ойдың  ерекше  экспрессивті  мәні  болады.  Мысалы:  Біз  көмекке  фермаға  барамыз  – 
Біз  фермаға  бармай  тұра  алмаймыз.  Біз  фермаға  бармасақ  болмайды.  Мы  поедем 
помогать  на  ферму.  Мы  не  можем  не  поехать  на  ферму.  Нам  нельзя  не  поехать  на 
ферму.  We  will  go  to  the  farm  to  help.  We  can’t  not  go  to  the  farm.Сөйлемдегі 
байланыстың  жоқтығын  болымсыз  сөйлем  көрсетеді.  Мысалы:  Науқас  түні  бойы 
ұйқтаған жоқ. Больной всю ночь не спал. The patient did not sleep all night. 
Бұйрықты  сөйлемді  А. Байтұрынов  тілекті  сөйлем  деді.  Мұндай  сөйлем  түрі 
ғалымдардың  тұжырымдамасы  бойынша:  бұйрық  түрінде,  өтініш,  үгіт,  жай  тілек 
болып  бөлінеді.  Бұйрықты  сөйлемдердің  де  мазмұны  біркелкі  бола  бермейді. 
Олардың  әр  түрлі  болу  себебі  бұйрық  қалай,  қандай  жағдайда,  қандай  мақсатпен 
айтылғанымен байланысты. Сонысына қарап бұйрықты сөйлемдердің интонациясы, 
баяндауыштарының  құрамы,  сөйлемде  орналасу  тәртібі  әр  түрлі  болады.  Мысалы: 
1. Алып кел! 2. Алып келші. 3. Алып келе ғой! 4. Алып келуің керек қой. 5. Алып келсең 
болмас па еді.  
Бұл  сөйлемдердің  мағыналары  біріне-бірі  жақын,  негізгі  баяндауыш 
қызметіндегі  сөзі  (әкел)  бәріне  ортақ  болғанмен,  олардың  мазмұны  бірдей  емес 
бірінші сөйлем –  қатал  бұйрықты, екінші – тілекті, үшінші – жалын-ышты төртінш 
өкіншті  білдірсе,  бесінші  сөйлем  оның  үстіне  наразылықты  білдіреді.  Ол  сөйлем- 
дердің  осындай  эмоциялық  мағыналары  баяндауыштардың  құрамын  түрлендіруден 
болып тұр.  
Орыс тілінде: 1. Принеси! 2. Принеси, пожалуйста. 3. Ты же должен принести.  
Ағылшын тілінде: 1. Bring it! 2. Bring it6 please. 3. You must bring it. 
Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі болып 
келеді: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, 
ал  өтініш,  тілек  мағынасында  айтылса,  бәсең  айтылады.  Бұйрықты  сөйлемдер 
бірнеше мағыналық топқа бөлінеді: 
1. Қатал бұйрықты: – Жап аузыңды! Заткнись! Shut up! 
2. Тілек,  өтінішмәнді  бұйрық:  –  Маған  көмектесіп  жіберші!  Помоги  мне, 
пожалуйста! Help me, please! 
3. Сескөрсету,  қорқыту  мәнді  бұйрық:  –  Осыдан  орындамай  көрші!  Попробуй 
теперь не выполнить! Just try now do not perform! 
4. Өсиет, үндеу мәнді бұйрық: – Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Семь раз отмерь, 
один раз отрежь.Measure twice, cut once. 
Бұл  мысалдардың  бәрі  –  бұйрықты  сөйлемдердің  түрлі  стильдік  қызметте 
қолданылу  түрлері.  Олардың  сондай  айырмашылықтарын  дұрыс  танып,  әр  түрін  өз 
орнында пайдалана білу керек. 
Қазақ тіліндегі хабарлы сөйлемдердің негізгі граматикалық белгілері:  
1) баяндауыштары  негізінен  ашық  рай  формалы  етістіктен  (немесе  осы 
формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;  
2) өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. 
Жалаң  сөйлемдер  бірте-бірте  қайырылса,  жайылма  сөйлемдерде  дауыс  сөйлемнің 

127 
 
соңында  бәсеңдей  түседі.  Мысалы:  Түн  жым-жырт.  Жел  де  жоқ.  Бірақ  сәл  ғана 
білінген салқын бар.(М.Әуезов). 
Хабарлы  сөйлемнің  мазмұны  әр  түрлі  болғандықтан,  олардың  мазмұны 
сөйлемге  қатысқан  сөздердің,  мүшелердің,  әсіресе,  баяндауыштардың  мағыналық, 
тұлғалық  ерекшеліктеріне  байланыстыболып  келеді.  Хабарлы  сөйлем  баяндауыш- 
тарының  тұлғалық  ерекшеліктеріне  қарай  болымды  (Жаңбыр  жауды),  болымсыз 
(Жаңбыр  жаумайды),  қалаулы  (Енді  қырманға  барайықшы),  болжамды  (Маржан 
ертең  келетін  шығар),  ал  баяндауыштарының  қай  сөз  табынан  жасалуына  қарай 
етістікті  (Үйдің  іші  жылынды),  есімді  (Күн  жылы.  Аспан  ашық)  болып  бөлінеді. 
Хабарлы сөйлемдер екі негізді және бір негізді құрамда болады.  
Құрамында  екі  негізгі  мүше  бастауыш  пен  баяндауыш  болып,  сөйлем  оларды 
тірек  етіп  құрылған  болса,  екі  негізді  болып  келеді.  Мысалы:  Енді,  міне,  үш  бала 
қатар  келе  жатырмыз.(С. Мұқанов)  Бір  негізді  сөйлемдер  грамматикалық  сипаты 
жағынан  екі  түрлі:  1) арнаулы  құрылысы  бар  баяндауыш  мүшені  тірек  етіп 
құрылады.  Мысалы:  Оны  бұзуға  болмайды;  2) бастауыш,  баяндауыш  деп  тануға 
келмейтін,  тірек  мүше  деп  аталатын  компонентті  негіз  етіп  құрылады.  Мысалы: 
Мидай дала. Жарқыраған ай [2]. 
Бұйрықты  сөйлем-сөйлемдердің  айтылу  мақсатына  қарай  бөлінетін  түрлерінің 
бірі. Бұйрықты сөйлемнің мақсаты – тыңдаушыны немесе айтушыны әлдебір қимыл 
әрекетке,  іске  итермелеу.  Қөп  жылдар  бойы  бұйрықты  сөйлемдер  лепті  сөйлем 
құрамында  түсіндіріліп  келді.  Өзіне  лайық  міндеті  мен  атқарар  қызметі  және  тілде 
қолданылу  мүмкіндіктері  бұйрықты  сөйлемнің  хабарлы  және  сұраулы  сөйлемдер 
сияқты жеке-дара сөйлем екендігін толық дәлелдейді.  
Бұйрықты  сөйлемнің  баяндауыштары  әр  түрлі  болып  келеді.қөп  жағдайда 
етістіктің  бұйрық  райының  жекеше,  көпше  және  сыпайы,  қалыпты(анайы),  түрдегі 
тұлғалар  бұл  қызметте  жұмсалады.  (Дударай,  келер  болсаң,  тезірек  кел.  Орныңа 
өңкей  жаман  таласып  жүр.  М. Жагорқызы;  Бұйрықты  сөйлемде  дауыс  екпіні  қай 
дәрежеде болса дабаяндауышқа түседі. Баяндауыштың сөйлем ішінде орын ауысты-
руына байланысты дауыс екпіні де өзгеріп отырады. [3]. 
Орыс тіліндегі  хабарлы сөйлемдер белгілі  бір оқиғаны, құбылысты шындыққа 
немесе  жоққа  шығаруды  білдіреді  немесе  оларды  сипаттайды.  Мысалы:  Природа 
страны  и история  народа, отражаясь в  духе  человека,  выражались в  слове.  Человек 
изчезал,  но  слово,  им  созданное,  оставалось  бессмертной  и  неисчерпаемой,  сокро- 
вищницей  народного  языка;  так  что  каждое  слово  языка,  каждая  его  форма  есть 
результат  мысли  и  чувства  человека,  через  которые  отразилась  в  слове  природа 
страны  и  история  народа  (А.А. Ушинский).  Хабарлы  сөйлемге  спецификалық 
хабарлы  интонация  тән:  маңызды  бір  мағлұмат  жеткізіп  тұрған  белгілі  бір  сөйлем 
мүшесінде дауыс ырғағы көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай төмендейді. [1, 55 б.].  
Бұйрықты  сөйлемдер  ерік  білдірудің  әр  түрін  білдіреді-бұрық,  өтініш,  ақыл-
кеңес,  рұқсат,  қалау,  тілек,  жалыну  т.б.  Мысал  үшін:  Береги,  щади  неприкосновен- 
ность,  уязвимость,  ранимость  другого  человека.  Не  причиняй  людям  зла,  обиды, 
боли, тревог и беспокойства (В. Сухомолинский).  
Бұйрықты  сөйлемдердің  семантикасы  өзіне  қарату  мүмкіндігінің  себепшісі, 
яғни, іс-қимылды орындайтын кейіпкердің есіміне негізделген. Бұйрықты сөйлемдер 
көбінесе  бір  құрамды  болып  келеді.  Бұйрық  мәні  одағайлы  сөйлемдермен  де 
білдіріледі.  Мәселен:  – Ш-ш-ш!  –  говорит  Семен.  –  Тише,  всех  перебудишь 
(А.А. Вигдорова).  
Бұйрықты  интонация-сөйлемді  өзгертудің  еңбасты  құралы.  Ол  бұйрықты, 
қалауды білдіріп, даысты күшейтіп жоғары ырғақпен айтылады. Әдетте, ақыл-кеңес, 
өтініш  білдіретін  сөйлемдер  төменірек  екпінмен  және  дауысқа  күш  салмай 
айтылады.  

128 
 
Бұйрықты  сөйлемдерде  етістіктің  бұйрық  райы  қолданылады.  Пусть,  да, 
давай(давайте)  т.б.  демеуліктер  арқылы  етістік  мағынасындағы  бұйрық  реңкі 
қосылады. Мысалы: Пусть сильнее грянет буря! (М. Горький); Хоть бы ты помогла 
мне! (Л.Н. Толстой) [1, 58 б.]. 
Жазба  сөз  ол-ғажайып  нәрсе.  Мұның  себебін  күні  бойы  талқылауға  болады, 
бірақ  мақсатқа  жету  үшін,  жазба  сөз  арқылы  әр  түрлі  эмоцияны  білдіруге  болады 
десе  те  жеткілікті.  Ол  керекті  сөздерді  таңдау  арқылы  және  сол  сөздерден  сөйлем 
құрау арқылы істелінеді. Әр сөйлем әр түрлі көңіл күйді білдіре алады.  
Айталық,  үйге  кешігіп  келесіз  және  уйдегі  біреуге  итті  тамақтандыра  сал  деп 
айту  керек.  Не  істейсіз?  Ең  оңайы  –  қағазға  жазып  кету.  “Please  feed  the  dog  at  5 
o’clock.”  Бұл  жерде  анық  бұйрықты  сөйлемді  қолданасыз.Бұйрық  басқаруды, 
бұйыруды,  немесе  қалау  мен  өтінішті  білдіреді.  Бұл  сөйлемдер  хабарлап  тұрған 
(declarative  sentences),  ерекше  көңіл  күйді  білдіріп  тұрған  (exclamatory  sentences), 
немесе сұрап тұрған (interrogative sentences) сөйлемдерден ерекшеленеді.  
Негізінде,  бұйрықты  сөйлемдер  қысқа  және  қарапайым  болып  келеді,  бірақ 
ұзақ  та,  күрделі  бұйрықты  сөйлемдер  болады.  Ағылшын  тіліндегі  бұйрықты 
сөйлемдер көбінесе бір ғана сөзден тұрады. Мәселен: 
Stop!(Тоқта! Стой!)  
Go.(Бар. Иди.) 
Hurry!(Тездет! Быстрей!) 
Бұл жеткізілетін көңіл күйге байланысты. Бұйрыты сөйлем мысалдары: 
Pour me a glass of water.(Бір стақан су құйып берші. Налей мне стакан воды.) 
Take me to the library.(Мені кітапханаға ала кет. Забери меня в библиотеку.) 
Put that down now!(Дәл қазір таста! Положи сейчас! ) 
Tell the truth, the whole truth and  nothing  but the truth. (Шындықты айт, барлық 
шындықты  және  шындықтан  басқа  ештеңе  айтпа.  Говори  правду,  всю  правду  и 
ничего  кроме  правды.)  “Please”  сөзі  өтініш,  тілек  мәнді  білдіргенімен,  бұйрықты 
сөйлем үшін аса маңызыды.Буйрықты сөйлемдерді аса жиі көрмегенімізбен, оларды 
көбінесе  газет-жұрналдарды  оқып  отырғанда  немесе  жолда,  көшеде  жүріп  бара 
жатып жарнама қағаздарынан, ескертулерден көріп қалуға болады.  
Бұйрықты  сөйлемдерді  ауқымды  әдебиеттерден  де  кездестіруге  болады. 
Шындап келгенде, Библияның 10 өсиетінде сөйлемдер бұйрық түрінде жазылған. 
Honor thy father and mother. 
Do not kill. 
Do not bear false witness against thy neighbor. 
Әлбетте,  басқару  мақсатын  білдіру  үшін  буйрықты  сөйлемдегі  етістіктер  де 
бұйыру  формасында  келеді.  Бұйрықты  сөйлемдерді  жазбаға  терең  ой  беру  үшін 
қолдануға  болады.  Тіптен  академиялық  жұмыстарда  бұйрықты  сөйлемдердің  өз 
орны  бар.  Мысал  үшін:  “Consider  these  findings”,  “Look  at  the  facts”.  Бұйрықты 
сөйлемді мақаланың тақырыбы ретінде де қолдануға болады [5]. 
Қорыта  айтқанда,  хабарлы,  бұйрықты  сөйлемдер  әр  тілдің  өзіндік  ерекшелік- 
терімен негізгі сипат алады, сонымен тығыз байланысты. 
 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал