Картопты дөңгелектеп турап, негізгі әдіспен қуырады, тұздап, қуыру шкафында толық дайындығына жеткізіледі.
Гарнир немесе жеке тағам ретінде қолданылады. 4.Үгітілгенкөкөністердендайындалғантағамдар. Картоптыкотлеттер Картопты жалпы схема бойынша қайнатып пісіреді, ыстық күйінде үгітеді, 600С температураға дейін суытады, байланысу үшін жұмыртқа қосады, котлеттер жасайды, кептірілген нанда панирлеп, негізгі әдіспен қуырып, қыздыру шкафында ысытады, себебі картоптың жылуөткізгіштігі төмен.
Гарнирсіз жібереді, порциясына 2дана ұсынылады, саңырауқұлақты соуспен ұсынады.
Орамжапырақтан/сәбізден/қызылшаданкотлеттер Көкөністі қайнатып пісіреді, үгітеді, сүт қосады, аз мөлшерде манна жармасын ұосып қайнатады, 600С температураға дейін суытады, байланыс үшін жұмыртқа қосады, котлеттер жасап, кептірілген нанда панирлейді, қуырып, қуыру шкафында ысытады.
Сәбізден және қызылшадан котлеттерге арналған қаймақты соуспен және орамжапырақтан котлеттерге арналған жұмыртқалы-майлы соуспен ұсынады.
Картоптыкрокеттер Картопты пісіріп, үгітеді, сары май, ұрғыланған жұмыртқа қосады, шарик формасында крокеттерді дайындайды, кептірілген нанда панирлеп, фритюрде қуырады.
Картоптызраздар Картопты пісіірп алады, үгітеді, суытады, жұмыртқа қосады, шелпек формасына келтіреді, зразды фаршты салады, зраз формасында орап, кептірілген нанда панирлеп, қуырады, содан кейін ысытады. Саңырауқұлақты соуспен ұсынады.
Бұқтырылғанкөкөністердентағамдар.
Бұқтыру – бірінші қуыру, содан кейін өз шырынында немесе суда немесе сорпада немесе соуста бұқтыруға негізделген кешенді процесс.
Бұқтырылғанкартоп Картопты үлес формасында турап (егер аз мөлшерде болса, орташа кубик формасында турайды), негізгі әдіспен қуырады. Негізгі қызыл соус құйып, дайындығына дейін жеткізеді.
Жеке тағам ретінде және бұқтырылған етті және балықта тағамдарға гарнир ретінде қолданылады.
Бұқтырылғанорамжапырақ Сотейникті маймен майлап, ұсақтап туралған орамжапырақты, пассерленген пияз, сәбіз салады, негізгі қызыл соусты құйып (1кг-300г соус), дайындығына жеткенше бұқтырады.
Жеке тағам ретінде де, гарнир ретінде де қолданылады.
Көкөністенрагу Көкністерді (картоп, сәбіз, брюква, қызылшадан басқасы) үлестеп турайды, қуырады, негізгі қызыл соус қосып бұқтырады, содан кейін жіберілген орамжапырақты (төртбұрыштап формасында туралған), қайнатып пісірілген немесе консервіленген асбұршақ қосады да, дайындығына жеткізеді.
Қыздырылып пісірілген көкөністерден тағамдар.Картоптыпісірме
Картопты пісіреді, үгітеді, салқындатып, жұмытқа қосады, жақсылып араластырып, май жағылған және кептірілген нан себілген противеньге салады. Біртекті етіп жайып, үстіне қаймақ жағып, қыздырып пісіреді. Порцияға кесіп, соуспен ұсынады.
Етпенкартоптыпісірме. Май жағылған және кептірілген нан себілген противеньге картопты массаны салып, үстіне бір қабат дайын фарш, бір қабат картопты масса салып, түзулеп, қаймақ жағып, қыздырып пісіреді.
Ұсыну алдында порцияларға бөледі. Фарш:
Етті еттартқыштан өткізіп, пассерленген пияз бен ұн пассеровкасын (сұйытылған) қосып қуырады. Қыздырылып пісірілген көкөністерге фаршталған көкөністер де жатады.
Голубцылар Дайындалған орамжапырақты жартылай дайындығына дейін қайнатады, жапырақтарын бөліп алып, жуан бөліктерін ұрғылайды, фрашты салып, конверт формасында орап, қуырады, противеньге салып, қаймақты соус құйып, қыздырып пісіреді.
Қыздырылып пісірілген соусымен порциясына 2данадан ұсынады. Фарш:
Пассерленген пияз, сәбіз, аскөк, пісірілген күріш, саңырауқұлақ қосуға болады.
Фаршталғанбұрыш Бұрышты ортасынан тазалап, бланширлейді, салқындатады, фарш салады, противеньге салып, соус құйып, қыздырып пісіреді.
Гарнирсіз, порциясына 2данадан ұсынады.
Фаршталғанқызанақтар Қызанақтарды ортасынан тазалап, фаршпен толтырып, соус құйып, қыздырып пісіреді.