Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет103/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   149
Қарапайым кӛктерек. Жапырақты тұқымдылардың арасында ӛсу аумағы 
бойынша екінші орында (1/7 аумақты қамтиды), және жаппай тегіс ӛседі. 
Кӛктерек
*
– ядросыз пісілген ағашты тұқым. Жасыл реңкі бар ақ түсті 
сүрек жылдық қабаты әлсіздеу, ӛзектің сәулесі кӛрінбейді. Кӛктерек сүрегі 
бірқалыпты құрылымға ие, оңай аршылады, сіңіреді және қатты от беретіндей 
етіп жанбайды (шикі түрін ӛндірісте пайдаланды). Ауылшаруашылық 
құрылыста кеңінен қолданылады (құдық, жерқойма және т.б.), сонымен қатар, 
сүректі-шыбықты тақтайшалар, целлюлозалар, картон, орманды химиялар және 
басқада ӛндіріс салаларында кеңінен қолданылады. Кӛктерек ағашында ядро-
лық шірік пайда болған кезден бастап оны пайдалану тоқтатылады.
Шамшат. Қарастырып отырған аумағымызда шамшат шығысты (Кавказ 
және Крым жақтарында), сонымен қатар, шамшатты орман немесе еуропалық 
(Карпат жерлерінде) кездеседі. 
Шамшат ағашы
*
– ядросыз тұқымдас. Ағаш сүрегі ақ немесе қызғылт 
реңді, жылдық қабаты жақсы кӛрінеді. Шамшат ағашының ӛзегі кең, радиалды 
кескінде олардың түрі жарқылдаған сызық береді, ал тангенциалды – қоңырқай 
жасымықша шұбар тәріздес сурет береді. Шамшат ағашының сүрегі берік, 
әдемі текстуралы (әсіресе радиалды кескінде), тез шіриді (қабыршақ сүргілеу 
паркет, бүгілетін жиһаздар, машина бӛлшектері және т.б.), орман химиясында 
кӛп қолданылады. 
Жӛке ағашы. Аумақта ӛсіп жатқан ағаштардың келесі түрлері кездеседі: 
ӛзекті жӛке ағашы немесе ұсақ жапырақты. Ұсақ жапырақты ағаштар – 
Еуропаның орта және оңтүстік сызықта ораласқан аумақтарында, сонымен 
қатар, Қырым және Кавказда кездеседі. Үлкен жапырақты ағаштар тек Кавказда 
ӛседі, ал Амурлы жӛке ағашы Қиыр шығыста ӛседі. 
Жӛке ағашы ядросыздар тұқымдас. Жӛке ағашының сүрегі жеңіл алқызыл 
аралас ақ түсті, жылдық қабаты әлсіз, және оны кӛлденең және тангенсальды 
кесіндіде байқалады, жұқа ӛзектері кӛлденең және радиалды кескінде 
байқалады. Жӛке ағашының сүрегі біркелкі құрылымды, жұмсақ, жеңіл 
кесілетін, аз жарылады және әлсіз қисаяды. Ағаштың бұл түрі сүзу құралдарын 
жасауда, құйма моделі үшін, қарындаш, резина ӛнімдері, ойыншықтар, ыдыстар 
жасау үшін қолданылады. 
Қандығаш. Кӛп мағынаға ие: жабысқақ қандыағаш, немесе қара 
қандыағаш. Олар Еуропаның және Батыс Сібір елдерінің территориясында кӛп 
кездеседі, ақ және сұр қандыағаш – Еуропа аумақтарында және Батыс Сібір 
аумақтарында, ал Сібір қандыағашы Оба ӛзенінің шығысында кездеседі. 


168 
Қандыағаш
*
– ядросыздар тұқымдас. Қандыағаш сүрегі жаңа кесілген 
күйінде ақ түсті болады, бірақ ауада тұрып қою қызғылт түске боялады. 
Жылдық қабаты әлде қайда әлсіз, түтікшегі кӛрінбейді. Әлсіз жалған кең ӛзегі 
барлық кескіндерден кӛруге болады. Жиі кездесетін ӛзектері қайталанып 
отырады. Қандыағаш сүрегі жұмсақ, біркелкі құрылымды шеремен қолда-
нылады, жиһаз шеберлігінде және жәшіктерді дайындауда қолданылады. 
Терек. Европаның жарты елдерінде, Батыс Сібірден Саянға дейін, Орта 
Азияда 50-ден астам түрі осы аумақтарда кеңінен таралған, соның ішінде кӛк-
теректі бӛлек қарастырады. Теректердің кӛп тараған түрі қара немесе қаратерек, 
ақ терек. 
Терек* – ақ түсті тез ӛсетін ядролы тұқымдас шелқабатты, бұлдыр 
шектеулі ядродан ашық қоңыр немесе сары қоңыр түс береді. Жылдық қабаты 
жалпақ, әлсіз байқалатын, түтікшелері ұсақ, ӛзегі ӛте жұқа. Терек сүрегі 
жұмсақ, шіруге әлсіз, целлюлоза және тұрмыстық заттар жасауда кеңінен 
қолданылады. Қаратерек қабат балық аулаудағы қалтық жасауда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет