|
|
бет | 23/184 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 1,16 Mb. | | #11524 | түрі | Оқулық |
| Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. ОқулықАуыл халқы – ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар.
Бала туудың арнайы жиынтық коэффициенті–15-49 жас аралығында бала тууға қабілетті əрбір əйелдің орта есеппен қанша бала туатындығын сипаттайтын көрсеткіш.
«Демография» – термині гректің екі сөзінен құралады: «демос»- халық жəне «графия»- жазамын,сипаттаймын деген ұғымды білдіреді.
Еңбек ресурстары – 16-63 жасқа дейінгі еркектер мен 16-58 жасқа дейінгі əйелдер жатады.
Қала халқы – қалалық елді мекендерде тұратын адамдар
Миграция – адамдардың бір елді мекенді жерден екінші жерге қоныс аударып жылжуы.
Нақты халық – санақ кезінде сол елді мекенде немесе аумақта тізімге (есепке) алынған барлық адамдар.
Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенттері – жыл ішінде некелескендер мен ажырасқандар санының халықтың орташа жылдық санына қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|