-кесте. Тауарлы өнімнің өзіндік құнының құрамы
Рет
№
|
Тауарлы өнімнің шығын баптары
|
Есепті мерзімде нақты шығарылған та- уарлы өнімдер, мың теңге
|
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы (үлесі), % есебімен
|
Үнемделген немесе артық жұмсалынған шығындардың өзгеруі
|
Нақты өзіндік құнның жоспармен салытырған- дағы өзгеруі
|
жоспар- ланған өзіндік құн
|
нақты бол- ған өзін- дік құн
|
жос- парлан- ған өзіндік құн
|
нақты болған өзіндік құн
|
абсолют- тік, мың теңге
|
%
есебімен
|
% есебі- мен
|
|
А
|
1
|
2
|
3=1:∑1
|
4=2:∑2
|
5=2-1
|
6=(5:1)·100
|
7=5:∑1
|
1
|
Шикізат- тар мен материал- дар
|
3600
|
3240
|
45,0
|
41,5
|
-360
|
-10,0
|
-4,5
|
2
|
Жұмса- лынған отын мен энергия
|
400
|
420
|
5,0
|
5,4
|
+20
|
+5,0
|
+0,25
|
3
|
Өндіріс жұмысшы- ларының еңбекақы- сы
|
1600
|
1680
|
20,0
|
21,5
|
+80
|
+5,0
|
+1,00
|
4
|
Ақаулық шығын- дар
|
−
|
40
|
−
|
0,5
|
+40
|
−
|
+0,50
|
5
|
Цех шығын- дары
|
1200
|
1260
|
15,0
|
16,2
|
+60
|
+5,0
|
+0,75
|
6
|
Кəсіпо- рынның жалпы шығын- дары
|
1040
|
1010
|
13,0
|
13,0
|
-30
|
-2,9
|
-0,38
|
7
|
Өнімнің өндірістік өзіндік құны (1+2+3+
4+5+6)
|
7840
|
7650
|
98,0
|
98,1
|
-190
|
-2,4
|
-2,38
|
8
|
Өндіріс- тен тыс шығын
|
160
|
150
|
2,0
|
1,9
|
-10
|
-6,3
|
-0,12
|
9
|
Өнімнің толық өзіндік құны 7+8)
|
8000
|
7800
|
100,0
|
100,0
|
-200
|
-2,5
|
-2,5
|
7.4-кестеде көрсетілген көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ, онда оның 1 жəне 2 бағаналарында көрсетілген сандық деректер кəсіпорынның №5–2 есеп беру формасынан алынған. Осы кестенің 3 жəне 4 бағаналарында тауарлы өнімдердің өзін- дік құндарының құрылымы жоспар бойынша жəне нақты түр- де пайызбен берілген, яғни есептелген үлестік мəндері.
Егер, тауарлы өнімнің шығын баптарын жеке қарастыратын болсақ, онда үлесі жағынан ең көп шығын мөлшері шикізаттар мен материалдардың үлесіне келетіндігі (45,0 жəне 41,5%). Ал, содан кейінгі шығынның көбі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына (20,0 жəне 21,5%) жəне цех шығындарының үлесіне (15,0 жəне 16,2%) келеді. Кестенің бесінші жəне алтыншы бағаналарында əр баптар бойынша үнемделген немесе артық жұмсалынған шығындардың жоспармен салыстырғандағы нақты көрсеткіштердің абсолюттік жəне пайыздық мəндері берілген. Мұндағы есептелінген көрсет- кіштердің негізін шикізат пен материалдарды үнемді жұмсаудан туындаған деген пікір пайда болады.
7 бағанада жеке баптардағы шығындардың толық өзіндік құнның өзгеруіне тигізген əсері көрсетілген.
Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымын зертте- генде, оның құрамына кіретін шығындардың ішінде ең үлкен үлестерге ие болатындарына: шикізаттар, материалдар, отын мен энергияны пайдалану жəне жұмыскерлердің еңбекақысы жатады. Жоғарыда көрсетілген мысал бойынша, олардың үлес салмағы 70% шамасын құрайды. Осыған байланысты сол баптардағы шығындардың өзгеруіне əсерін тигізетін себептерді анықтау үшін, талдау арқылы зерттеу жүргізейік.
Шикізат, материал, отын, электр қуаты мен басқа да мате- риалдық шығындардың, өнімнің бір бірлігіне шаққандағы келе- тін шығын мөлшері жеке анықталады жəне оның сату бағасы есептеледі.
Егер өнімнің бір бірлігіне шыққан материалдық шығынды
– m, оны дайындауға кеткен шығынды, дайындау бағасы ретін- де – р əрпімен, материалдарға шыққан шығынды - ∑mp деп белгілесек, ал өндірілген өнім көлемін (q) бірге қарастыратын болсақ, онда тауарлы өнімді өндіруге жұмсалынған материалдық шығындарды ∑mpq арқылы есептеуге болады.
Есепті мерзімде тауарлы өнімді өндіруге жұмсалынған ма- териалдық шығындарды базалық мерзіммен немесе жоспар-
мен салыстырғанда қалай өзгергендігін анықтау үшін индекс- тің мына формулаларын қолданады:
а) салыстырмалы түрінде:
Ιmp =
m1 p1 q1
m p q
немесе
m1 p1 q1
m p q ;
0 0 1
ж ж 1
б) абсолюттік мөлшерде:
∆mp = ∑m1p1q1 – ∑ m0p0q1 немесе ∑m1p1q1 – ∑mж pж q1.;
Материалдық шығынның өзгеруіне əсерін тигізетін себеп-
тердің – заттай мөлшердің (меншікті шығынның) жəне дайындау бағасының əсері былай табылады:
меншікті шығынның əсері: а) салыстырмалы түрінде:
I m =
m1 p0 q1
m p q
немесе
m1 pжq1 ;
0 0 1
mж pжq1
ə) абсолюттік мөлшерде:
∆∑ mpm = ∑ m1p0q1 –∑ m0p0q1 немесе ∑m1 pж q1 – ∑mж pж q1 .
дайындау бағасының əсері:
а) салыстырмалы түрінде:
I p =
m1 p1 q1
m p q
немесе
m1 p1 q1 ;
1 0 1
m1 pжq1
ə) абсолюттік мөлшерде:
∆∑mp p = ∑m 1p 1q 1 – ∑m 1p 0q 1 немесе ∑m 1p 1q 1 – ∑m 1 p ж q 1.
Бұл əдісті тек қана материалдық шығындарды талдауға емес,
сол сияқты шикізатты, отынды, электр қуатын жəне басқа да материалдық шығындардың өзгеруін талдауға болады.
Мысалы, кəсіпорын есепті мерзімде 5000 дана бір түрлі өнім шығарды жəне оған екі түрлі материал жұмсалынды. Төменде сол кеткен шығындарды 7.5-кесте арқылы келтіреміз:
7.5-кесте. Кəсіпорынның екі мерзімдегі өнім өндіруге жұмсаған шығындары
Жұмсалынған материалдардың түрлері
|
Меншікті шығын, кг⁄данасына
|
1 кг материалды дайындау бағасы, теңге
|
өткен мерзімде m0
|
есепті мерзімде m1
|
өткен мерзімде p0
|
есепті мерзімде p1
|
А
|
0,40
|
0,28
|
56
|
53
|
Б
|
0,16
|
0,15
|
80
|
78
|
Өнімнің 5000 данасына жұмсалынған материалдардың мен- шікті шығыны мен оны дайындау бағасының өзгеруіне байланыс- ты болған көрсеткішті индекстік əдіс арқылы анықтаймыз жəне ол төмендегідей:
m1 p1q1 (0.28 53 0.15 78) 5000 13270
I mp =
m0 p0 q1
(0.40 56 0.16 80) 5000 17600 = 0,751 немесе 75,4%;
∆∑mp = 13270 – 17600 = - 4330 теңге.
Демек, материалдардың меншікті шығыны мен дайындау бағасының төмендеуі нəтижесінде материалдық шығын 24,6% немесе абсолюттік мөлшері 4330 теңгеге азайған.
Меншікті шығынның азаюына байланысты материалдық шығынның қаншаға өзгергендігін жеке есептейміз жəне ол төмендегідей:
m1 p0 q1 (0.28 56 0.15 80) 5000 13840
I m =
m0 p0 q1
(0.40 56 0.16 80) 5000 17600 =0,786 немесе 78,6%;
∆∑mp m = 13840 – 17600 = -3760 теңге.
Меншікті шығынның азаюына байланысты материалдық
шығын 21,4% немесе 3760 теңгеге кеміген.
Дайындау бағаларының өзгеруіне байланысты материал- дық шығынның өзгерісін былай табамыз:
m1 p1q1
13270
Ip =
=0,959 немесе 95,9%;
m1 p0 q1 13840
∆∑mp p = 13270 – 13840 = -570 теңге.
Дайындау бағасының өзгеруіне байланысты материалдық шығын 4,1% немесе 570 теңгеге азайған.
Берілген үш индекстік көрсеткіштердің байланыстылығын қолдана отырып, олардың дұрыстығын тексереміз:
Imp = Im · Ip немесе 0,754 = 0,786 · 0,959;
∆∑mp = ∆∑mpm + ∆mpp немесе -4330 = -3760 +(-570).
Осы кəсіпорындарда материалдық шығынның төмендеуі көбінесе материалдарды үнемді жұмсаудың нəтижесінде болған жағдай деп есептейміз. Ал, дайындау бағалары аздаған ғана үнемдегені.
Жоғарыда көрсетілген есептеу тəсілдерін қолдану арқылы басқалай себептердің тигізетін əсерлеріне байланысты, шығын мөлшерін анықтауға толықтай болады.
Достарыңызбен бөлісу: |