Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
74
қайталағаннан кейін: «Бауыран Момышович емес», «Бауыржан Момышұлы»
бар,-дейді дауыстап. Сонда сол жерде тұрғандардың барлығы таңғалады.
Оның «Ұлтшылдығынан» қорқып, бұл атақты бермей қояды. Солай ер
қазақ оқ бораған майдан даласында жүріп те, «Бауыржан Момышұлы» деген
қазақтың бар екенін көпке жария ете білді. Ақылымен көпшілікті аузына
қаратып алған Бауыржандай атамыздың ерлігі ескерусіз қалған жоқ.
Тәуелсіздік таңы атқанда өз елінің Халық қаһарманы аталды.
Бұл майданда ерлігі мен батырлығы көпке танылған тұлғалар да,
батылдығы мен ержүректілігі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай болса да, қазақ
елінің мақтанышына айнала алмаған өрендер де болды. Сондай кісілердің бірі
– өз ортасына ғана танымал, бірақ біздің өлкеміздің, жанқямыздың,
ауылымыздың мақтаны, құрметті ардагері болған менің атам – Ерғали. Менің
атам мерген болған. Ұлы майданда бір мезетте жаудың тоғыз пулеметшісін
ажал құштырған.
Атамның жауды тәубесіне түсірген соңғы шайқасы 1945 жылы
желтоқсан айында жаудың бірде-бір әскерін тірі қалдырмай, біздің
батальонның сегіз-ақ жауынгері аман қалған шайқаста, атам үйге мүгедек
болып оралған кезінде болды. Қатігез фашистердің тастаған бомбасының
астында қалған атам бірнеше күн бойы оянбай, ес-түсін білмей жатқанда, оны
ажал құшқандардың қатарына санап, госпитальға апарады.
Бірақ, құдай сақтап, есін жиғанымен, сойлей алмай, құлағы да естімей
қалады. Осындай күймен ол 45-жылдың қысында өз отбасына оралды. Бірақ,
сенесіз бе? Тәңірім Отан алдында жасаған шексіз еңбегі үшін деді ме екен, жоқ
әлде отбасына мұндай адамды масыл қылып қойғысы келмеді ме екен, әйтеуір
атамның құлағы бір-ақ күннің ішінде ашылады. Бірнеше ай бойы дүниедегі
қыбырлаған нәрсенің даусын естіп көрмеген құлағына сол күні айналадағы
неше түрлі дыбыстар келіп, дүние астан-кестен болғандай күй кешеді. Көзі
шарасына шығып, қатты шошыған Ерғали атам артына жалт қараса, жеңгесі
келе жатыр екен. Бұрын-соңды қайнысының бұндай түрін көрмеген ол
абдырап тұрып қалады. Сөйлемейді деген атам сол мезетте жеңгесінің атын
атай бергенде, байғұс жеңгесі есінен танып қалады. Не керек, сол күннен
бастап менің атам айналадағы тіршіліктің кереметтей даусын естіп, туған-
туыстарымен, бауырларымен сөйлесе алатын қасиетке қайтадан ие болды.
Дүние есігін жаңа ашқандай болған, соғыстың ащы кермек дәмін татқан атам
бейбіт өмірдің шуақты күндерінің де қаһарманы болды. Шымкенттің
шаруашылық техникумын бітіргеннен кейін ол енді ауылында осы мамандығы
бойынша бригадир болып жұмыс жасайды. Балаларын байлығындай бағалаған
атам алты ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді. Балалармен өткізген әрбір күнін
бақытты өмірдің жарқыраған шамшырағы деп масаттанды. Сондай атаның ізін
жалғастырушы ұрпағы болғаным үшін мен де мақтанамын.
Отан қорғаудағы дауылды жылдардан кейінгі жарты ғасырдан астам
уақыт бойы көпке танылмаған атам жайлы сыр шертетін уақытқа қол
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
75
жеткіздім. Бұл да – бейбіт өмірдің, бақытты заманның жемісі. Енді бүгін мен
ешқандай газет, журнал беттерінде есімі де жазылмаған, бірақ ерлігі мен жеңіс
күнін жақындатуға үлес қосқан осы бір қаһарманды шығармама арқау еттім.
Ол бүкіл еліміздің болмаса да, біздің отбасының, әулеттің мәңгі жүрегінде.
Ержанова Аружан
5 сынып, № 13 мектебі Арал қаласы
Қызылорда облысы
Жетекшісі: Досаханова Л. С.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыстың алғашқы күнінен
бастап қазақ халқы фашизмге қарсы аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін
барлық күш – жігерін жұмсады, асқан ерліктер көрсетті. Ерлік көрсеткен
біздің батыр аға, апаларымызды елемеу мүмкін емес. Олар өздерін барынша,
Ұлы Отан соғысында көрсетті Қазақ елін қорғады. Сол аға – апаларымызды
атап өтсек: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов,
Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Мәлік
Ғабдуллин.
Осы айтылған аға-апаларымыз туралы қысқаша мәлімет айтсам. Әлия
Молдағұлова – 1924 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Бұлақ ауданында
дүниеге келген. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыр 1944 жылы
дүниеден озған.
Мәншүк Мәметова (шын есімі – Мәнсия) Жиенғалиқызы. 1922 жылы
Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында туған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес
Одағының Батыры 1943 жылы дүниеден озған.
Бауыржан Момышұлы – жазушы, даңқты жауынгері, гвардия
полковнигі панфиловшы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық
қаһарманы. 1910 жылы дүниеге келген. 1982 жылы дүниеден озған.
Рақымжан
Қошқарбаев
–
Берлинде
Рейхстаг
қабырғасына
алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман қазақ жауынгері. 1924
жылы 19 қазанда Ақмола қаласы Ақмола ауданында туылған. 1988 жылы
дүниеден озған. Талғат Бигелдинов – Ұлы Отан соғысында екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атағын алған қазақстандық ұшқыштардың бірі. Ол 1992
жылы 5 тамызда Ақмола облысы Ақкөл ауданы Майбалық ауылында дүниеге
келген. 2014 жылы дүниеден озған. Осы аға-әпкелеріміз туралы айтатын
болсақ, мәліметтер өте көп. Мен бұл аға-әпкелеріміз туралы қысқаша жаздым.
Соғыс 1945 жылы соғыс бітті. Жеңіс күні деп 9 мамыр белгіленді. Биыл
соғыстың аяқталғанына 70 жыл болады. Енді елімізде бұндай соғыс болмасын.
Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғыстың жек көрем» деген өлең жолдар оқып
көрейік.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
76
Мен соғысты жек көрем!
Мен соғысты Жек көрем
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген!
Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең –ақ ержетем!
Қиялымды өрлетем!
Туған жерді Әлпештеп,
Кірпік ілмей Тербетем!
Жету үшін мұратқа
Сапар шегем жыраққа!
Ғұмыр бойы соғысам
Асу бермес белдермен!
Асау өзен, көлдермен!
Құлазыған шөлдермен!
Мен соғысты Жек көрем!
Адамзатты Жеткізем,
Арманына Жетпеген!
Мен осы өлеңнің алдын да, енді осындай соғыс болмасын дедім. Себебі
мына өлеңде соғыс қандай халқымыз азап, қасірет шеккен. Тағыда қайталап
айтамын елімізде бұндай соғыс болмасын. Тек бейбітшілік пен тыныштық
болсын. Еліміз аман болсын деп тілеймін.
Есбергенова Әзиза
9 сынып, №121 орта мектебі
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы
Жеңіс, естелік, отансүйгіштік
Қайсарлық пен батырлық, Отанға деген
сүйіспеншілік
аса қатыгез сұрапыл
соғыста жеңіске жол ашты.
Н.Ә.Назарбаев
Кеңес одағының Ұлы Отан соғысы Кеңес одағының нацистік Алманияға
және оның еуропалық одақтарына қарсы жүргізген соғысы. Ұлы Отан соғысы
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
77
ұғымы 1941 жылы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен
кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және отан деген сөздерді бөлек-
бөлек,бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі
көптеген басқа тілдердеде қолданылады, кейбір авторлар «Екінші дүние
жүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесі қолданады. Ұлы Отан
соғысы қарсаңында Германияның өзінде және жаулап алынған елдер мен
одақтас елдерге жылына 439 млн тонна көмір, 31,8 млн тонна болат өндіріліп,
11 мың зеңбірек пен миномет, 11мың ұшақ шығарылатын, ал 1941 жылдың 1-
ші жартысында 1621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия қондырғысы
шығарылды. Бұлдеректерден Герменияның өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-
ның үстінен басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді. Бірақ қару-жарақ
шығару жағынан Германия дәл сондай басымдылыққа ие болған жоқ. КСРО
болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап
дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түллі-
түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру
салаларыда милитаризацияланды.
Бұл соғыс жылдары халыққа өте ауыр тиді. Ешкімде ешқашанда ұмыта
алмайтындай ерекше өз орны бар. Осы соғыс кезіндегі кеңес халқының
ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл
күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан
үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Әр ақындар бұл соғыс зардабын өз
өлеңдеріне қосып та жатады. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың
ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы
жыл санап азайып барады емес пе?
Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен,
ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін, туған жердің
топырағын таптаттпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап,
жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да,
туғаны бар халқы үшін, қуаныш болған күн.Сондықтан да бұл ұлы мереке,
оққа ұшқан қаруласжолдастарыныңаманатын арқалап, аман оралған ардагер
аталарымыздың өздері қорғап, қорған болып оралған арттағы қалың елдің
қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Біз Ұлы Отан
соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол
әрине – бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға
салды. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін
барды. Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар
болды. Солардың бірі – Ғ.Жұматов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтырев,
Қ.Иманқұловтар болды. Осындай қан майданға қазақ топырағынан бір
миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат
соғысы алаңында қаза тапты. Сонымен қатар, аттары аңызға айналған жаңа
тұлғалар тарих бетінде өздерінің ерліктерімен аттарын алтын әріппен жазып
қалдырды. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
78
батыры атағын алды. Олар – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов,
Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және
т.б. Осы апа-аталарымыз алпат қырғын соғысты жеңіспен аяқтады. Жеңіс
елімізге күш-қайрат, сенім, рух берді. Міне, содан бері 70 жыл артта қалды.
Халық болып қорғаған Совет одағы ыдырап, біздің Қазақстан өз алдына жеке
мемлекет болды. Бұл тарихи оқиға 1991 жылы 16 желтоқсанында болған еді.
Содан бері еліміз Ұлы жеңісті жалғастырып, жаңа жетістіктермен өркендетіп
келеді.
Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама
ата-бабаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып,жндарын қиды. Бұл соғыс
адамзат тарихында ең сұрапыл әлемді дүр сілкіндірген жан түршігерлік қанды
қырғын болды. Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске
құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді,
Отанымызды сақтаймыз деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек еткеніміздің
арқасында қол жеткіздік. Сондақтан да бұл мереке адамзатқа, олардың ұлтына,
дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш, ортақ жеңіс күні.
Есенгелді Айжан
11 сынып, № 3 мектеп-лицейі Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Мулдагалиева А. С.
Желбіре, жеңіс жалауы!
9 мамыр – бүгінгі бейбіт өмірдің бастауы болған күн, адамзат
тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталған күні, фашизмді жеңген
қаһарман халықтың мереке күні, отының басына оралмаған аталарымызды
сарыла күткен сағыныш күні, осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған
боздақтарды еске алу күні. Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай,
қыршынынан қиылған боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.
Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап келеді. Бұл туралы көнекөз
қариялардан естіп, кино, деректі фильмдерден көріп жүрміз. Әйтсе де, өткенге
көз жүгіртпей, балғын болашаққа бағдар жасау мүмкін емес...
1941 жыл. 22 маусым. Қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған
қолы тажалдай төніп, тұтқиылдан тап берді. Бейғам, мамыражай тірлік кілт
үзілді. Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұлы мен қызы Кеңес армиясы
қатарына соғысуға аттанды. Қанды қырғынға аттануға ондаған атқыштар,
атты әскер дивизиялары мен бригадалары, авиация полктарымен қатар
арнаулы батольондар жасақталды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық пен
табандылықтың үлгісін көрсеткен жауынгерлер қатарында үш мыңдай
қазақстандық шайқасты. Қазақ батырларының майдандағы ерлігі мен
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
79
тапқырлығы, жаудан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды
сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді, қазақтар шын мәнінде
жаратылысынан батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін
дәлелдей білді.
Біз үшін фашистік Германиямен болған соғыс орасан зор қайғы-
қасірет әкелді. Ұшса құс қанаты талатын ұлан байтақ аймағымыз тұтастай
майдан даласына айналды. Жеңіс оңай келмеді. Құрбандығымызға сан
жетпейді. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпымаған отбасы некен-
саяқ, ана перзентінен, ару асыл жарынан, бала ардақты әкесінен мәңгілікке
айырылып, қанаттары қайырылып, қара жамылып қалды. Бүгінгі ұрпақ осынау
ержүрек ерлердің алдында мәңгілікке қарыздар.
Қаралы жылдардың жаңғырығы әлі күнге жүректерді сыздатады. Біз
азаматтық арды ту көтеріп, төл істерінің ақ та адал екеніне имандай сеніп,
дүниедегі бар асылы мен ең қымбаты – өз өмірлерін құрбандыққа шалған
ерлердің әруақтары алдында терең ілтипат сезіммен бас иеміз.
Сұрапыл майданда қар жамылып, мұз жастынып, етігімен қан кешкен
жауынгерлерімізді қажеттінің бәрімен қамтамасыз етіп, материалдық және
рухани демеу беріп, күллі әлем зарыға күткен жеңіс сағатын жанқиярлық
істеріменен жақындата түскен тылдағы еңбеккерлер де шексіз құрмет,
сүйіспеншілік пен ыстық ықыласқа әбден лайық. Майдан мен тылды азық-
түлік өнімдерімен жабдықтауда колхозшылар мен совхоз жұмысшыларының
еңбектері орасан. Нағашы атам Бекенов Шамет те тыл ардагері. Ол кісі
әрдайым: «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Отан үшін! Жеңіс үшін!» деген
ұранмен тылда да еңбек қайнап жатты деп айтып отырады. Бұл да біз үшін бір
үлкен өнеге деп білемін. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктерінің
шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті мен бағасы артып, тағлым-тәрбиесі мен мән-
мағынасы мейлінше тереңдеп, даралана түспек.
Соғыста жанқиярлықпен күрескен әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы
Бауыржан Момышұлы: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз
қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін
ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазып, Отан
үшін шайқаста жауынгерлерге рух берді.
Шыдамдылық пен төзімділіктің, қайсарлықтың сынағынан өткен қазақ
жауынгерлері жөнінде журналдар жаза бастады. Бұған дәлел – соғыс жылдары
майданда болып, ондағы жағдайды өз көзімен көрген ағылшын журналисі
Александр Вердтің «Россия в войне 1941-1945 годов» атты ғұмырнамалық
кітабында: «Ең мықты солдаттар қазақтар болды, олар соғыстың өне бойында
өздерін толығымен жақсы жағынан көрсетті» деп жазуы. Осылайша жеңіске
жету жолында жауына кектене ұмтылған қазақ батырларының ерліктері өзгеге
үлгі бола бастады.
1945 жылы 30 сәуір кешінде, 6 сағат 30 минутта 1418 күнге созылған
Ұлы Отан соғысында Рейхстаг қабырғасына Рақымжан Қошқарбаев жеңіс
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
80
туын тікті. Күйзелген көңілдер мен қайғы-мұңға толған жанарлар ұлы
Жеңістен жұбаныш тапты. 1945 жылдың 9 мамыры күні Ұлы Жеңіске
қолымыз жетті. Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жыл
теңселген дүниенің қайғы-қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой-қиялы сыйып
жатыр. Содан бері біз Жеңісті тойлап келеміз.
Халықтарды езіп-жаншудан өз қанын төгумен аман сақтап қалғандарды,
дүниежүзілік өркениетті қорғап қалғандарды адамзат баласы ешқашан
ұмытпақ емес. Соғыс жалынының басылғанына 70 жыл өтсе де, оның отты
лебі әлі сезіледі. Жеңіс күні бізге, ең алдымен, бейбітшіліктің бағасын
ұқтырады. Қасіретті жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып,
қанын төккен аяулы аға-әпкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала
түсуде. Қолымыздан келгенше есімдерін, істеген ерліктерін жадымызда
сақтап, өмірді жалғастырар келер ұрпаққа аманат етіп қалдыруға тырысып
келеміз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
ардагерлердің көрсеткен ерліктері жайлы әңгімелеп, жастарды патриоттық
рухта тәрбиелеуді жалғастыруға шақырады. Осы орайда 2015 жылды ТМД
елдерінде «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы» деп жариялау және
Жеңістің 70 жылдығына қарай достастық аумағында бірыңғай мерейтойлық
награда бекіту жөнінде қабылданған шешімге қолдау білдірді.
«Ардагерлер,
майдангерлер,
тыл
еңбеккерлері,
партизан
қозғалыстарының мүшелері және жазықсыз қуғын-сүргін көрген, соның
ауыртпалығын тартып, жер аударылған, зұлым соғыстан кейін елді қалпына
келтіруге үлес қосқан азаматтардың бәріне басымды иемін» деп мемлекет
көшбасшысының айтқан әрбір сөзі біз секілді жас буын үшін әрдайым үлгі.
Отанға деген парызын адал атқарып, өшпес өнеге қалдырған, адами
болмысымен бірге әдебиетке үлесін қосқан Бауыржан Момышұлы, Отан үшін
жанын қатерге тігіп, әуеде әуелеген Талған Бигелдинов, ұлт пен намысты
жанынан жоғары қойып ерен еңбек еткен офицер Рақымжан Қошқарбаев,
шайқаста жауып тұрған оққа қарамастан жаудың бірнеше атыс ұясын
гранатамен талқандап, ерлікпен қаза тапқан Боран Нысанбаев, батылдық пен
ерлік көрсеткен қатардағы жауынгер Нағи Ілиясов, жау әскерінің 30-дан аса
сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған батальон снайпері Әлия
Молдағұлова, аға сержант, ұрыстарда өзінің мергендігімен және
батылдығымен көзге түскен, ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып,
қаһармандықпен қаза тапқан Мәншүк Мәметова сынды майданның төрінде
жаумен жанын қия айқасқан батыр қаһармандарымыздың рухына мәңгілік бас
ие тағзым етеміз! «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ,
бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашпақ.
Біз – бейбітшілікті жақтаушы, дастықты жырлап, тыныштықты
сақтаушы елміз. Біз ұлы елдің мәпелеген ұланымыз. Сондықтан осы елге
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
81
лайық болу – ұранымыз! Жер-Ананың төсінде мәңгі бейбіт өмір орнасын!
Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын! Туымыз көктен, әуелеген ән ұранымыз
биіктен түспесін!
Есқали Меруерт
7сынып, №33 орта мектебі Бұқарбай батыр аулы
Жалағаш ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Айділдаева Г. А.
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін.
Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды
кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе
радио,телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә,
содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн
Біз – бейбіт елдің ұланымыз Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған,
аранын ашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат – екінші
дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он
бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті.
Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға
берілмейтін азап.
Соғыс туралы емес, елдегі жағдайды айтсам да , аз емес ау көргені
аналардың...
Майданға кеткен талай мыңдаған жұмысшылар мен шаруалардың
орнына шексіз қиындықта, ұйқысыз, ас-сусыз еңбек вахтасында әйелдер мен
балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер тұрды. Әр отбасының басшысы
майданда болды. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге
тура келді.. «Бір минут ішінде сен соғысқа дейін бір сағатта істегеніңді істеуге
тиістісің!» деген ұранды ұстанған адамдар қатал тәртіп пен еріксіз жұмыс
істетулерге қарамастан, асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым
көрсетусіз-ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті.
Лампшкем стеклосы жанар ма екен,
Бұл бейнет біздің бастан қалар ма екен
Жақсылық болды деген хабар келсе
Жан шықпай кеудемізде қалар ма екен.
Налымаймын қиындықты осынау іске,
Жүректі еркек ісі түсті бізге.
Отанды қорғаушыдан артық па жан
Тек қана сыймай кетеді жалын ішке, -
деп ыңылдап ән салған әжелер
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
Достарыңызбен бөлісу: |