Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


Сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата07.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#1377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру 
бойынша «Сабақтан кейінгі мектеп» республикалық жобасы 
Сабақтан  тыс  қызмет  –  оқушылар  мен  ересектердің  ерікті, 
мақсаттылықты  ұғыну,  харекетшіл  және  шығармашыл  тіршілік 
әрекетінің үдерісі. 
Сабақтан  тыс  жұмыс  –  мектептің  оқу-тәрбие  үдерісінің 
құрылымдық  бөлігі,  білім  алушылардың  бос  уақытын  ұйымдастыру 
түрлерінің  бірі.  Сабақтан  тыс  (сыныптан  тыс)  жұмыстың  бағыттары, 
түрлері  және  әдістері  балаларға  қосымша  білім  берудің  бағыттары, 
түрлері және әдістерімен тәжірибелі түрде сәйкес келеді. 
Ағымдағы жағдай 
Мектептегі  қосымша  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  дамымаған. 
Мектептегі  сабақтан  тыс  жұмыс  жаңашылдықты,  жаңа  түрлерді, 
үйірмелер,  клубтар,  студиялар,  элективті  курстар,  мектептегі  ғылыми 
ұйымдардың бағдарламаларының жаңаруын талап етеді. 
Жобаның идеясы:  
Әрбір 
мектепте 
білім 
беру 
үдерісінің 
көпшілік 
қатысушыларының қызығушылықтарына жауап беретін мектептен тыс 
орта  құру.  Білім  алушылар  мектепке  тек  пәндік  сабақтарға  ғана  емес, 
сондай-ақ сабақтан тыс уақытта өткізілетін сабақтарға да бару керек. 
Жобаның мақсаты: 
Сабақ,  сабақтан  тыс,  мектептен  тыс  қызмет  пен  білім  мен 
жанұяны  ұйымдастырудағы  бірлескен  педагогикалық  жұмыс  бірлігі 
білім алушылардың рухани-адамгершілігін дамытуды қамтамасыз етуге 
жағдай жасайды. 
Жобаның міндеттері: 
қосымша  білім  берудің  таңдаулы  саласында  тұлғаның 
шығармашылық өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі іске асыруға бағытталған 
оңтайлы әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиелік орта құру; 
ұлттық  және  жалпы  адами  құндылықтар,  ғылым  мен  тәжірибе 
жетістіктері  негізінде  тұлғаның  дамуы  мен  кәсіби  қалыптасуына 
бағытталған  қосымша  білім  беруді  сапалы  алу  үшін  қажетті  жағдай 
жасау; 
тұлғаның  шығармашылық,  рухани,  физикалық  мүмкіндіктерін 
дамыту, және олардың қабілеттерін іске асыру
тұлғаны  белсенді  азаматтық  ұстаным,  республиканың  қоғамдық-
саяси,  экономикалық  және  мәдени  өмірге  қатысу  қажеттіліктігін 
қалыптастыру,  тұлғаның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  қатынасын 
ұғынуға тәрбиелеу; 
формалды  емес  тілдесу,  қарым-қатынас  және  ынтымақтастық 
тәжірибесін дамыту; 

38 
 
мектептегі  қосымша  білім  беру  жүйесінде  әр  түрлі  оқу 
бірлестіктеріне  қосу  есебінде  білім  алушылардың  ұстанымын 
меңгеруге көмек көрсету. 
Жобаны іске асырудың механизмдері: 
1)
 
мемлекеттік жалпы міндетті бастауыш, негізгі және жалпы 
орта  білім  беру  стандарттарына:  «Білім  алушылардың  сабақтан  тыс 
қызметін ұйымдастыру» бөлімімен толықтыру қажет; 
2)
 
жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  қосымша  білім 
берудің  бағдарламасы  бойынша  сабақтан  тыс  уақыттағы  сабақ  үшін 
аптасына                      4 академиялық сағат қарастырылған. Қосыша 
білім  берудің  мектептен  тыс  ұйымдарында  аптасына  6  академиялық 
сағат қарастырылған; 
3)
 
сабақтан  тыс  уақытта  қосымша  білім  беру  пәндік  білімді 
кеңейтеді,  жаңа  компоненттерді  қосады,  тұлға  білімін  көбейтеді, 
таным,  еңбек  және  тілдесудің  жаңа  құралдарын  жарақтандырады, 
балалардың әлеуметтік-мәдени және білім беру қажеттіліктері есебімен 
білім беру қызметінің уәждемесін күшейтеді; 
4)
 
білім 
алушылардың 
мектептен 
тыс 
қызметін 
ұйымдастыруда мектептің, балаларға қосымша білім берудің мектептен 
тыс ұйымдары және мідениет пен спорт ұйымдары қолданылады; 
5)
 
әрбір мектеп өздігінен оқушылардың қызығушылығын, ата-
аналар  мен  педагогтердің  қалауларын  есепке  ала  отырып  балалармен 
жұмыс істеудің бағытын таңдайды; 
6)
 
сабақтан  тыс  сабақтардың  түрлерін  таңдау  білім 
алушылардың  қажеттіліктеріне,  педагогикалық  кадрлардың  құрамына, 
педагогтердің  жеке  мінез-құлқы  мен  кәсіби  дайындығына,  біріккен 
қызметтің мақсаты мен мазмұнына, мектеп пен қосымша білім берудің 
мектептен  тыс  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасына  және 
т.б. байланысты
7)
 
іс-шараның  тиімді  түрлеріне  мерекелер,  фестивальдар, 
байқаулар,  акциялар,  біріккен  жобалар,  ұжымдық-шығармашылық 
жұмыстар,  тренингтер,  экспедициялар,  табиғатты  қорғайтын  іс-
шаралар және т.б. болуы қажет. 
8)
 
мектептегі  қосымша  білім  беру  оқушыға  жаңа  достар 
табуға, жағдайды өзгерту мен тілдесу ортасын табуға көмектеседі. Бос 
уақытты  пайдалы  істерге  кетеді,  ал  табыстарға  қол  жеткізгенде 
баланың  өз-өзіне  деген  бағасы  жоғарылайды  және  тағы  да  үлкен 
жеңістерге қол жеткізуге ықыласы ашылады; 
9)
 
бала  дамуының  негізгі  тұлғалық  параметрлері  –  оның 
жалпы  адами  құндылықтарға,  гуманизм,  парасаттылық,  креативтілік, 
белсенділік,  жеке  намыс  сезімі,  пікір  айтудағы  тәуелсіздікке  бағдары. 
Осы  қасиеттерді  дамыту  деңгейі  қалыптасқан  әлеуметтік  құзыреттілік 

39 
 
пен  тұлғаның  әлеуметтік  қалыптасуының  көрсеткіші  ретінде 
қарастыруға болады. 
Жобаны іске асырудың қадамдары: 
ҚР БҒМ: 
1.  МЖМББС  бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  беру 
бөлімдеріне  «Білім  алушылардың  сабақтан  тыс  қызметін 
ұйымдастыру» толықтыру; 
2.  Вариативтік  және  мектеп  компоненттері  есебінде  мектепте 
сабақтан тыс уақытта қосымша білім беру бағдарламалары бойынша – 
аптасына  –  4  академиялық  сағат,  мектептен  тыс  ұйымдарда  –  6  сағат 
қарастыру; 
Білім беру ұйымдарына
1. Мектептен тыс қызмет бағдарламаларының тізімін құру 
2. Мектептен тыс сабақтар өткізу үшін кадрлар іріктеу 
3. Мектептен тыс қызметтің жұмыс бағдарламаларын әзірлеу 
4. Материалдық-техникалық жабдықтауды бекіту 
5.  Ата-аналарды  мектептен  тыс  қызмет  жүйесі  туралы 
ақпараттандыру 
6.  Білім  алушылардың  мектептен  тыс  қызметінің  сабақ  кестесін 
құру 
Күтілетін нәтижелер: 

 
мектептен  тыс  қызмет  жүйесінде  өзін-өзі  анықтау 
үдерісіндегі әрбір оқушының даралығын дамыту; 

 
оқушылар  әлеуметтік  норма,  әлеуметтік  шынайылық  пен 
күнделікті өмірді түсінуге иелену; 

 
оқушыларды  қоғамның  негізгі  құндылықтарына  (адам, 
жанұя,  отан,  табиғат,  әлем,  білім,  еңбек,  мәдениет)  позитивті  қарым-
қатынас  және  жалпы  әлеуметтік  шынайылыққа  құнды  қарым-қатынас 
қалыптастыру

 
өз  мектебіне,  кіші  отанына,  еліне  құрметпен  қарауға 
тәрбиелеу; 

 
оқушылардан  өз  бетінше  әлеуметтік  қызмет  тәжірибесін 
алу; 

 
оқушылардың  коммуникативтік,  этикалық,  әлеуметтік, 
азаматтық  құзыреттіліктерін қалыптастыру; 

 
балаларда  әлеуметтік-мәдени  ұқсастықты  қалыптастыру: 
этникалық, мәдени және т.б.; 

 
балаларда  төзімділікті,  салауатты  өмір  салты  дағдыларын 
тәрбиелеу; 

 
азаматтылық  пен  патриоттылық  сезімін,  құқықтық 
мәдениет, кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы қатынасты қалыптастыру; 

40 
 

 
білім  алушылардың  жетістіктері  қоғамдағы  өмірге  қажетті 
әлеуметтік  тәжірибе  және  ондағы  қоғам  қабылдайтын  құндылықтар 
жүйесін қалыптастыру; 

 
ұйымдасқан бос уақытты қамтитын бала санының өсуі; 

 
қосымша білім берумен қамтылған  бала санының өсуі; 
 
 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру тәжірибесі білім беру 
ұйымындағы тәрбие жүйесінің компоненті 
 
Алматы қ. № 83 көп салалы мектеп-гимназияның 
сабақтан тыс жұмысын ұйымдастыру 
 
Тәрбие 
жүйесі 
– 
үнемі 
дамитын  феномен.  Дамудың  заңды 
үдерісі  көп  нұсқаға  ие  болуы 
мүмкін,  соның  бірі  біз  көрсетіп 
отырған тәжірибе.  
Қоғамның 
жылдам 
даму 
қарқыны 
мектепке 
қойылатын 
талаптың  өзгеруіне  әкелді.  Олар 
оқушыларға  пән  бойынша  білім 
беріп қана қоймай, әр баланың өз қабілетін көрсетуге, шығармашылық 
әлеуетін  жүзеге  асыруға,  жылдам  өзгеріп  жатқан  өмір  талабына  тез 
бейімделуге  мүмкіндік  беруі  керек.  Осының  бәрі  тұлғаның  дамуына, 
мектеп түлектерінің мобилділігін арттыру және бәсекеге қабілеттілігін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқыту  мен  тәрбие  құралдарын, 
үдерісті ұйымдастырудың түрлерін шарттайды. 
Оқу және білім беру қызметтерін ықпалдастыру бойынша мектеп 
жұмысын  жетілдіру  бағыттарының  ішінде    №  83  гимназиясы 
педагогикалық ұжымының көрсетіп отырған тәжірибесі мектептен тыс 
танымдық қызметінің нәтижесі болып табылады.     
Көп салалы мектеп 1999 жылы № 83 орта білім беру мектебі мен 
№  4  балалар  музыка  мектебінің  қосылуы  арқылы  дүниеге  келген. 
Сараптамадан  сәтті  өткеннен  кейін,  Алматы  қаласы  Әкімінің 
шешімімен  «№  83  көп  салалы  өнер  мектеп-гимназиясы»  мәртебесін 
алды.  Қазіргі  кезде  62  сыныпта  1748  білім  алушы  оқып,  196  педагог 
жұмыс істейді. 
Гимназияны  Қазақстан  Республикасы  Білім  беру  ісінің  үздігі, 
«Ерен  еңбегі  үшін»  медалімен  және  Ы.  Алтынсарин  атындағы 
төсбелгісімен  марапатталған  ұстаз  Солодникова  Любовь  Витальевна 
басқарады.  

41 
 
2013  жылы  гимназия  Алматы 
қаласының  Әкімі  ұйымдастырған 
«Ең  үздік  білім  беру  ұйымы»  атты 
байқауын бас жүлдесін жеңіп алды.  
Мектеп 
әкімшілігі 
және 
педагогикалық  ұжымы  негізгі  және 
қосымша 
білім 
беруді 
ықпалдастыруды  қамтамасыз  етеді. 
Мектеп 
кестесі 
оқытатын, 
дамытатын, 
тәрбиелейтін 
және 
сауықтыратын үдерістерді бір қызмет кешеніне біріктіретін білім беру 
кеңістігін қалыптастыруға жағдай жасайды,  
Гимназияның  сабақтан  тыс  қызметі  балалардың  дамуына 
бағытталған кең спектрлі сабақты ұсынатын жолы білім алушылардың 
жеке қажеттіліктерін іске асыруға бағытталған. 
Жалпы  білім  беру  бағдарламаларымен  өнер  пәндерін  тереңдетіп 
оқытатын:  музыка,  бейнелеу  өнері,  хореография,  театр  бөлімдері 
бойынша қосымша білім бағдарламалары жүзеге асырылады.  
Пәндерді тереңдетіп оқыту үшін сағаттар бөлінген:   
білім алушылардың таңдауы бойынша факультатив пен қосымша 
курстарды ұйымдастыруға  әр сыныпқа 4 сағат есебінен; 
үйірмелер,  студиялар,  ғылыми  қоғамдарды  ұйымдастыру  үшін 
және мұғалімнің 0,25 жүктемесі әр сыныпқа; 
жоғарғы  санатты  мамандардың  келісім-шарт  негізінде  жеке 
дәрістері  мен  курстарының  мектеп  басына  шаққандағы  жылына  1500 
сағаттық жұмысын төлеуге

 
Оқушылар  компоненті  тұлға  бағдарын  қамтамасыз  ететін  оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастыру түрлерін іске асыруға бағытталған. Оған 
жеке,  топтық  кеңестер,  өнер  пәндері  бойынша  жеке  сабақтар, 
сауықтыру сипатындағы сабақтар жатады. 
Оқушы компоненті есебінен білім беру саласының негізгі бейінді 
курстары  бойынша    «Өнер»  (музыкалық-хорлық,  бейнелеу  өнері, 
хореографиялық, театрлық) сабақтары  өткізіледі. 
Оқушы компонентінің сағаттары келесі тәртіпте бөлінген: 
сабақтан  тыс  қызметтің  жеке 
формалары  (музыкалық  аспаптарда 
ойнау  және т.б.); 
сабақтан  тыс  қызметтің  топтық 
формалары (мүсін және т.б.) ; 
білім  алушылармен  өздік  оқыту 
бағдарламаларын орындау; 
Гимназиялық  компонент  білім 
алушылардың 
арнаулы 
(бейінді) 

42 
 
білімдерін 
тереңдетуге, 
жалпы 
және 
көркем-эстетикалық 
эрудицияларын  кеңейтуге,  олардың  орындаушылық,  коммуникативтік, 
әртістік қабілеттерін дамытуға бағытталған.  
Гимназиялық  компонент  бейнелеу  өнерінің  тарихы,  ұжымдық 
музыкада  ойнау  (хор,  ансамбль,  оркестр),  қазақ  музыка  әдебиеті, 
классикалық  би,  халықтық-сахналық  би,  бал  биі,  замани  би  курстары 
көрсетілген. 
1 және 2-сыныптарда гимназиялық компонент сағаттары есебінен 
келесі  курстар  өткізіледі:  «Логикалық  және  дамытушы    ойындар», 
««Біздің үй» атты экологиялық-экономикалық ықпалдасқан курс».  
1-2-сыныптарда  гимназиялық  компонент  сағаттары  есебінен 
қазақ тілінде мынадай курстар өткізіледі: «Сауат ашу  курсы», «Көркем 
жазу курсы». 
Гимназиялық  компонент  өнер  пәндерін  тереңдетіп  оқытуды 
қарастырады. 
9-сыныптарда  гимназиялық  компонент  есебінен  арнайы  курстар 
өткізіледі. 
№  83  мектеп-гимназиясында  үздіксіз  білім  беру  принциптері 
жүзеге асырылады. Бейінді оқыту кафедрасының моделі: 
 
 
Бейінді оқыту кафедрасы 
Идеясы: 
кәсіпқой оқуда және күнделікті еңбекте қалыптасады 
Тұлғаның даму траекториясы: 
Оқушы 
(өзім оқимын) 
 
 
Көмекші шебер  
(басқалармен жұмыс істеуді үйренемін) 
 
 
шебер 
(жасауға үйренемін)  
 
 
маэстро 
(өз жұлдызымды жағып үйренемін) 
Талаптар 
«А» талабының 
деңгейі 
 
«В» талабының 
деңгейі 
 
«С» талабының 
деңгейі 
 

43 
 
Шығармашылығы 
жағынан өте 
дарынды 
оқушыларды 
дамытуға арналған 
Шығармашылығы 
жағынан орташа 
дарынды оқушылардың 
көпшілігін дамытуға 
арналған 
«В» деңгейінің 
көлеміне сәйкес, 
бірақ талап деңгейі 
жеңілдетілген 
(білім беру 
минимумы) 
Нәтиже 
болашақ 
мамандықты 
өзін таныту 
мүмкіндігі 
өзін дамытуға 
арналған әлеует 

 
көтеріңкі 
талаптар, 

 
білім, 
білік, 
дағдының  көтеріңкі 
талаптары 
білім, 
білік 
дағдысының 
жақсы 
деңгейі 
 
Білім-білік 
дағдысының  жалпы 
деңгейі 
 
кәсіби  шеберліктің 
жоғарғы  деңгейінде 
көркемдік 
және 
орындаушылық 
дағдыларды  өнімді 
және 
біртұтас 
меңгеру 
жақсы 
деңгейде 
қажетті 
дағдылар 
кешенін меңгеру 
 
 
 
 
эстетикалық 
тәрбиенің 
анықталған 
деңгейін меңгерген, 
жақсы дайындалған 
өнер  
бағалаушылары  
тапсырманы 
орындауда 
өздік, 
шығармашылық ынта 
жеке  шығармашылық 
мүмкіндіктердің 
табысты дамуы 
өнермен  тілдесудегі 
ішкі  қажеттілігі 
 
басқа  оқушылардың 
кәсіби  
даму жағынан  
озық 
болуы, 
мамандық 
ретінде 
өнерді таңдау  
перспективасы 
музыкалық 
және 
көркемдік  талғамның  
дамуы  
 
 
 
 
өнер 
саласының 
түрлі  мәселелерін 
анықтай алу 
 
 
 
 
 
Гимназияның    педагогикалық  ұжымы    қызметінің  нәтижелері: 
400-ден  астам  оқушы  қалалық,  144-тен  астамы  республикалық,  ал  97 
оқушы халықаралық байқаулардың, фестивальдердің және көрмелердің 
лауреаттары атанды.   
Тек  2014-2015  оқу  жылы  гимназия  оқушылары  жүзден  аса 
аудандық,  қалалық,  республикалық,  халықаралық  деңгейдегі  іс-
шараларға қатысты. 
№  83  көп  салалы  мектеп-гимназияның  жұмыс  тәжірибесін 
объективті  бағалай  отырып,  негізгі  және  балаларға  қосымша  білім 

44 
 
берудің ықпалдасқан ерекше бейнесі, мектептердің негізгі құрылымын 
ұйымдастыру және мазмұнды бірлігі. 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  09.07.2010  ж.  №  367 
бұйрығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  (2.3.4.01-2010:  бастауыш, 
негізгі,  орта,  жалпы  білім  беру)  айтылған:  «Білім  берудің  қажетті 
деңгейіндегі вариативті компонент мектеп және оқушы компонентінен 
тұрады. Білім беру мазмұнының вариативті бөлімі нақты бір орта білім 
беретін  ұйымның  өзіндік  ерекшелігін  көрсетеді;  вариативті  бөлім 
бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  оқу  пәндерінің 
мемлекеттік стандарттан тыс қосымша бағдарламаларды жүзеге  асыру 
мен 
ұйымдастыруға 
бағытталған».  
Қазіргі  уақытта  тек  қана 
оқу 
процесіне 
сүйенуге 
болмайтыны  анықталып  отыр. 
Оның  білім  берудің  заманауи 
сапасын 
қамтамасыз 
етудегі 
тиімділігі  шексіз,  әсіресе  сынып-
сабақ 
жүйесінде. 
Мектеп 
қабырғасындағы  білім  берудің 
екі  түрінің  органикалық  сабақтастығы  ғана  жалпы  алғанда  жеке 
баланың да, білім беру ұйымының да дамуына көмектеседі. 
 
 
Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта  
мектебінің тәрбие жүйесіндегі
 
сабақтан тыс қызмет моделі 
 
Тәрбиелеу 
жүйесіндегі 
мектептен  тыс  қызметтің  жүйелеуші 
факторы  Астана  қ.  Сырбай  Мәуленов 
атындағы  №  37  орта  мектептің  білім 
алушыларында  жоғары  патриоттық 
және 
азаматтық 
сана 
сезімді 
қалыптастыру  мақсаты  бар  «Мәдени 
мұра» бағдарламасы болды. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы 
бағыттары  бойынша  қызметтің  мазмұны  «халық  педагогикасы», 
«қазақстандық 
патриотизм», 
«рухани 
мәдениет» 
ұғымдарын 
қалыптастыратын адами құндылықтарға негізделген. 
«Мәдени мұра» бағдарламасы 2005 ж. Тәрбие жұмысы жөніндегі 
директор  орынбасары  Байбекова  Сәуле  Оразбекқызы  мен  әлеуметтік 
педагог Жүсіпова Гүлжамиль Ілиясқызы әзірледі. 

45 
 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  арқылы  «Тұлғаны  тәрбиелеудегі 
синхрондық-модульдық 
артылудың 
тәрбие 
бағдарламасы» 
бағдарламасын  қорғау  2006  ж.  Астана  қаласы  бойынша  ПҚ  БАИ    оқу 
кеңесі құрылған. 
2006  ж.  бағдарлама  авторлары  «Астана  қ.  білім  беру  жүйесінің 
жетістектері  көрмесі»  қалалық  байқауында  қатысты  және  ІІ-ші 
дәрежелі дипломмен марапатталды. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  мына  бағыттар  бойынша  іске 
асырылады: 
1.
 
«Халықтар дәстүрі» бағыты бастауыштағы білім алушылар 
үйірмесінің жұмысы көрсетілген халық ойындары, отбасы және халық 
дәстүрлерімен  танысады,  «Наурыз»,  «Масленица»  мейрамдарын, 
«Халқын  сүйген,  салтын  сүйер»,  «Ата  салты  –  тәрбие  көзі»,  «Атадан 
бала  тусайшы,  ата  жолын  қусайшы»  және  т.б.  байқауларды  өткізуге 
қатысады.  
Кіші жастағы оқушылардың сабақтан тыс қызметі бағдарламасын 
таңдауда, педагогикалық ұжым оның жас ерекшеліктерін есепке алады. 
Мектептің  бастауыш  сыныптарындағы  сабақтан  тыс  қызметті 
ұйымдастырудың бағдарлары ата-аналар сауалдары, мектеп қызметінің 
басым бағыттары, педагогтердің қызығушылықтары мен икемділіктері, 
психолог  ұсыныстары  бала  қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерінің 
түрі ретінде. 
2.
 
«Кітап  –  ой  мен  білімнің  көзі»  бағытының  негізгі  мақсаты 
білім  алушыларды  көркем  әдебиет  құралдары  арқылы  адамгершілікке 
тәрбиелеу  болып  табылады.  Мектеп  Ұлттық  кітапхана,  Президенттің 
мәдени  орталық  кітапханасы,  Гайдар  ат.  балалар  кітапханасы,  С. 
Сейфуллин  атындағы  мұражаймен  тығыз  қарым-қатынаста.  Кітапхана 
сабақтарында  білім  алушылар  «Бабалар  сөзі»  шығарылған  кітаптар 
топтамасымен,  ақындар  мен  жазушылар  шығармашылығы  бойынша 
көрмелермен танысады. Жыл сайын мектепте  «Кітап – ғасыр мұрасы» 
кітаптар  мерекесі,  «Кітапхана  –  барлық  ақпарат  көзі»,  «Бабалар  сөзі» 
оқырмандар конференциялары, «Кітап – ұстаз, кітап - тәлімгер», «Кітап 
сенің  бар  болғанына  рахмет»,  «Кітап  бір  ұрпақтан  келесі  ұрпаққа 
мұрасы»  сынып  сағаттары,  әдеби  кештер  мен  әдеби  таңертеңгіліктер 
өткізіледі. 
3.
 
«Жібек  Жолының  тарихы  мен  Қазақстанның  көне 
қалалары»  бағдарламасының  өзектілігі  қазіргі  уақытта  білім 
алушылардың  туған  өлкені  танып-білуге  деген  қызығушылықтарының 
жоғары  екендігі  байқалады.  Мектепте  өлкетануды  оқу  адамгершілік, 
эстетикалық,  еңбек,  саяси  тәрбиелеуде  маңызды  педагогикалық  рөлді 
атқарады  және  мектептің  оқу  және  тәрбие  қызметі  арасындағы 
біріктіруші  түйін  болып  табылады  және    пәнаралық  байланысты 

46 
 
қамтамасыз 
етеді. 
«Жібек 
жолы» 
клубының 
жұмысында 
экскурсия, 
жорықтар  сияқты  сабақтан  тыс  қызмет 
формалары қолданылады. 
4.
 
«Ата-балардың 
тарихи 
мұрасы. 
Ескерткіштер» 
бағытының 
мақсаты  азаматтық  тұлғасын  және  ел 
патриотын 
қалыптастыру, 
білім 
алушыларда 
азаматтылық 
пен 
патриоттылықты  қалыптастыру  үшін  жағдай  жасау  болып  табылады. 
Аталған бағыт мектепте оқу пәндері, пәндік үйірмелер, шығармашылық 
кештер,  тарихи,  мәдени-этнографиялық  тақырыптар  арқылы  жүзеге 
асырылады,  өнер  қайраткерлерімен  кездесу  және  сабақ-экскурсиялар 
Тұңғыш  Президент  мұражайы,  Президенттің  мәдени  орталығы, 
АЛЖИР  саяси  қуғын-сүргін  құрбандары  мұражай-мемориалдық 
кешенінде өткізіледі. 
Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  мұражайымен 
Украинадағы  Қазақстан  жылына  арналған  «Екі  ел  мен  екі  халық 
диалогы»  тақырыбында  «Достық  көпірі»,  ҚР  ғарышкері  Т.О. 
Әубәкіровпен, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізілді. 
5.
 
«Өз  елінің  патриоты»  бағытының  мақсаты  білім 
алушылардың  азаматтық,  және  патриоттық  тәрбиесіне  бағытталған  іс-
шаралардың  тиімді  жүйесін  әзірлеу  болып  табылады.  «Отанына 
берілген  ұлдар»  әскери-патриоттық  мерекесі,  Республикалық  Ұлан 
сарбаздарымен  кездесулер,  «Жарқыл»  әскери-патриоттық  ойыны, 
Азаматтық  қорғаныс  күні,  сап  және  әндер  байқауы,  балалар  ұйымына 
қабылдауға  арналған  салтанатты  сапқа  тұру,  «Ер  дәрежесіне  көтеру» 
сынып  сағаттары,  сұхбаттар,  викториналар,  интеллектуалдық-
танымдық  ойындар,  «Біздің  ту  –  біздің  абыройымыз»,  «Біздің  ту 
жоғары, біздің ту керемет», «Олар ел әнұранын жазды», «Менің елімнің 
рәміздері»  байқаулары  білім  алушылардың  сабақтан  тыс  қызметінің 
дәстүрлі мерекелеріне айналды.  
6.
 
«Отбасы  тәрбиесіндегі  ұлттық  дәстүрлер»  қоғамда 
тұлғаның  сәтті  түрде  өзін-өзі  жүзеге  асырудың  негізгі  құрамдас  бөлігі 
ретінде  Ұлттық  педагогикаға,  отбасы  тәрбиесінің  дәстүріне  сүйене 
отырып  болашақтағы  отбасы  өміріне  қыз  бен  ер  баланы  дайындау, 
білім  алушыларды  отбасы  институтына  нақты  оң  қатынас 
қалыптастыруға бағытталған. 
Өзін-өзі  тану  сабақтары,  «Ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі», 
«Мен,  сен,  ол,  біз  тату  отбасымыз»,  «Қыз  сыны»,  «Жігіт  сұлтаны» 
мерекелері,   «Қамқорлық», «Мектепке жол», «Адамға қуаныш сыйла» 
акциялары,  «Қайырымды  істер  мектебі»  іскерлік  ойыны,  халықаралық 
әйелдер  күні,  Ұстаздар  күні,  балаларды  қорғау  күндеріне  арналған 

47 
 
мерекелер, «Бақытты адамның ережесі» рөлдік ойыны, «Менің ер/әйел 
идеалым»  турнирі,  «Ата-аналарға  қамқор  болу  –  әр  адамның  ар-
намысы»,  «Қыз  өссе  елдің  көркі»,  «О,  махаббат  сен  әлі  тірісіңбе?!» 
тақырыптық  сынып сағаттары, «Шиеленіс», «Байланысу», «Мен және 
этикет»  сұхбаттары,  «Өзіңді  таны»,  «Менің  қалауым»,  «Мен  туралы 
айтшы»  психологиялық  сұхбаттары,  «Жігіт  сұлтаны»,  «Қыз  аруы», 
«Арулар мен арыстар» байқаулары – білім алушылардың сабақтан тыс 
қызметінің формалары.  
Өскелең  ұрпақтың  бос  уақытын  пайдаланудың  мәселелері  жан 
жақты тәрбиелеу мен даму мақсаты  қоғамға әрдайым маңызды болды. 
Балаларды тәрбиелеу өз қызметтерінде қай уақытта да шығады. Алайда 
бұл  тәрбиені  сабақ  уақытынан  бос  уақытта  жүзеге  асыру  өнімді. 
Осылайша оқушылардың сабақтан тыс уақыты мәдени-шығармашылық 
қызмет  пен  рухани-адамгершілік  басымдылыққа,  сана-сезімнің 
жоғарғы деңгейіне бағытталған.  
№  37  мектепте  білім  алушылардың  сабақтан  тыс  қызметі  үшін 
жағдайлар жасалған. 
Мектептің  аталған  бағыт  бойынша  барлық  жұмыс  жүйесі 
мүмкіндік беруге шақырады:  
балалардың  еркін  таңдалған  бағдарламалары,  бірлестіктері, 
олардың табиғатына жақын, ішкі талаптарына жауап береді; 
білім  беру  сауалдарын  қанағаттандыруға  көмектеседі,  өзінің 
табысты екндігін сезінеді, таланттарын, қабілеттіліктерін іске асырады 
және дамытады; 
өмірлік  және  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  белсенді  болу,  өз 
таңдауына жауапты бола алу
өз  елінің    белсенді  азаматы  болу,  табиғатты  жақсы  көру  және 
қорғай  білу,  әлемде  бейбітшілікті  сақтауға  күресуде  белсенді  өмірлік 
ұстанымға ие болу. 
Мектептің  педагогикалық  ұжымы  жасаған  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасы  елбасының  Қазақстан  халқына  жолдауындағы  «Мәдени 
мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  тәжірибелі  түрде  жүзеге  асыру 
болып  табылады.  Тек  отбасына,  мектепке,  қалаға,  елге  және 
дәстүрлерге  махаббат  арқылы  тәрбиелеуде  ғана  біз  өз  Отанының 
азаматын, патриотын тәрбиелей аламыз. 
 
 
Рудный қаласы әкімдігінің № 10 мектеп-гимназиясының 
сабақтан тыс қызметі тәрбие жұмысын дамыту факторы ретінде 
 
Бүгінгі  күнде  формальдық  білім  беру  жүйесі    оқшауланған 
болсада,  әрдайым  дамып  отырған  технологиялық,  әлеуметтік  және 
экономикалық  өзгерістерге  сәйкес  келмейді  деп  ғылыми  тұрғыда 

48 
 
дәлелденген,    сондықтан  оны  формальды  емес  білім  беру  тәжірибесі 
байытылып отыру керек. 
«Сабақтан  тыс  қызмет»  бөлімінің  бағыттары  бойынша  сабақты 
ұйымдастыру  мектепте  білім  беру  үдерісінің  ажырамас  бөлігі  болып 
табылады және білім алушылардың дамуына бағытталған сабақтардың 
кең спектрын таңдауға мүмкіндік береді. 
№  10  мектеп-гимназиясының  ұжымы  тұлға  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  білім 
алушылардың  күннің  екінші  жартысында  пайдалы  бос  уақыт 
инфрақұрылымын  құруға  ұмтылады.  Білім  алушыларға  жеке 
қызығушылықтарды дамытуға, жаңа өмір кезеңінде әлеуметтілікті сәтті 
өту, мәдени нормалар мен құндылықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін 
ерекше 
білім 
беру 
кеңістігі 
құрылған. 
Бастауыш 
сыныптары 
мұғалімдерінің,  қосымша  білім 
беру 
педагогтерінің, 
дене 
шынықтыру  және  бейнелеу  өнері 
мұғалімдерінің  арқасында  мектеп 
білім  алушылардың  сабақтан  тыс 
қызметті 
тиісті 
деңгейде 
ұйымдастыра алды. 
Мектептен  тыс  қызмет  пен  балаларға  қосымша  білім  беру 
арасындағы байланыстырушы түйін факультативтер, мектептің ғылыми 
қоғамдары,  үйірмелер,  таңдау  бойынша  оқу  курстары  сияқты  іске 
асыру формалары болады. Сабақтан тыс білім беру қызметінің барлық 
қызметтеріне  негізгі  критерийлерді  жатқызу  үшін  осы  қызметтің 
мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ оның жұмыс мазмұны мен әдістері 
кіреді. 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудағы негізгі міндеттер: 
әртүрлі қызмет түрлеріне білім алушылардың қызығушылықтары, 
икемділіктері, қабілеттіліктері, мүмкіндіктерін анықтау; 
сабақтан  тыс  қызметтің  таңдалған  саласында  баланың  жеке 
дамуы үшін жағдай жасау; 
білім 
алушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыру; 
қызметтің  таңдалған  бағытында  білім,  білік,  дағды  жүйесін 
қалыптастыру; 
шығармашылық  қызметті,  шығармашылық  қабілет  тәжірибесін 
дамыту; 
алынған  білім,  білік  және  дағдыны  жүзеге  асыру  үшін  жағдай 
жасау; 

49 
 
формалды  емес  тілдесу,  өзара  әрекеттілік,  ынтымақтастық 
тәжірибелерін дамыту; 
социуммен тілдесу шеңберін кеңейту. 
№  10  мектеп-гимназиясының  базасында  көптеген  жыл  бойы 
«СКИФ»  орталығы  жұмыс  істейді    (аббр.  «спорт,  мәдениет,  өнер, 
фантазия»). 
Ол өзіне сабақтан тыс қызметтің келесі формаларын қосады: 
спорттық  секциялар  (туризм,  волейбол,  баскетбол,  футбол, 
шахматтар, атлетикалық гимнастика); 
үйірмелер:  (  «Жас  көшбасшылар  мектебі»,  «Арман»  вокалдық 
шеберлік  үйірмесі,  «Жас  суретші»  бейне-студиясы,  «Ирбис»  
туристтік клубы (құзға шығу), «Силуэт» қолданбалы шығармашылық 
үйірмесі,  «Арабеск» би ансамблі, «Компьютерлік сауаттылық әлемі» 
АЕТ  үйірмесі,    «Бәрін  білгім  келеді»,  үйірмесі,    «Мен-зерттеушімін» 
ғылыми  қоғамы,  «Оригамидің  сиқырлы  әлемі»,  «Тұзды  қамырдан 
жабыстырма»,  журналистика  («Говорит  и  показывает  «Десяточка» 
мектеп телевизиясы);  
факультативтер  («Сұрақтар  мен  жауаптардағы  механика», 
«Зертте,  ойлап  тап,  байқа»,  «Сөз  сыры»,  «Математикалық  
фейерверк», «Интенсивті орыс тілі»,   «Сөз қоймасы»; 
таңдау  бойынша  курстар  («Географиялық  кәсіптер  әлемінде», 
«Өлкетану»,  «ЮНЕСКО-ң  бүкіләлемдік  мұрасы»,  «Химия  бойынша 
тәжірибелік  есептерді  шешу»,  «Абайтану  курсы»,  «Формуласыз 
физика». 
Қоғам  өмірінің  қазіргі  шындығы  және  бәсекелестік  жағдайында 
табысты болу үшін бітіруші түлектер толық сапалы білім мен дағдыны 
меңгеруі 
керек. 
Әр 
түрлі 
қызметтегі 
танымал 
әлем 
компанияларыларының  көбі  қызметкерлерді  таңдауда  ішкі  және 
сыртқы  басымдылық,  бәсекеге  қабілеттілік,  командада  жұмыс  істей 
алу,  коммуникативтілік,  сыни  тұрғыдан  ойлау  (жаңашылдық),    кең 
түрде  ойлау,  шығармашылық  басымдылық,  ауызша  немесе  таңбалы 
логика,  ақпараттық  технологияларды  білу  және  қолдану,  эрудиция, 
лексика сияқты талаптарды басшылыққа алады. 
Сондықтан  сабақтан  тыс  қызмет  формасын  таңдауда,  мектеп 
оқушылар  тұлғасының  дәл  осындай  сапасының  қолдану  сұранысының 
дамуына  бағытталған.  Мектеп  жұмысына  жүйелі  түрде  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  енгізу  оқу  үдерісін  сапалы  жетілдіруге 
және оқыту тиімділігінің жоғары деңгейін меңгерген ақпараттық-білім 
беру ортасын әзірлеуге ойдағыдай келуге мүмкіндік беруді ашады. 
2009  ж.  мектепке  жаңалық  енгізу  бір  уақытта  журналистика 
үйірмесі  мен  «Говорит  и  показывает  «Десяточка»  мектеп  ТВ 
шығармашылық жобасының жіберілуі болды. Үйірме жетекшісі «ТВС» 
телекомпаниясының  бұрынғы  қызметкері,  жоғары  білікті  маман 

50 
 
Климова  О.Е.  №  10  мектеп-гимназиясының  жеке  телевизиясы  7  жыл 
жұмыс  істейді  және  білім  беру  үдерісінің  барлық  қатысушылары  мен 
басқада «ондық» қызметкерлердің сүйіспеншілігіне ие болды.  
Мектеп  ТВ    қандай  артықшылықтары  бар?  Табысты  тұлғаның 
сапасын қалыптастыруға қандай мүмкіндік береді? 
Кез  келген  ТВ  пәні  әрдайым  виртуалды  шындықтың  нәтижесі. 
Виртуалды шындық - бұл көруге және естуге болатын интеллектуалдық 
өнім. 
"Мектеп  телевизиясы"  жобасының  мақсаты  -  ақиқаттылықты 
меңгерудің  әмбебап  құралы  мен  білім  алу,  білім  алушылардың 
шығармашылық  және  зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту,  білім  беру 
үдерісінде білім алушылардың тұлғалық ұстанымын белсендіру сияқты 
телевизия  бағдарламаларын  құрумен  жұмыс  істеудегі  білім 
алушылардың функционалдық дағдысын иеленгені үшін жағдай жасау. 
Мектеп 
телевизиясы 
– 
оқушылардың 
шығармашылық 
басымдылығын 
ашып 
көрсету 
мүмкіндігі. 
Телевизиялық 
бағдарламаларды  құрудағы  жұмыстар  білім  алушылардың  өз-өзін 
көрсетуіне,  адами  қызметтің  кең  спектрінде  гуманитарлықтан 
техникалыққа  дейінгіде  өз  күштерін  сынап  көруіне,  өз  жұмысының 
нәтижесін көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік береді. 
"Мектеп 
телевизиясы" 
жобасы 
бірнеше 
жалғаспалы 
міндеттерді шешуі қажет: 
оқушылардың 
танымдылық 
уәждемелерін белсеңдіру; 
білім 
алушылардың 
шығармашылық  қызметі  алаңын 
айтарлықтай кеңейту; 
білім 
алушылардың 
шығармашылық 
басымдылығын 
ашу үшін жағдай жасау; 
жоғары  сынып  оқушыларының  бейінді  бағдары  үшін  жағдай 
жасау. 
"Мектеп  телевизиясы"  жобасы  білім  алушылардың  табысты 
оқытусыз мүмкін емес танымдық уәждемесін белсендіруге көмектесті. 
"Мектеп телевизиясы" білім алушылардың көзқарасымен – бұл өз 
шығармашылық басымдылығын ашу мүмкіндігі. 
Мектеп  ТВ  тілшілері  мектептің  өзекті  тақырыптарына 
телевизиялық  жаңалықтар  мен  репортаждарды  құрады,  мектеп 
мерекелері  мен  мектептің  ең  қызықты  оқиғаларын  бейнетаспаға 
түсіреді.  Мектеп  ТВ  бағдарламалары  –  жас  журналистердің  өмірге 
деген көзқарасы. 
№ 10 мектеп-гимназиясының сабақтан тыс қызметі – бұл  

51 
 
Сабақтан  тыс  уақытта  тұлғаның  өзін-өзі  жүзеге  асыру  мақсаты 
бар  қоғамдық-пайдалы  қызмет,  бос  уақытты  формалды  емес 
ұйымдастыруға  қосу  арқылы  білім  алушыларды  қоғамның  әлеуметтік-
мәдени құндылықтарын меңгеру үшін оқушы, мұғалім және басқа білім 
беру  үдерісіндегі  субъектілерге  жағдай  жасаудағы  шығармашылық 
мақсатты әрекеттестік формасы. 
Сабақтан  тыс  қызметті  азаматтық  ұстаным  мен  әлеуметтілік 
белсенділікті  қалыптастыру  үдерісінің  негізі  ретінде    қарастыруда 
сабақтан  тыс  қызмет,  ең  бірінші  осы  үдерістің  жағдайын    жариялап 
және сақтандыруды іске асыруы қажет. 
Екіншіден,  сабақтан  тыс  қызмет  ешқашан  догматтық,  бұйрықты 
және формалды болмауы тиіс. 
Үшіншіден,  сабақтан  тыс  қызметті  ұйымдастыруда  баланың 
позитивті тәжірибесіне сүйену қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет