М.О. Төлеуова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
e-mail: marzhan-14-03@mail.ru
САЯСИ ЖҮЙЕНІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жалпы анықтама бойынша, жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан
(аграрлық, патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік
иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық
үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу
үдерісі болып табылады. Әдетте бұл жағдайда қоғамның индустриалдық
батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді. Теорияда жаңғырту
түсінігімен
индустрияландыру,
секуляризациялау,
урбанизациялау,
жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы, өкілеттілік саяси үкімет,
кеңістіктік және әлеуметтік мобильділікті күшейту және т.б. «дәстүрлі
жабық қоғамға» қарсы «қазіргі заманғы ашық қоғамды» қалыптастыруға
тартатын үдерістер жиынтығы анықталады [1, 5 б.].
Қазіргі заманда көптеген елдер қоғамның көшу проблемасын саяси
қарапайымнан саяси өмірдің күрделірек ұйымының формаларына көшу
арқылы шешеді. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне
көшу «саяси даму» немесе «саяси жаңғырту» терминдерімен анықталады.
Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі
бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында
бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық
мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын
қамтамасыз ету.
Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің
жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады.
Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны
саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық
құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді
құрайтын өзгерулерді құрайды.
Қазақстан
Республикасының
саяси
жүйесі
жаңғыртумен
сипатталатын трансформациялық саяси жүйенің үлгісі болып табылады.
Демократизация Қазақстанда КСРО кезінде 1980 жылдардың ортасында
басталғанымен саяси жүйенің төлтума үрдісі туралы тек 1991 жылы 16
44
желтоқсан күні «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» ҚР Заңын
қабылдағаннан кейін ғана айтуға болады.
Бұл күн тәуелсіздікті алу жолындағы қиын жолдың басталғанын
білдірді. Біріншіден халықтың бірлігіне қол жеткізіп, оның еркін бүлдіруге
емес, жасампаздыққа бағыттау болды; жаппай экономикалық, гуманистік
дағдарысты еңсеруге, шұғыл түрде экономикалық және саяси жүйелердің
жетілдірілуін жүргізуге, жаңа технологияларды игеруге, шетелдік
инвестицияларды
тартуға,
әлемдік
қоғаммен
ынтымақтастықты
жақсартуға, елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге,
әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыру [2].
Сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануы осы салада
мемлекеттік монополияны жойды, кәсіпорындарға, фирмаларға және жеке
тұлғаларға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді, осы
қызмет саласында бәсекелестік негіздер енгізді. Тәуелсіздікті жариялау
салдарынан жаңа саяси институттарды, саяси партияларды, қоғамдық-саяси
қозғалыстарды құруды және дамытуды қалыптастыру болды.
Қазақстандық
мемлекеттіліктің
қалыптасуының
талдауы
көрсеткендей, ұлт Басшысы дамудың ерекше, бірегей жолын таңдады.
Қазақстандық мемлекеттің құрылуының басында шетелдік аналитиктер
реформалардың корея, немесе түрік жолдарын болжады, алайда, біздің
Елбасы жетілдірудің бірегей, қазақстандық жолын жария етті [2].
Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалар, ең басынан саяси
жүйені жалпы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге,
мемлекеттің
іс-әрекетке
қабілеттілігін
нығайтуға,
экономикалық
құрылымдардың
либерализациялауын
және
рационализациялауын
қамтамасыз етуге, негізгі бостандықтарды сақтаған кезде әлеуметтік және
саяси тәртіпті қорғауға, үкімет органдарының көлденең есеп беру
міндеттілігін
жетілдіруге,
сыбайлас
жемқорлықты
болдыртпауға
бағытталғанын атап өткен жөн.
Президенттік үкіметтің тарихи тағдыры, бастаулары және оның одан
әрі дамуы 1990 жылғы 24 сәуірдегі «Президент лауазымын бекіту туралы
және Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу»
Қазақ ССР Заңымен тығыз байланысты. Қазақ ССР Президентінің
лауазымын құру тәуелсіздік мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға
шешуші ықпалын тигізді, КСРО құлдырағаннан кейін мемлекеттік
үкіметтің сабақтастығын қамтамасыз етті. Қазақстандағы Президенттің
лауазымын енгізу демократиялық дамудың жолын, өркениетті саяси
жүйенің қалыптасудың талпынуын куәләндырды. Сонымен қатар
Қазақстандағы президенттілік институтына ең басынан елдің даму
ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдайымен, саяси мүдделердің
байланысымен себептескен өзгешелік ерекшеліктері тән болған.
Президент лауазымының өзгешелігін анықтайтын маңызы зор
факторларға бұдан бұрынғы елдің саяси дамуы, бұрын болған мемлекеттік
45
үкімет ұйымының өзгешелігі, саяси күштердің өзара қатынасы, саяси
мәдениеттің деңгейін жатқызуға болады.
Қазақстан саяси жүйесінің нығаю ерекшелігі тек мемлекеттік үкімет
емес, сонымен қоса зиялы қауымдар да Президент пен президенттік
құрылымдар айналасында нығаюдан тұрады. Алдымен Президент тек ел
басы болып құралғанмен, 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заң Президенттің
үкімет қалыптасуы мен қызметіне - Министрлер Кеңесіне ықпал тигізуіне
негіз салды «Президент лауазымын құру және Конституцияға өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» (Негізгі Заң). 1990 жылғы 24 сәуірдегі
Қазақ ССР заңы. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ ССР мемлекеттік
егемендігі туралы Декларацияны қабылдау Президент мәртебесінің
лауазымын тек республика басшысы ғана емес, сонымен қоса жоғарғы
атқарушы және өкім беруші үкіметтің басшысы ретінде анықтап,
Президент лауазымын өзгертуге әкелді.
Атқарушы үкімет бірінші рет мемлекеттік үкіметтің дербес тармағы
ретінде 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңында аталған. Атқарушы үкіметтің
заңнамалық үкіметтен тәуелсіздік алу мен үкіметтің бөліну институтының
құрылу жолындағы маңызды қадам 1991 жылдың соңында өткізілген
барша халықтық президент сайлауы болды. Атқарушы үкіметтің нығаю
мен күшею үрдісі қуат ала бастады [6, 15 б.].
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі дамудың жаңа кезеңі 1993
жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануымен
байланысты. Республиканың негізгі Заңы ең алдымен Президентпен
басқарылған атқарушы үкіметтің күшеюін көрсетті, ол өзінің бейнесін ең
алдымен Үкіметтің Президент алдындағы жауапкершілік туралы
ережесінде тапты. Сонымен қатар, заңдарды орындау мәселелері бойынша
Үкіметтің жауапкершілігі Жоғарғы Кеңес алдында сақталды.
Жалпылай алғанда, қалыптаспаған демократия жағдайында
орнатылған басқару жүйесінде үкіметтің заңнамалық органын босатуға
әкелген үкіметтің саяси тармақтары арасындағы шиеленісте анықталған
біршама түйінді мәселелер болды. Жаңғырту жағдайында Қазақстандағы
парламенттік жүйенің тиімсіздігінде әділ негіз болды. Парламенттік жүйе
тек дамыған көп партиялық жағдайда тиімді қызмет ете алады. Ал
Қазақстанда көп партиялық саяси жүйенің құрылу үдерісі айтарлықтай
күрделі және қарама-қайшы дамыды. Ол бастапқы деңгейде болып,
өзгешелік мүдделері бар әлеуметтік қабаттар мен топтар толығымен
қалыптаспаған қоғамның кішкене бөлігін жанады. Республиканың
Жоғарғы Кеңесі сол мерзімде тиімді, кәсіби қызмет ете алмай, сабақтас
экономикалық реформалардың өткізілуін қамтамасыз ете алмады.
Әлеуметтік топтар өздеріне тән мүдделерімен соңына дейін қалыптасып
үлгерген жоқ. Нәтижесінде республиканың Жоғарғы Кеңесі сол кезеңде
тиімді, кәсіби деңгейде жұмыс істей алмады және кезекті экономикалық
46
реформалардың жүргізілуін қамтамасыз ете алмады.
Бұл қарама-қайшылықтар 1995 жылдың 30 тамызында жалпы ұлттық
референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының
қабылдануымен жойылды, ол (Конституция) жоғары билік органдарының
жүйесін және олардың қызметі мен өзара әрекетінің механизмін рәсімдеді,
сонымен бірге Президенттің жоғары билік органдарының жүйесіндегі
орнын анықтады.
1998 жылдың 7 қазанында және 2007 жылдың 21 мамырында ҚР
Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан
Республикасының саяси жүйесін демократияландырудың маңызды кезеңі
болды, бұл өзгертулер мен толықтырулар саяси партиялардың билік
жүргізуге қатысу мүмкіндіктерінің аясын кеңейтті.
Бұл оқиғалардың бәрі Қазақстан Республикасында демократиялық
түрдегі сапалы жаңа саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етті. Алайда
бүгінгі күні бұл үрдісті аяқталды деп айта алмаймыз. Қазақстанның саяси
жүйесін демократия жағына жаңғырту саяси партиялардың әрі қарай
дамуын және нақты партиялар жүйесінің қалыптасуын, азаматтық қоғам
институттарының дамуын талап етеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.
Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Біз
саяси жүйемізді жаңғыртуды жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз.
Оның барлық негізгі элементтерін реформалауды жалғастырамыз –
Пaрлaмeнттің, саяси партиялар мен жергілікті билік органдарының рөлін
арттыру, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту».
Демократияландыруға бағытталған, Егемен Қазақстанның саяси
жүйесін жаңғырту мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушы,
атқарушы және соттық болып бөлінуі кезіндегі бірлігін сақтап қалды,
«ұстанымдар» мен «қарама-қайшылықтар» жүйесін қалыптастырды,
мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігіне қажет құқықтық
негіздемелер жасады. Бұл Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
үшін қажет маңызды шартқа айналды.
Құқықтық мемлекет идеясының негізінде азаматтарды билік
тарапынан болатын үстемдік пен озбырлықтан қорғауға ұмтылу, жеке бас
еркіндігін, негізгі тұлғалық құқықтарды, дәлірек айтқанда, өмір сүру,
қауіпсіздік, меншік құқықтарын қамтамасыз ету жатыр. Бұл, біріншіден,
мемлекет пен қоғамды бөлу жағдайында, ал екіншіден, мемлекеттің
қызмет аясын құқықпен, бірінші кезекте, халық пен үкімет арасындағы
қарым-қатынасты реттейтін негізгі заң – конституциямен шектеу кезінде
мүмкін. Осылайша, құқықтық мемлекет – құқық басым болатын, заң үстем
болатын, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігі мойындалатын
демократиялық мемлекет.
ҚР Конституциясында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
47
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары». Бұл сөзбен мемлекет құқықтық мемлекет
идеалы жолын ұстайтындығы жайлы және оның негізгі принциптерін
жүзеге асыруға ұмтылуы жайлы мәлімдейді.
Құқықтық мемлекеттің жалпыға танылған принциптері мыналар:
халық егемендігі, Конституцияның ұлықтылығы, барлығының заң алдында
тең болуы, мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі, адам мен азамат
құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы. Құқықтық мемлекеттегі жоғары билік
органдарының қызметі оны заң, атқарушы және сот деп бөлу принципінің
негізінде жүзеге асырылады.
Халық еркіндігі дегеніміз халық билігінің үстем болуы дегенді білдіреді,
мұны ҚР Конституциясының 3-бабынан көруге болады: «Мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық
референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін
жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді … Халық пен мемлекет атынан
билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық
өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар».
Конституцияның ұлықтылық принципі 4-бапта көрсетілген, онда
былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, … нормалары болып табылады.
Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл
аумағында ол тікелей қолданылады».
Заң алдында барлығының тең болуы жайлы принципті ҚР
Конституциясының 14-бабынан көруге болады: «Заң алдында жұрттың
бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
Мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі принципін жүзеге
асыру мемлекеттік және жеке меншікті қорғау кезіндегі теңдікті мойындау
формасына ие болады (ҚР Конституциясының 6-бабы): «Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және
ортақ қорғалады».
Адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы принципі 12-
бапта: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам
құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі»
және ҚР Конституциясының 39-бабында: «Адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау,
қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың
денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана
және тек заңмен шектелуі мүмкін» көрініс тапқан.
Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық
мемлекетке тән негізгі принциптер көрініс тапты, бұл Қазақстанның
48
шынайы құрылуға деген ұмтылысын дәлелдейді. Бұл үшін республикада
объективті алғышарттар қажетінше қалыптасқан, олар мемлекет
басшылығының, бірінші кезекте, оның Президентінің, яғни, Н.Ә.
Назарбаевтың қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру мен
саяси жаңғыртудағы саяси еркіндігінің болуымен толықтырылады.
Елбасы өз Жолдауында саяси жүйені жетілдірудің тарихи қысқа
мерзімінде Қазақстан халықаралық қоғам тарапынан мойындауға ие
болғанын бірнеше мәрте айтты.
Қазақстан халқының ынтымақтастығының және Елбасының
маңызды бастамаларын қолдауының арқасында экономикалық дағдарысты
жеңді, тұрғындардың өмір сүру деңгейі көтеріліп, жылдан жылға жаңа
технологиялар игерілуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда [2].
Қазақстан Республикасының өзгешелігі қазіргі заманғы қоғамға өтуге
бағытталған жетілдірілген процестер қоғам тұрақтылығы мен жасалған
түрлендірулер реттілігін қамтамасыз ететін эволюциялық жолмен орын
алып жатқанындығында екенін атап өту керек. Н.Ә. Назарбаев өзінің
Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Жолдауында атап өткендей, барлық қабылданған шешімдердің
нақ сындарлылығы мен эволюциялылығы «Қазақстан - 2050»
Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін ең маңызды принциптерінің
бірі болып табылады [7].
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамның объективтік қажеттіліктері мен
жалпы қазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуынан
туындаған елдің мемлекеттік, экономикалық және саяси құрылымындағын
түбегейлі
өзгерістермен
шартталған
демократиялық,
құқықтық
мемлекеттің нығаюының жаңғыртылған жолы бойынша нық жүріп келеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 Cтрaтeгиясы: Қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Интернет ресурсы: http://www.akorda.kz
2. Президент свободы // Казахстансая правда, 2015, 5 июля
3.Назарбаев Н.Ә. Бес G-Global принципі. V Астана экономикалық
форумы. Интернет ресурсы: //www.bnews.kz
4. Джунусов А. М. Социально-политическая модернизация в
Казахстане: состояние, перспективы. Интернет ресурс: // www.group-global.
5.
ҚР Конституциясы (2007 жылғы өзгертулермен және
толықтырулармен)
6. Бaишeв Ж.Н. Конcтитуционноe прaво Рecпублики Кaзaхcтaн:
Учeбно-мeтодичecкоe поcобиe. – Aлматы: Жeтi жaргы, 2001.
7. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу «Казахстанский
путь-2050:
Единая
цель,
единые
интересы,
единое
будущее.
//Казахстанская правда, 2014, 18 января.
49
Балшикеев С.Б.,
ф.ғ.к., доцент,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
кафедрасының меңгерушісі
e-mail: Balshikeev@mail.ru
АСТАНА – ПРЕЗИДЕНТТІҢ ОРЫНДАЛҒАН АРМАНЫ,
ҮЙЛЕСІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ МЕКЕНІ
Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Қазақстан тәуелсіздігі
және Астана» Жаңа Қазақстандық Патриотизм негізінде жататын ең
маңызды мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылық екенін белгіледі.
Тарих тұрғысынан алғанда өте қысқа мерзімде қаланған жаңа Астана
Қазақстан жаңаруының шынайы нышаны болды [1].
Барлығы 1990 жылдардың ортасында басталды, Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматы қаласынан Ақмолаға
көшіру туралы жас егеменді мемлекет үшін тағдыршешті шешім
қабылдады. Астананың ресми түрде көшірілуі 10 желтоқсан 1997 жылы
өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 6 мамыр 1998 жылғы
Жарлығымен Ақмола Астана деген атқа ие болды, ал 10 маусым 1998
жылы Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық таныстыру рәсімі
өтті.
Қазақстанның жаңа замандас елордасын құру идеясы еліміздің Бірінші
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жатады, ол елорданы
Республиканың орталығына көшіруді экономикалық реформалармен қоса,
егемен Қазақстанның дамуының, оның нарықтық экономика және
демократияға нәтижелі өтуінің мақсаттарын шешу бойынща тағы бір
стратегиялық механизм болатынын жобалады. Жаңа орасан зор еуразиялық ірі
мемлекетке жаңа жалпы ұлттық нышан,
жасампаздық рухын, жаңашылдықты
және Қазақстанның рөлін Батыс пен Шығыс кездесетін орын ретінде
бейнелейтін ХХІ ғасыр қаласы, Астана қажет болды.
Қазақстанның алдыңғы елордасы – Алматы – елдің оңтүстігінде
орналасқан, тұрғындар саны миллионнан асқан болатын. Алматының тығыз
құрылыс салынуы қаланың дамуына мүмкіншілік бермеді. Көлік санының
шамадан тыс асып кетуі және ерекше табиғат жағдайлары, дәлірек айтқанда
қаланың үш жақтан таулармен қоршалануы нәтижесінде «оңтүстік елорда»
Қазақстанның экологиясы нашар қалаларының біріне айналды.
50
Әлемдік тәжірибе елдің жаңа сапалы даму деңгейіне көшуіне
байланысты ұлттық мемлекеттердің жаңа даму кезеңін бейнелейтін елорданың
көшірілуінің көптеген мысалдарын көрсетеді. Мұндай жағдайларда Қазақстан
ТМД елдері арасында бұл жобаны жүзеге асыруға шамасы келген ел болып
шықты. Астана құрылысы Қазақстан Республикасының және оның
тұрғындарының экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани күш-қуатын
көрсеткен кеңес одағынан кейінгі кезеңде ең жойқын мегажобалардың бірі
болды.
Елорданың көшуіне 10 жыл болғанына арналған салтанатты жиналыста
Н.А. Назарбаев еске алды: «Біреулер менің ойымды сөзсіз қолдаған, ал
басқалары сол кездегі мардымсыз қаражатты құртуға уақыт емес деп, тымық
қорғанысқа көшкен кездегі парламенттағы қызу пікірталас әлі есімде. Оған
мен жауап берген едім: «Қайтымсыз шығындар болып тек қана елорданың
көшірілуі табылады. Ал қалаға бөлінгендердің барлығы – болашаққа
инвестиция» [2].
Тоқсаныншы жылдар ортасында бұл ойдың жүзеге асатынына көп
адамдар сенбеген еді. Бірақ қазір елорданың көшірілуі туралы тарихи
шешімнен он жылдан астам уақыт өткеннен кейін, елдің Бірінші
Президентінің көрегендігі және алғырлығы айқын болды. Қысқа мерзімде
салынған Астана Қазақстан Республикасының жалпылама динамизмінің,
ызақорлығының және болашаққа ұмтылушылығының бейнесі болды.
Елорданың көшірілуі елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтты және тек
Астана емес бүкіл Қазақстанның экономикалық дамуына маңызды себеп
берді. Қаланың жоғарғы даму қарқыны көптеген инвесторларды тартты, оның
нәтижесінде қаланың астана мәртебесін алудан кейін тартылған инвесторлар
көлемі 30 есе, ал жалпы жергілікті өнім 90 есе өсті. Қазіргі таңда қаладағы
ЖЖӨ мөлшері республикалық көлемде 8,5 пайызды құрайды.
Астана елорда мәртебесін алғаннан кейін, қалада 10 миллион шаршы
тұрғын үйлер қаланды, бұл елорданы құрылыс көлемі бойынша елдегі
көшбасшыға айналдырды. Астананың қалануында жүздеген отандық және
шетел компаниялары қатысты: түрік, итальян, француз, швейцарлық.
Сәулеттік тұжырымдаманы құрастыру кезінде Ұлт Көшбасшысы
Н.А.Назарбаевтың елордада Шығыс пен Батыстың ұлттық мәдени салтын
үйлесімді байланыстыратын ерекше еуразиялық стиль құру туралы идеясы
негізге алынды. Елордалық бас жоспардың авторы болып атақты
жапондық сәулетші Кисе Курокава тағайындалды.
Қазір Астана – механикалық бірігулермен емес, үндестік және Батыс
пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік – дүние жақтары мәдениеттерінің
бірігулерімен ерекшеленетін еуразиялық қала. Н.А.Назарбаев өте айқын
және бейнелі түрде Қазақстанның жаңа елордасының философиясын
анықтады: «Мұнда, Сарыарқаның көне жерінде, жай елорда ғана емес, ел
болашағының бесігі пайда болды. Астана және қазақстандықтар
тағдырының тарихы ажырамастай болып табылады. Елорда - күш-қуат,
51
серпінді даму және тұрақтылықтың туындысы. Астана - айқын, қуатты,
гүлденген, барлық қазақстандықтарды біріктіретін және алға ұмтылатын
қала. Біздің елордамыз - Отанымыздың түп-негізі, халықтың өз күшіне
және ұлы мақсатқа сенімінің нышаны» [3].
Еуразиялық континенттің дәл ортасында орналасуы Астананы
экономикалық тұрғыдан көлік, байланыс және логистикалық орталық,
Еуропа мен Азия арасындағы ерекше транзитті жол ретінде
қарастырылуына мүмкіндік береді. Бұл оны кәсіпкерлік мәдениеті серпінді
дамып келе жатқан Қазақстанда ең ірі бизнес орталығының бірі болуына
жағдай туғызды. Қазір Астана әр түрлі деңгейдегі, жергілікті де
халықаралық та бизнес-форумдарды өткізудің байтақ алаңы болып
табылады. Қазіргі таңда Астанада 170 мыңға жуық қала тұрғындары
жұмыс істейтін 50 мыңнан астам шағын және орташа кәсіпкерліктер
қызмет атқарады. Бұл тек бастамасы екендігіне сенім етуге болады.
Астана халықаралық деңгейдегі әр түрлі форумдар, конгресстер және
басқа да іс-шаралар өтетін Еуразиялық кеңістіктің шынайы орталығы
болды. Соңғы бірнеше жылдар ішінде Қазақстан астанасы барлық
мемлекеттік бірлестіктердің бірнеше рет назарына айналды. Осылай, 2003
жылдан бастап, елордада мемлекетіміздің конфессионалды саясаты
арқасында
мүмкін
болған
дүниежүзілік
және
ұлттық
дін
көшбасшыларының төрт съезі өтті. Дүниежүзілік және ұлттық дін
көшбасшыларының Конгресін өткізу үшін елордада арнайы Бейбітшілік
пен Ынтымақтастық Сарайы – жаңа жабдықтармен жабдықталған
концерттік-опералық залы бар пирамида пішінді әмбебап ғимарат қаланды.
Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын
жоғарғы деңгейде бірнеше рет қабылдады. Қазақстанның жас елордасы
Астаналық экономикалық форум, Еуропа, Азия және Солтүстік
Американың 56 елінің басшыларын біріктірген Еуропадағы Қауіпсіздік
және Ынтымақсыздық бойынша Ұйым саммиті және тағы басқа
халықаралық маңызы бар кездесулер өткізді.
Қазақстан 2010 жылы бір жыл ішінде ОБСЕ-да төрағалық ету
құқығына ие болған кеңес одағынан кейінгі мемлекеттер арасындағы ең
бірінші мемлекет болды. Осы жылы Астанада ОБСЕ тарихи саммиті,
ШЫҰ және ИӘҰ мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында
елордамыз VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын
қабылдады. Қазіргі таңда дүние жүзінде Астананы «Болашақ энергиясы»
атты ұранмен өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің болашақ
қожайыны ретінде таниды.
Қазақстанның елордасы дүние жүзінің жиырмадан астам
қалаларымен тату және ағайындық қатынастарға ие. Өз пайда болуының
таңында 1999 жылдың шілдесінде Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік
қаласы» атты сыйлық ақыға ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның
52
бас қаласы Елордалар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының
мүшесі болып табылады.
Қазақстанның дін мәселелерін және конфессия аралық бейбітшілік
пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуде шешімдер қабылдау үлесін
жоғары бағалау көрсеткіші болып Астанаға 2001 жылы Рим Папасы Иоанн
Павел II келуі саналады. Астана «ТМД және ЕуразЭБ ең таңдаулы қала»
атты Халықаралық сынау байқауында жеңімпаз болып шықты, ал 2012
жылы Қазақстанның бас қаласы ТМД және түркі халықының мәдени
елордасы міндетін табысты орындады.
Қазақстанның сыртқы саясаттағы жетістіктері елдің экономикалық
нәтижелерінен қалмайтынын қазіргі таңда мойындауға болады. Қазақстан
аз танымал елден жергілікті саясаттың көшбасшысы және дүниежүзілік
үрдістердің белсенді де танымал қатысушысына айналды. Астана
дүниежүзілік беделді саясаткерлер, дін басшылары және ірі бизнес
жетекшілер қатысатын маңызды халықаралық іс-шаралар орнына айналды.
Қазақстан Н.А.Назарбаевтың халықаралық деңгейде құрметке ие болуы
арқасында танымал болды [4].
Қазір Астана тек таңдамалы сәулет қана емес, экологиялық таза
мегополис үлгісі, қала-саябақ болып табылады. Елордалық «Жасыл
белдеу» ұлғаюда, қала жазық дала ортасында жасыл алқапқа айналып
барады. Мемлекет өз алдына Астанада «жасыл қалқан» қою арқылы
желдің қаттылығын басу мақсатын қойды. Бұл мақсатта, елорданы
көшіргеннен кейін бірден « жасыл қалқанның» ағаштары егізіле бастады,
қазіргі таңда олар 10 метр биіктіктен асты. Астананың өзінде жаңа
саябақтар мен гүл бақтар салынған, жасыл көгалаңдар ауданы миллион
шаршы метрге дейін жетті. Жалпы Астана айналасындағы жасанды
ағаштар көлемі - 65 мың гектар, оның ішінде 14 мың гектар қаланың
шекарасында өседі. Бұл жұмыстар жалғасып келеді. 2020 жылға дейін
жалпы 100 мың гектар қала ішілік және маңайдағы дала аймақтарын
жасылдандыру жоспарлануда.
Президенттің бес институционалдық реформалары, баяндалған
«Мәңгілік ел» атты концепциясы – Қазақстан әлеуметінің өнегелі және
рухани кодексі. «Мәңгілік ел» жүйесінде қазақ этносының мәдени коды
және қазақ біртұтастығының маңызды бөлігі жасырланған. Бұл идея
елорданың сәулет бейнесінде қамтылған [5].
Жаңа елорданың бас нышаны, тұрғындар мен қонақтарды
қызықтыратын өзіндік сыры бар Бәйтерек кешені болып табылады. Басқа
әмбебап сәулет ғимараттары ішінде атауға болады: ағылшын сәулетшісі
Норман Фостер жобалаған және пирамида секілді жасалынған «Бейбітшілік
және ынтымақтастық сарайы» және ең биік шатыр тәрізді ғимарат болып
табылатын ойын-сауық сауда орталығы «Хан Шатыр», теңізден алшақ
океанариум «Думан», Манфреди Николетти жаратылысы орталық концерт
залы «Қазақстан», тұрғын үй кешендері «Астана триумфы» және «Солтүстік
53
шұғыла», «КазМұнайГаз» және «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық
компанияларының офистік ғимараттары.
Астана әрі дамиды, одан да таңдамалы болып жаңарады. Жаңа «Абу-
Даби плаза» атты 80 қабатты үй құрылысы, «Ритц-Карлтон» қонақ үй
құрылысы әлдеқашан басталды, «ЭКСПО-2017» ғимараттарын салу
басталады.
Қазіргі таңда Астана бір уақытта фабрика және жаңа Қазақстанның
жоғарғы руханиятын сақтаушы болып тұр. Өткен онжылдықтар
экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштермен ғана емес, мәдени
құндылықтарды қалыптастырумен де таңдандырады.
Астанада 2009 жылы әмбебап концертті зал «Қазақстан» ашылды.
Бұл ғимаратқа бүкіл Орталық Азия аймағында теңдесі жоқ және дүние
жүзінің ең таңдамалы сәулет құрылысы қатарына жатады. Оның
акустикалық мүмкіндіктерін көптеген атақты музыканттар мен опера
орындаушылары сынады. 3500 көрермендерге есептелген зал тек
Астанадан емес, барлық Қазақстаннан музыка өнеріне әуесқойлардың
аншлагын жинайды.
Астананың 15 жылдығы қарсаңында елорданың орталығында
«Астана Опера» атты жаңа опера және балет театры құрылыс жұмыстарын
бітірді. Бұл жаңа әмбебап ғимаратты Еуразия және дүние жүзінде ең
қызықтырушы көрмелік алаңның бірі ететіні – ол, ғимараттың сәулет
бойынша классикалық және техникалық жабдықтау мен ішкі бейімделу
бойынша тіпті инновациялық болуы. Оның сахнасында қазақ опера
өнерінің классикасы – «Біржан және Сара» жаңа бейімдеушілікпен
әлдеқашан қойылды.
Қысқа мерзім ішінде Астанада әмбебап рухани-діни ғимараттар
салынған және іске қосылған, олар: «Нұр Астана» және «Хазрет Сұлтан»
мешіттері, православты Успендік Кафедралды Собор, католиктік Құдай
Ананың Тынбайтын Көмек Соборы, «Бейт Рахель – Хаббад Любавич»
синагогасы. Президент бастамасы бойынша халқымыздың біртұтастығын
сақтаушы Астанада барлық қазақстандықтар үшін нағыз сәулет өнерінің
көрінісі болған Бейбітшілік және ынтымақтастық сарайы қаланды. Мұнда жыл
сайын этника аралық және конфессия аралық қарым-қатынастағы
толеранттықтың бас механизмі болған Қазақстан халқының Ассамблеясы
сессиясы өткізіледі. Елордамыздың дерлік барлық қонақтары тұрғындардың
толеранттығын, бейбітшілікті және тыныштықты аса белгілейді. Бұл
қасиеттерді Қазақстанның барлық этностары мен конфессиялары достығын,
бүкіл Қазақстан қоғамының бірлігін нығайтатын Астана жайнатады [3].
Астана Қазақстан қоғамы талпынатын әлеуметтік даму стандартын
қалыптастырады, оған қоса сапаның жоғарғы шыңына және салауатты
өмір салтына шақырады. Өткен жылдар ішінде елордада тез арада игеріліп
жатқан және халықаралық спорттық ойындарға негіз болатын жаңа
спорттық ғимараттар кешені тұрғызылды: «Қазақстан» және «Алатау»
54
спорт кешені, «Алау» атты жаңа Мұз Сарайы, республикалық велотрек,
«Астана-Арена» жабық стадионы, ондаған спорт алаңдары, клубтар және
фитнес орталықтары [3].
Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Бірінші Президенті ерігімен
туған жаңа елорда жалпы ұлттық идея мәртебесіне ие болды, жас
мемлекеттің тәуелсіздігі мен ғаламдық жетістік нышаны болды. Астана
қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықтың түп-негізіне айналып
қазақстандықтарды біріктірді. Н.А. Назарбаев айтқандай: «Астана –
Отанымыздың түп-негізі, халықты тұтастырған ұлттық идея көрінісі,
халықтың өз күшіне және ұлы мақсатқа сенімінің нышаны» [2].
Астана шексіз далада қаланған жаңа қала ғана емес, бұл елорданың
әмбебап сәулетінде бейнеленген Батыстың кербездігі мен Шығыстың
терең рухани салтын нық біріктіретін қазақстандықтардың дүниені
қабылдауының
тұтас
жүйесі.
Еліміздің
Бірінші
Президенті
Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік Астананы тудырды, бірақ Астана біздің
Тәуелсіздігімізді дәлелдеді және әрі қарай дамытады» атты сөздері
елордамыздың Қазақстан тағдырындағы рөлін тағы да белгілейді [2].
Барлығы арманнан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайшы
ой-пікірлерге қарамастан өз арманын жүзеге асырды.
Әдебиет тізімі
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу
«Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое
будущее // Казахстанская правда, 2014, 18 января.
2.
Официальный
сайт
Президента
Республики Казахстан
http://www.akorda.kz.
3. Назарбаев Н.А. Астана - великая эпоха и стратегический вектор
Казахстана // Казахстанская правда, 2013, 6 июля.
4. Адырбеков И. Президентская дипломатия // Казахстанская правда,
2015, 20 июня.
5. Башмаков А. Астана – воплощенная мечта Президента //
Казахстанская правда, 2015, 23 июня.
|