26
лексикалық синтагматика сөз етіледі.
Синтагматика фонетикалық
единицалардың, бір дериваттарға әр типті морфемалардың
синтаксистік конструкциясының және сөздер компоненттерінің
бір-бірімен тіркесу ережелерін зерттейді [17, 333].
Тілдің синтаксистік және номинативтік қызметінің өзара
байланысқаны сияқты синтагматика мен парадигматика да өзара
тығыз
байланысты,
әрі
шарттас
болады.
Лексикадағы
парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар әр текті және
белгілі бір тұрғыда қарама-қайшы тілдік құбылыстардың
диалектикалық бірлігін білдіреді. Бұл құбылыстар сөйлеу
барысында
өзара
әрекеттесіп,
бір
бірлікке
бірігеді
да
коммуникацияны қамтамасыз етеді және анықтайды. Соның
арқасында тіл өзінің маңызды қызметінің бірі қарым-қатынас
(коммуникативті) қызметін атқарады.
Екі жақты мән ретіндегі
лексикалық бірліктермен бұл единицалардың қатынасының
жиынтығын
қамтитын
лексикалық
парадигматика
мен
лексикалық синтагматика қазіргі тіл білімінде тілдік жүйенің
айрықша кіші жүйесі – лексика-семантикалық жүйе ретінде
қарастырылады.
Лексика-семантикалық
жүйе
екі
негізі
жағынан
–
субстантивті
немесе
референтті,
яғни
ақиқат
өмірдегі
арақатынасы жолымен (олармен зат, құбылыс, сапа т.б.
белгілеуімен) және қызметімен, яғни сөздің қызметтік белгісін
оның синтагмалық мәртебесін анықтау негізінде бөлінетін
бірліктер ретінде түсінілетін сөздер құралады. Сөз белгілі бір
парадигманың мүшесі бола келе, оның басқа сөздермен
синтагмалық
бірігуін
жаңа
синтагмалық
байланыс
мүмкіндігін
анықтайды.
«Парадигма
сөйлеу
деңгейінде
(синтагмада) бір позицияда единицаларды ретке салып, өзара
бірін-бірі шығарып тастап отырады» [5, 14]. Синтагмалық
қатынасқа түскен бір парадигма
бір уақытта бір ғана
форманы көрсете алады. Түсінікті болу үшін өзімізге бұрыннан
таныс зат есімнің көпше және жекеше түрін алып көрсетейік:
«бөлме, кір, қыз»
деген сөздерден бір уақытта екі түрлі қылып
«Бөлмеге қыз кірді»
және
«Бөлмелерге қыз кірді»
деп айта алмаймыз.
Бірінші синтагмалық қатынаста біз бөлменің біреу ғана екенін
байқасақ, екіншіде көптік ұғым берілген. Сол сияқты
«Қыз бөлмеге
кірді»
десек, қыздың қайда кіргені жайында ақпарат береміз, ал
«Бөлмеге қыз кірді»
десек, бөлмеге кімнің кіргендігі жайлы ақпарат
27
беріледі. Және бір парадигманың мүшесін синтагмалық қатынасқа
түсірген кезде септік категориядан не атау септігін, не барыс
септігін аламыз, яғни бір уақытта
бір сөз бір ғана септік
жалғауында келе алады. Тілде лексикалық парадигматика мен
лексикалық синтагматика арақатынасын анықтау дегеніміз сол
тілдің лексика-семантикалық жүйесіне құрылымдық сипат беру деген
сөз.
Сөз тілдің лексика-семантикалық жүйесінің негізгі айқындауыш
единицасы болғандықтан, лексика-семантикалық жүйені зерттеуде ол
(сөз) заңды түрде зерттеудің негізгі нысаны болып саналады. Лексика-
семантикалық жүйені анықтау – бірінші кезекте оның
практикалық ұшы-қиыры жоқ объектісімен байланысты ұзақ та
күрделі үрдіс. Зерттеу сонша күрделі, әрі көлемді, өте маңызды іс.
Академик Л.В. Щерба көрсеткендей
бір сөзді оның барлық
көрінісінде, әрі байланысында қарастыру дегеніміз терең ғылыми
зерттеу [18]. Сөзді қарастырудың маңызды болатын себебі, сөз –
тілдің лексика-семантикалық жүйесінің негізгі единицасы ғана емес,
сондай-ақ тілдік жүйенің бәрінің де орталық единицасы. Міне,
сондықтан да бір ғана сөзді оның парадигмалық та, синтагмалық та
барлық байлығында қарастыру маңызды да күрделі іс. Мұндай
жүмыс тілдің маңызды сатысы (деңгейі) лексика-семантикалық
жүйесін зерттеуде қажеті зор болып табылады.
Лексикалық деңгей шеңберінде сөздер өзара әр түрлі
қатынаста байланысады. Н.В. Крушевский өз кезінде сөздің жүйелі
байланысының көп қырлылығын былай көрсеткен болатын: «Слова
связаны двоякого рода узами бесчисленными связями сходства со
своими родичами по звукам, структуре
или значению и стол же
бесчисленными связями смежности с разными своими спутниками во
всевозможных фразах; оно – всегда член известных гнезд или систем
слов и в то же время член известных рядов слов» [13, 10].
Сонымен, тіл қандай да бір материалдық форма арқылы ой
мазмұнын жеткізу құралы ретінде универсалды таңба жүйесі болып
табылады [13, 10]. Жүйе өз элементі ретінде сөздің мағыналық
қатынастарын, оның ішінде ең маңыздысы деривациялық (яғни көп
мағыналы
сөздің
мағыналарының
арасындағы
қатынасты)
синтагмалық (яғни сөйлемдегі тіркескен сөздердің мағыналарының
арасындағы қатынасты) және парадигмалық қатынасты (яғни
қандай да бір мағыналық белгілерінің негізінде бір топқа біріккен
лексика-семантикалық парадигмалардың арасындағы қатынасты
28
көрсетеді.
Мағына адам, қоғам жасаған құбылыс ретінде аталатын затқа
қатысты түрін, яғни бағаны және сонымен байланысты сөздердің
тілдік байланысын, сондай-ақ мәдени компонентті қоса көрсетеді. Сөз
мағынасы дегеніміз қоғамдағы
зат немесе құбылыстың өзі емес,
олардың адам санасындағы сәулесі, яғни түйсік арқылы қабылданған
ұғым.
Қорыта келгенде,
Достарыңызбен бөлісу: