Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет27/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

t




мұнда, S кел.- жұмысқа келген жұмыскерлердің орташа саны;

а/ k

Т кел

-жұмысқа келген адам күндерінің қосындысы;




t- сол мерзім ішіндегі күнтізбелік жұмыс күннің саны.

Егер жұмыскерлер жұмысқа келіп, қандай да бір себептерге байланысты күні бойы жұмыспен айналыспайтын болса, онда оларды жұмыссыз тұрған күнге жатқызады. Оны адам-күндердің жалпы санына алып тастасақ, барлық жұмыскерлер жұмыс істеген адам-күндердің жалпы саны шығалы. Есептелген көрсеткішті күнтізбелік жұмыс күндер санына бөлсе, онда іс жүзінде жұмыс істеген жұмыскерлердің орташа санын анықтаймыз.

Жұмыскерлердің құрамын топтастыру. Жұмыскерлерді атқаратын қызметі мен істейтін істерінің сипатына байланысты топқа бөлудің тəжірибелік маңызы жоғары бағаланатын жəне эко- номика салалары бойынша жеке қарастыра отырып, Республика көлемінде жалпы көрсеткіштер толықтай анықталады. Осыған орай жұмыскерлерді топтастыру екі бағытта жүргізіледі:

  • жұмыс істейтін орнына (цехына, бөлімшесіне);

  • атқаратын қызметіне (міндетіне), істеген жұмысына байла- нысты жүргізіледі.

Кəсіпорындар мен бірлестіктерде жəне тағы басқаларда жұмыс істейтін жұмыскерлер жұмыс орнына байланысты:

  • кəсіпорындар мен бірлестіктердің, ұйымдардың негізгі іс əрекетімен айналысатын қызметкерлер (персоналдар), басқаша айтқанда, өнеркəсіп- өндірістік жұмыскерлер (ӨӨЖ);

  • кəсіпорындар мен бірлестіктерде ұйымдарда өнеркəсіп- өндірістік іс əрекетке жатпайтын істермен (жұмыстармен) айна- лысатын жұмыскерлер болып екіге бөлінеді.

Өнеркəсіп-өндірістік жұмыскерлер өз кезегінде екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа өнім өндірумен айналысатындар, ал екінші топқа сол өнімді өндіруге əсерін, көмегін тигізетін, яғни басшылық жасайтын (технология, жоспарлау, бухгалтерия жəне тағы басқа бөлімшелер) жұмыскерлер жатады.



Экономика саласында жұмыскерді атқарып жүрген қызмет, жұмыс сипатына байланысты алты топқа бөледі:

  1. жұмысшылар;

  2. жұмысшы- шəкірттер;

  3. инженерлік техникалық жұмыскерлер (ИТЖ);

  4. қызметкерлер;

  5. кіші қызмет көрсетуші жұмыскерлер;

  6. күзетші жұмыскерлер.

Осы аталған жұмыскерлер топтарының өндіру процесіне тікелей қатысатын, яғни материалдық құндылықтарды жасайтын, сондай-ақ жөндеу, жүк алып өту, жолаушылар тасымалдау жəне тағы басқадай жұмыстармен айналысатын тұлғалар жатады.

Жұмысшы кəсібін жеке немесе бригадалық түрде жұмыс ор- нында, өндіріс процесінде үйренетіндер шəкірттерге жатады.

Кəсіпорындар мен бірлестіктерде жəне тағы басқа əкімшілік-

техникалық жетекшілік етуі жүзеге асыратын, атқаратын қызметі кəсіби біліктеріне сəйкес келетін (шеберлер, прорабтар, инже- нерлер, экономистер) бірақ, арнаулы білімдері мен дипломда- ры жоқтарды инженерлік-техникалық жұмыскерлер қатарына жатқызады.

Арнаулы жəне жоғары білімдері бар əкімшілік-шаруашы- лық жəне кеңсе қызметтерімен айналысатындарды (инженерлік- техникалық жұмыскерлерден басқалары) қызметкерлер деп айта- ды.

Кіші қызмет көрсетуші жұмыскерлердің құрамына аула мен өндірістік емес жайларды жинайтындар, қызметтік жеңіл ма- шиналарды жүргізушілер жəне тағы басқадай осыған ұқсас жұмыспен айналысатындар жатады.

Өрт сөндірушілер мен күзеттің барлық түрімен айналысатын- дар, тіпті, бастықтарына дейінгілер күзетші жұмыскерлер сана- тына жатады.

Жоғарыда аталған жұмыскерлердің осы барлық топтық көрсеткіштерін еңбек туралы №1-Е статистикалық есептіліктің бірінші бөлімінің соңында:

  • жұмысшылар;

  • қызметкерлер деп негізгі екі топқа топтайды.

Жұмысшылар құрамын жеке қарастыратын болсақ, олар- ды істейтін істеріне қарай тағыда екі топқа бөледі: негізгі жəне көмекші (жəрдемші) жұмыстарды атқаратын тұлғалар болып та- былады.

Кəсіпорындар мен ұйымдардың негізгі жұмысшыларына тікелей жəне жанама өнім өндірумен шұғылданатындар, яғни өндірістік жабдықтарда, станоктарда жəне тағы сол сияқты айна- лысатын жұмысшылар жатады.

Жұмыстың көмекші (жəрдемші) түрімен айналысатын жұ- мысшылар құрамына тікелей айналысатын жұмысшылар құра- мына тікелей өнім өндіруге қатыспайтын, бірақ сол өнімдерді өндіру үшін жағдай жасайтын, көмегін тигізетін (жөндеу, дайын- дау, реттеу, аула мен өндіріс орындарын сыпыру, тазалау, қойма жұмысшылары жəне соған ұқсас іспен шұғылданатын) тұлғалар жатады.

Əкімшілік-шаруашылық, басқарушылық, сондай-ақ инженер- лік-техникалық, экономикалық жəне басқа жұмыстармен айна-

лысатын, яғни жетекшілік етуді жүзеге асыратын жəне арнаулы білімдері бар адамдар қызметкерлер санатына жатқызылады.

Жұмыс орнымен қамтылған барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасының қазіргі күші бар Заңына сəйкес жұмыс топта- рына бөлінеді.



Еңбек туралы №1-Е статистикалық жылдық есептіліктің бірінші бөлімі бойынша қызметкерлерді жіктеу:

  • барлық деңгейдегі билік органдары мен басқармалардың басшылары;

  • жоғары деңгейдегі білікті мамандар;

  • орта деңгейдегі білікті мамандар;

  • ақпараттар даярлаумен, құжаттарды рəсімдеумен, есеп жүр- гізу мен айналысатын қызметкерлер;

  • қызмет көрсету, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, сау- да жəне қоғамдық тамақтану орындарында жəне қызметтің ұқсас кəсіп түрлерімен айналысатын білікті мамандар;

  • ауыл, орман, аңшылық, балық өсірумен жəне балық аулау шаруашылықтарының білікті қызметкерлері;

  • ірі жəне шағын өнеркəсіптік ұйымдардың, көркем өнер кəсіпшіліктің, құрылыстың, көліктің байланыстың, геология мен жер қойнауын барлаудың білікті мамандары сияқты негізгі топтар бойынша жүзеге асырылады.

Осы келтірілген қызметкерлердің топтық көрсеткіштерін:

  • басшылар;

  • мамандар;

  • басқалай қызметкерлер сияқты күрделі 3 топқа жіктеуге бо- лады.

Басшыларға кəсіпорындар мен ұйымдардың жəне олардың ішкі құрылымдарының іс-əрекетін басқарумен айналысатын жеке тұлғалар, мамандарға жоғары жəне арнаулы білімдермен қам- тылған кəсіби мамандықты білікті меңгерген жəне жетекшілік етуді жүзеге асыратын адамдар жатады.

Басқалай қызметкерлерге басшылар мен мамандардың атқа- ратын істерінен бөлек жұмыс пен айналысатындар жатады.

Жұмыс күшінің құрамын зерттеу кезінде оларды кəсібилігі мен біліктілік деңгейі бойынша да топтастырылады. Мұнда, жұмыскерлердің кəсіби деңгейі мен белгілі бір мөлшерде білімі мен жинақталған еңбек тəжірибесін атқаратын жұмысында іс-жүзінде қолдана білетін тұлғаларды айтады. Əрбір кəсіби



деңгейдің ішінен əртүрлі біліктілік шығады. Мысалы мамандар мен қызметкерлердің біліктілік деңгейі, олардың білім дəрежесін арнайы еңбекке қолдану жəне белгілі бір кезеңдерде атттестаттау- дан өткендігі арқылы анықталады.

Егер жұмысшылардың біліктік деңгейін анықтау керек бол- са, онда олардың жұмыс нəтижесіне жəне еңбек өнімділігіне байланысты берілген тарифтік разрядтары жатады. Бір топ жұмысшылардың тарифтік разьрядтары əртүрлі болады. Сон- дықтан қорытынды көрсеткіш ретінде олардың орташа разря- ды қолданады жəне оны есептеу үшін арифметикалық орташа шаманың салмақталған түрінің формуласын пайдаланады.

Еңбек нəтижесін талдауда жəне кадр сасатты жүргізу кезінде кəсіпорындар мен ұйымдар өздерінің жұмыскерлерінің демографиялық жағдайларына (жасына, жынысына, біліміне, жұмыс стажына жəне т.б. нысандарына) үлкен көңіл бөледі. Себебі бұл көрсеткіштер сол кəсіпорындар мен ұйымдардың экомикасының даму көзі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет