Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет34/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   184
Күнтізбелік уақыт қоры деп есепті мерзімдегі жұмыскер-

лердің жұмысқа келген жəне келмеген барлық адам-күндерінің қосындысын айтады. Мысалы, бір жылда күнтізбе бойынша 365(+1) күн болса, онда бір адамға шаққанда күнтізбелік уақыт қоры 365 адам – күнге тең болды деген ұғымды білдіреді.

Күнтізбелік уақыт қоры екі тəсілмен есептелінеді:

Тк.у.қ. = ТКЕЛГЕН. + ТКЕЛМЕГЕН,

мұнда, Тк.у.қ. – күнтізбелік уақыт қоры;



Ткелген. – жұмысқа келген адам-күндер; Ткелмеген. – жұмысқа келмеген адам-күндер;


Sтіз. – жұмыскерлердің орташа тізімдік саны; К – сол уақыт кезеңіндегі күнтізбелік күн.

Өндіріс процесінде күнтізбелік уақыт қордың барлығы пай- даланбайды, яғни мереке жəне демалыс күндерге байланысты. Осыған орай, күнтізбелік уақыт қорынан мереке жəне демалыс күндерге байланысты жұмысқа келмеген адам-күндердің санын шегеретін болсақ, онда табельдік уақыт қорының мөлшерін анықтаймыз немесе мына формула бойынша есептейміз:

Тт.у.қ.к.у.қ. Тм/д, мұнда, Тт.у.қ. табельдік уақыт қоры;

М – мереке күндері;

Д – демалыс күндері.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге жұмыс орны (кызметі) мен жалақысы сақтала отырып, жыл сайын ақылы негізгі (кезекті) демалыс беріледі. Егер табельдік уақыт қорынан ақылы кезекті демалыс күндерді шегеретін болсақ, онда жоғары мүмкіндікті уақыт қоры анықталады немесе мына формула бойынша есептеледі:

Тж.м.у.қ.= Тт.у.қ. Тк.д., мұнда, Тж.м.у.қ. – жоғары мүмкіндікті уақыт қоры;

Тк.д – кезекті демалыс күндері.

Жоғары мүмкіндікті уақыт қоры бұл əрбір мекеме, кəсіпо-

рындар мен бірлестіктердің жұмыс уақыт ресурстарының əлеуеті бар уақыт қоры деп те атайды.

Түрлі себептердің əсер етуіне байланысты жоғары мүмкін- дікті уақыт қоры толығымен пайдаланбайды. Осыған орай, оны:

6–932 81



  • нақты істелінген жұмыс уақыты;

  • орынды себептерге байланысты істелінбеген жұмыс уақыты;

  • ысырап болған жұмыс уақыты деп үш түрге бөлуге болады. Нақты істелінген жұмыс уақыты деп іс жүзінде жұмыс берушінің актілері мен еңбек шарттарының талаптарына сəйкес еңбек міндеттерін орындауға жұмсалынған нақты адам-күндер

мен адам-сағаттарды айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет