Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата06.03.2017
өлшемі9,12 Mb.
#7772
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

тол

ол

ық

ықта

та

й

й

қамтымақ. Қала

 б

ойынша 

мейрам күндері есебіндегі 

21-25 наурыз аралығында

жиыны 80-ге жуық іс-шаралар 

өткізу

у

ж

ж

оспарл

р

анған. Мереке 

кү

кү

нд

нд

ер

ер

і 

і Өс

Өс

ке

ке

ме

ме

нн

н

ің 

көшелерінде 50-ден астам киіз

үй тігіліп, Ұлы Отан соғысы 

және тыл ардагерлеріне 

арналып концерттік 

бағдарламалар

р

ұйымдастыр

ыл

ылад

ад

ы,

ы,

 

қарияларға арнайы дастарқан 

мәзірі әзірленеді.

Ерекше атап өтер шараның  бірі – 

ме

м

ре



р

ке күн


ү

і об


об

лыс ор


р

талығында алғаш рет 

Өз

Өз

бе



бекс

кста


та

н

н



ме

мен


н

Қы

Қы



рғ

рғ

ыз



ы

станнан келген 

биікке тартылған арқанмен жүрушілер, 

сайқымазақтар, балуандар, жануарларды 

үйретушілер мен отпен ойнаушылардың 

қатысуымен цирктік шоу-қойылымдар 

көрсетіледі. Сонымен қатар, осы күні еліміз 

бойынша теңдесі жоқ 

қ 

пала


л

у фестивал

ал

і 

ұйымдастырылып, 



ал

ал

аң



аңға

ға

к



к

ел

ел



ге

ге

н



н

әр

рбі



бі

р 

р



адам дәмді палаудан дәм татып, баға 

беруші ретінде фестивальға да қатыса 

алады. Осылармен  бірге Наурызды 

мерекелеу шараларына 40-қа жуық 

кәсіпкер қатысып, 125 сауда нүктесі қызмет 

кө

көрс



рсет

етет


ет

ін

н



б

б

ол



ол

ад

ад



ы.

ы.

О



О

ларда халыққа 

арна

лы

п 



шығы

с 

та



ға

мд

ары  ұсынылып, 



бауырсақ пен шай тегін үлестірілетін 

болады.


Азамат ҚАСЫМ,

Өс

Өс



ке

ке

ме



ме

н

н



Нұрғ

иса ЕЛЕУБЕКОВ 

(фото

)

Берік ӘШІМОВ



Абай ОМАРОВ

                

www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№47 (958) 



21.03.2013 жыл, 

бейсенбі


БЕРЕКЕ

Ләззат БИЛАН

Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

 

Ұзынсары қай кезең?



Күн мен түн теңелген кезде 

магнитті дауылдар бола ма?



Күн мен түннің теңелуі кезінде геомагнитті дауылдар болып, ұялы байланыс 

жүйелеріне нұқсан келеді дейді. Сол рас па?

Ерік СЫРЫМҰЛЫ, Алматы қаласы

Ресей Ғылым академиясы Физика инс-

титуты мамандарының мәліметінше, наурыз 

айында геомагнитті дауылдар болмайды. 

Бұл жолы Күннің өз қозғалысы барысында 

Жер экваторын кесіп өтуі кезінде де ғалам-

шарымыздың магнитті өрісінде ешқандай 

толқу болмайды. Бірақ күн мен түннің теңе-

луі кезінде Күн интерференциясы аталатын 

қозғалыс байқалатыны рас. Ол – Күн бел-

сен 

ділігі салдарынан Жерде ғарыштан 



дабыл қабылдайтын радиобайланыс қыз-

метінің бұзылуы. Мұндай құбылыс екі жыл-

да бір рет айқын байқалады. Айта кетейік, 

биыл астрономиялық көктемнің тууы нау-

рыздың 20-сы күнге, Астана уақыты бо йын-

ша сағат 13.02-ге тура келді. Наурыздың 

20-сы – Астрологияның халықаралық күні. 

Астрологтер биыл астрономиялық көктем-



Әке-шешелеріміз айта қоймағанымен, жасы үлкен ата-

апалары мыздың ауызекі әңгімелерінен аракідік ұзынсары дегенді 

естіп қаламыз. Ұзынсары қай мезгіл?

Дарын БӨГЕНОВ, Тараз қаласы

Ұлттық ерекшелігімізге сай, ата-

бабаларымыз ежелден әр мез гілге 

өздерінше ат қойып, айдар таққан. 

Екі ағайынды, мизамшуақ, сүмбіле, 

құралайдың суығы деген сынды 

қыстың қатуы қайтып, күн нің жы-

лын ған кезін ұзынсары деп атаған. 

Ұзынсарының мына күндердің 

арасы деп күнтізбе бойынша ай-

тар 

 

лықтай нақты уақыты жоқ. 



Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің 

үзілер шағын көкөзек шақ ұзын-

сары деп атаған. Күн ұзарғанда 

адам әл сіреп, тамаққа деген тәбеті 

кү шейеді. Сол себепті де елімізде 

ұзын сарыға қамдану – әлімсақтан 

бар әдет. Шешелеріміз астың құ-

нарлысын, соғым етінің сүрін осы 

ұзынсарыға арнайы сақтап келе 

жатуының сыры – осында.



Наурыз мерекесі ішіп-жеу күніне 

айналып кетпесін десек...

МӘСЕЛЕ


ТА

ЛҚЫ


«Фаст-наурызкөже» 

дайындауға қалай қарайсыз?

Әлемде бір минут ішінде төрт адам 

жылдам әзірленетін тамақпен қоректе неді 

екен. Ал біздің елдегі сырттан келетін 

қытайлық кеспе іспетті тауарлардан түсетін 

нарық сараланымының бір жылдық мөл-

ше 

рі орта есеппен 150-250 млн АҚШ 



долларын құрайды. Тіпті сол кеспелер мен 

фасфудтардың адам асқазанындағы 

шырышты қабықтар мен ішек жолдары 

үшін аса қауіпті екені анықталып, гастрит 

пен колит ауруларын туғызатыны белгілі 

болды. Сонда да бүгінгі басшының да, 

қосшының да сүйікті түскі асына айналып 

жүрген құнарсыз қытай кеспелерінің орнын 

басар отандық тағам табылмай келеді. 

Осы тұста бірден ойға оралған мәселе – 

наурызкөжені жылдам әзірленетін тағам 

ретінде өндіру болып отыр. Тағамтанушы 

ғалымдардың айтуынша, мұндай өндірісті 

Жылдам әзірленетін кеспе, 

картоп езбесі, балаларға 

арналған тағамдар мен 

сорпаның түр-түрін шығару 

Қытайдан бастау алған. Қазір 

жылдам әзірленетін тағам 

өндірісі әлемдік нарықта 

қарқынды даму үстінде. Бірақ 

неге екені белгісіз, әлі күнге 

біздің отандық кәсіпкерлер 

қазақы тағамның бір түрін дәл 

осылай азық-түлік индустрия-

сына енгізе алмай келеді. 

Мәселен, наурызкөжені 

неліктен жылдам әзірленетін 

тағам ретінде жасап 

шығармасқа?!

қолға алуға әбден болады. Біріншіден, 

наурызкөженің құрамындағы жеті түрлі 

азықтық заттардың барлығы да ағзаға 

пай далы, екіншіден, ұлттық тағам мен ұлт-

тық мейрамды жыл бойы насихаттап, 

өскелең ұрпақтың Наурыз мейрамын 

ұлық тауына көп септігін тигізеді.



Ахмет АЛДАШЕВ, Тағамтану ғылыми-

зерттеу институтының кафедра 

меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты, медицина 

ғылымының докторы, профессор:

– Қытайдан болмаса Ресейден ке-

ліп жатқан, жалпы шетелдік фас фуд-

тар дың барлығы трансмайлылықтың 

қо сын дысымен дайындалады. Ол күн-

ба ғыс майын көп қайнатып, иісі мен 

дә 

мін шығару үшін түрлі химиялық 

қос па лардың  араласуымен  қоюлана-

ды. Ол  түрлі ісік ауруларының  пайда 

болуына соқтырады. Ал наурызкөже нің 

құра 

мындағы жеті түрлі тағамның 

барлығы – дәруменге толы және 

табиғи өнім. Сондықтан оның құнарын 

жоғалтып алмас үшін қайнатып немесе 

құрамын өзгертіп, химиялық қоспалар 

қоспас тан әзірлеп, сатылымға шыға рар 

бол сақ, оның пайдасы шаш етектен 

болады. 

Алдашев мырзаның сөзінен түсінгені-

міз, наурызкөжені қытай кеспесі сияқты 

қағаз ға орап, яғни құрғақ түрінде жасап 

шыға 

ру 


ға болмайды. Тек сүр етімізді, 

бидай, тары, бұршақ пен тұзымызды 

араластырып, кейін үстіне сүт пен суды құ-

йып, дайын наурызкөжені іше салатындай 

етіп, арнайы ыдыстармен сатылымға 

шығаруға болады. Егер қымыз бен шұбат-

ты қосатын болсақ, жылдам әзірленетін 

наурызкөжемізді үш күннен бір аптаға 

дейінгі уақыт аралығында сақтай аламыз. 

Ал экономист мамандар «егер жылдам 

дайындалатын наурызкөжені нарыққа 

шығарсақ, еліміздің экономикасы мол 

пайдаға кенеледі» деп отыр.

Жанұзақ ӘКІМ, биолог, экономист:

– Наурызкөжені жылдам дайын-

далатын тағам ретінде шығару керек. 

Тіпті ұлттық тағамдардың барлығының 

өндірісін осындай жолға қойсақ дұрыс 

болады. Мысалы, түрік ағайындар 

донер лерімен дүниежүзінің жартысын 

жаулап алды емес пе? Біз наурызкө жеге 

кепкен ет қосамыз. Ол сүр етте холес-

терин болмайды. Демек, қытай 

лық 

кеспелер сияқты жүрек ауруларын 

туғызбайды. Сүт өнімдерінің де қазір 

құрғақ түрі бар, яғни көжені кептірілген 

түрінде сақтауға болады. Тіпті «фасткө-

жеміз» ұлттық брэндке айналуы да 

мүм 

кін. Ал экономикалық жағынан 

алып қарасақ, Қазақстан сыртқа тек ұн, 

бидай және ет шығарады. Яғни жыл-

дам әзірленетін наурызкөже толықтай 

мемлекеттік қолдауға ие болатын бол-

са, еліміздің экономикасына қосымша 

үлкен табыс әкелері сөзсіз.

Тіпті мұндай идеяны ұлттық тағамдар 

мен сусындарды өндіріп жүрген кәсіпкер-

леріміз де қуана құптап отыр. Айтуларын-

ша, наурызкөженің жылдам әзірленетін 

түрін өндіру аса қиын шаруа емес. Тек оны 

іске асыру үшін тағамтану саласы маман-

дарының технологиясы қажет екен. 



Ахметбек НҰРСИЛА, «Саржайлау» 

корпорациясының төрағасы:

– Жылдам әзірленетін наурызкөже 

өндірісін қолға алу үшін ең алдымен 

Тағамтану академиясы мамандарының 

калькуляциясы қажет. Егер оның тех-

но  логиясы мықтап дайындалатын бол-

са, іске асыруға әбден болады. Әрине, 

отандық тауардың бағасы аздап жоға-

ры болуы мүмкін, бірақ сапасы мен 

денсаулыққа пайдасы жағынан теңде-

сі болмайды, халықтың денсаулығын 

ойласақ, Қытай мен Ресейден келіп 

жатқан фасфудтардан бас тартуымыз 

керек. Мейлі, сырттан киім-кешек, 

тех ника мен көлік сатып алсақ та, та-

ғам ды сырттан сатып алу дұрыс емес. 

Ұлттық тағам ішкен азаматтың ұлттық 

сана-сезімі де жоға ры болары сөзсіз. 

Ұлтты асқазанмен де тәрбиелеуге 

болады.

Ескiше жыл есебi бойынша, «әз бол-

май, мәз болмаймыз» деп ырымдап, 

«әз»-дiң келуiмен, бiрдiң айының (10-15 

ақпан аралығы) соңын ала, қазақтар жиi 

шоғыр 


ланған Алтай, Тарбағатай, Iле 

аймақтарын да Наурыз мейрамы баста-

лып, тура бiр айға жалғасады. Әуелi әрбiр 

үй наурызкө 

же жасайды. Халықтық 

дәстүрге сай би дай, тары, сүр ет, бұршақ, 

сүт, су, тұз сияқ ты кем дегенде жетi түрлi 

дәмдi ара лас тырып жасалған көжеге тақ 

санын сақтап, әркiм өз жағдайына қа рай 

дәндi тағам түрiн көбейте бередi. Ол, 

негiзiнен, бидай, тары көже түрiнде 

әзiрленедi. Наурызкөженi әр аймақ өз 

ауа нына қарай «тiлеукөже», «көпкөже», 

«наурызкөже» деп те атайды. Ауылда 

наурыз айы жақындаған сайын әрбiр от-

ба сы көже жасауды мiндетiм деп санайды. 

Жас келіншектер де үлкен дерден ақыл-

кеңес сұрап, дәмге не қосу керектiгiн 

саралап жатады. Арнайы ас iшудiң де 

өзiндiк ырымы бар, оны сұрап iшсе, 

жақсы, ырыздығы мол болады. Ыдыс қа 

толтырып құйылған дәмдi түбiне дейiн 

қалдырмай тауысып iшу – үй иесiне деген 

құрметтiң бiр белгiсi саналмақ. Ауылда 

бертіндегі жылдарға дейiн көженi бәстесiп 

iшетiндер де болған.

Наурызкөжеге жұртты арнайы шақыр-

майды. «Ел құлағы – елу» дегендей, бiрi-

нен-бiрi естiген жұрт көже берген үйге 

келiп: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!»  

айтысып, өз сыбағасынан ауыз тиедi, 

кейде әжелерiмiз оны жасқа толмаған 

сәбидiң ернiне жағып, бiр жасқа толдың 

деп ырымдап жатады. Наурыз айында 

мерекеге арнап арнайы мал сойылмайды, 

себебi көктемде жас төлдiң өсуiне кесiрi 

тиедi деп есептейдi. Әрi осы айда салт 

бойынша тұзақ құрып, ешкiм аңға шықпа-

ған. Бұл күнi ешкiмнiң тiрi жанға зияны 

тимеуi керек деп есептеген. Наурыз айын-

да жас келiндер мен бойжеткендер кесте 

орамал тiксе, оған әжелерiмiз ауыл ара-

лап, дәм тата жүрiп, «анау пәленбайдың 

келiнiнiң сырмағының өрнегi керемет 

айшықты болыпты. Тамаша тiгiлiптi» деп, 

жас арулардың өнерлерiнiң төселе түсуiне 

төрелiк айтып, игi тiлек бiлдiрген. Бозба-

лалар болса, ағаштан, темiрден сәндiк 

зат тар жасап, осы жұмыстары күн мен түн 

теңесетiн шақта кәдеге асатын «Ұйқы-

ашар», «Селтеткiзер» жоралғыларының 

сый-тартулары болған. Бойжеткендер 

соғымның соңғы етiн уызға салып пiсiрiп, 

ұнатқан жiгiтiне тартады. Бұл қазақта 

«ұйқыашар» деп аталады. Ұйқыашардың 

қарымтасына жiгiттер «селтеткiзер» рәсi-

мiн жасайды, яғни қалауынша айна, та-

рақ, әтiр суын сыйлайды. Айна — пәктiктiң, 

жастықтың, тарақ — әдемiлiк пен сұлулық-

тың, ал әтiр суы — жаңа бүршiгiн жарған 

жауқазындай құлпырар деген игi тiлектiң 

белгiсi. Мереке түнi жастарға мол мүмкiн-

дiк жасалады. Келiншектер де өз күйеу-

лерiне наздана еркелеп жатады. Керемет 

қасиеттi күнде қыз бен жiгiт бiр-бiрiне 

сырын айтып, шынайы сезiмiн ақтарса, 

баянды болады деп есептейдi. Бiз бiреудiң 

таңсығына асылмай, осы күндi «Ғашықтар 

мерекесi» деп атасақ та болатындай. 

Өйткенi бұл күн – ата-бабадан жалғасын 

тауып келе жатқан өнегелi дәстүр.

Ықылым заманнан берi тамырын 

терең 

ге жайған ұлттық мерекенiң бұл 



өлкеде тойлануына 1966-1976 жылдар 

аралығындағы «Мәдениет зор төңкерiсi» 

кесапатын тигiзген. Ел аумағында жүрген 

осы бiр солақай саясат салдарынан мере-

ке жасырын тойланған. Онжылдық бы-

лық палықтан кейiнгi жылылық кезеңнен 

бастап қайта тойлана бастады. Ал ондағы 

қала жағалаған қазақтардың бұл мейрам-

ды тойлауы Қытай астанасы Бейжіңнен 

бастау алған екен. 1982 жылы сол қалада 

тұратын әз ағалар мен аналар ұйытқы 

болып, Орталық ұлттар университетiнiң  

концерт залында кiшiгiрiм мерекелiк 

ойын-сауық ұйымдастырған. Алғаш рет 

Наурыз ұйымдастырудың ба сында болған 

орталық ұлттар ән-би үйiр месiнiң танымал 

бишiсi, сазгер Әнуар Нүсi пұлы ағамыздың 

айтуынша, өзге ұлттар, көктем шығысы-

мен өздерiнiң төл мерекелерiн тойлап 

жатқан шақта, бiр топ қазақ жастары аға-

ға келiп қолқа салыпты, «Наурызды неге 

ауыл деңгейiнде қалды рамыз, бұл мере-

кенi орталық қалада тойласақ, басқалар 

да көрсiн, қазақта осындай қасиеттi мере-

ке бар екендiгiн» деген өтiнiштiң жетегiнде 

осы мейрам тойлана бастаған екен. Содан 

берi әр аудан, әр қалада ұйымдастырылған 

топ 


тық көжеден дәм татып, көңiлдi 

концерт нөмiрлерiн тамашалаумен өз 

жалғасын табуда. Көктем лебi ескен Әз-

Наурыз мерекесiн бүгiнде Шыңжаңдағы 

қазақ тар дың бастамасымен ұйғыр, өзбек, 

қырғыз қатарлы ұлттар ортақ тойлайды. 

2012 жылдың Шыңжаң өлкелiк екiншi 

мәжiлiсiнде Хотан уәкiлдер үйiрмесi осы 

жөнiнде ұсыныс берiп, 3500 жылдық 

тарих 


қа ие бұл мереке Шыңжаңның 

жергiлiктi дәстүрлi мерекесi қатарына 

енгiзiлдi. Әр жылы 21 наурыз күнi өлкенiң 

заңды мерекелiк демалысы болып бекi-

тiлдi. Әрбiр ұлт сол күнi демалып, құтты 

мерекенi ортақ тойлайды.

Үлкендердiң айтуынша, ертеректе, 

Ұлыстың ұлы күнi ерекше табиғат құбы-

лыстары да көптеп болады екен. Наурыз-

дың 21-нен 22-сiне қараған түнi ұлы 

күштiң кереметi соншалық, ауаның тұнық 

кезiнде таңғы сағат үш мезгiлiнде аспан нан 

гуiлдеп бiр дыбыс өтедi екен. Мұны «үт» 

дейдi, қазақта «үт келмей, құт кел мей дi» 

деген сөз осыдан қалса керек. Мұны төрт 

түлiктiң iшiнде қой ғана сезедi екен де, 

аспанға аңырып қарап қалады екен.

Бұл күндерi ұлттық тәрбиенiң кемшiлiгi 

салдарынан барынша даңғазаланып, 

мереке тек концерт көруге айналып бара-

ды. Осы күнi балаларын базар аралатып, 

ойыншық алып берудi Наурыз өткiзумен 

шатастырып жүр. «Бала жасындағысын 

ұмытпайды», сондықтан әрбiр ата-ана 

Әз-Наурызды өз отбасында тойласа, 

оның жас ұрпаққа берерi мол болар едi. 

Асыл дәстүрдi қалтқысыз қастерлей алған 

халық қана ұрпақ болашағын қамтамасыз 

ете алады. Себебi бар жақсылық Наурыз-

дан басталады.



Нұршат ТӨКЕН,

Оңтүстік Қазақстан облысы

АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫН



Қытайдағы қазақтар 

Әз-Наурызды қалай тойлайды?

Бабалар бастаған осы мерекенi ұрпақтар қалай қостап жүр? Бұл күнде 

шығысымыздағы көршi Қытай елiнде 2 миллионнан астам қандасымыз 

тұрады. Олардың бабадан қалған мерекенi қалай тойлайтынына 

қысқаша тоқталайық.

Шығыс халықтарының Наурызды осы-

лай жаңарудың, жаңғырудың үлкен 

мерекесі, күн мен түннің теңелетін Ұлыстың 

ұлы күні ретінде сән-салтанатымен 

тойлауының астарында үлкен мән-мағына 

жатыр және сан ғасырлар бойы жасап 

келеді. Жер бетінде Наурыз мерекесін осы 

күнге дейін мемлекет деңгейінде өткізіп, 

ұрпақтан-ұрпаққа бар құндылықтарымен 

тұтастай табыстап келе жатқан елдер аз 

емес. 


«Наурыз мерекесін шығыс халықтары 

секілді салтанатты шеру тұрғысында 

тойлау деңгейіне жеткізе алдық па?» деген 

сауалға жауап іздемес бұрын бірнеше 

елдің Наурызды атап өткізудегі бәріне 

ортақ не бар, соған үңіліп көрейікші.



ҚЫРҒЫЗСТАН

Қырғыз елі жылдың алғашқы күнінде 

«нооруз кёджё», «ауз кёджё», «кавут» ұлт-

тық тағамдарын дайындап, Жаңа жылда 

бір-бірін көтеріңкі көңіл күймен құттық-

тайды. Наурыз мерекесінде көпші 

лік 

қауым ұлттық киімдерін киіп, қала көше-



леріндегі мерекелік серуенге қосылады.

ӨЗБЕКСТАН

Мерекенің алғашқы күнінде өзбек 

халқы бір-бірінің үйіне қонаққа барып, 

ұлттық тағамдардан ауыз тиеді. Қала 

көшелері мен алаңдарда ұлттық ойындар 

ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар 

көрсетіледі.

Тарихшылар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы көрісуден 

басталған дейді. Ықылым заманда ешқандай байланыс құралы 

болмаған. Қыс түсе жұртшылықтың жақындары мен ағайындары 

арасындағы қарым-қатынас біразға үзіліп қалады. Сөйтіп, қыстан 

аман-есен шыққандарының өзін үлкен бақытқа теңеп, күн 

жылынғанда қауыша бастайды, яғни көрісуді асыға күткен шығыс 

халықтарын бұл күн зор қуанышқа бөлеген. 

ТҮРІКМЕНСТАН

Невруз күніне орай, түрікмен хал-

қы «семени» деп аталатын ұлттық тағам-

дарын дайындап, келген қонақтарға ұсы-

нады. Сондай-ақ ұлттық киімдерін киіп, 

ұлттық музыкалық аспаптарымен қала 

көшелерін думанды салтанатқа бөлейді.

ӘЗІРБАЙЖАН

Бұл елде Наурыз мерекесі үш күн 

тойланады. Наурыздың 21-23 аралығында 

күллі республика аумағында мерекелік іс-

шаралар ұйымдастырылып, жұртшылық 

көше-көшелерде салтанатты шеруге 

шығып жатады.

ТҮРКИЯ

Түркияның әр аймағында Наурыз 

мере кесін тойлаудың өз дәстүрі болған-

дықтан, бұл мерекенің ел арасында 

«Айдың соңы», «Сұлтан неврузы», «Невруз 

сұлтан» деген басқа атаулары бар.

Күллі жамағат таза киімдерін киіп, бір-

бірлерінің үйіне барып, мерекемен құттық-

тайды. Қала көшелерінде мерекелік іс-

шаралар өткізіледі. Мереке күндері қалың 

жұрт көңіл көтеруге міндетті. 

ИРАН

Ирандықтар көктем мерекесін «Жаңа 

жыл мерекесі» деп атайды. Бұл мереке 13 

күн бойы үздіксіз тойланады. Мерекенің 

13-күнінде көпшілік таза ауаға шығып, 

серуендейді. 



ТАТАРСТАН МЕН БАШҚҰРТСТАН

Наурызда мерекелік іс-шаралар 

өткізіліп, жер-жерлерде ұлттық ойындар 

ұйымдастырылады.



АУҒАНСТАН

Бұл күні барлығы қала көшелері мен 

алаңдарға шығып, көктем мерекесін 

қарсы алады. Ұлттық ойындар ұйым-

дастырылып, өнерпаздар өз өнерлерін 

ортаға салады.

«Әр елдің салты басқа, иті қара қас қа» 

демекші, бұл күнді әр ел өзінше той-

лайды. Десек те, бәріне ортағы – бүгінгіше 

айтқанда, салтанатты шеру.  

Біз ше, жоғарыда сөз болғандай, 

Ұлыстың Ұлы күнін өзге шығыс елдеріндей 

қала көшелерін үлкен думанға бөлеп, 

тайлы-таяғымызбен тойлайтындай дәре-

жеге жеткізе алдық па? Қайдам... Тәуел-

сіздік алған алғашқы жылдары қазақтың 

Наурыз мерекесіне деген ықыласы қандай 

еді! Ұлттық келбетті айтпағанда, нағыз 

мерекенің иісі аңқып тұратын. Көпке 

созыл мады. Алғашқы екпін басылып қал-

ды. Ал Жаңа жыл мерекесіне ел болып бір 

ай бұрын дайындаламыз. Қала көше лері 

қызылды-жасылды түске боянып, шыр-

шаны жағуға әкім-қаралар 

дың өздері 

келеді. Иә, Жаңа жыл мере 

кесіне еш 

қарсылығымыз жоқ. Алайда күнтізбемізде 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі көш 

бастап тұрса екен дейміз. Ол үшін, бәлкім, 

Наурыз мереке сіне жұртшы лық жақын 

қабылдайтындай этногра фиялық сипат 

беру керек шығар?  Мәсе 

лен, «көше-

көше  лерде  фольклорлық  кейіп керлер 

шеруге шығып,  Латын Амери касы елде-

рін  дегідей карнавалға ұластырсақ дұрыс 

болар еді» деп те ұсыныс жасап жүргендер  

жоқ емес.  Қалай болған күнде де, таптау-

рынға ұшырап, тоқырауға түсіп қалмай-

тындай, Наурыз мерекесін басқа қырынан 

қызықты өткізуге ұмты 

луымыз керек 

сияқ ты. Оның өзін де жал пыға бірдей 

мереке дәрежесіне көтеріп, ұлттық маз-

мұн беру арқылы ғана. Бай мазмұн мен 

мәннен жұрдай бола бастаған ұлы да 

айтулы мерекемізге жаңа тыныс бер-

месек, ізденбесек, бұл күн барған сайын 

ішіп-жеу күніне айналып барады. 

нің наурыздың 21-іне ауытқымай, дәл осы 

күнге сәйкес келгенін жақсылықтың белгісі 

деп санайды.

Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы 

кезде һәрелде наурыз туғанда мейрам 

қылып бас асып, қазан-қазан көже істеп, 

ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп, 

кәрі-жас, қатын-қалаш – бәрі де мәз 

болып, көрісіп, араласып қалушы еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет