Халықтың туғандағы өмірінің күтілетін ұзақтығы – туған ұрпақтың бүкіл ғұмырындағы орташа өмір сүру ұзақтығын сипаттай- тын көрсеткіш.
Тест сұрақтары:
Аумақтағы халық саны туралы мəліметтер уақыт аралық- тары бірдей емес мерзіммен берілсе, онда халықтың орташа саны қайсы формуламен анықталады?
арифметикалық салмақталған орташа
хронологиялық орташа
арифметикалық жай орташа
4–932 49
үйлесімдік орташа
шаршылық орташа
Халық санағы кезінде тұрғылықты жердің аумағында өмір сүріп жатқан, тұрақты тұратын жері ескерілмеген адамдар неге жа- тады?
нақты халыққа
тұрақты халыққа
уақытша тұратындарға
уақытша кеткендерге
жауаптардың ешқайсысы сəйкес келмейді
Белгілі бір уақыт кезеңіндегі аймақтағы халықтың саны тура- лы мəліметтер динамикалық қатар түрінде берілсе, онда халықтың орташа санын анықтау үшін қайсы формуланы пайдаланады?
арифметикалық жай орташа
арифметикалық салмақталған орташа
хронологиялық орташа
үйлесімдік орташа
жауаптардың ешқайсысы сəйкес келмейді
Қалалық көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындарын жобалауда қайсы халық туралы мəліметтер қажет?
нақты халық
тұрақты халық
уақытша жоқтар
уақытша тұратындар
жауаптардың ешқайсысы сəйкес келмейді
Тұрғылықты жерге мектеп, балабақша мекемелерін жəне тұрғын үй құрылысын жобалау кезінде, есептеу негізіне қандай мəлімет алынады?
тұрақты халық
уақытша тұратындар
табиғи өсім
нақты халық
уақытша жоқтар
Қоныс аудару қалдығының орташа халық санына қатынасы қайсы көрсеткішті анықтайды?
механикалық өсім коэффициентін
жалпы қоныс аудару коэффициентін
қоныс аудару қалдығын
қоныс аудару көлемін
жауаптардың ешқайсысы сəйкес келмейді
Жыл ішінде туылған балалар санының халықтың орташа жылдық санына қатынасы қайсы көрсеткішті сипаттайды?
туу коэффициентін
өлім-жітім коэффициентін
табиғи өсім коэффициентін
механикалық өсім коэффициентін
жалпы қоныс аудару коэффициентін
Жыл ішіндегі өлім- жітім санының халықтың орташа жыл- дық санына қатынасы қайсы көрсеткішті сипаттайды?
өлім-жітім коэффициентін
туу коэффициентін
табиғи өсім коэффициентін
механикалық өсім коэффициентін
жалпы қоныс аудару коэффициентін
Жыл ішінде туғандар мен өлім-жітімдер санының айырма- шылығы халықтың орташа жылдық санына қатынасы арқылы көрсетілсе, онда қайсы көрсеткішті сипаттайды?
табиғи өсім коэффициентін
туу коэффициентін
өлім-жітім коэффициентін
механикалық өсім коэффициентін
жалпы қоныс аудару коэффициентін
Жылдық қоныс аудару көлемінің халықтың орташа санына қатынасы нені анықтайды?
жалпы қоныс аудару коэффициентін
қоныс аудару қалдығын
механикалық өсім коэффициентін
қоныс аудару көлемін
жауаптардың ешқайсысы сəйкес келмейді
Келгендердің кеткен адамдардан артық болу нəтижесінде, аймақ халқы санының өсуі қандай көрсеткішті сипаттайды?
қоныс аудару қалдығын
қоныс аудару көлемін
келу коэффициентін
жалпы қоныс аудару коэффициентін
кету коэффициентін
Еңбек ресурстарын табиғи толықтыру көрсеткішіне қайсы- сы жатады?
16 жасқа толғандар
зейнеткерлікке шыққандар
басқа жаққа көшіп кеткен, еңбек жасындағылар
басқа жақтан көшіп келген зейнеткерлер
қайтыс болғандар
Еңбек ресурстарын табиғи толықтыру көрсеткішіне қайсы- сы жатады:
жұмысқа орналасқан зейнеткерлер мен жасөспірімдер
зейнеткерлікке шыққандар
басқа жаққа көшіп кеткен, еңбек жасындағылар
басқа жақтан көшіп келген зейнеткерлер
қайтыс болғандар
Еңбек ресурстарынан табиғи кету көрсеткішіне қайсысы жатады?
зейнеткерлікке шыққандар
16 жасқа толғандар
басқа жаққа көшіп кеткен жасөспірімдер
басқа жақтан көшіп келген зейнеткерлер
туған балалар
Еңбек ресурстарынан табиғи кету көрсеткішіне қайсысы жатады?
еңбекке жарамды жастағылардан қайтыс болғандар
16 жасқа толғандар
басқа жаққа көшіп кеткен жасөспірімдер
басқа жақтан көшіп келген зейнеткерлер
туған балалар
Еңбек ресурстарынан табиғи кету көрсеткішіне қайсысы жатады?
еңбекке жарамды жастағылар ішінен мүгедек болғандар
16 жасқа толғандар
басқа жаққа көшіп кеткен жасөспірімдер
басқа жақтан көшіп келген зейнеткерлер
туған балалар
Еңбек ресурстарын механикалық толықтыру көрсеткішіне қайсысы жатады?
осы елді мекенге көшіп келген еңбекке жарамды жастағылар
16 жасқа толғандар
қайтыс болғандар
зейнеткерлікке келгендер
туған балалар
Еңбек ресурстарынан механикалық кету көрсеткішіне қайсысы жатады?
осы елді мекеннен көшіп кеткен еңбекке жарамды жастағылар
16 жасқа толғандар
басқа жақтан көшіп келген зейнеткерлер
зейнеткерлікке келгендер
қайтыс болғандар
Еңбек ресурстарының тиімділік көрсеткішін қалай анық- тайды?
жалпы ішкі өнім бөлінген еңбекпен шұғылданатындарға;
еңбекпен шұғылданатындар бөлінген жалпы ішкі өнімге;
еңбекпен шұғылданатындар бөлінген экономикалық белсенді халыққа;
жұмыссыздар бөлінген экономикалық белсенді халыққа;
зейнеткерлер бөлінген экономикалық белсенді халыққа.
Бақылау сұрақтары:
«Демография» деген сөзді қалай түсінесіздер?
Халық туралы ақпарт көздерін қайдан алады?
Халықтың орташа жылдық санын қалай анықтайды?
Халықтың табиғи қозғалысына нелер жатады жəне қалай есептейді?
Көші-қон (миграциялық) өсімді қалай есептейді жəне көрсеткіш- теріне нелер жатады?
Нəрестелер өлімі дегенді қалай түсінесіз жəне есептеу жолдарын түсіндір?
Еңбек ресурстарына кімдер жатады?
Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін қалай есептейді?
Еңбек ресурстарын табиғи толықтырғандарға кімдер жатады?
Еңбек ресурстарынан табиғи кеткендерге кімдер жатады?
Еңбек ресурстарын миграциялық толықтырғандарды қалай тү- сінесіз?
Еңбек ресурстарын жалпы толықтырғандарды қалай есептейді?
3. ЖҰМЫС КҮШІ МЕН ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ
3.1 Жұмыс күші туралы түсінік жəне оның ақпарат көздері
Жұмыс күші мен жұмыс уақытын тиімді пайдалану əлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі көрсеткіштерінің бірі бо- лып саналады. Себебі, қандай қоғам болса да өмір сүру үшін материалдық өндіріске қажет жəне оны жүргізу екі себепке, яғни жұмыс күші мен өндіріске жұмсалынатын қаржы мөлшеріне тығыз байланысты. Осы екі себептің ішінде жұмыс күшінің атқаратын рөлі өте жоғары бағаланады.
Жұмыс күші деп адамдардың еңбекке қабілеттілігін, яғни қоғамдық өнімдерді өндіруге жəне мемлекетіміздің ұлттық табы- сын дамытуға көмегін тигізетін еңбекші халықты айтады. Ал іс жүзінде жұмыс күшіне қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін еңбек ресурстарының барлығы жатады. Демек, жұмыс күші жеке кате- гория ретінде еңбек ресурстарымен тығыз байланысты жəне олар- ды бір-бірінен бөлек бөліп қарауға болмайды. Бірақ, бұлардың арасында өздеріне тəн ерекшеліктері кездеседі.
Еңбек ресурстары мен оның жұмыс істейтін бөлігінің жал- пы мөлшері жұмыс күші санының сəттік (анықталған бір күнге) жəне кезеңдік (уақыттың қандай да бір кезеңдегі орташа шамасы) көрсеткіштерімен сипатталады. Жұмыс күшінің саны мен еңбек ресурстарын салыстыратын болсақ, онда олардың қандай бөлігі еңбекпен айналысатынын жəне аумақтық экономика салалары бойынша орналасу заңдылықтарын қарастырады.
Қазіргі кезде негізгі көрсеткіш ретінде жұмыс күшінің орны туралы деректі мəліметтермен қамтамасыздандыру жəне шын мəнінде, экономика салаларында жұмыс істейтіндердің сандық көрсеткіштерін анықтау болып табылады. Оған еңбек тура- лы статистикалық есептілік жатады жəне есеп беріліп отырған күнтізбелік кезең, яғни ай, тоқсан жəне жыл бойынша №1-Е
«Еңбек туралы есеп» нысаны толтырылады. Ал қажет мəліметтер Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2002 жылғы
12 шілдедегі бұйрығымен бекітілген №38-Г жəне ҚР Əділет министрлігінің 2002 жылдың 17 тамызындағы 1953 нөмірімен тіркелген «Еңбек бойынша статистикалық есептілікті толтыру нұсқаулығына» сəйкес жиналады.
Кəсіпорындар мен ұйымдардан алынатын ақпарат көздерінің құрамы есептіліктің мерзімділігіне (айлық, тоқсандық, жылдық) жəне кəсіпорындардың жіктелуіне қарай (ірі, орта, шағын) əртүрлі болып келеді. Мысалы, ірі жəне орта кəсіпорындар
№1-Е нысанын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік ста- тистика туралы» Заңына сəйкес қызметкерлерінің тізімдік саны 50 адамнан жоғары барлық заңды тұлғалар, олардың филиалда- ры мен өкілдіктері, тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан тұрған жеріндегі облыстық, қалалық, аудандық статистика ор- ганына есепті айдан жəне тоқсаннан 7 күн өткеннен кейін, ал жылдықты-12 ақпаннан кешіктірмей табыс етеді. Осы аталған үш №1-Е нысандарында көрсетілген көрсеткіштерінде үлкен айырмашылықтар кездеседі, яғни уақыт өткен сайын ақпараттар көздері ұлғаяды. Оны мынадан көруге болады:
Айлық №1-Е нысаны бойынша есептілікте сол есеп беретін ай ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны (қосымша жұмыс істейтіндерді қоспағанда), қабылданған қызметкерлер саны, тізімнен тыс құрам мен қосымша жұмыс істейтіндер саны, барлық қызметкерлердің еңбек еткен адам-сағатының нақты саны мен бос жұмыс орындар саны көрсетіледі. Осы нысан əрбір есепті тоқсанның алғашқы екі айында, ал үшінші айында №1-Е (тоқсандық) нысаны толтырылады;
Тоқсандық№1-Енысаныбойыншаесептілікте, айлық есеп- те көрсетілген көрсеткіштерден басқа қосымша: жұмыс күшінің қозғалуы, оларды оқыту, қайта даярлау жəне біліктілігін көтеру, гендерлік жəне кəсіпкерлік аспектілері, сыртқы қосымша жұмыс істейтіндердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойын- ша істейтіндердің жəне жұмыс уақытын толық істемейтіндердің саны көрсетіледі. Бұл нысан əр есепті тоқсанның соңғы айына, есепті тоқсанға жəне жылдың басынан бергі кезеңге толтырыла- ды;
Жылдық №1-Е нысаны бойынша есептілікте, тоқсандық есепте көрсетілген көрсеткіштерден бөлек, яғни деректердің толық қорытынды тізімдеріне қоса қызметкерлердің күнтізбелік уақыт
қорын пайдалануы жəне жұмыс күштерін сақтау шығындарының құны сипатталады.
Шағын кəсіпорындар №2-МП-«Шағын кəсіпорындар қызметтерінің негізгі көрсеткіштері» атты мемлекеттік статис- тикалық есептілік нысанын толтыру арқылы, өздері тұрған жеріндегі жергілікті статистика органына тоқсан сайын жəне жылына бір рет есеп береді. Ондағы алынған ақпарат көздері үнемі біріктіріліп отырады жəне оның сапасы, шынайылығы, дұрыстылығы тексеріледі, қатесі болса дер кезінде түзетіледі.
Айта кететін бір жай 1998 жылдан бастап жұмыс тəжі- рибесіне зиянды жəне басқа қолайсыз жағдайда еңбек ететін қызметкерлердің санын анықтау туралы статистикалық зерт- теу еңгізілді. Зерттеу жұмысы экономика салаларының көпші- лігінде, яғни өнеркəсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, денсаулық сақтауда жəне ғылым сияқты салаларда жаппай негізде өткізілуде. Зерттеу құралы мемлекеттік статистикалық есеп берушіліктің №1-Е (еңбек жағдайлары) «Зиянды жəне басқа қолайсыз жағдайда еңбек ететін қызметкерлердің саны тура- лы» жылдық есеп нысаны болып табылады. Жұмысшылардың саны туралы деректер кəсіпорындар мен ұйымдардың зиянды өндіріс факторларының деңгейін тексеру кезінде анықталады. Зиянды өндіріс факторларының тізімі «Еңбек гигиенасы бо- йынша санитарлық ережелер мен нормаларда» бекітілген сани- тарлық-гигиеналық нормаларға сəйкес белгіленген. Ал ауыр еңбек пен айналысатын жұмысшылардың саны «Қол еңбегімен бірқалыпты еңбектің ауырлығын айқындау жөніндегі əдістемеге» сəйкес анықталады. Зиянды жəне қауіпті жағдайда еңбек ету үшін жеңілдіктер мен өтемақылар (қосымша ақы) кəсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің барлық санаттарына беріледі. Бұл «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жəне қызметкерлердің жекелеген са- наттарының еңбек қатынастарын анықтайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде толықтай көрсетілген.
Сонымен, Республика жəне аймақтар (облыстар) бойынша жұмыс күші туралы ақпараттар алу үшін:
№1-Е-«Еңбек туралы есеп», айлық;
№1-Е-«Еңбек туралы есеп», тоқсандық;
№1-Е-«Еңбек туралы есеп», жылдық;
№1-Е-(Еңбек жағдайлары) - «Зиянды жəне басқа қолайсыз жағдайда еңбек ететін қызметкерлердің саны туралы есеп», жылдық;
№2 - МП-«Шағын кəсіпорындар қызметтерінің негізгі көр- сеткіштері туралы есеп», тоқсандық жəне жылдық жалпы мем- лекеттік есеп беру нысандарын қолданады.
Жоғарыда берілген статистикалық есеп беру нысандарында:
есеп беретін кезең ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны;
барлық қызметкерлер ішіндегі əйелдердің орташа тізімдік саны;
орташа жалақыны есептеу үшін қабылданатын қызмет- керлердің нақты саны;
негізгі қызметтегі жəне қосымша жұмыс істейтін қызмет- керлердің саны;
жұмысқа басқа (сыртқы) ұйымдардан алынған қосымша жұмыс істейтіндердің саны (ұйымның тізімдік құрамында тұр- майтындар);
жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша орындайтын қызметкерлердің саны;
қызметкерлердің жалпы жалақы қоры;
бір қызметкерлердің орташа айлық жалақысы;
барлық қызметкерлердің еңбек еткен адам-сағатының нақты саны;
қызметкерлердің қозғалысы жəне т.б. негізгі көрсеткіштер көрсетіледі.
Осы берілген көрсеткіштер экономика салалары, аймақтар (об- лыстар), қызметкерлер құрамының санаттары бойынша жиынтық ақпарат ретінде өңделеді, есептеледі жəне белгілі бір мөлшерде қорытынды жасалады.
Кəсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеу уақыттарына байланысты жұмыс күшінің санын анықтау үшін əртүрлі есептеу тəсілдері қолданылады жəне ол төмендегідей:
егер есепті кезең ішінде құрылымдық бірліктер мен жекеле- ген бөлімшелер бір ұйымнан екінші ұйымға берілген жағдайда, берілген ұйымның еңбек туралы статистикалық есептілігінде көрсетілген деректер жыл басынан бергі кезең үшін алып тас- талынады да, осы құрылымдық бірліктер мен бөлімшелер
құрамына кірген ұйымның есебіне дəл сол сияқты жыл басынан бастап енгізіледі;
есепті кезең ішінде ұйым немесе заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған болса, онда олар жұмыс істеген кезеңдегі, яғни жыл басынан бастап таратылған мезетіне дейінгі немесе қайта ұйымдастырылған уақытынан кейінгі деректер еңбек туралы есептіліктен шығарылмайды жəне жыл аяғына дейін есептеледі;
егер заңды тұлға өз қызметін толықтай тоқтататын болса, онда заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне осы туралы жазба түрінде өтінішін өзткізгеннен кейін ғана тоқтатылған бо- лып саналады жəне жергілікті статистика органына есеп беруден босатылады.
Жалпы алғанда жоғарыда аталған ақпарат көздері арқылы ре- спублика, облыстар, қалалар, аудандар жəне экономика салала- ры бойынша жұмыс күшімен қамтылғандардың санын анықтауға жəне жұмыс уақытын тиімді пайдалану жағын көрсетуге толықтай мүмкіншілік туады. Сондай-ақ жұмыс күші туралы экономикалық болжау жасау үшін де қолданылады.
3.2. Жұмыс күшінің құрамы мен санын статистикалық зерттеу
Халықаралық стандартқа байланысты еңбек нарқын бағалау кезінде халық: экономикалық белсенді жəне экономикалық белсенді емес халық санаттарына бөлінеді. Осының ішінде эко- номикалық белсенді халықтың, яғни жұмыс күшінің атқаратын рөлі өте жоғары бағаланады. Себебі, экономикалық белсенді халықтың деңгейі арқылы еңбекке жарамды халықты жұмыс- пен қамтамасыздандыру саясатын жүргізуге, кəсіби мамандарды тұтыну мөлшерін анықтауға, еркектер мен əйелдердің еңбекке араласу белсенділігінің ұзақтығын есептеп шығаруға, еңбекке жарамды жасқа қосылатын жасөспірімдер мен зейнеткерлікке шығатын егде жастағылардың үлесін анықтау үшін қолданылады. 1982 жылға 13-Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысына сəйкес экономикалық белсенді халыққа – еңбекке жарам- ды жастағы еңбек ресурстарының ішінде тауарлар өндіру мен қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін жұмыс күші жатады.
Оның құрамына халықаралық стандартқа байланысты 15 жас жəне одан жоғары жастағылар жатқызылады, ал біздің Респу- бликамызда еңбек шартын жасауға 16 жасқа толғандарға жол берілген. Кейде орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда 15 жасқа толғандарды ата- аналарының немесе қамқоршының, қорғаншының келісімімен еңбек шартын жасаса алады.
Еңбек статистикасында жұмыс күшінің құрамын зерттеу кезінде экономикалық белсенді халықтың абсолюттік шамасын анықтап ғана қоймай, сонымен бірге оның деңгейінде есептеп шығарады. Оны есептеу үшін экономикалық белсенді халықтың санын 15 жас жəне одан жоғары жастағы халықтың санына бөледі немесе мына формула бойынша есептейді:
Кэ.б.д.
Sэ.б.х. ,
S15жас.ж.х.с.
мұнда, К э.б.д - экономикалық белсенділік деңгейі;
S э.б.х - экономикалық белсенді халықтың саны;
S 15 жас.ж.х.с. - 15 жас жəне одан жоғары жастағы халықтың саны. Экономикалық белсенді халықтың өзі экономикамен шұғылданушылар (жұмыс пен қамтылғандар) жəне жұмыссыздар
болып екіге бөлінеді.
Экономикамен шұғылданушылар (жұмыспен қамтыл- ғандар) деп – еңбекке жарамды жастағы жұмыс күшінің қандай- да бір жұмыспен айналысатындарды, яғни жалданып жұмыс істеушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды айтады.
Жалданып жұмыс істеушілер деп – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нор- мативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыратын, яғни жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін жəне оларға табыс немесе кіріс əкелетін жұмысты айтады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп – еңбекке, жұмыс орнымен кəсіпті таңдауға қабілетін еркін пайдалану арқылы өздеріне кіріс əкелетін жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жа- рамды жастағы азаматтарды айтады.
Экономикамен шұғылданушыларды да абсолюттік жəне қатысты шамалармен сипаттайды. Соның ішінде қорытындылау-
шы көрсеткіш ретінде жиі қолданылатыны оның деңгейін анықтау болып табылады жəне оны есептеу үшін жұмыспен қамтылған халықтың санын экономикалық белсенді халықтың санына бөлу керек немесе оның формуласы мынадай:
Кэ.ж.д.
Sж.к.х. ,
Sэ.б.х.
мұнда, К э.ж.д. - экономикамен шұғылданушылардың деңгейі; S ж.к.х. - жұмыспен қамтылған халықтың саны;
S э.б.х. - экономикалық белсенді халықтың саны Көрсетілген формула арқылы экономикалық белсенді халық-
тың еңбек нарығында қандай деңгейі жұмыспен қамтылғандығын жəне өткен уақыт көрсеткіштерімен салыстыра отырып, оның динамикасының немесе кему процестерін сипаттайды. Сонымен бірге басқа мемлекеттер мен оның топтық белгілері арасындағы айырмашылықтарды көруге толық мүмкіншілік туады. Мұнда топтық белгілерге халықтың жастық-жыныстық құрамдары не- гізгі көрсеткіш болып саналады жəне əрбір мемлекеттің гендірлік саясатын қалай жүргізетіндігін сипаттайды.
Жұмыссыздар деп – еңбекке жарамды 15 жас жəне одан жоғары жұмыс күшінің ішінде қандай да бір себептерге байла- нысты қоғамдық өндіріспен шұғылданбайтындарды, яғни жұмыс істемейтіндерді жəне халықаралық еңбек ұйымының (Х.Е.Ұ) мына үш критериясына (жұмысы, табысы, (кірісі) жоқтары, жұмысқа орналасу туралы өтінгені; белгілі кезең ішінде кезкел- ген жұмысқа тұруға дайын екендігі) жататындарды айтады.
Алдыңғы белгілер сияқты мұнда да жұмыссыздардың дең- гейін қарастыра отырып, оның жылдан-жылға азда болса төмен- дегенін көруге болады жəне бұл көрсеткішті есептеу үшін жылдық жұмыссыздардың санын экономикалық белсенді халықтың саны- на бөлу керек немесе мына формуланы қолдану арқылы есептейді:
Sэ. б. х.
кжұм=
Sжұм.
мұнда, К жұм. - жұмыссыздардың деңгейі; S жұм. - жұмыссыздардың саны;
Sэ.б.х. - экономикалық белсенді халықтың саны.
Статистикада жұмыссыздардың деңгейін анықтап ғана қой- май, сонымен бірге олардың ішіндегі жастардың үлесін жеке қарастырады. Себебі қазіргі кезде жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамту – бұл саяси проблемалардың бірі болып сана- лады жəне оған 15-24 жас аралығындағы жастар жатқызылады. Осыған орай оларды зерттеу кезінде бір-бірінен айырмашылығы бар 4 индикаторды пайдаланады жəне олардың əрқайсысы əртүрлі аспектілерді қарастырады. Ол төмендегідей:
жұмыссыз жастардың деңгейін анықтау үшін 15-24 жас аралығында жұмыссыз жүрген жастар санын бөлу керек эко- номикалық белсенді халықтың ішіндегі осы жастағы жастардың санына;
жұмыссыз жастардың деңгейінің жұмыссыздар ішіндегі үлкен жастағылар деңгейіне қатынасы;
жалпы жұмыссыз халықтың ішіндегі жұмыссыз жастардың үлесі;
жалпы жас халықтың ішіндегі жұмыссыз жастардың үлесі.
Экономикалық белсенді емес халық деп – еңбекке жарамды жастағы жұмыс күшін зерттеу кезінде қоғамдық жұмыстармен айналыспайтындар мен жұмыссыздар санатына жатпайтындарды айтады жəне оның құрамына мыналар жатады:
оқушылар;
оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқитын студенттер;
зейнеткерлердің барлық түрлері;
мүгедектер;
өзінің жеке меншігінен табыс табатындар;
үй шаруашылығымен айналысатындар;
түрлі себептерге байланысты еңбекпен шұғылданғысы кел- мейтіндер.
Қазақстан бойынша экономикалық белсенді емес халықтың саны өте үлкен жəне жылдан-жылға көбеюде. Осыған орай оның үлесі де өсуде. Экономикалық белсенді емес халықтың үлесін анықтау үшін, оның сандық көрсеткішін бөлу керек сол кезеңдегі 15 жас жəне одан жоғары жастағы халықтың санына немесе мына формула бойынша:
Кэ.б.д.
Sэ.б.х. ,
S15жас.ж.х.с.
мұнда, Кэ.б.д - экономикалық белсенділік деңгейі;
S э.б.е.х - экономикалық белсенді халықтың саны;
S 15 жас.ж.х.с. - 15 жас жəне одан жоғары жастағы халықтың
саны.
Төменде республика бойынша экономикалық белсенді жəне белсенді емес халықтың соңғы бес жылдағы динамикасын 3.1-кес- теде келтіреміз:
-кесте. ҚР экономикалық белсенді жəне белсенді емес халқының динамикасы (15 жас жəне одан жоғары жастағылар)1)
Көрсеткіштер
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Экономикалық белсенді халық, мың адам
|
8028,9
|
8228,3
|
8415,0
|
8457,9
|
8610,7
|
Экономикалық белсенді халықтың деңгейі, %
|
69,7
|
70,4
|
71,1
|
70,7
|
71,2
|
Экономикамен шұғылданушылар, мың адам
|
7403,5
|
7631,1
|
7857,2
|
7903,4
|
8114,2
|
Экономикамен шұғылданушылардың деңгейі, %
|
92,2
|
92,7
|
93,4
|
93,4
|
94,2
|
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам
|
4776,6
|
4973,5
|
5199,4
|
5238,8
|
5409,4
|
Экономикамен шұғылданушылардың ішіндегі жалдамалы қызметкерлердің үлесі, %
|
64,5
|
65,2
|
66,2
|
66,3
|
66,7
|
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, мың адам
|
2626,9
|
2657,6
|
2657,8
|
2664,6
|
2704,8
|
Экономикамен шұғылданушылардың ішіндегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі, %
|
35,5
|
34,8
|
33,8
|
33,7
|
33,3
|
Жұмыссыздар, мың адам
|
625,4
|
597,2
|
557,8
|
554,5
|
496,5
|
Жұмыссыздардың үлесі, %
|
7,8
|
7,3
|
6,6
|
6,6
|
5,8
|
Экономикалық белсенді емес халық, мың адам
|
3493,9
|
3463,2
|
3416,2
|
3500,3
|
3487,7
|
Экономикалық белсенді емес халықтың үлесі, %
|
30,3
|
29,6
|
28,9
|
29,3
|
28,8
|
1). Стат.анықтама «Қазақстан 2010 жылы».- Астана, 2011.- 92- б.
Жұмыс күшін статистикалық зерттеудің əлеуметтік-эконо- микалық маңызы оның саны мен құрамын, орналасуы мен өсің- кілігін қарастырып қана қоймай, сонымен бірге жұмыс уақыты мен еңбек жағдайын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін де қарастырады. Осыған орай, жұмыс күші мен уақытын пайдала- нуды зерттеуде статистиканың алдына: жұмыскерлердің санын есептеу;
жұмыскерлерді құрамы бойынша топтастыру;
кəсіпорындар мен ұйымдар жəне тағы басқалардың жұмыс күшімен толық қамтуын қарастыру;
жұмыскерлер санының есепті мерзімде өзгеру себептерін анықтау;
жұмыс уақытын есептеу тəртібін білу;
жұмыс уақыт қорлары есебін табу;
жұмыс уақытының балансын құру;
жұмыс уақытын нəтижелі пайдалану көрсеткіштерін есептеу сияқты көптеген мақсаттар қойылған .
Жұмыскерлердің санын есептеу. Жұмыскерлердің жалпы санын есептеу кезінде оларды материалдық жəне материалдық өндіріс емес салаларға,ал оның өзін өндірілетін өнім мен көр- сетілген қызметтер түрі бойынша бөледі. Алға қойған мақсатқа байланысты жəне жұмыскерлердің санын анықтау үшін оларды санатқа жатқызуға болады. Ол санаттарға:
жұмыскерлердің тізімдік саны;
жұмысқа келгендердің саны;
нақты жұмыс істегендердің саны кіреді.
Уақыттың кез келген мезетіндегі жұмыс күшінің барлығы туралы негізгі көрсеткіш жұмыскерлердің тізімдік саны жатады. Тізімге бір күннен артық жұмысқа қабылданған, іс жүзінде жұмыс істеген жұмыскерлердің бəрі, яғни тұрақты, уақытша (бес күннен көп мерзімге) жəне маусымдық жұмысқа алынғандар кіргізіледі.
Тұрақтыларға еңбек шартының мерзімі анықталмаған, яғни белгісіз мерзімге жұмысқа қабылданған жұмыскерлер жатады.
Уақытшаларға немесе белгілі бір мерзімге қабылданғандар деп алдын ала еңбек шарты келісілген жəне анықталған уақыт мерзіміне жұмысқа алынған адамдар жатады. Мұнда жұмысқа қабылданған жұмыскерлердің белгілі бір мерзімге, не белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасасатын жəне осы мерзім
өткен соң, яғни берілген жұмыс көлемі орындалғаннан кейін тоқтатылатын келісім.
Маусымдықтарға табиғи жəне ауа райы жағдайларына бай- ланысты бүкіл күнтізбелік жыл емес, алты айдан аспайтын белгілі бір маусымның (кезеңнің) ішінде жұмыс атқаратын жұмыскерлер жатқызылады.
Статистикада жұмыскерлердің тізімдік сан құрамына:
шын мəнінде жұмысқа келгендер жəне іркіліс себебі бо- йынша жұмыс істегендерді қоса;
жұмыскерлердің оған тапсырылатын жұмысқа сəйкестігін тексеру мақсатында жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданғандар;
жеке еңбек шартының талаптары бойынша толық емес жұмыс күніне немесе толық емес жұмыс аптасына жұмысқа қабылданғандар. (Бұл топқа «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңға сəйкес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына белгіленген жұмыскерлердің жекелеген санаттары жатады, яғни он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін-аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейінгілер мен зиянды немесе ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтындар);
жұмыс бабымен іссапарларда жүргендер;
жұмыс беруші мен жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау туралы жеке еңбек шарттарын жасасқандар;
ұйымнан тыс жерлерде уақытша жұмыс істейтіндер, егер олар жалақыны осы ұйымнан алатын болса;
басқа ұйымдардан жұмысқа уақытша тартылғандар, егер жалақысы негізгі жұмыс орны бойынша сақталмай қалса;
вахталық əдіспен жұмыс істейтіндер;
уақытша жұмыста жоқ жұмыскерлердің орнына қабыл- данғандар;
ұйымда өндірістік практика өткізіп жүрген жəне жұмыс орнына немесе лауазымға қабылданған білім беру мекемелерінде оқитын студенттер;
бірлескен кəсіпорындарда жұмыс істейтін басқа елдердің жұмысшылары мен мамандары енгізіледі.
Тізімдік құрамға ұйымда түрлі себептерге байланысты уақытша жоқ болған жұмысшылар да кіргізіледі жəне оған:
ауруына байланысты жұмысына келмегендер;
5–932 65
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға бай- ланысты жұмысқа шықпағандар;
біліктілігін арттыру немесе немесе қайта даярлау үшін білім беру ұйымдарына өндірістен қол үзіп жіберілгендер (жалақысы сақталған болса);
ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында жүргендер;
жүктілігі жəне босануы бойынша демалыста жүргендер, сондай-ақ жаңа туған нəрестелерді перзентханадан асырып алған əйелдер (еркектер);
əкімшіліктің рұқсатымен жалақысы сақталмайтын демалыс- та жүргендер;
өндірістегі іркіліске байланысты ақысыз демалыста жүр- гендер;
демалыс неменсе мереке күндері істеген жұмысы үшін қосымша демалыс күнін алғандар;
ұжымдық еңбек дауларын шешу үшін ереуілдерге қаты- сатындар;
өкім шыққанға дейін тергеуде жатқандар жатады.
Жұмыскерлердің тізімдік санын анықтау үшін түрлі есеп- теу əдістері мен тəсілдері қолданылады жəне ол төмендегідей: а) анықталған мезеттегі жұмыскерлердің тізімдік санын анықтау үшін алдыңғы күні тізімде болғандар санына қосу ке- рек, сол күні тізімге кіргізілгендерді жəне сол күні тізімнен шыға- рылғандарды одан алу керек немесе мына формула бойынша
есептейді:
Sтіз.=Sа.т.+Sкел.-Sкет., мұнда, Sтіз. - жұмыскерлердің тізімдік саны;
Sа.т. - алдыңғы күні тізімде болғандар саны; Sкел. - сол күні тізімге кірілгендер саны;
Sкет.- сол күні тізімнен шығарылғандар саны.
ə) жұмыскерлердің тізімдік саны уақыт өткен сайын өзгеріп
тұратын болғандықтан есептік көрсеткіштерінде орташа тізімдік саны қажет болады. Оны анықтау үшін арифметикалық орта- ша шаманың жай түрінің формуласын қолданады жəне ол төмендегідей:
S тіз. Sб Sa ,
2
мұнда, S тіз. - жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;
S б - жұмыскерлердің сол уақыт басындағы саны; S а - жұмыскерлердің сол уақыт аяғындағы саны.
Бұл есептеу əдісі экономика салаларының барлығында қол- данылады, егер де жұмыскерлердің тізімдік саны есептеуге алынған уақыт кезеңінің басы мен аяғына (айдың, тоқсанның жəне жылдың) берілген болса;
б) егер жұмыскерлердің саны бір ай бойы əр күн бойынша берілетін болса, онда орташа тізімдік санын анықтау үшін барлық күнде тізімде тұрғандар санының қосындысын сол айдағы күндер санына бөлу керек немесе мына формула арқылы анықталады:
S S ,
1
тіз. t
мұнда, S1- əр күндегі тізімде тұрғандардың саны; t-сол айдағы күннің саны;
в) егер жұмыскерлердің тізімдік саны ұзақтығы бірдей емес күнмен немесе аймен берілген болса, онда олардың орташа тізімдік санын анықтау үшін арифметикалық орташа шаманың салмақталған түрінің формуласын қолданады:
мұнда S-əр күндегі тізімде тұрған жұмыскерлердің саны; t- сол айдағы күннің саны.
Мысалы, жұмыскерлердің орташа тізімдік саны бірінші жарты жылдықта - 320, 3-тоқсанда - 326, қазанда - 331, қарашада - 345 адам болды.
Жыл басынан бастап, желтоқсан айына дейінгі жұмыскер- лердің орташа тізімдік санын анықтау керек жəне ол төменде- гідей:
S тіз.
St
t =
320 6 326 3 331 345
6 3 1 1
3574
1
325 адам;
г) егер кəсіпорын немесе ұйым өзінің іс-əрекетін айдың басы- нан емес белгілі бір күннен бастаған болса, онда жұмыскерлердің орташа тізімдік санын есептеу үшін, сол күннен бастап айдың аяғына дейінгі адамдардың санын қосып, қосындыны сол айдағы күннің толық санына бөлу керек. Айталық кəсіпорын маусым айының 20 бастап жұмыс істей бастады жəне айдың аяғына дейінгі жұмыскерлердің күнделікті тізімдегі саны 520 адам болды. Маусым айы бойынша жұмыскерлердің орташа тізімдік санын анықтау керек. Ол үшін айдың 20-нан аяғына дейінгі жұмыскерлердің күнделікті санын бір-біріне қосып, (немесе сол күндерге көбейтіп) қосындыны сол айдағы күннің санына бөлу керек (520·10÷30=173 адам).
Тізімде тұрғандардың ішінде нақты жұмысқа шыққандар мен іссапарда жүрген жұмыскерлер жұмысқа келгендер санатына жатқызылады.
Кəсіпорындар мен ұйымдар жəне т.б. тізімде тұрған жұмыскер- лердің жұмысқа келген немесе келмегендерін табельдік есепке алады жəне сол арқылы жұмысқа келудің адам-күні мен жұмыскерлердің орташа санын анықтайды. Ол үшін жұмысқа келген адам-күндердің қосындысын сол мерзім (ай, тоқсан, жыл) ішіндегі жұмыс күнінің санына бөліп, жұмысқа келген жұмыскерлердің орташа санын есептейді немесе мына формула бойынша анықтайды:
Т а/ k
S кел.
кел ,
Достарыңызбен бөлісу: |