Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата07.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#1377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 
 
 

61 
 
1 Қосымша 
 
Мектептегі оқу-тәрбие қызметі жүйесіндегі  
қосымша білім берудің моделі 
 
Қызметтің пәні 
Қызмет пәні мектептегі қосымша білім беру болып табылады 
Білім беру үдерісін ұйымдастыру 
Қосымша  білім  беру  бағдарламалары  таңдау  бойынша  және  ата-
ана  мен  бала  тапсырысына  жауап  беретін  бағдарламалар  болып 
табылады. 
Білім  беру  бағдарламалары  типтік,  түрлендірілген,  авторлық, 
пәндік, пән үстілік, біріктірілген болуы мүмкін. 
Мектептегі  ұйымдастырылған  балаларға  қосымша  білім  беру 
жүйесіндегі білім беру қызметі педагогтер әзірлеген, мектеп Кеңесімен 
бекітілетін бағдарламалармен сәйкес жүзеге асырылады.  
Бағдарламалық қамтамасыз ету: 
Қосымша  білім  беру  бағдарламалары  желпуіші  таңдауының 
негіздемесі  ата-аналар  мен  балалар  мүдделерінің  зерттеу  нарығы  мен 
ресурстар базасының бар болуы. 
Қосымша білім беру бағдарламалары: 
 
білім  алушылардың  білімін  негізгі  және  факультативтік 
пәндер бойынша тереңдетеді және кеңейтеді; 
 
көптеген  білім  алушыларға  мектеп  білімі  тұлғалық-
маңызды етеді; 
 
оқушылардың 
оқу-зерттеушілік 
белсенділігін 
ынталандырады; 
 
жалпы  білім  беретін  курстар  қатарын  оқытуда  уәждемесін 
арттырады. 
Бағдарламаларға талаптар: 
 
әртүрлі саладағы ықпалдасу 
 
бағдарламалар  –  жаңа  технологиялар  тасымалдаушысы 
(жобалық, зерттеушілік және т.б.); 
 
бағдарламаларға  әлеуметтік  сынаулар  мен  тәжірибелер 
салынуы керек; 
 
бағдарламаларда 
заманауи 
ұйымдастыру 
түрлері 
анықталған; 
 
бағдарлама  топқа  да,  сондай-ақ  жеке  оқытуға  да  құрылуы 
мүмкін. 
Педагогтермен  әзірленген  бағдарламалар  сараптамадан  өтуі 
қажет. 
 
 

62 
 
Бағдарламалар сараптамасы 
Бағдарлама  сараптамасы  жыл  сайын  мамырда  Сараптамалық 
кеңеспен  өткізілуі  қажет  (Сараптамалық  кеңес  туралы  Ереже  мен 
бағдарламалар талаптарына сәйкес). 
Бағдарлама тұсаукесері 
Мамыр  мен  қыркүйекте  бағдарлама  таңдауын  жүзеге  асыратын 
балалар  мен  ата-аналарға  арналған  бағдарламалар  тұсаукесері 
өткізіледі. Тұсаукесер мынадай болуы керек: 
 
компьютерлік; 
 
ойын; 
 
ауызша; 
 
көрнекті және т.б. 
Педагогтермен  әр  түрлі  бағдарлама  бойынша  оқығысы  келетін 
балалар тізімі құрылады. 
Бағдарламаларды жіберу 
Қыркүйек  басында  сабақ  кестесі  құрылады,  мектептегі  қосымша 
білім беру бағдарламалары жіберіледі. 
Бағдарламаларды іске асыру 
Оқу жылы бойында бағдарламалар іске асырылады. 
Сабақтар 1 қыркүйектен 30 мамырға дейін өтеді. 
Білім  беру  қызметі  мүмкін  негізделген  өзгерістері  бар  тұрақты 
сабақ  кестесінде  көрінеді.  Сабақ  кестесі  санитарлық  ережелерi  және 
нормалары негізінде әзірленеді және директормен бекітіледі. 
Демалыс  кезінде  сабақ  бекітілген  сабақ  кестесімен  сәйкес 
өткізіледі. 
Қызмет мектеп кабиненттерінде ұйымдастырылады. 
Қосымша  білім  берудегі  сабақтартардағы  қызмет  оқытудың 
барлық  қажетті  техникалық  құралдарымен,  көрнекті  құралдармен, 
мектептің әдебиет қорымен қамтамасыз етіледі. 
Ықпалдасқан  бағдарламалар  шығармашылық  топқа  біріккен  бір 
немесе бірнеше педагогтермен жүзеге асырылады. 
Сабақты  ұйымдастырудың  түрлері  бағдарлама  сипатына 
жауап беретін әртүрлі болуы мүмкін: 
 
топтық оқу сабақтары; 
 
жеке кеңестер; 
 
клубтық секциялар
 
үйірмелер; 
 
шеберханалар; 
 
зертханалар; 
 
жорықтар; 
 
экспедициялар; 
 
рөлдік ойындар. 
Білім алушылар тобы бір немесе әр түрлі жасты болуы мүмкін. 

63 
 
Топтағы білім алушылар саны 10 адамнан кем болмауы керек. 
Қосымша  білім  беру  бойынша  сабақтар  педагогтермен  арнайы 
журналдарға белгіленеді. 
Бақылау және бағалау рұқсат береді: 
 
алынған нәтижелерді жазып қою; 
 
жоспарланғанмен салыстыру; 
 
қызметке  бақылау  мен  түзетуді  қамтамасыз  ету,  өзгеріс 
үдерісіне бағыттау; 
 
қызметті сапалы талдауды жүзеге асыру; 
 
қызметтің әртүрлі аспектілерін зерртеу. 
Мектептегі  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесіндегі  қызмет 
мүмкін  болатын  дәйекті  өзгерістері  бар  тұрақты  сабақ  кестесінде 
көрсетіледі. 
Үздіксіз  білім  беру  моделінің  барлық  құрылымдық  бөлімдерінде 
қайталанатын  құзыреттіліктерді  тізеді,  бірақ  әрбір  деңгейде  олар 
аталған жасқа тән қызметтің әр түрлері арқылы іске асырылады. 
Мектепке дейінгі және мектеп алды кезең 
Заманауи 
қоғам 
бала 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға 
кеңейтілген және тереңдетілген талаптарды ұсынады. Сондықтан өзінің 
әр  түрлі  білім  беру  бағдарламаларымен  ерекшеленетін  қосымша  білім 
беру маңызды орынға ие. 
Бастауыш мектеп 
Бастауыш  мектеп  деңгейінде  оқушылармен  жаңа  білім  беру 
кеңістігін  біліктілікті  кеңейту  арқылы  игеру,  қызметтің  өзгеше 
тәсілдерін  меңгеру  жүзеге  асады.  Бұл  кезеңде  осыған  дейінгі 
кезеңдерде  құрылған  машықтарды,  қабілеттерді  кеңейту  мен  дамыту 
болады:  
  тұлғалық  біліктіліктер  –  «Денсаулық  және  білім»,  «Дұрыс 
тамақтану 
туралы 
әңгіме» 
бағдарламаларын 
жүзеге 
асыру, 
денешынықтыру  минуттары,  денешынықтыру  сабақтары,  спорт 
секциялары, ырғақ сабақтары және т.б. арқылы салауатты өмір салтын 
қалыптастыру;  қолданбалы  өнер  студияларындағы  сабақтар,  хор, 
хореография,  театр,  КТК-зертханалар  арқылы  өмірдің  тұрмыстық 
құндылықтарын  қалыптастыру;  өзінің  жанұясына,  мектеп  қоғамына, 
туған  қаласына,  өлкесіне,  мемлекетіне  деген  сүйіспеншілік  арқылы 
азаматтық  қалыптастыру;  балаларды  мектептің  салтында  бар  әртүрлі 
мемлекеттік рәсімдермен, дәстүрлермен таныстыру;  
әлеуметтік  –  қоғаммен  (қаланың  әртүрлі  алаңдарында  балалар 
шығармашылық ұжымдарына қатысу), ұжыммен, жанұямен, достармен 
қарым-қатынас орнату шеңбері, жазбаша сөйлем құрау мен монологты 
меңгеру,  дәстүрлерді,  рәсімдерді  сақтау  қабілеті  кеңейеді,  сөйлесу 
мәдениеті қалыптасады; 
  қызметтер  –  танымдық  және  зерттеушілік  қызметтер  дамиды, 

64 
 
мәнерлілік  және  танымдық  тапсырмаларды  шешу  қабілеті,  әртүрлі 
білім  бағдарламалары  мен  жобаларын  жүзеге  асыру  арқылы 
компьютермен жұмыс істеу машығы қалыптасады.  
Бастауыш  мектепте  жетекші  қызмет  түрі  ретінде  оқыту  қызметі 
табылады,  сөйте  тұра  оқушы  әлеуметтік  сынақтар  үшін  кеңістікке  ие 
болуы  керек.  Бұл:  «Кіші  Академия»,  «Эрудит»  ойыны,  «Зерттеу 
зертханасы»,  «Шебер  қолдарға  арналған  шеберхана»,  «Дарын» 
студиясы  және  тағы  да  басқа  әртүрлі  ұйымдастырылған  формаларға 
ресімделеді.   
Аталған  бірлестіктерде  бірдей  бейімділіктері  мен  қабілеттері  бар 
әртүрлі  жастағы  балалар  жұмыс  істейді.  Бірлестіктердің  өзіне  тән 
рәсімдері,  киімдерінде  ерекше  белгілері,  көңіл  көтеру  орыны, 
көшбасшылары болады. 
Мектеп қоғамдастығы, ата-аналар, қамқоршылар кеңесі, әріптестер 
алдында  тоқсанына  бір  рет  көрмелер,  тұсаукесерлер,  шығармашылық 
жұмыстар  өткізуге  болады.  Аталған  іс-шаралардың  қорытындысы 
бойынша  оқушылар  қандай  да  бір  аталымның  (портфолио  үшін)  бір 
«жұлдызын» алғанын білдіретін сертификаттарға ие болады.  
Негізгі мектеп 
Негізгі  мектепте  негізгі  жете  білушілікті  жинақтау  жалғасын 
табады,  бірақ  әлеуметтік  тәжірибеге  (клубтар,  студиялар,  секциялар, 
ерікті  топтардың  жасақтары  және  т.б.),  шығармашылық  жұмыстардың 
тұсаукесерлеріне,  олимпиадалық  қозғалыс  ұйымдастыруға,  зияткерлік 
ойындарға, модульді сала алдындағы білімге маңыз беріледі. 
Қосымша  білім  берудің  серпінді,  оның  ішінде  желілік 
бағдарламасын  ұсыну  білім  кеңістігіндегі  таңдау  шарттарының  білі 
болып табылады.  
Білім  бағдарламасын  таңдау  балалармен  және  ата-аналармен 
жүзеге  асырылады,  сол  үшін  бағдарламалардың  тұсаукесер  кеңістігі 
ұйымдастырылады.  Модульді  оқыту  8-9  сыныптарда  бірнеше 
бағдарламаны (қысқамерзімді модульдер) өтуге және жоғары мектепте 
одан  кейінгі  білім  бейінін  таңдауға  мүмкіндік  береді.  Әрбір  модуль 
шығармашылық  жұмысты  қорғаумен  және  сертификат  алумен 
аяқталады. Портфолиоға қызметтер нәтижесін жинау әлдеқайда саналы 
түрде  жалғасады.  Балалардың  жеке  қабілеттерін  (дарын)  дамыту  
жалғасады, алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстары пайда болады. 
Бұл кезеңде әртүрлі рөлдер мен ұстанымдарды  өлшеу және игеру 
сияқты әртүрлі қызмет түрлерінде өзін сынап көру жағдайы жүреді.     
Жоғары мектеп 
Бұл кезеңдегі негізгі қызмет түрі жобалық болады. Жоғары мектеп 
кеңістігінің өзіндік ерекшеліктері бар:   
 
бейінді сыныптардың пайда болуы; 
 
жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас; 

65 
 
 
желілік білім бағдарламаларына қатысу; 
 
кәсіби сынақтар. 
Бұл  деңгейде  портфолио  жинаудың  негізі  болатын  (жоғары  оқу 
орындарының  желілік  білім  бағдарламаларынан  өткені,  кәсіби 
сынақтары,  әртүрлі  жобаларды  іске  асырғаны,  ғылыми-зерттеу 
қызметтері  үшін  сертификаттар)  баланы  бағалаудың  жаңа  тәсілдері 
пайда болады. 
Модельдердің  іс-тәжірибелік  іске  асырылуы  келесі  қадамдардан 
тұрады: 
 
ҚБ жүйесінде оқуға оқушылар мен ата-аналарды бағдарлау
 
ҚБ ресурстарын анықтау; 
 
бағдарламаларық  қамтамасыз  ету  (бағдарламалар  жасау, 
сараптама,  тұсаукесер,  іске  қосу,  жүзеге  асыру,  нәтижелерді  бақылау 
және бағалау); 
 
портфолио  жинау.   
 

66 
 
2 Қосымша 
 
Сабақтан тыс қызметтегі білім бағдарламаларының түрлері  
 
Сабақтын  тыс  қызметтің  әртүрлі  түрлерінде  тәрбие  беру 
нәтижелерінің  бірінші  деңгейінен  үшінші  деңгейіне  жүйелі  ауысуын 
мөлшерлейтін кешенді білім бағдарламалары; 
Сабақтан  тыс  қызметтің  әртүрлі  түрлерінде  тәрбие  беру 
нәтижелерінің  бірінші  деңгейінен  үшінші  деңгейіне  жүйелі  ауысуын 
мөлшерлейтін  кешенді  білім  бағдарламалары.  Бұл  бағдарламалар  тура 
болуы  мүмкін,  егер  мұғалімдер  біріншіден  төртінші  сыныпқа  дейінгі 
балалармен  жоспарланған  нәтижелерге  маңыз  беріп  жұмыс  істей 
бастаса сәйкесінше бағдарламаның мазмұны да өзгереді. 
Сабақтан  тыс  қызметтегі  кешенді  білім  бағдарламаларын 
дайындау кезінде келесі жайттарды ескеру керек: 
- кешенді бағдарламалар екі нұсқада болуы ықтимал: 
«А»  -  бағдарлама  бойынша  қызметтің  бүкіл  мазмұны 
педагогикалық  ұжымның  бір  бағыты  бойынша  жұмыс  бөлігін  (тобын) 
мөлшерлейтін  болса,  мысалы,  көркем-эстетикалық,  сол  кезде  әрбір 
педагог бір-екі модуль («Оригами», «Батик», «Жібек баумен тігілген», 
фольклор үйірмесі, театр студиясы және т.б.) жасайды. 
Кешенді  бағдарламалар  жеке  алынған  сыныпта  да,  сондай-ақ, 
оқушылардың  бірдей  жастағы  тобының  еркін  бірлестігінде  де  жүзеге 
асырылады.  Топтардың  саны,  толығуы,  сабақ  уақыты  мен  жүргізу 
мерзімділігі білім беру ұйымының жеке актісімен анықталады. Мұндай 
нұсқа  балаларды  оқытудың  қосымша  білім  жүйесі  бар  немесе  осы 
қызмет  түрін  ұйымдастыруға  арналған  білікті  кадрлары  бар  және  бір 
ауысымда жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 
 «Б»  -  бағдарлама  бойынша  қызметтің  барлық  мазмұны 
педагогикалық  ұжымның  жұмыс  бөлігін  (топтарын)  бірнеше  бағыт 
бойынша, мысалы, спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-
танымдық, әскери-патриоттық мөлшерлесе. 
Аталған  нұсқа  мамандар  жетіспейтін,  тек  бір  ғана  бағытты  іске 
асыратын ауылдық мектептерде қолданыс табады. 
Кешенді  бағдарламаларды  дайындаған  кезде  міндетті  түрде  оған 
бағдарламаның  барлық  модульдері  бойынша  жұмыстың  бүкіл 
ерекшелігі  көрініс  табатын  бір  түсініктеме  хаты  жазылады,  ал 
бағдарламаның  басқа  тараулары  әрбір  педагогпен  жұмыстың 
мазмұнына сәйкес өзінің модулі аясында жазылады. 
Белгілі  бір  проблемалық  алаңда  тәрбие  беру  нәтижелерін  алуға 
бағытталған  және  сонымен  қоса  сабақтан  тыс  қызметтің  әртүрлі 
түрлерінің  мүмкіндігі  пайдаланылатын  (мысалы,  патриоттық  тәрбие 
беру  білім  бағдарламасы,  толеранттылық  тәрбие  беру  білім 

67 
 
бағдарламасы) тақырыптық білім бағдарламалары.  
сабақтан  тыс  қызметтің  нақты  түрлері  бойынша  білім 
бағдарламалары; 
жас  ерекшелігіне  арналған  білім  бағдарламалары  (кіші  жастағы 
мектеп  оқушыларына  арналған  сабақтан  тыс  қызметтің  білім 
бағдарламалары;  жасөспірімдерге  арналған  сабақтан  тыс  қызметтің 
білім бағдарламалары; жоғары сынып оқушыларына арналған сабақтан 
тыс қызметтің білім бағдарламалары); 
оқушыларға арналған жеке білім бағдарламалары. 
Білім  бағдарламалары  жас  ерекшелігіне  қарай  қосымшасы  болуы 
мүмкін, мысалы: 
1-сыныпқа  арналған  –  білім  бағдарламасы,  оқушымен  әлеуметтік 
білімді әртүрлі қызмет түрлерінен алуға бағытталған. 
2-3-сыныптарға  арналған  –  білім  бағдарламасы,  әлеуметтік 
шынайылыққа құндылықты қарым-қатынас құрушы; 
4-сыныпқа  арналған  –  білім  бағдарламасы,  балаға  өз  еркімен 
қоғамдық әрекеттің тәжірибесін беретін. 
 
Сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламасын  дайындаудың  жалпы 
ережесі: 
1.  Сабақтан  тыс  қызметті  ұйымдастыру  бағдарламасы  білім  беру 
ұйымдарының өздерімен немесе ұқсас бағдарламаларды олардың қайта 
өңдеуі негізінде дайындалады. 
2.  Дайындалған  бағдарламалар  мектеп  оқушыларының  белгілі  бір 
жастағы топтарына есептелген болуы керек. 
3.  Бағдарлама  мазмұнын  анықтауда  мектеп  педагогикалық 
мақсаттылығын басшылыққа алады және оқушылар мен ата-аналардың 
өтініші мен сұранысына бейімделеді. 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруда білім беру ұйымдары 
келесі ықпалдарды мақсатты түрде ескеруі тиіс:    
білім 
үдерісі 
қатысушыларының, 
ата-аналардың 
(заңды 
өкілдерінің) өтініштері, 
педагогикалық жұмысшылардың біліктілік деңгейі; 
білімді  ұйымдастырудың  мақсаттары  мен  тапсырмаларына  сәйкес 
сабақтан тыс қызмет курстарының жұмыс бағдарламасының сапасы.  
Сабақтан  тыс  қызмет  бойынша  жұмыс  бағдарламасы 
директордың  тәрбие  жөніндегі  орынбасарымен  (дәл  соның  міндетіне 
сабақтан  тыс  қызметті  бақылау  және  талдау,  жоспарлау 
сұрақтарын  енгізу)  сабақтан  тыс  қызметті  жүзеге  асыратын 
педагогтердің  методикалық  бірлестігінде  келісіліп,  директормен 
бекітіледі.  
Сабақтан тыс қызмет бағдарламасы бастауыш жалпы білім берудің 
негізгі білім бағдарламаларын игерудің жоспарланған нәтижелеріне қол 

68 
 
жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. 
Сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламасы  мына  негізде  дайындалады: 
әмбебап оқу әрекетін құру бағдарламалары мен бастауыш жалпы білім 
берудің  негізгі  білім  бағдарламаларын  игеру  нәтижелеріне  қойылатын 
талаптар. 
Мектептен  тыс  қызметтің  жұмыс  бағдарламаларын 
әзірлеудің негізгі құралдары 
Әзірленген  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  пайдалану 
(типтік, түрлендірілген, авторлық) 
Білім  беру  ұйымы  деңгейіндегі  ұсынылған  және  бекітілген 
мектептен тыс қызмет курсы бағдарламаларын өздігінен әзірлеу. 
Мектептен  тыс  қызмет  бойынша  бағдарламаларды  келесі 
принциптер  негізінде  құру  қажет:  үздіксіз  білім  беру  жалпы  алғанда, 
білім  берудің  толықтық  және  біртұтастығын  қамтамасыз  ету  тетігі 
ретінде,  мектептен  тыс  қызмет  жүйесінде,  оқу-тәрбие  үдерісін 
басқаруды  жүйелі  ұйымдастыруда  әлеуметтік  және  кәсіби  өзін-өзі 
анықтау үдерісінде әр баланың даралығын дамыту. 
Жұмыс бағдарламасының құрылымы: 
Титулдық парақ 
Түсіндірмелі хат 
Оқу-тақырыптық жоспар 
Оқылған курс бағдарламасы 
Жоспарланған (тұлғалық және пән үстілік) нәтижелер 
Курсты меңгерудің тұлғалық, пән үстілік нәтижелерін анықтаудың 
мониторингтік картасы; 
Білім  беру  үдерісін  әдістемелік  және  материалдық-техникалық 
қамтамасыз етуді сипаттау (ОӘК). 
Пайдаланылған әдебиеттер. 
Қосымшалар 
Мектептен  тыс  қызмет  бағдарламасы  келесі  бөлімдерден 
құралуы мүмкін: 
Түсіндірмелі  хатта  мектептен  тыс  қызметте  педагог  пен  білім 
алушылардың  өзара  әрекеттілік  мақсаттары  мен  міндеттері,  білім 
алушылардың  сабақ  және  сабақтан  тыс  қызметі  мазмұнындағы  өзара 
байланысты қамтамасыз ететін негізгі тәсілдерді сипатталатындығы (ең 
алдымен, жүйелі-қызметтік) көрсетілуі қажет. 
Мектептен  тыс  қызмет  курс  мазмұнының  құнды  бағдарларын 
сипаттау. 
1.
 
Мектептен тыс қызметтің оқылған курсының мазмұны. 
2.
 
Білім 
алушылардың 
мектептен 
тыс 
қызметінің 
жоспарланған  нәтижелері:  тұлғалық  және  пән  үстілік  нәтижелер, 
деңгей  көрсеткіші  және  оны  меңгеру  дәрежесінің  көрсеткіші,  оның 

69 
 
бастауыш жалпы білім берудің негізгі бағдарламасын меңгерудің басқа 
нәтижелерімен өзара байланысы. 
3.
 
Білім  алушылар  қызметінің  оқу-тақырыптық  жоспарының 
анықталған негізгі түрлері. 
4.
 
Курсты  меңгерудің  тұлғалық,  пән  үстілік  нәтижелерін 
анықтаудың мониторингтік картасы; 
5.
 
Білім  беру  үдерісін  әдістемелік  және  материалдық-
техникалық қамтамасыз етуді сипаттау (ОӘК). 
6.
 
Пайдаланылған әдебиеттер. 
7.
 
Қосымшалар. 
Сабақтан  тыс  қызмет  курсының  бағдарламасы  келесі 
тараулардан тұрады: 
1.  Сабақтан  тыс  қызметте  педагогтер  мен  оқушылар  арасындағы 
қарым-қатынастың 
мақсаттары 
мен 
міндеттері 
көрсетілген, 
оқушылардың  сабақтағы  және  сабақтан  тыс  қызметтегі  мазмұнның 
өзара  қарым-қатынасын  қамтамасыз  ететін  негізгі  тәсілдерін  (бәрінен 
бұрын жүйелі-қызметтік) сипаттау түсініктеме хаты. 
2. Сабақтан тыс қызмет курсы мазмұнының құндылықты бағдарын 
сипаттау. 
3. Сабақтан тыс қызметтің зерттеліп жатқан курсының мазмұны.  
4.  Оқушылардың  сабақтан  тыс  қызметтегі  жоспарланған 
нәтижелері:  тұлғалық  және  метапәндік  нәтижелер,  оларды  меңгеру 
дәрежесі мен деңгейінің көрсеткіштері, олардың бастауыш жалпы білім 
берудің  негізгі  бағдарламаларын  игерудің  өзге  нәтижелерімен  өзара 
байланысы. 
5.  Оқушылардың  негізгі  қызмет  түрлерін  анықтайтын  оқу-
тақырыптық жоспар. 
6. Курсты игерудің метапәндік, тұлғалық нәтижелерін анықтаудың 
мониторингтік картасы. 
7.  Білім  беру  үдерісін  материалдық-техникалық  және  (немесе) 
методикалық қамтамасыз ету сипаттамасы.  
8. Әдебиеттер тізімі. 
9. Қосымша. 
Түсіндірме  жазбада  білім  қызметінің  мақсаты  ашып  көрсетіледі, 
мазмұнының  таңдауы  мен  материал  мазмұнының  жүйелілігі 
дәлелденеді, балалармен жұмыс істеу формаларына және бағдарламаны 
жүзеге асыру шарттарына сипаттама беріледі.  
Түсіндірме жазба мынадан тұрады: 
1. Білім үдерісіне бағдарламаны дайындау мен енгізу қажеттілігін 
дәлелдеу: 
өзектілік; 
іс жүзіндегі маңызы; 
аталған 
бағыт 
бойынша 
бұрыннан 
қолданыста 
бар 

70 
 
бағдарламалардың байланысы; 
түр (модификацияланған, экспериментті, авторлық бағдарлама); 
жаңашылдық (авторлыққа үміткерлер үшін). 
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті. 
Мақсаты  –  қол  жеткізуге  ұмтылатын  білім  үдерісінің  болжалды 
нәтижесі.  Мақсат  сипаттамасында  «тұлғаның  жан-жақты  дамуы», 
«балаларды шығармашылық дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу», «білім 
сұранысын 
қанағаттандыру» 
және 
жалпылама, 
абстрактілі 
тұжырымдамаларды көп пайдаланбаған абзал. Ондай тұжырымдамалар 
нақты бағдарламаның ерекшелігін аша алмайды және басқа кез келген 
бағдарламаға қолданылуы мүмкін.  
Мақсат  бағдарлама  атауымен  байланысты  болуы  керек  және 
оның  негізгі  бағытын  айқындап  тұруы  тиіс.  Мақсатты  нақтылау  оған 
қол  жеткізу  үшін  не  істеу  керектігін  көрсететін  міндеттерді  анықтау 
арқылы жүзеге асырылады.  
Міндеттер мынадай болуы мүмкін:  
үйрететін  –  қандай  да  бір  дүниеге  танымдық  қызығушылықты 
дамыту, танымдық қызметке қосу, белгілі бір білімге ие болу, меңгеру, 
белгілі бір қызмет түріне қатысты уәждемелерді дамыту және т.б.; 
тәрбиелік  –  тұлғаның  қоғамдық  белсенділігін,  азаматтық 
ұстанымын,  қарым-қатынас  мәдениетін  және  әлеуметте  өзін  ұстауын, 
салауатты өмір салтына машықтануын және тағы да басқа қасиеттерді 
қалыптастыру;  
дамытушы  –  өз  бетінше  әрекет  ету,  жауапкершілік,  белсенділік, 
ұқыптылық  сияқты  тұлғалық  қасиеттерді  дамыту;  өзін-өзі  тану  мен 
өзін-өзі дамытуда сұранысты қалыптастыру. 
Міндеттерді  тұжырымдау  абстрактілі  болмауы  керек,  олар 
болжалды нәтижелерге сәйкес болуы тиіс. 
3. Бағдарламаның айырмалық ерекшеліктері: 
базалық теориялық идеялар; негізгі түсініктер; 
жүзеге асыру кезеңдері, оларды негіздеу және өзара байланыс. 
Бағдарламада  аудиториядағы  және  аудиториядан  тыс  белсенді 
(қимылды)  сабақтардың  сағат  саны  көрсетіледі.  Сөйте  тұра 
аудиториядағы сабақтардың сағат саны жалпы сабақ санының 50%-нан 
аспауы тиіс.  
4. Бағдарлама жолданған балалар тобының жас ерекшеліктері: 
- балалардың жасы және олардың психологиялық ерекшеліктері; 
-  балаларды  жинау  ерекшеліктері  (еркін,  байқау  бойынша  және 
т.б); 
- жылдар бойынша оқитын оқушылардың саны (негіздеу); 
-  сабақ  тәртібі:  бір  жылдағы  жалпы  сағат  саны;  аптадағы  сағат 
пен сабақ саны; сабақтардың мерзімділігі. 
- болжалды нәтижелер және оларды тексеру тәсілдері. 

71 
 
5. Бағдарлама бойынша жұмыс нәтижелерінің деңгейі: 
Нәтижелердің  бірінші  деңгейі  –  мектеп  оқушыларының 
әлеуметтік білім алуы (қоғам нормалары, қоғамның құрамы, қоғамдағы 
әлеуметтік  мақұлданған  және  мақұлданбаған  іс-қимыл  нормалары 
туралы  және  т.б),  әлеуметтік  шындық  пен  күнделікті  өмір  туралы 
алғашқы түсінік. 
Нәтижелердің  екінші  деңгейі  –  мектеп  оқушысымен  қоғамның 
базалық  құндылықтарына  (адам,  жанұя,  Отан,  табиғат,  әлем,  білім, 
еңбек,  мәдениет)  жағымды  қарым-қатынас  және  уайымдау  тәжірибесі, 
жалпы әлеуметтік шындыққа құндылықтар тұрғысынан қарау. 
Нәтижелердің  үшінші  деңгейі  –  мектеп  оқушысымен  өзіндік 
қоғамдық қызмет ету тәжірибесі. 
6.  Балаларды  оқыту  нәтижелерін  бақылау  және  бағалау  жүйесі 
(көрмелерге, сайыстарға, байқауларға, оқу-зерттеу конференцияларына 
және тағы да басқа жерлерде қойылуы мүмкін). 
Оқу-тақырыптық жоспар. 
Оқу-тақырыптық  жоспар  сабақ  тақырыптарының  атауы  мен 
реттілігі,  сабақ  сағаттарының  саны  (барлық  теориялық  және 
практикалық сабақтар) көрсетілген кесте түрінде құрылады. 
Тақырыптың  реттілігін  құрған  кезде  олар  оқушылардың  қызмет 
бағытына  тәуелсіз  болатындай  ұсынылған  білім  маршрутының 
логикасын айшықтағаны дұрыс.  
Сабақтың  кіріспесінде  бағдарламалық  материал  мазмұнының 
ерекшелігін  көрсететін  терминдер  мен  түсініктердің  қасиеттеріне  баса 
көңіл  бөлген  жөн.  Бұдан  кейін  қарастырылып  отырған  құбылыстың 
пайда болу табиғатын, қалыптасуы мен дамуын (ғылым, өнер, техника, 
спорт  т.б.)  аша  түсіп,  сол  немесе  басқа  құбылыстардағы  заманауи 
түсініктерді 
қалыптастырудағы 
мамандардың, 
шеберлердің, 
зерттеушілердің рөлін көрсеткен ұтымды. 
Бағдарламаның мазмұны. 
Бағдарламаның мазмұны ол – тараулар ішіндегі тараулар туралы 
қысқаша  сипаттама.  Тақырып  мазмұны  оқу-тақырыптық  жоспарда 
көрсетілген тәртіп бойынша жазылады. Тақырып сипаттамасы мынаны 
қамтиды: 
атау; 
негізгі түйінді сәттер; 
білім үдерісін ұйымдастыру үлгілері (теориялық, іс-тәжірибелік). 
Баяндау  атау  септігінде  жүргізіледі.  Әдетте  бірінші  тақырып  – 
бағдарламаға кіріспе. 
Бағдарлама мазмұнының ерекшеліктері. 
Осы  немесе  басқа  бірлестікте  балалар  қызметінің  түрлері  мен 
мазмұнын  іріктеп  алу  кезінде  балалардың  өздерінің  қызығушылығы 
мен сұранысы, ата-аналардың қалауы, мектеп психологының ұсынымы, 

72 
 
педагогтің сабақтан тыс қызмет тәжірибесі ескеріледі.  
Бағдарламаны жүзеге асырудағы ресурстық қамтамасыз ету: 

 
Кадрлық  (педагогтер,  әкімшілік,  дәрігерлер,  психологтар  және 
т.б.); 

 
Материалдық-техникалық; 

 
Қаржылық; 

 
Ақпараттық-әдістемелік  (оқу  құралы,  әдістемелік  әдебиеттер 
және т.б. интернет). 
Бағдарламаны  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  құралдарға  қысқаша 
сипаттама: 
кадрлық  –  педагогтердің  санын  есептеу,  олардың  кәсібилігіне, 
біліктілігіне  сипаттама  беру,  іріктеу  өлшемдері;  материалдық-
техникалық – құралдар, аспаптар мен материалдардың қысқаша тізімін 
жасау (оқушылар санын есепке ала отырып).    
Әдебиеттер тізімі 
Әдебиеттердің екі тізімі келтіріледі: 

 
бағдарламаны  дайындау  және  білім  үдерісін  ұйымдастыру 
үшін педагогпен пайдаланылатын әдебиет;  

 
балалар мен ата-аналарға ұсынылатын әдебиет. 
Сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламасы  жазылғаннан  кейін  оның 
таныстырылымы  кіші  жастағы  оқушыларға  қосымша  білім  беруді 
жүргізетін педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жиынында өткізіледі. 
Жиынға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес 
түзетулер  енгізілгеннен  кейін  бағдарлама  мен  оған  жазылған 
сараптамалық пікір білім беру ұйымының әкімшілігіне ұсынылады.  
Білім  ұйымының  директоры  бағдарламаны  бекіткен  соң  аталған 
бағдарламаны  педагогикалық  кеңес  осы  немесе  басқа  балалар 
бірлестігінде мақұлдауға ұсынады. 
Тәжірибелі  тексеруден  кейін  бағдарламаның  мазмұны  түзетіліп, 
толықтырылып,  психолог-педагогикалық  қолдауының  құралдарымен 
және қажетті оқу-әдістемелік жиынтықпен қамтамасыз етіледі 
Бағдарламаға  қажетті  оқу-әдістемелік  жиынтық  құрамына 
мыналар кіреді: 
- оқу және әдістемелік құралдар
- энциклопедиялық сөздіктер мен анықтамалар; 
-  педагогтер  мен  балаларға  арналған  қысқаша  түсініктемесі  бар 
әдебиеттер сілтемесі; 
- бейне және аудио материалдар; 
- бағдарламаны компьютерлік қолдау; 
- сызбанұсқалар, сызбалар, пішіндер, қалыптар және т.б.; 
- саяхатқа арналған нысандар тізімі

73 
 
- атаулы күндердің күнтізбесі; 
-  өнер  мен  ғылымға,  өндіріске,  спортқа,  туризмге  және  басқа  да 
салаларда  айтарлықтай  үлес  қосқан  адамдардың  өмірі  мен  қызметі 
туралы ақпараттар; 
-  оқушылар  қызметінің  нақты  бір  бағыты  бойынша  әртүрлі 
бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарық  көрген  материалдар,  іріктеп 
алынған журналдар; 
-  аталған  бірлестіктің  шығармашылық  қызмет  бағыты  бойынша 
әртүрлі  заттардың  жиынтығы  (альбомдар,  өнер  туындыларының 
көшірмелері,  сәндік-қолданбалы  өнер  туындылары,  пошта  таңбалары, 
әсем  хаттар,  белгілер,  естелік  медальдар,  шығармашылық  қызметтің 
нақты  бір  бағытында  жетістікке  жеткен  адамдардың  портреттері, 
табиғи  нысандар,  әртүрлі  құрылғылардың  үлгілері,  пішіндері  және 
т.б.); 
-  балалардың  нақты  бірлестігінің  шығармашылық  бағыты 
бойынша 
мемориалдық 
орталықтар, 
мұражайлар, 
картиналық 
галереялар, көрме залдары және т.б. туралы ақпараттар; 
- оқушылардың жетістіктерін көрсететін материалдар; 
- жұмыс орнының құрылғылары. 
Бағдарламада  мектеп  оқушыларына  арналған  сабақтан  тыс 
қызметтің  мазмұны,  мектеппен  жоспарланған  істер  мен  шаралардың 
мәні  және  бағыты  сипатталады.  Сипаттамадан  бұл  істер  мен  шаралар 
нәтижелердің  қай  деңгейіне  жетуге  бағытталғаны  көрініп  тұруы 
керек.Егер  бағдарлама  мектеп  оқушыларына  арналған  сабақтан  тыс 
қызметтің  бірнеше  түрін  ұйымдастыруды  көздесе,  мазмұнында  сол 
немесе басқа қызмет түрін білдіретін тараулар немесе модульдер болуы 
тиіс.  Қажет  болған  жағдайда  сол  немесе  басқа  тарау  немесе  модуль 
мағынасына қарай тараушаларға бөлінеді. 
Сабақтан  тыс  қызмет  жоспары  –  оқушылардың  сабақтан  тыс-
қызметтің  жалпы  көлемін,  оқу  жылы  бойынша  сабақтан  тыс  қызмет 
бағытының  құрамы  мен  құрылымын  немесе  жалпы  білім  сатыларын 
анықтайтын білім беру ұйымының нормативтік құжаты.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет