Рылыс академиясы


Барқыт ағашы, немеме амур барқыты



Pdf көрінісі
бет102/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   149
Барқыт ағашы, немеме амур барқыты (Phellodendron amurense Rupr.). 
Бұл тұқым Қиыр Шығыс пен Сахалиннің оңтүстік бӛлігінде ӛседі. Барқыт 
ағашы*- сары түсті тар шел қабықты, кенет қызыл-қоңыр ядродан шеттетілген 
тұқым. Жылдық қабаттың кеш аймақтарында ұсақ түтікшелер қысқа сызық-


166 
шалар мен доға тәріздес сызықтар түрінде орналасқан қабаттың шекарасына 
параллель бағытталған топтарды құрайды. Ӛзек сәулелері тар, аз байқалатын. 
Барқыт ағашы құрылымы мен сырт келбеті жағынан шетен ағашына ұқсайды 
(тек соңғы тар сары шел қабықпен және тым қара түсті ядромен ерекшеленеді). 
Барқыт ағашының физика-механикалық қасиеті қарапайым шетенге 
қарағанда айтарлықтай тӛмен: талшықты бойлай сығу кезінде тығыздық пен 
беріктік 30%, статикалық иілім кезінде 60%, тұтқырлығы мен қаттылығы 2 
есеге тӛмендеген. Барқыт ағашының оңай ӛңделуі мен әдемі сыртқы түрінің 
арқасында ол сүргіленген шпон мен жиһаз ӛндірісінде қолданылады. Қабық 
жақсы дамыған тығын қабатымен ерекшеленеді және ұсақ ӛлшемді тығын-
дарды жасауда жүреді. 
Пісте (Pistacia). Жабайы пісте немесе скипидар пістесі, - P.mutica Fisch.et 
Mey. Кавказдың ар жағында және Қырымда, ал нағыз пісте – P.vera L. Орталық 
Азияда кездеседі. 
Пісте ядролы тұқымға жатады, кең ақ-сарғылт шел қабықты, ядродан кенет 
шектелген, жаңадан шабылған күйінде қоңырлау-жасыл түсті болады. Камера-
лық кептіру немесе ұзақ сақтау кезінде ядро қызыл-қоңыр түске енеді. Шел 
қабық пен ядродағы ірі түтікшелер тилдармен тығындалған. Кеш зонадағы 
жылдық қабатта ұсақ түтікшелер қиғаш радиалды сызықтарды құрайды. Ӛзек 
сәулелері ӛте тар, білінбейтін. Ағашта ӛзек сәулелері арқылы кӛлденең 
шайырлы жолдар, ал қабықта тік жолдар ӛтеді. 
Ағаш ӛте қалың, қатты, тозуға тӛзімді, ауыр жарылады, ұстаған кезде 
майлы; машина жасауда қолданылады. 
Шашыранды-түтікшелі тұқымдар. Қайың (Betula). Кӛбінесе екі түрі 
белгілі және кӛп таралған: солғын қайың*- B.pendula Roth., немесе сүйелді*-
B.verrucosa Ehrh., жас ӛркендеріндегі сүйелдерге қарап солай аталған, және 
жұмсақ қайың*- B.pubescens Ehrh., жұмсақ тармақтар мен жапырақтары үшін 
сондай атау алған. Екі түрдің де таралу облысы ӛте кең (елдегі жалпақ 
жапырақты орманның 2/3 ауданын алып жатыр) солтүстіктен тундраға дейін 
жетеді, оңтүстікте – Қырым мен Кавказға дейін, батыстан шығысқа Яблоневый 
жотаға дейін, сонымен қатар, кӛбінесе солтүстік пен шығыс аудардарда жұмсақ 
қайың ӛседі. 
Қиыр Шығыстағы түрлерінен сары немесе қабырғалы қайыңды*,-B.costata 
Trautv., кӛрсетсе болады, олар Амур хауызы мен Уссурида ӛседі, Эрман 
қайыңы-B.ermanii Cham., Сахалин, Камчатка, Охотское жағалауы, Сихотэ-
Алинь хребетінің тасты ұсақ жынысында ӛсетін, қара немесе даур қайыңы,-
B.dahurica Pall., Байкалдың ар жағында және Приморск ӛлкесінде ӛсетін; темір 
қайың-B.schmidtii Regel., Приморск ӛлкесінде ӛседі. Шығыс Сібір мен Қиыр 
Шығыста қара қабықты қайыңды жиі тасты қайың деп атайды. 
Қайың – ядросы жоқ тұқым. Ағаш ақ түсті, сәл сарғылт немесе қызғылт 
реңкті береді. Жылдық қабаттары нашар байқалады. Ӛзек сәулелері тек қатаң 
түрде радиалды тілікте (жарықтарда) кӛрінеді. Солғын қайың ағашына 
салыстырмалы түрде жоғары беріктік, қаттылық, соққы тұтқырлығы тән, бірақ 
оның шіруге тӛзімділігі аз. 


167 
Темір қайың ағашының тығыздығы мен беріктігі 1,5, қаттылығы 2,5 есе 
солғын және жұмсақ қайың ағашынан асып түседі. Сонымен қатар, сары, қара 
және тасты қайың ағашы физика-механикалық қасиетінің жоғары кӛрсеткішіне 
ие болады. 
Солғын және жұмсақ қайың ағашы әртүрлі қолданыста (фанераға арналған 
аршылған шпон, мылтық қоры, шаңғы, құрылыс бӛлшектері, тақта, целлюлоза, 
паркет, фурфурол, пиролиз бен кӛмір жағуда шикізат ретінде т.б.) кездеседі. 
Карель қайың ағашы мен қабығы сәндік материал ретінде пайдаланылады. 
Темір қайыңының ағашы машина жасауда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет