келеді. Жер бетінде Наурыз мерекесін осы
тайды. Наурыз мерекесінде көпші
ұлттық тағамдардан ауыз тиеді. Қала
өлейді.
тойланады. Наурыздың 21-23 аралығында
шығып жатады.
сұлтан» деген басқа атаулары бар.
тайды. Қала көшелерінде мерекелік іс-
р өткізіледі. Мереке күнде
жыл мерекесі» деп атайды. Бұл мереке 13
ады. Мерекенің
стырылады.
қарсы алады.
лайды. Десек те, бәріне ортағы – бүгінгіше
жеге жеткізе алдық па? Қайдам... Тәуел-
созыл мады. Алғашқы екпін басылып қал-
ды. Ал Жаңа жыл мерекесіне ел болып бір
ай бұрын дайындаламыз. Қала көше лері
келеді. Иә, Жаңа жыл мере
қарсылығымыз жоқ. Алай
жоқ емес. Қалай болған күнде де, таптау-
мұн беру арқылы ғана. Бай мазмұн мен
№47 (958)
21.03.2013 жыл,
бейсенбі
6
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
– Серік аға, Наурыз жақын дағанда көпшілік
баспасөз «нау рыз» сөзінің шығу тегіне үңіліп, оны
қазақ бұрын қалай қарсы алғанына келгенде
әңгімеміз сұйылыңқырап қалатыны бар. Бүгінгі
Қазақ елінің Наурыз мерекесін тойлау салтына
көңіліңіз тола ма?
– Бұл рас, Наурыз сөзінің тегіне үңілу де – қазақтың
маңдайына біткен басты мерекесін өгейсітуден
басқаның қолдан келмейтіні секілді жайт. Әрине,
Наурызды қазіргі тойлау салтымызға көңілім толмайды.
Бүгінгі Наурыз мерекесі – жетім қыздың ұзатылу тойы.
Бұл сауалға соңғы бес жылдың көлемінде талай пікір
білдіріліп, талай мақала жазылды. Бірақ осы мәселеге
арнайы министрлігіміз бар, мәдениет саласының талай
мекемесі бар, неге жауап іздемейтініне, болмаса
әзірлеп беріп отырған дүниені іске асырудан қашқақ-
тайтынына жауапты ең болмаса БАҚ арқылы алуымыз
керек шығар.
– Наурызды бізден басқа түркітілдес, парсытіл-
дес бірталай ел тойлайды. Мәдениеттанушы
ғалым ретінде сол елдердің де тәжірибелеріне зер
салып көрген шығарсыз.
– Жалпы, Наурыз – жалпы
адамзаттық мереке,
бірақ түркілер мен парсыларда бұл мейрамның басты
рәсімдері мен ғұрыптары, атрибуттары сақталған.
Біздің Аңырақай тауындағы Таңбалытаста бұдан 4 мың
жыл бұрынғы Сиыр жылының салтанаты бейнеленген
сурет қашалған. Онда Тәңір мен Іңір құдіреттер
бейнеленген. Бұл бедер сурет түркілердің, соның ішінде
қазақтың танымын әйгілеп-ақ тұр. Бұл турасында да
та лай мақала жария болды. Мұны тіпті, мектеп оқулы-
ғына енгізу қажет. Ал Рим мен Ресей империялары
Григориан күнтізбесіне дейін жылды қазіргіше 14
наурыздан (бұрынғыша – 1 наурыз) бастағаны құпия
емес. Ресей бұдан 1700 жылы ғана бас тартты. Орыстар
Наурызға қатысты кейбір рәсімдерін Масленица деген
мерекеге айнал дырып мейрамдауда: құймақ пісіреді,
онысы – біздің майшелпек пісіріп тарату; қарақшыны
өртейді, онысы – біздің аластау ғұрпымызбен астасып
жатқан дәстүр. Бұларды ашып әңгімелей берсек, газетке
сыймайды – ғылыми кітап болмаса. «Нау мен ырыс»
кітабымда жаздым да.
Ал біздің «Бастаңғы» аталып, қыз-келіншектердің
оңаша отырмағы, о баста наурыздық Бас таңды қарсы
алу кезінде қыз-бикелер өз алдына жиналып, жігіттерді
қарсы алуға деген әзірліктің жұрнағы, таң асыру
сылтауы болғасын, қыздар жайған дастарқанды
«Ұйқыашар» атаған, ал жігіттер оларға «Селтеткізер»
сыйлық әзірлеген; мұнымыз бүгінгі – сюрпиз, біз оны
жасанды жолмен «тосын сый» деп атап жүрміз. Ал енді
Алтыбақан – күн мен түннің үйлесімін паш етерлік
маятник, ол – ойын емес, себебі ойнайтындай ереже
жоқ, тек қана жастар жиналып, өнермен түнді өткізіп,
таңды қарсы алуға арналған жоралғы. Бірақ бұл уақыт
өте келе, барлық тойдың атрибутына айналған.
Ежелгі ғұндардың да қобызбен тоғыз күй тартып,
таңды қарсы алғаны белгілі. Ал тоғыз саны тек қана
Жаратқанға таңылған «тоқ сан» болып табылады. Жеті
– адамдардың жетілу жолын білдіретін сан.
– Тәуелсіздік алғаннан бергі Наурыз көбіне
этнографиялық фестиваль сипатында өтіп келеді.
Наурыз тойлаудың сипаты қандай болу керек?
Сіздің қандай нақты ұсыныстарыңыз бар? Наурыз
мерекесі неден басталып, халыққа қандай мәндік-
мағыналық атрибуттармен ықпал еткені жөн?
– Иә, қазіргі Наурыз қазақтың салт-дәстүрін еске
алу күнімен шатас тырылып жүр. Былтыр Наурыз-фес-
тиваль жобасын жасап, таныстырғаным бар. Биыл мұны
16 облыстың әкімдеріне жолдағам, тек қана ОҚО әкімі
Асқар Мырзахметов қабыл алып, жүзеге асыруда. Жоба
тоғыз күн бойы мерекелеуге арналған.
– Наурызға мемлекеттік мереке мәртебесін
беріп, үш күн қатарынан атап өте бастадық. Бірақ
бұдан Елбасының өзі қалаған (Елбасы бір сөзінде
«түбі біз Жаңа жыл мерекесін осы Наурыздан атап
өтетін күнге келеміз» деген еді) төл Жаңа жыл
деңгейіне таяу жылдары жете қоймайтынымыз
аңғары лады. Сіз қалай ойлайсыз, өйткені әлі күнге
Наурыздың мемлекеттік ауқымда бекітілген
жалпы халық тық үлгілік сценарийі жоқ қой?
Әсілі, 31-інші қаңтарды ұмытып, нағыз Жаңа
жыл ретінде Наурызға бет бұрамыз десек, бұл істе
(үш күн демалыс жариялау аз) мемлекеттің өзі
үнемі мұрындық болуы керек шығар...
– Мәселе мерекені атап өтуге демалыстың
жоқтығында емес, оның сәйкес зерттемеге сай, тарих
пен танымға сәйкесетін атрибуттар мен шараларды
келістіре алмай, оны бүгінгі заманмен үйлестіре
алмауымызда. Сценарийді ұсынғанымызға биыл екінші
жыл. Көріп отырсыз, Оңтүстік Қазақстан облысы ың-
шыңсыз, артық бір тиын іздемей-ақ жылдағы
қаржымен, әкімшілік ресурспен дуылдатып өткізуде.
Ал үш күндік демалысқа келсек, 23 наурыздың бұл
мерекеге қатысы жоқ, оны 14 наурызға көшірген жөн.
Себебі ата-бабамыз Наурыз мерекесін 14-інен бастап
тойлаған. Бұл жайында Мәшһүр Жүсіптің шығармалар
жинағының 8-томын да анық жазылған да. Сол секілді
2 қаңтардың да күнтізбелік Жаңа жылға ешбір қатысы
жоқ. Бұл екі күнді жұрт «бас жазу күні» деп жүр.
Ұлт Тәуелсіздігі оның Кеңістігі мен Уақы
тының
межесімен де өлшенеді. Кеңістік мемлекеттік шекара-
мен, мемлекеттік тілдегі ақпарат аясымен, рухани
еркіндікпен, экономикалық тетіктермен айқындалса,
ал ұлттық Мезгіл оның тарихымен, рухани құндылы-
ғымен анықталып, Уақыт межесі болып табылатын
Жыл басымен құн дылыққа айналады.
Қазақтың Жыл басы – Наурыз. Алайда бұл мейрам-
ның Тоқты шоқжұлдызының темірқазығы саналатын
Амал жұлдызына Күннің бет
теуі
мен бірге наурыз
айының баста латынын ескермей келеміз. Бұл – әлемдік
ғылыми мойындалған дерек. 14
наурызда (ескі күнтіз
беде – 1
наурыз) қазақша Жаңа жылдың
алғашқы күні таңын аты рып, сол
күннен бастап көктемнің басы
тоңды жібітетінін жайына
қалдырдық. Қазақ өзінің мүшел-
дік жылын осы күннен бастайды.
Биылғы Ұлу жылы орнын Жылан
жылына осы күні босатады.
Ұлы Абай өзінің «Біраз сөз
қазақтың қайдан шыққаны
туралы» жазбасында Нау
рыз тарихын көшпелі
халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне
заманына ұштастырады. Ахмет Байтұрсынұлы:
«Наурыз – қазақша жыл басы. Біздің Жаңа жылымыз
– Наурыз марттың басындағы бол
сын, ортасында
болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынамен
Жаңа жыл деп айтуға лайық», – дейді.
Наурыздама дәстүрі бұрынырақта нау рыздың ал-
ғаш қы күнінен бастап елдің батыс өңіріне қоса, Сыр өңі-
рі
нің барлығы, Қостанай, Торғай аймағы, ресейлік
Ажтар хан (Астрахан), Сарытау, Самар, Орынбор облыс-
та ры атап өтетін. Бірақ оны «амал» деп те, «көрісу» деп
те атамаған, «Наурыз» деген. «Амал» деп атау 1988
жылдан мерекенің 21-22 наурызға ресмиленуінен бас-
тап, халықтық жыл басы күнінен ажырағысы келме ген
бұқара 14 наурызды «Амал» деп атауға мәжбүр болды.
Жаңа жыл келуінің басты белгісі болып табылатын
«Көрісу» рәсімін ұстанып жүрген ағайын дардың тарихи
мерекеге барынша адал
дық танытуы, құрметпен
қарауға лайық болғанымен, бұл жайт Алаш рухын
алалауға ешбір негіз емес! Бірі – Наурыздың басы,
екіншісі – мерекенің шырқау шегі! Бір мейрамның екі
сипатының бірігуінен Жыл мерекесінің мазмұны мен
маңызы бүгінде барынша тарылды, рухани
құндылығымызды біршама шатасуға итермелеп отыр.
Шын мәнінде, халқымыз наурыз айының алғашқы
(ескіше – 1 наурыз, қазіргі 14-іне сәйкес) күнінен бас-
тап, Наурыз мерекесін бір ай бойы тойлаған. Қазақтың
белгілі білімдары – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің
сегіз күндік наурыздамаға қатысқанын жазады. Ол
ескіше: 1-8 наурыз, қазіргі күнтізбеде 14-21 наурыз
аралығы.
Шындығында, 13 наурызбен 90 күндік ескі жылдың
қысқы маусымы бітетінін ескеріп, Күннің Амал жұлды-
зына беттеуі Жыл басымен сәйкесуін «табиғи Жыл
межесі» аталатын мерекемен жаңғыртқан жөн. Сонда
халқымыз 14-22 аралығында Наурыз мейрамын толық
мазмұнда бөлінбей, жарылмай мерекелеуге мүмкіндік
алады, әуелгі тұтас танымымыз қалпына келеді.
Наурыз мейрамын ұлттың Уақыт пен Кеңісті тану
мен қадір тұту қабілеті ретінде әлемге қысылмай тара-
туға да болады. Оның үстіне, оны ЮНЕСКО да мойын-
дап, жаһандық мереке ретінде насихаттауға шешім
қабылдады. Бұған қоса, Григориан күнтізбесі қабылдан-
ғанға дейін жыл басы Рим империясынан бастап, Ресей
патшалығына дейінгі аумақта ескіше 1 наурызда болға-
нын ескеру – алдына бір дәйек.
Достарыңызбен бөлісу: