Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата07.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#1377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 
Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Ключевой орта мектебінің 
сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру тәжірибесі 
 
Ключевой  орта  мектебінің  сыныптан  тыс  қызметі  мыналарға 
бағытталады: 
білім  алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  қызметтің  оқу, 
еңбек, коммуникативтік, қозғауыш және көркемдік түрлерін меңгеру; 
қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортаға бейімделе алу; 
өз  денсаулығын  қолдау  күшейту  және  нығайту  және  дене 
шынықтырумен айналысу; 
білім 
алушылардың 
қоршаған 
әлемге, 
этикалық 
және 
адамгершілік  нормаларға,  эстетикалық  сезімдерге  дұрыс  қарым-
қатынасын қалыптастыру
шығармашылық қызметтің әр түрінде қатысу ынтасы; 
білім  алушылардың  әрі  қарай  оқытуға  дайындық  деңгейін 
анықтайтын қызметтің білім, білік және құралдарды қалыптастыру; 
өздігінен  білім  алу,  бақылау  және  өзін-өзі  бағалаудың 
элементарлық дағдыларын дамыту; 
Сабақтан тыс қызметтің мақсаты: 
білім  алушылардың  қоғам  өміріндегі  әлеуметтік  тәжірибеге 
қажетті жетістіктер үшін жағдай жасау
оқудан  бос  уақытта  әр  білім  алушыны  сан  қырлы  дамыту  мен 
әлеуметтенуі үшін жағдай жасау; 
бос  уақытта  оқушылардың  әлеуметтенуін,  интеллектуалдық 
қызығушылығын  белсендіруді  қамтамасыз  ететін  тәрбиелеу  ортасын 
құру; 

52 
 
азаматтылық  жауапкершілігі  мен  құқықтық  сана  сезімі 
қалыптасқан,  жаңа  жағдайдағы  тіршілік  әрекетіне  дайын,  әлеуметтік 
маңызы  бар  практикалық  қызметке,  ерікті  бастаманы  іске  асыруға 
қабілеттілігі қалыптасқан дені сау, өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту. 
Сыныптан тыс қызметтің  міндеттері: 
қоғамдық  ұйымдар,  білім  алушылардың  жанұяларымен  бірге 
білім  алушылардың  қоғамдық-пайдалы  және  бос  уақыт  қызметін 
ұйымдастыру; 
білім алушыларды жан-жақты қызметке қосу; 
позитивті коммуникативтік тілдесу дағдыларын қалыптастыру; 
ұйымдастыру дағдысын дамыту және жалпы мәселелерді шешуде 
педагогтермен, замандастармен, ата-аналармен, жасы үлкен балалармен  
ынтымақтастықты іске асыру
еңбексүйгіштікке 
тәрбиелеу, 
қиыншылықтарды 
жеңуге 
қабілеттілік, 
нәтижеге 
жетуде 
мақсатқа 
талпынушылық 
және 
табандылық; 
мектепте  тәрбие  жұмысының 
тиімділік 
мониторинг 
жүйесін 
жетілдіру; 
оқудан  бос  уақытта  білім 
алушылардың бос уақыт мазмұны, формасы, және әдістерін тереңдету; 
білім алушылардың ақпараттық қолдауын ұйымдастыру; 
білім алушылардың бос уақытын ұйымдастырудың материалдық-
техникалық базасын жетілдіру. 
Бағдарламаның  принциптері:  білім  алушыларды  белсенді 
қызметке қосу, қол жетімділік және көрнекілік, теорияның практикамен 
байланысы,  жас  ерекшеліктерін  есепке  алу,  қызметтің  жеке  және 
ұжымдық формаларын байланыстыру. 
Бағыттары  бойынша  сыныптан  тыс    тәрбие  жұмысының 
түрлері: 
спорттық 

секциялар: 
волейбол, 
футбол, 
баскетбол, 
тоғызқұмалақ, дзюдо, жұдырықтасу, шаңғы спорты); 
қызығушылықтары  бойынша  үйірмелер  («Шебер  қол»,  «Кеме 
модельдеу», «Жаппай ойындық») 
көркемдік  бағыт  (халық  аспаптар  оркестрі,  вокалдық-аспаптық 
ансамблі, би үйірмесі); 
жазғы 
мектеп 
жанындағы 
күндізгі 
лагерлер, 
мектеп 
белсенділігіндегі оқу лагері; 
скаут жасақтарының жұмысы. 
2004  жылы  ақпанда  скаут  жасақтарының  базасында  құрылған 
үкіметтік  емес  ұйым  -    «Полюс»    Балалар  орталығы»  қоғамдық 

53 
 
бірлестігінің  заңды  тіркеуі  өтті.  «Ключевой  ЖШС»  бірлестікке 
бұрынғы  кеңсе  ғимаратын  бөлді.  АҚШ  Бейбітшілік  корпусы 
еріктілерінің ықпалымен оқу скалодромы салынды. 
«Полюс»   Балалар орталығы» өткізетін сабақтар  келесі бағыттар 
бойынша өткізіледі: 
жаяу, су, велосипедтік және шаңғы туризмі және құзға шығу
табиғатта өздігінен тіршілік ету; 
құтқару  операциялары  және  алғашқы  медициналық  көмек 
көрсету; 
спорттың  әскери  техникалық  және  қолданбалы  түрлері  (су 
астында жүзу, парашюттік спорт); 
экологиялық қызмет (мектеп орманшылығы); 
ұжымдық 
шығармашылық 
жұмыс; 
қоғамға 
қызмет 
ету 
(зейнеткерлерге,  еңбек  және  соғыс 
ардагерлеріне,  ауыл  аймағындағы 
әлеуметтік маңызы бар акциялар); 
ұлттық және үстел ойындары. 
Қызмет атқару жылдарында 50-
ден 
астам 
су 
асты 
жүзуші-
аквалангистер,  35  турист-шебер,  10 
парашютист,  су  асты  жүзу  бойынша  2  нұсқаушы  және  парашюттік 
спорт бойынша 1 нұсқаушы дайындалды. 
Шатырлы  лагерьді  ұйымдастыру  бойынша  аудандық,  облыстық 
және республикалық деңгейдегі тәжірибе бар. 
Облыстың  бірнеше  дүркін  чемпиондары,  туризм  бойынша 
республика  біріншілігінің  бірнеше  рет  қатысушылары,  спорттық  құзға 
шығу мен құтқару жұмыстары бойынша жеңімпаздары. 
2012 жылы скаутттар командасының бастамасы құрылған. Шаңғы 
туризмі  бойынша  облыс  біріншілігінде  жалпы  команда  бойынша  4-ші 
және жеке есеп бойынша 1-ші орынды иеленді. 
2013,  2014  жылдарда  баскетбол  бойынша  аудандық  жарыстарда, 
«Алтын  доп»  облыстық  турнирлерде  (қыздар),  (ұлдар)  жүлделі 
орындарға ие болды. 
2010  жылдан  бері  туристер  облыс  чемпиондары,  әсіресе  ересек 
командалардың  ішінде,  туризм  бойынша  Қазақстан  Республикасының 
бірнеше чемпионаттарына қатысты. 
2012  жылдан  бері  команда  шаңғы  туризмі  бойынша  Қостанай 
облысы  біріншілігінің  тұрақты  қатысушысы  (4  жалпы  командалық 
орын). 
Шығармашылқ ұжымдар арасындағы облыстық байқауда ұлттық 
аспаптар оркестрі 2 орынды иеленді. 

54 
 
Мектеп орманшылығы мектеп ауласын жасылдандыру, жергілікті 
жасыл  көшеттерді  күзету  және  ауыл  мен  орманның  санитарлық 
жағдайын бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. 
 
Ең сәтті жобалар мен іс шаралар: 
2001  ж.  «Промелькнувший  метеор»  скауттар  республикалық 
шатырлы лагері. 
2002  ж.  Ресей,  Германия,  Польша,  Өзбекстан  скауттар 
жасақтарының 
қатысуымен 
Қазақстан 
скауттарының 
Ұлттық 
Джамбори (слётіне) қатысу. 
2003  ж.  Девиантты  мінез-құлықты  балалармен    «Терра 
инкогнита» шатырлы лагерін ұйымдастыру. 
2004 ж. «Полярная звезда» скауттардың қазақстандық-германдық 
шатырлы лагерін ұйымдастыру. 
2005  ж.  «Робинзон»  скауттардың  облыстық  шатырлы  лагерін 
ұйымдастыру.  Германияға  сапар.  100  километрлік  қайықпен  жүзуге 
қатысу. 
2006  ж.  Ресей,  Германия,  АҚШ,  Ұлыбританияның  скауттар 
жасақтарының 
қатысуымен 
Қазақстан 
скауттарының 
Ұлттық 
Джамбори (слётіне) қатысу. 
«Спасатель» скауттардың облыстық шатырлы лагерін өткізу. 
«Атамекен»  жобасы.  «Операция  «Ұлан»  әскери-патриоттық 
жобасына қатысу. 
2007  ж.  Бүкіләлемдік  скауттар  қозғалысының  100-жылдығына 
арналған скауттардың «Цивилизация» республикалық шатырлы лагерін 
өткізу. 
2009  ж.  Германияға  сапар.  200  километрлік  вело  жүгіріске  және                   
100 километрлік қайықпен жүзуге қатысу. 
2010  ж.  Ресей,  Германия,  АҚШ,  Ұлыбританияның  скауттар 
жасақтарының 
қатысуымен 
Қазақстан 
скауттарының 
Ұлттық 
Джамбори (слётіне) қатысу. 
Германия  скауттар  жасақтарының  қатысуымен  аудандық  жастар 
Форумын өткізу. 
2011 ж. Қазақстандағы АҚШ бейбітшілік Корпусы еріктілерімен 
бірлесе  «Спасатель»  скауттардың  облыстық  шатырлы  лагерін 
ұйымдастыру. 
Халықаралық симпозиумына қатысу. 
2012  ж.  Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне  арналған 
екікүндік  веложүгіріс.  Қостанай  облысының  әлеуметтік  қорғалмаған 
отбасылардың  балаларына скаут шатырлы лагерін ұйымдастыру; 
2013  ж.  Рейн  өзенімен  (Германия)  40    километрлік  қайықпен 
жүзуге қатысу. 

55 
 
2014  ж.  III  Еуразия  Аймақтық  Джамбориге  қатысу.  Қатысушы 
елдер:  Ресей,  Әзірбайжан,  Грузия,  Армения,  Украина,  Германия, 
Жапония, Гонконг, Малайзия. 
«Полюс»    Балалар  орталығы»  қоғамдық  бірлестігі  Қостанай 
облысының  парашюттік  спорт  Федерациясының  құрылтайшыларының 
бірі 

Қостанай 
облыстық 
балалар 
мен 
жастар 
ұйымы 
Ассоциациясының мүшесі болып табылады.  
Лагерь  2013  ж.  балалар  мен  жастардың  ҮЕҰ  облыстық 
байқауында үздік жоба болып танылды. 
2013 ж. бастап Ильич және Қарасу мектептерімен бірлесіп жұмыс 
жасайды.  2013-  2014  жылдарда  осы  мектептермен  бірлесіп  
«Қауіпсіздік  мектебі»  оқу-жаттығу  туристік  шатырлы  лагері  өткізілді. 
Екі жыл қатарынан 
қалыптасқан  командалар  өздігінен  аудандық  туристер  слетін 
өткізеді. 
 
2014-  2015  оқу    жылдарына  
жұмыс жоспары: 
аталған 
жасақтарды 
аудан 
мектептері  жанынан  құруға  ықпал 
жасау, оқу семинарларын өткізу
парашютпен  секіру  бойынша 
жаттығу семинарлары; 
шатырлы  лагерлерді  ұйымдастыру  бойынша  мектеп  активінің 
оқуы және басқа аудан мектептерімен ынтымақтастықты дамыту; 
Лисаковск  қаласының  «Факел»  туристік  клубы,  Рудный 
қаласының  «Океан»  әскери-патриоттық  клубы,  Қостанай  қаласының 
«Альбатрос»  әскери-патриоттық  клубы,  Астана  және  Павлодар 
қалаларының скаут жасақтарымен серіктестік кездесу. 
Сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламаларын  сәтті  іске  асыру  үшін 
бірнеше шарттарды орындау қажет: қызметті жоспарлау, бағдарламаны 
әдістемелік  қамтамасыз  ету,  педагогикалық    жағдайлар,  материалдық-
техникалық қамтамасыз ету. 
Сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламаларын  іске  асыруға  мектеп 
педагогтері,  психологтар,  дене  шынықтыру  оқытушылары  мен  әскери 
жетекшілер қатысады. 
Сабақтан  тыс  қызметтің  мониторингтік  зерттеулерінің  мақсаты 
сабақтан тыс қызмет пен қосымша білім беруді жаңғыру нәтижелігінен 
көрінетін  ұйымдастыру  жүйесін  құру,  ақпаратты  жинау,  өңдеу  және 
тарату болып табылатын келесі критерийлерден тұрады: 
білім алушылардың әлеуметтік белсенділігінің өсуі; 
белсенді танымдық қызметке уәждеменің өсуі; 

56 
 
қалыптасқан 
коммуникативтік 
және 
зерттеушілік 
құзыреттіліктер,  креативті  және  ұйымдастырылған  қабілеттіліктер, 
рефлексивті  дағдылар  сияқты  білім  беру  нәтижелері  білім 
алушылардың жетістіктерінің деңгейі; 
жеке  дамудағы  сапалы  өзгерістер,  азаматтық  және  адамгершілік 
нормаларды,  рухани  мәдениетті  меңгеру,  қоршаған  ортаға  гуманистік 
негіз қарым-қатынасы
мектептің  тіршілік  әрекетіне  білім  алушылар  мен  ата-аналардың 
қанағаттануы. 
Мониторингтің нысандары: 
формалардың қажеттілігін бағалау және сыныптан тыс жұмыс іс-
шаралары; 
сабақтан  тыс  жұмыстың  барлық  бағыттарының  контингентін 
сақтау; 
тәрбие іс-шараларын қанағаттандыруды анықтау мақсатында жыл 
қорытындысы  бойынша  оқушылар  және  ата-аналармен  сауалнама 
жүргізу; 
мектеп  ішілік  бақылау  аясында  оқушылар  мен  ата-аналарға 
сауалнма жүргізу; 
білім  алушыларды  сабақтан  тыс  білім  беру  қызметіне  мектеп 
базасында, сондай-ақ мектептен тыс жерде де еліктіру; 
білім  беру  субъектілерінің  әр  түрлі  деңгейдегі  мақсатты 
бағдарламалар мен жобаларға қатысу нәтижелілігі. 
Күтілетін нәтиже 
Сабақтан тыс қызмет бағдарламасының нәтижесі тәрбиелеу және 
әлеуметтену үдерісінде сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру және іске 
асырудың жөнделген тетігі болып табылатын мектеп өмірі салтынының 
теориялық  тұрғыда  дәйекті  және  экспериментальды  тұрғыда 
апробацияланған үлгісі болуы қажет. 
1.
 
Мұғалімдердің заманауи білім беру тәсілдерін меңгеру. 
2.
 
Өнімді еңбекке дайындық. 
3.
 
Алдағы білім беруге дайындық. 
4.
 
Қалыптасқан дүниеге көзқарас. 
5.
 
Қалыптасқан жалпы мәдениет 
6.
 
Қалыптасқан қажеттілік. 
7.
 
Мектеп 
білім  алушыларының  қылмыс 
бұзушылығын 
төмендету. 
8.
 
Білім  алушыларды  күннің  екінші  жартысымен  қамтамасыз                     
етуді % арттыру. 
9.
 
Білім алушылардың аурушаңдығын % төмендету. 
10.
 
Демалыс,  сауықтыру  және  балалардың  бос  уақытының 
тиімді формаларын енгізу; 

57 
 
11.
 
 Бірыңғай  тәрбие  кеңістігінде психологиялық  және  әлеуметтік 
қолайлықты жақсарту
12.
 
 Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту. 
13.
 
 Әр баланың шығармашылық белсенділігін дамыту. 
14.
 
 Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. 
Осылайша  Ключевой  орта  мектебінің  педагогикалық  ұжымы 
оқыту  мен  тәрбиелеудің  тұлғаға  бағытталған  технологияларын 
пайдалана отырып мектептің барлық білім беру жүйесінің орталығына 
бала  тұлғасын  қойып  отыр,  оның  дамуына  жайлы,  шиеленіссіз  және 
қауіпсіз  жағдайларды,  баланың  табиғи  басымдылығын  іске  асыруды 
қамтамасыз етеді. Тұлғаға бағытталған технологиялар әр баланың жеке 
ерекшеліктеріне  сәйкес  келу,  білім  беру  мазмұнын  қайта  құру, 
балаларға өктемшіл тәсілді қарама-қарсы қойып, орнына сүйіспеншілік 
қамқорлық, 
ынтымақтастық 
атмосферасын 
қою, 
тұлғаның 
шығармашылығы  мен  маңыздану  үшін  жағдай  жасауға  оқыту  мен 
тәрбиелеу әдістері мен құралдарын табуға мүмкіндік берді. Балалар мен 
ересектердің 
қарым-қатынасы 
шығармашылықты 
бірге 
құру, 
педагогикалық қолдау, тілдесу тәжірибесі арқылы іске асырылады. 
Мектепке  әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынас  орнату  маңызды 
роль  атқарады,  сондықтан  мектеп  әрдайым  ортаның  тәрбие 
басымдылығын анықтайды, байланыс орнатады. 
Сынып  жетекші  бұрынғыдай  баланың  тәрбиесі  мен  дамуын 
жүзеге асыратын мектептің негізгі тұлғасының бірі болып қала береді. 
Ол  оның  жеке  ерекшеліктерін,  өмір  жағдайын  оқып  біледі  және 
талдайды,  ұжымның  дамуын  болжайды,  білім  алушылар  тұлғасының 
өзін-өзі анықтауын қалыптастыруына көмектеседі. 
Ауыл  мектебінде  сынып  жетекшінің  қызметі  айтарлықтай 
ерекшеленеді.  Жеке  ерекшеліктерді,  өмірдің  тұрмыс  жағдайын  білу, 
отбасындағы  қарым-қатынас  әр  баланың  отбасына  деген  жеке  тәсіл 
мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді.  Сынып  жетекшілер  өткізілетін 
жұмыстардың  түрлері  мен  күрделілігіне  қарай  әр  түрлі  жастағы 
ұжымның  кеңесшісі,  дайындалған  жұмыстың  уақытша  жетекшілері, 
ұжымның тең дәрежелі мүшесі ретінде қатысады.  
Педагогтердің тәрбие қызметінің уәждемесін қолдау. 
Уәждеме  адам  қызметіне  мағына  береді,  анықталған  бағытта 
оның дамуына түрткі болады. Уәждеме жұмыс сапасын, нәтижелілігін 
арттыруға,  мектептегі  микроклиматты  жақсартуға  үндейді,  сондай-ақ 
кәсіби  мақсаттарға  жетуге,  оң  перспективаны  беруге,  инновацияға 
педагогикалық кадрларды дайындауға көмектеседі.
 

58 
 
Қорытынды 
 
Бүгінгі  таңда  әлем  жылдам  қарқынмен  өзгеруде,  соған  сәйкес 
тәрбие  беру  жүйесі  де  қоғам  мен  білім  берудің  даму  үдерістерімен 
қатар құрылымдалуы керек. Оқу-тәрбие беру үдерісінің басты мақсаты 
–  әрбір  бала  өзін-өзі  дамыту  арқылы  оқуға  ынталы  болатындай  және 
оқитындай білім беру ортасын құру. 
Гуманистік,  тұлғалық-бағдарланған  білім  негізінде  оқушы  мен 
педагогтің  әртүрлі  бағытта  дамуы  және  өзін-өзі  дамытуы,  олардың 
дүниетанымы, шығармашылық қабілеттері, зияткерлік әлеуеттері үшін 
қолайлы жағдай туғызу аталған мақсатқа қол жеткізу бойынша қызмет 
болып табылады. 
Өйткені  тәрбие  беру  жүйесіндегі  негізгі  бағыты  оқушының 
тұлғалық  дамуына  және  ұжымның  құрылуына  көмектесу,  тәрбие  беру 
жүйесін,  оның  ішінде  сабақтан  тыс  қызметтерді  жобалау  бүгінгі 
таңдағы  әлеуметтік-педагогикалық  қызметтің  маңызды  үдерістерінің 
біріне саналады. 
Педагогикалық  үдерістің  барлық  қатысушылары  үшін  қазіргі 
уақытта мектеп түлектеріне, мемлекеттік институт ретіндегі мектептің 
өзіне  қойылып  отырған  талап,  сабақтан  тыс  танымдық  қызметті 
басымдыққа ие өзекті қызмет түріне ауыстырады. 
Мектепте сабақтан тыс қызметтің тұтас жүйесін құру үшін келесі 
іс-шараларды жүргізу қажет: 
сабақтан  тыс  қызметті  мектептің  білім  беру  бағдарламасына 
енгізу; 
сабақтан тыс қызметті нақты мазмұнмен байыту; 
сабақтан тыс қызмет туралы Ереже дайындау; 
сабақтан тыс қызмет бағдарламасының тізімін құру;  
сабақтан тыс сабақ жүргізуге кадрларды іріктеп алу; 
сабақтан тыс қызметтің жұмыс бағдарламаларын әзірлеу
сабақтан  тыс  қызметті  материалдық-техникалық  жабдықтаумен 
қамтамасыз ету; 
сабақтан  тыс  қызмет  бағдарламасын  іске  асырудың  уақыты  мен 
кезеңдерін бекіту; 
ата-аналарды сабақтан тыс қызмет туралы құлақтандыру.  
Қарапайым  арифметикалық  есептер  көрсеткендей,  оқушы  бір 
жылда 150 күннен аз емес уақыт мектеп сабақтарынан бос болады екен. 
Жылдың  қалған  күндеріндегі  оның  уақытының  тағы  үштен  бірі 
сабақтан бос. Алайда бала өзінен-өзі ешқашан бос болмайды. Өсіп келе 
жатқан адам дүниеден әртүрлілік күтеді және бұл орайда ол тұрмыстық 
артықшылықтар мен құндылықтардың арасынан, сондай-ақ, өмірдің өзі 
ұсынған  таңдау  мүмкіндіктері  арасынан  алатын  қалауынан  бөлек 
қосымша білім беру құндылықтары да болуы әбден мүмкін. 

59 
 
Қосымша білім беруді ұйымдастыру, балалардың тұлғалық дамуы, 
кәсіби  тұрғыда  өзін-өзі  анықтауы,  шығармашылық  еңбегі  үшін, 
сонымен  қоса  олардың  қабілеттерін  жүзеге  асыруға,  қоғам  өміріне 
бейімделуіне,  азаматтық  санасының  қалыптасуына  барлық  жағжайжы 
туғызады. 
Балалардың  тәрбиесі  мен  дамуы  жүйесінде  қосымша  білім  беруді 
қолданудың  артықшылығы  балалардың  тәрбие  мен  білім  алуын, 
тұлғалық дамуын біртұтас үдеріске біріктіруінде.  
Қосымша  білім  беру  ұйымдарында  тәрбиенің  басымдығы  жүзеге 
асырылған.  Қосымша  білім  беру  баланың  мектепте  алған  білімі  мен 
икемін  одан  ары  теңдетуге,  кеңейтуге  және  оның  болашақ 
мамандығының негізгі бағдарын салмақтауға мүмкіндік береді.  
Біз баланы сана-сезім екінші қатарға ысырылып, ал қызмет өзінің 
мағыналық  бояуын  жоғалтқан  ортаны,  яғни  ол  өзін  көрсете  алатын 
және саналы өмірдің тәсілдерін меңгерген ортаны таңдау мүмкіндігінен 
айыра алмаймыз. 
Бала  мен  оның  ата-анасын  басқа  жақтан  қосымша  қызметтер 
іздеуге  мәжбүрлемей  мектептің  өзінде-ақ  баланың  артықшылығын 
айқындап, оның қабілет-қарымын әртүрлі бағытта дамытуға мүмкіндік 
беретін  жүйені  таңдау  әркімнің  қалауынша  болатынын  ойлау 
жеткілікті. 
Мектеп  балаға  дамудың  үш  маңызды  кезеңі:  балалық, 
жеткіншектік,  жасөспірімдік  шақтарды  бастан  кешіру  кезінде  ұзақ 
уақыт  бойы  әсер  етуші  алғашқы  ұйымдасқан-әрекет  етуші  орта  болып 
табылады. Мектеп ортаның барлық әсерлерін жалпы шоғырландырады. 
Жеткіншектің  әлеуметтік  ұстанымының  қайта  құру  әлеуметтік  ортаны 
қайта құрумен тығыз байланыста қарастырылады.  
Мектептің 
әлеуметтік 
қызметтері 
өркениетпен 
құрылған 
құндылықтарға өсіп келе жатқан ұрпақты тартуды қамтамасыз ету және 
оларды  оның  байлықтарын  игеру  мен  көбейту  тәсілдерімен 
қаруландырудан тұрады. 
Қажеттілікті  құрайтын  әлеуметтік  белсенділік  көзі  мектепке  әсер 
ететін өмірдің қоғамдық-саяси және мәдени ортасында болады. 
Балалардың  өмір  салты,  олардың  даму  деңгейі,  ел  саулығының 
маңызды  индикаторы  ретінде  қызмет  етеді.  Балаларға  әлеуметтік 
тәрбие  беру  қоғамды  тұрақтандыруда мемлекеттік  инструмент ретінде 
объективті  қызмет  етеді.  Әлеуметтік  тәрбие  екі  мақсатты  көздейді: 
қазіргі заман жағдайында өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтендірудің 
сәтті  жүргізілуі  мен  адамның  тұлға  және  қызмет  субъектісі  ретінде 
өзін-өзі дамытуы.   
Заманауи  мектеп  тәрбие  беру  үдерісін  басқаруға  тиіс.   

60 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
ҚР «Білім туралы» заңы (2007 ж. 27 шілде,  № 319-III) 
2.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы 
№ 1118 Жарлығы. 
3.
 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  2013ж.  17  мамырдағы 
№499  заңымен  бекітілген  «Балаларға  арналған  қосымша  білім  беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары». 
4.
 
Асмолов А.Г.  Системно-деятельностный  подход  к  разработке 
стандартов  нового  поколения  /  А.Г. Асмолов  //  Педагогика.  -  2009.  - 
№ 4. - 18-22 бб.
 
5.
 
Григорьев Д.В. 
Внеурочная 
деятельность 
школьников. 
Методический  конструктор:  пособие  для  учителя  /  Д.В. Григорьев, 
П.В. Степанов. - М.: Просвещение, 2011. - 233 б.
 
6.
 
Григорьев Д.В.  Программы  внеурочной  деятельности.  Игра. 
Досуговое общение: пособие для учителей общеобразоват. учреждений 
/  Д.В. Григорьев,  Б.В. Куприянов,  П.В. Степанов.  -  М.:  Просвещение, 
2011. - 96 б.
 
7.
 
Л.  В.  Занков.  Избранные  педагогические  труды.  М.: 
Педагогика, 1990. 
8.
 
Как  проектировать  универсальные  учебные  действия  в 
начальной  школе.  От  действия  к  мысли:  пособие  для  учителя/               
[А.Г.  Асмолов,  Г.В.  Бурменская,  И.А.  Володарская  и  др.];  под  ред.              
А.Г. Асмолова. – 3-ші басылым. – М.: Просвещение, 2011.-152 б. 
9.
 
Примерные программы внеурочной деятельности. Начальное и 
основное  образование.  /  Под  ред.В.А. Горского.  -  2-ші  басылым  -  М.: 
Просвещение, 2011. - 111 б.
 
10.
 
Смирнов Д.В.,  Горский В.А.,  Тимофеев А.А.  Примерные 
программы  внеурочной  деятельности.  Начальное  и  основное 
образование. — 2-ші басылым - М.: Просвещение, 2011. - 112 б.
 
11.
 
Степанов  П.В.  Диагностика  и  мониторинг  процесса 
воспитания в школе / П.В. Степанов, Д.В. Григорьев, И.В. Кулешова/ - 
М.: Академия: АПКиПРО, 2003. - 82 б. 
12.
 
Сейталив  К.,  Амиралиев  Ш.  Единство  воспитания  и 
обучения. - Алматы, 1983.  
13.
 
Кунантаева  К.К.  Объединение  учащихся  во  внеучебное 
время. - Алматы, 1983. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет