Республикалық студенттік ғылыми конференция «алматы бизнес, білім және мәдениет орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет4/32
Дата06.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
показывает сколько торговая компания уплатила за проданные товары.  
 
Список литературы 
1.  Кирьянова   З.В.   Теория   бухгалтерского учета.- М., 2000г. 
2.  Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. -  М: ИНФА-М, 2006г.   
3.  Бухгалтерский баланс «ДКГСЭК» МЗ РК по Алматинской  области за  2008-2009 г.г. 
4.  Шишкин А. К.   Учет, анализ, аудит на предприятии: Учебное пособие для вузов/ А.К. 
5.  Шишкин, В.А. Микрюков, И.Д. Дышкант. -М.: Аудит: ЮНИТИ, 2001г.  
 
 
ӘӨЖ 336 
ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 
 
Құдайбергенов Қ.С. «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – Успанова Ж.Н. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Нарықтық  экономика  жағдайында  экономикалық  қызметтің  барлық  экономикадағы 
негізгі буыны – бұл ұйым. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, 
қызмет  көрсетілуі  тиіс.  Бұған  жағдайлар  да  бар.  Өйткені  фирмаларда  ең  білікті  мамандар 
жинақталады.  Мұнда  ресурстарды  үнемдеп  жұмсау,  жоғары  өнімді  техникалар  мен 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
24 
 
технологияларды  қолдану  мәселелері  кең  түрде  шешіледі.  Фирмаларда  өндірісті  және 
өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.  
Ұйым  тұрақты  қызмет  ету  жағдайында  қаржылық  тұрақтылықты  қамтамассыз  ету 
сұрақтарын  шешуде  басты  көңілді  өндірістің  және  өнім  өткізудің  қалыпты  қарқынын 
сақтауға,  материалдық  және  қаржылық  залалдардың  болмауына,  теріс  пиғылды  бәсекені 
болдырмауға  бағыттайды.  Дағдарыс  жағдайында  ұйым  әлеуетінің  (өндірістік,  технологиялық, 
ғылыми-техникалық  және  кадрлық)  бұзылуы  оның  қызметіне  қауіп  тудырады.  Нарықтық 
экономикада  ұйым  менеджерлері  тек  қана  дамудың  нарықтық  стратегиясын  ғана  емес, 
өзінің  құрамына  міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз 
етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек 
      Ұйымның  қаржылық  жағдайын  бағалап,  орынды  талдап,  болжап  білу  керек.  Ұйымның 
қаржы  жағдайы  ақша  қаражаттарын  еркін  орын  алмастыра  отырып  қолданып,  тиімді 
пайдалану  жолымен  өнімді  өндіру  мен  сатудың  үздіксіз  процесін  қамтамасыз  ете  алатын 
өзінің  қаржы  ресурстары  жағдайын  көрсетеді.  Қаржылық  тепе-теңдікке  жету  ұйымды 
шаруашылық  жүйесінің  тұрақты  звеносы  ретінде  қарастыруға  болады,  бұл  экономиканың 
нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады. 
Ұйымның қаржы жағдайы осы ұйымның белгілі бір кезеңдегі қаржылық жағдайын және 
оның  өз шаруашылық  қызметін  үздіксіз  жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін  уақтылы 
өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. 
Ал  ұйымның  қаржылық  жағдайы  нені  білдіреді?  Бұл  сұрақ  та  арнайы  оқулықтарда  түрліше 
түсіндіріледі.  Бір  авторлар  қаржылық  тұрақтылықты  «өз  қаражаттарын  шебер  пайдалану 
қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» 
деп  түсіндіреді.  Қаржылық  тұрақтылық  -  меншікті  және  қарыз  қаражаттарының  байланысы 
деп жазады.  
Енді  біреулер  «өз  қаражаттары  есебінен  активтерге  (негізгі  қорлар,  материалдық  емес 
активтер,  айналым  қаражаттары)  жіберілген  қаражаттарды  жабатын,  сондай-ақ  өтелмеген 
дебиторлық  және  кредиторлық  қарыздарға  жол  бермейтін  және  де  өз  міндеттемелерін 
уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп 
жазады. 
Бұл  ұғымды  А.Д.Шеремет  пен  Р.С.Сайфуллин  өте  ықшам  түрде  анықтайды.  Олардың 
ойынша  «Қаржылық  тұрақтылық  -  бұл  әрдайым  төлем  қабілеттілігін  кепілдендіретін 
ұйымның белгілі бір шоттар жағдайы» 
В.М.Родионова  мен  М.А.Федотова  бұл  ұғымды  келесідей  түсіндіреді:  «Ұйымда  тұрақты 
қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып 
табылады.  Ол  ақша  қаражаттарын  еркін  пайдаланып,  оларды  тиімді  қолдану  арқылы  өндіру 
мен  өнімді  өткізу  процесінің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ететін,  сондай-ақ  ұйымды  кеңейтуге 
және  жаңартуға  қажетті  шығындарын  қаржыландыратын  ұйымның  қаржы  ресурстық 
жағдайын  сипаттайды.  Қаржылық  тұрақтылық  ұйымның  жалпы  жағдайының  негізгі  бөлігі 
болып табылады». 
Ұйымның  қаржылық  тұрақтылық  жағдайына  көптеген  факторлар  әсер  етеді,  оларды 
В.М.Радионова және М.А.Федотова келесіндей түрлерге жіктейді: 
1.  Пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы; 
2.  Нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес; 
3.  Құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі; 
4.  Әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша. 
«Ақмарал»  ЖШС-  ның  есеп  саясаты  Қазақстан  Республикасының  «Бухгалтерлік  есеп  және 
қаржылық  есеп  беру  туралы»  Заңына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп 
стандарттары  мен  әдістемелік  ұсынымдарына  сәйкестендіріліп  жасалынған.  Тиісті 
заңдылықтардың өзгеруіне байланысты «Ақмарал» ЖШС өзінің есеп саясатының ережелеріне 
шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, құжатты пайдаланушыларға ескертеді.  Есеп саясатының жалпы 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
25 
 
ережелерінде  бухгалтерлік  есебін  жүргізудегі  және  қаржылық  есеп  беруді  құруда  Қазақстан 
Республикасының  «Бухгалтерлік  есеп  және  қаржылық  есеп  беру  туралы»  Заңына  және 
Бухгалтерлік  есеп  стандарттарына  сәйкес  талаптарға  сүйеніп,  Типтік  жоспар  шоттарын 
қолданып, сондай-ЖШС олардың  қағидалары, негіздері, жағдайлары, тәртіптері жазылған. 
«Ақмарал»  ЖШС  есеп  саясаты  осы  ұйым  құрылған  уақытында  дайындалады,  оны 
дайындаумен  «Ақмарал»  ЖШС  бас  бухгалтер  немесе  арнайы  есеп  (экономикалық)  бөлімі 
айналысады.  Дайыналған  есеп  саясатын  «Ақмарал»  ЖШС  басшысы  өзінің  бұйрығымен 
немесе  үкімімен  бекітеді.  Мұнда  есеп  саясатының  есеп  беру  жылына  қабылданған  барлық 
пунктерінің  мазмұны  толық  ашық  түрде  жазылады.  Сонымен  қатар  әр  пунктің  қандай 
нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде дайындалғандығы көрсетіледі. Егер 
есеп  саясатын  дайындауда  ұйымның  ішкі  құжаттары  негізге  алынған  болса  (лауазымды 
тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен үкімдер т.б), онда міндетті түрде ол туралы 
түсініктеме  берілуі  қажет.  Қабылданып,  бекітілген  есеп  саясаты  сол  Ұйым    қызмет  атқаруы 
барысында қолданылады,оған өзгеріс еңгізу мынадай жағдайларда жүргізуі мүмкін. 
«Ақмарал»  ЖШС  қаржылық  жағдайы  төлем  қабілеттілігі,  табыстылығы,  активтерді 
пайдалану  тиімділігі  және  меншікті  (акционерлі)  капиталы,  өтімділігімен  сипатталады. 
Қазақстандық  экономика  жағдайында  қаржы  жағдайы  жағдайына  жету  үшін  ұйымға 
активтердің  құрылымын  жақсарту,  атап  айтқанда  тиімсіз  пайдаланылатын  немесе  мүлдем 
пайдаланылмайтын  тұрақты  активтерді  қысқарту,  дайын  өнім  және  материалдар,  шикізат 
қорлары  көлемін  оңтайландыру  керек.  Сонымен  қатар  қаржылық  ресурстар  ағымдарының 
кіруі  мен  шығуына  жоспарлау  мен  бақылауды  күшейту  керек.  «Ақмарал»  ЖШС  үшін  ең 
бастысы  меншікті  айналым  қаражаттарының  көлемін  оңтайлы  қалыптастыру  болып 
табылады. 
Қаржылық  талдау  –  бұл  ұйымның  өткен  кезеңдегі,  қазіргі  және  болашақтағы  қаржылық  – 
шаруашылық  қызметіне  баға  беру  болып  табылады.  Оның  мақсаты  –  ұйымның  қаржылық 
жағдайын  бағалап,  әлсіз  жақтарын  тауып  және  ұйымға  тіреу  болатын  күшті  жақтарын  анықтау 
болып табылады. 
 «Ақмарал»  ЖШС  активтердің  өтімділік  көрсеткіштері,  нақты  ақша  қаражаттарының 
сипаттайтын  жылдамдығы,  яғни  бұл  да,  сол  айналымдағы,  активтер  сапалық  және  өтімділік 
көрсеткіші оның айналымдылығы болуы мүмкін. Аудитор кезеңнің соңындағы активтердің ең 
соңғы  мәліметтеріне  назар  аударады.  Қысқа  мерзімді  активтер  айналым  көрсеткіштері 
бернеше кезеңдердің сала бойынша орташа шартта қаралған мәліметтермен салыстырылады.  
Балансты  өтімді  деңгейге  жеткізуге  және  қаржылық  тұрақтылықты  сақтауға  қажетті 
шараларды  қолдануды  талап  етеді.  Әрине  қысқа  және  ұзақ  мерзімді  активтердің  рөлі  көп 
екендігін  білеміз,  сондықтан  да  қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандартына  көшумен 
байланысты  «Ақмарал»  ЖШСшетелдік  тәжірибелі  жұмыстары  мен  ғылыми  жетістіктерді 
пайдалану  және  білікті,  білімді  мамандармен  қамтамасыз  етуге  назар  аударса  жөн  болар. 
Дипломдық жұмыстың жоспарында көрсетілген қарастырылатын сұрақтар толық ашылды деп 
қорытындылауға болады. 
 
 
ӘӨЖ 336 
 
ЖЫЛДЫҚ  БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІЛІК: ҚҰРАСТЫРУ  ТӘРТІБІ ЖӘНЕ СОНЫҢ 
НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Қасым А.Ж.- «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – Успанова Ж.Н. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
26 
 
Бүгінде  бухгалтерлік  есебі  басқару  жүйесінде  ең  басты  орын  алады.  Ол  кәсіпорынның 
қаржылық  жағдайын  сипаттап  және  басқарушылық  шешімді  қабылдау  үшін  негіз  бола 
отырып,  тұтынуды,  таратуды,  айналысты  және  басқа  да  өндіріс  процесін  шынайы  көрсетіп 
береді.  Кәсіпорынның  бухгалтерлік  есебі  бухгалтерлік  есеп  Стандарттарында  және 
субъектілердің  қаржы-шаруашылық  қызметіндегі  бухгалтерлік  есеп  шоттарының  Бас  есеп 
жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл 
алынған  ақпараттарды  пайдаланушылардың  талабына,  қызметтің  құрылымына,  ұйымның 
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін  қамтамасыз етеді.  
Шаруашылық  жүргізудің  қазіргі  жағдайында  шаруашылық  жүргізуші    субъектінің 
күрделі  экономикалық  тетігін  нақты,  жақсы  жолға  қоймайынша,  сондай-ақ  толық  сенімді 
ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.  
Экономиканың  барлық  саласындағы  кәсіпорындардың  иелері  мен  еңбек  ұжымдары 
шикізат  пен  материалдарды  ұқыпты  жұмсауға,  өндіріс  қалдықтарын  азайтуға,  ысырапты 
жоюға,  бәсеге  жарамды  өнімдерін  өңдіруге,  оның  сапасын  көтеруге,  өзіндік  құнын 
төмендетуге,  қоршаған  ортаны  сақтауға  мүдделі.  Бұл  орайда,  кәсіпорынның  материалдық 
құндылықтарын,  ақша  қаражаттарын  және  басқа  да  ресурстарын  заңсыз  және  тиімсіз 
жұмсауға  және  тонауға  қарсы  күресте  бухгалтерлік  есептің  маңызы  мен  мәнін  айрықша 
бағаламауға болмайды. 
Экономиканың  саласындағы  мамандар,  оның  ішінде,  біріші  кезекте,  бухгалтерия 
қызметкерлері  есепке  алудың  және  есеп  берудің  барлық  жүйесін  жақсы  білулері,  оларды 
оңайлатуды  қарастыру  қажет,  субъект  қызметін  бухгалтерлік  және  салықтық    есепке  алуды 
ұйымдастырудың  ережелерін,  нұсқауларын  және  басқа  нормативтік    актілерін  қатаң 
сақтаулары керек.  
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жуктелетін 
міндеттемелер  қай  кездегіден  болмасын  күрделі,  ауқымды  болып  отыр.  Өйткені  қазіргі 
қоғамдық  дамудың  жаңа  кезеңінде  өндіріс  құрал  –жабдықтарының  мемлекеттік  меншіктен 
ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, 
субъекті  және  жеке  тұлғалар  арасындағы  экономикалық  және  қоғамдық  қарымқатынастар 
саясаты   жургізілуде.  
Бүгінгі  күнде  бухгалтерлік  есеп  жылдан  жылға  дамып  жетілуде.  2002  жылы 
«Бухгалтерлік  есеп  және  қаржылық  есептілік  туралы»  жаңа  өзгертулермен  заң  қабылданды, 
шоттардың бас шоттар жоспары бекітілді.  
Қазіргі кезде біздің елімізде есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуде, бірақ бұл 
осы  уақытқа  дейінгі  қолданылған  бухгалтерлік  есеп  стандарттары  өз  күшін  жойды  дегенді 
білдірмейді. Кәсіпорындар бухгалтерлік есепті Қазақстандық стандарттарға сәйкес жүргізеді 
және өз кезегінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сүйенеді.  
Ешқандай ол толық стандартқа көше алмайтыны анық, ол әлеуметтік ортаның әсерімен, 
экономикалық  дамудың  кезеңімен,  кәсіпкерлік  қызметтің  ерекшеліктерімен,  мемлекеттік 
экономикалық қатынастарға, саясат жүйесіне білім беру жүйесіне, шетел инвестицияларының 
деңгейіне байланысты. Дегенмен, есепті біріктірудің пайдалы жақтары да кездеседі.  
 «Жолаушыларды  тасымалдау»  Ашық  акционерлік  қоғамы  бухгалтерлік  есептің 
халықаралық  стандартына  көшуді  бастайды.  Әрине  бұл  стандартқа  тез  көшу  мүмкін  емес, 
бірақ  кәсіпорын  бухгалтерлік  есепті  жүргізгенде  және  есептілікті  қарастырғанда  оларды 
басшылыққа алуы артық болмайды. 
Қазақстанда  нарықтық  экономикаға  көшу  жаңа  экономикалық  институттардың    пайда 
болу  қажеттілігін  тудырды.  Бұл  институттардың  арасында  маңызды  орын  болып  аудит 
институты  табылады.  Оның  негізгі  мақсаты  бухгалтерлік  және  салық  есебігде  көрсетілетін 
ақпараттың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету.  

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
27 
 
Кәсіпорында  аудитті  жүргізу  маңызды  болып  табылады.  Аудиторлардың  тәуелсіз 
қызметінің дамуы кәсіпкерлік тәуеклдің азаюына және қаржылық есептілік  пен бухгалтерлік 
есептілікті жетілдіруге әкеледі.  
Осыған  байланысты  мен  «Жолаушыларды  тасымалдау»  Ашық  акционерлік  қоғамында 
қаржылық есептіліктің аудиторлық тексеруін жургізуді ұсынамын.      
Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру. 
Біз  «Кәсіпорынның  активтерінің  өтімділігі  мен  төлем  қабілеттілігін  тал-дау» 
параграфында  кәсіпорын  активтерінің  өтімділігі,  яғни  активтердің  ақша  қаражаттарына 
айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық. 
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алды-мен ағымдағы 
активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты. 
Активтердің  өтімділігі  туралы  мәліметтерге  сүйене  отырып  біз  айналым  ак-тивтерінің 
меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Бұл өз алдына 
кәсіпорын  қызметіне кері  әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде 
кәсіпорын проблемаға тап болады. 
Осылайша  кәсіпорынның  өз  жабдықтаушылары  мен  кредиторлар  алдындағы  қысқа 
мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді. 
Мен  бұл  дипломдық  жұмыста  активтердің  өтімділігін  арттырудың  келесі  әдістерін 
ұсынамын: 
1) Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл әрине 
өз  алдына  банктің  өзінің  несиелік  саясатын  қайта  қарауына,  яғни  несие  бойынша  пайыздық 
мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің 
өтімділігінің артуына қол жеткізеді. 
2)  Тауарлы  материалдық  қорлардың  мөлшерін  азайта  отырып,  ақша  қаражаттарының 
көлемін  арттыру.  Сол  арқылы  активтердің  абсолютті  өтімділігін  арттыруға  қол  жеткізу 
болады. 
Жоғарыдағы айтылған  жолдардың    бірінші  нұсқасы  тиімді  және  іске  асуы  оңай  болып 
келеді. 
Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қо-сымша ақша 
қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша обли-гациялар шығарумен алуға 
болады. 
Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін баланс құрамында 
өзгерістер күтіледі. 
Бірінші  әдіс    25  млн.  теңгені  қысқа  мерзімді  міндеттемелерден  ұзақ  мерзімді 
міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады.  
Бұл жағдайда баланстағы «ұзақ мерзімді міндеттемелер» статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге 
артады,  ал  «кредиторлық  борыш»  41835  мың  теңгеден  16835  мың  теңгеге  дейін  азаяды. 
Жүргізіліп  отырған  ісшараның  тиімділігін  дәлелдеу  үшін  баланстың  басқа  статьялары 
өзгеріссіз қалады делік. 
Жалпы  осы  есептеулерден  кейін  25  млн.  теңге  қысқа  мерзімді  міндеттемелерді  ұзақ 
мерзімді  міндеттемелерге  қайта  құрылымдау  бойынша  ісшаралар  активтердің  өтімділігін 
арттыратына, яғни тиімді екеніне көз жеткізуге болады.  
Сонда жүргізілген ісшараның нәтижесін төмендегі 6-кестеден көруге болады: 
Екінші  әдіс  тауарлы-материалдық  қорлардың  көлемін  25  млн.  теңгеге азайтып,  оларды 
ақша қаражаттарына аударуды қарастырады.  
Бұл жағдайда баланстағы  «ақша қаражаттары» статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың 
теңгеге  дейін  артады,  ал  «тауарлы-материалдық  қорлар»  53600  мың  теңгеден  28600  мың 
теңгеге дейін азаяды. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
28 
 
Кестеден көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту және 
оларды  ақша  аражаттарына  айналдыру  тек  екі  көрсеткіштің,  яғни  аралық  және  абсолюттік 
өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі. 
Сондықтан бұл әдісті басқа әдістермен біріктіріп пайдалану ұсынылады. 
Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын. 
Екі  әдісті  бірге  пайдалану  кезіндегі  кәсіпорын  өтімділігінің  артуын  төменде-гі    1-
кестеден көруге болады. 
 
1 кесте 
Екі  әдісті  қатар  пайдаланудың  нәтижесіндегі  кәсіпорынның  өтіділігі  мен  төлем 
қабілеттілігіндегі өзгерістер 
 
                           (мың.тенге) 
№ 
Көрсеткіштер 
Өзгеріске 
дейін 
Өзгерістен 
кейін 
Өзгеріс 






Меншікті айналым 
қаражаттары 
52 625 
67 625 
+15000 

Ағымдағы өтімділік 
коэффициенті 
2,2 
3,7 
+1,5 

Аралық өтімділік 
коэффициенті 
0,98 
2,4 
+1,42 

Абсолюттік өтімділік 
коэффициенті 
0,1 
0,9 
+0,8 
Ескертпе  - Компанияның қаржылық есебі негізінде дайындалған 
 
Кесте  мәліметтерін  қорытындай  келе  екі  әдісті  қатар  пайдалану  кәсіпорынның  қысқа 
мерзімді  қарыздарды  меншікті  активтерімен  жабу  қабілетін  арттырады.  Бұл  өз  алдына 
кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Дүйсенбаев  К.Ш.,  Төлегенов  Э.Т.,  Жұмағалиева  Ж.Г.  Кәсіпорынның  қаржылық 
жағдайын талдау / Оқу құралы. - Алматы: Экономика. 2001 ж. 
2.  Черняк В., ШалболоваУ. Қаржылық талдау/Алматы:Жоғары білім 2013ж. 160 бет. 
3.  Бухгалтерский управленческий учет: Учебник / Д.В. Лысенко. - М.: НИЦ ИНФРА-М, 
2016. - 477 с.  
4.  Бухгалтерский учет и аудит: Учебное пособие / Ю.И. Сигидов, М.Ф. Сафонова, Г.Н. 
Ясменко и др. - М.: НИЦ ИНФРА-М, 2016. - 407 с.  
5.  Бухгалтерский  учет  и  анализ:  Учебник/  М.Д.Акатьева,  В.А.Бирюков  -  М.:  НИЦ 
ИНФРА-М, 2015. - 252 с.  
 
 
УДК 33.338 
 
НАЛОГОВАЯ ОТЧЕТНОСТЬ ПРЕДПРИЯТИЯ И ОРГАНИЗАЦИЯ ЕЕ 
ВНУТРЕННЕГО АУДИТА 
 
Асылхан А.С. - студент 3 курса специальности «Учет и аудит» 
научный руководитель – Успанова Ж.Н. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
29 
 
Евразийский технологический университет, г.Алматы 
 
При  становлении  и  развитии  коммерческих  предприятий,  проблема  правильности 
исчисления  и  определения  налоговой  нагрузки,  а  также  сдачи  форм  налоговой  отчетности, 
проведения  внутреннего  аудита  является  одним  из  важных  и  приоритетных  направлений. 
Учет 
финансового 
результата 
предприятия 
необходимо 
на 
любой 
стадии 
предпринимательства  и  производства.  Налоговая  нагрузка  учитывается  как  в  бухгалтерском 
учете,  так  и  в    налоговом  учете,  который    представляет  собой  систему  наблюдения, 
измерения,  регистрации,  обработки  и  получение  информации  в  стоимостной  оценке  об 
имуществе,  обязательствах  и  хозяйственных  операциях  хозяйствующего  субъекта.  Главной 
целью  бухгалтерского  учета  являются  анализ  и  использование  информации  для  выявления 
тенденций  развития  предприятия,  выбора  различных  альтернатив,  принятия  управленческих 
решений.  
Объекты налогообложения и их налоговые обязательства, а также сроки фиксируются в 
бухгалтерском  учете.  Таким  образом,  получаем  налоговое  поле,  на  котором  имеются  два 
взаимозависимых  ряда  –  объектов  налогообложения  и  сумм  начисленных  обязательных 
платежей. 
В бухгалтерском  учете под порядком начисления налога подразумевается выбор счета, 
по  дебету  которого  отражается  операция  начисления  этого  налога  с  отражением  источника 
его выплаты. Операции начисления налогов имеют двоякое значение для оценки налогового 
бремени  предприятия.  Но  не  вся  сумма  возникших  у  предприятия  за  период  налоговых 
обязательств  участвует  в  формировании  финансового  результата  этого  периода.  Поэтому 
некорректно  при  расчете  налоговой  нагрузки  сопоставлять  общую  сумму  налоговых 
обязательств с величиной финансового результата и величиной показателей, сформировавших 
финансовый результат, а именно суммой выручки и/или расходов. 
Учетная  политика  –  конкретные  принципы,  методы,  процедуры,  правила  и  практика, 
принятые  любым  предприятием  различной  формы  собственности  для  подготовки  и 
представления финансовой отчетности. Учетная политика организации определяет принципы 
ведения  бухгалтерского  учета,  финансового  анализа,  налогового  учета.  Учетная  политика 
организации  является  единой  и  обязательной  для  всех  его  структурных  подразделений, 
включая подразделения, выделенные на отдельные балансы. 
Базой  и  основой  для  формирования  учетной  политики  являются  Международные 
стандарты  финансовой  отчетности  (МСФО),  Национальные  стандарты  финансовой 
отчетности  (МСФО)  и  другие  нормативно  -  правовые  акты  по    бухгалтерскому  учету, 
допускающие  альтернативные  способы  отражения  хозяйственных  операций,  активов, 
собственного капитала, обязательств, результатов деятельности. При формировании учетной 
политики  предприятия  руководствуется  следующими  принципами,  заложенными  в  основу 
казахстанских  стандартов  бухгалтерского  учета:  непрерывная  деятельность,  начисление, 
понятность. Важной и ответственной процедурой, влияющей на подготовку и представление 
финансовой отчетности, является формирование учетной политики.  
Способы  и  методы  отражения  фактов  хозяйственной  деятельности,  учета  доходов  и 
расходов  и  оценки  имущества,  принятые  настоящей  учетной  политикой,  соблюдаются  в 
течение всех последующих отчетных периодов. 
В  учетной  политике  ТОО  «Eurasian  Construction»  выделяют  две  группы  вопросов: 
организационно – технический раздел, методический раздел
Согласно  первому  разделу  бухгалтерский  учет  ТОО  «Eurasian  Construction» 
осуществляется  бухгалтерией  во  главе  с  главным  бухгалтером  под  руководством  первого 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет